Өзіндік сананың қалыптасуы, құрылымы және даму шарттары


Slide 1

Өзіндік сананың дамуының шарттары

Slide 2

Кіріспе

Адам сыртқы ортаның тигізген әсерін, шама шарқынша өңдеп, бейнелейді. Ғылыми тұрғыдан психика, сана зат емес, оны көруге, суретін түсіріп алуға болмайды. Сана- сыртқы заттардың мидағы көрінісі. Сана шындықтың жай суреті, оның жансыз көшірмесі емес, адамның миында жүйке жүйесінде жасалып жататын шындықтың күрделі бейнесі.

Slide 3

Сананың шығу тегі мен мәні

Адамның миының құрылымы да аса күрделі. Кейбір анализ, синтез, сондай-ақ, сыртқы тіршіліктердің әсерлеріне байланысты түрлі іс-қимылдар жұлын, сопақша, орта және аралық ми арқылы жасалады. Ал күрделі ойлау тәсілдері бас миының үлкен жарты шары арқылы іске асады. Мидың қабыршағы астындағы аппарат шартсыз (инстинкті) қимылдарды басқарады. Жануарларда инстинкті қимылдар әрдайым ешбір шартты байланыссыз, бағынышсыз, емін-еркін сияқты көрінетін болса, адамдарда ол әрекеттер қашанда санаға тікелей бағынышты, оны сана билейді.

Slide 4

1 Өзіндік сана

Адамның жануарлардан айырмашылығы - ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі.

Өзіндік сана-сезім - сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

Басқаларды тану арқылы өзіңді тану. Жас бала бастапқыда өзін қоршаған ортадан бөліп қарамайды. Ол ойыншықты қозғап та, аяғының башайларын қимылдатып та - бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды.

Slide 5

Өзіндік сана және оның құрылымын зерттеудегі теориясы

Психологиялық әдебиеттерде өзіне деген қатынас - өзіндік сана-сезімнің эмоциялық компоненті деп түсініледі. Ол бір жағынан өзін танумен байланысты болса, екіншіден, өзіндік реттеу мен өзін дамытуға алғышарттар қалыптастырады. Өзіне деген қатынас өзінің құндылығын сезінумен анықталады.

Slide 6

Өзіне деген қатынас компоненттері

Жабықтық екі тенденцияның бірінің басымдығын анықтайды: немесе комформдылық, әлеуметтік қолдау мотивациясының басымдығы. Немесе сыншылдық, өзін ұғыну өзімен ашық және шыншыл болу;

Өзіне сенімділік өзін сыйлау, өзіне сенімді, ерікті, тәуелсіз тұлға ретіндегі қатынас;

Slide 7

Назарларыңыз үшін рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Сана және өзіндік сана: Мен концепциясы және сананың бұзылыстары
Өзіндік сананың табиғаты, дамуы және басқа ғылымдардағы рөлі
Сана философиясы: қалыптасуы, табиғаты және қоғамдық сананың формалары
Психика мен сананың даму сатылары, теориялары және әлеуметтік мәні
Кәсіпкерліктің мәні, тарихи қалыптасуы, даму шарттары және мемлекеттік реттеу
Адам мінезінің қалыптасуы: қасиеттері, құрылымы және даму факторлары
Діннің құрылымы және діни сананың деңгейлері мен негізгі элементтері
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың принциптері мен құрылымы
Сана мен өзіндік сана: теориялық негіздер және психологиялық даму
Еңбек келісімінің құрылымы мен негізгі шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz