Өзіндік сана: философиялық, нейро-психологиялық және онтогенетикалық аспектілер


Slide 1

Өзіндік сана

Slide 2

Дүниеде ең ғажап, керемет құбылыс - адамның рухани дүниесі, сана, ақыл, ой. Адамзат игілігіндегі барлық материалдық және рухани жетістіктер зәулім құрылыстар, түрлі техникалық табыстар, өнер, дін, әдебиет, философия, ғылым - осылардың бәрі сол сананың құдіреті. Объективтік дүниеде сананың балмасы жоқ. Ол тек адамға ғана тән. Сондықтан қашан да сананы болмыстан жоғары қоятын ұғым туып, оны бастапқы деп санаған. Енді біреулер бұл пікірді мойындамаған.

Slide 3

Сананың шығу тегі мен мәні

Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді.

Slide 4

Сана-философиялық категория

Сана түсінігі философия саласында негізінен адам болмысы тұрғысынан, яғни қоғамдық үдірістердің көрінісі, құбылыс және адамзаттық тарих пен мәдениетті жалғастыруды қамтамас етуші әдіс ретінде қарастырылады. Сана қоғамдық және жеке «өлшем» бірлігінен көрінеді. Шын мәнісінде, сана арқылы қоғамдағы байланысты жеке адам өзінде бекітеді.

Slide 5

1 Өзіндік сана

Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.

Өзіндік сана-сезім - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башайларын қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды.

Slide 6

Қорытынды

Сана адамның дүниені танушы және өзін-өзі танушы субъект ретінде қалыптасуының негізі, тірегі, тек адамға ғана тән айналадағы бар нәрсені психикалық бейнелеудің көрінісі. Адамның бойындағы танымдық үдерістермен тығыз байланысты. Сана түйсіну, ұғу, зейін, ее және ойлау қасиеттерін қамти отырып, өзінің үғымдық ауқымын кеңейте түседі. Сана адамның білім дәрежесін, шығармашылык қабілетін, ой-өрісін байқататын көрсеткіш. Сана - адам миының ең жоғары деңгейдегі қызметі. Тек ған адамзатқа тән сана мәселесінің адам үшін маңызы зор.


Ұқсас жұмыстар
Сана, рух және тіл: тарихи-философиялық және психологиялық аспектілер
Сана мен өзіндік сана: теориялық негіздер және психологиялық даму
Ұлттық өзіндік сана: философиялық негіздері мен құрамдастары
Сана және өзіндік сана: дамуы, теориялары және психологиялық аспектілері
Сана мен бейсаналық: философиялық тұжырымдар, психоанализ және Қазақстандағы ұлттық өзіндік сана
Сана: философиялық-психологиялық түсінігі, құрылымы және бұзылуы
Психологиядағы тұлға: психологиялық құрылым, өзіндік сана және мотивтер
Сана және өзіндік сана: психологиядағы теориясы, құрылымы және қызметі
Сана және өзіндік сана: Мен концепциясы және сананың бұзылыстары
Сана және өзіндік сана: адам мен жануар психикасының айырмашылықтары, еңбек, тіл және бейсана
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz