Сауат ашу әдістері


Slide 1

Сауат ашу әдістері

Slide 2

Сауат ашу кезінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай, олардың түсініп оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей сөздерді оқу қиындық келтірмейді, ал айтылуы мен жазылуында өзгеріс болатын сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық қелтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады, яғни «ақ аю», «сары ала» сияқты жазылатын сөздердің оқылуының үлгісін мұғалім үнемі ескертіп, дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады.

Slide 3

Оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алған білімін әртүрлі жағдаяттарға сай қолдана білетін, ойын, пікірін толық, түсінікті, жүйелі жеткізе алатын, білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.

«Сауат ашу» пәнінің мақсаты

Slide 4

Міндеттері:

- оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;

- қазақ әліпбиіндегі әріптермен (баспа және жазба түрі, бас әріп және кіші әріп) таныстыру;

- әріптен буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем құрап оқуға және жазуға дағдыландыру;

- оқу дағдысы (дұрыс және түсініп оқу) мен жазу дағдысын (қатесіз, сауатты, таза, каллиграфия ережелерін сақтай отырып жазу) қалыптастырып, жетілдіру;

- тілдік бірліктер (дыбыс, буын, сөз, сөйлем, мәтін) және орфография, пунктуация туралы қарапайым түсініктерді меңгерту;

- кітап оқуға қызығушылығын тәрбиелеу;

- қарапайым талдау жасау тәсілдерін меңгерту арқылы салыстыру, топтастыру, жүйелеу біліктерін дамыту;

Slide 5

Оқу-жазу процестерін талдаудан шығатын негізгі қорытынды:

Оқушы оқуға, жазуға үйрену барысын­да меңгеруге тиісті ең басты процестер: сөзді буынға, буынды дыбысқа ажырату және керісінше, дыбыстардан буын, буыннан сөз құрастыру. Егер мұғалім талдау-жинақтауға жеткіліксіз көңіл бөлетін болса, бала әр әріп­ті, дыбысты жеке жаттайды да, олардың әрқайсысының мәніне көңіл бөлмейді, сондықтан оларды дұрыс байланыстырып оқи да алмайды, жаза да алмайды. Әрбір айтылғанды немесе жазылғанды бір-бірімен салыстырып, талдап-жинақтатып, қайталаттырып үйретсе ғана баланың ойлау процесін дамытуға септігі тиеді.

Сауат аша бастаған бала оқу-жазуға үйрену барысында көптеген қиындықтарға кездеседі (бір әріпті немесе бір сөзді жазу үшін жүйке жүйесінен бірнеше толқын (им­пульс) жасалады) . Осы кездегі кедергілер мен қиындықтардан баланың нәзік табиғатына нұқсан келтірмей, күш-жігерін мұқалтпай алып шығу мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді. Бұл жұмысты талапқа сай ұйымдастырып жүргізу үшін, мектепке дейінгі баланың ақыл-ойының, тілінің дамуы, жеке ерекшеліктерінің қалыптасуы жөнінде мұғалім толық сауатты болуы керек, сонда ғана әдістемелік жағынан қажетті жұмыстарды шеберлікпен ұштастырып, іске асыра алады.

Slide 6

Сауат ашу пәнінің кезеңдері

Әліппеге дейінгі кезеңнің міндеттері: оқушыларды оқуға және жазуға даярлау; сөздік қорын молайту; байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Әліппе кезеңінің міңдеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Әліппеден кейінгі кезеңнің міндеттері: оқушылардың оқу және жазу дағдыларын жетілдіру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту; алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту.

Slide 7

Сауат ашу пәнінің міндеттері:

6 жастағы оқушыларды оқу әрекетіне психофизиологиялық тұрғыдан дайындау;

оқушының тілін дамыту жұмыстарын сауат ашу кезеңдеріне сәйкес ұйымдастыру;

оқушының бойында адами құндылықтарды: қайырымдылықты, сүйіспеншілікті, елжандылықты, имандылықты дамыту;

диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын жетілдіру;

Оқушылар-дың сауатты, көркем жазу дағдыларын жетілдіру;

алғашқы тілдік фактілерді танымдық нысан ретінде меңгерту, оларды талдау, салыстыру, топтау және жинақтау дағдыларын қалыптастыру;

сөйлеу әрекетінің түрлерін (оқылым, тыңдалым, жазылым, айтылым) меңгерту және сөйлеу жанрларын әр түрлі жағдайларда қолдана білуге үйрету;

тілдік қарапайым түсінік, орфографиялық, пунктуациялық біліктілік қалыптастыру;

кіріктіріле жүргізілетін оқу және жазу жұмыстарын сауат ашудың әр кезеңдеріне сәйкес жүргізу;

дұрыс, түсініп және мәнерлеп оқу, жазу дағдыларын қалыптастыру;

Slide 8

Қазіргі кезеңде осы әдіс-тәсілдердің ішінен талдау-жинақтау әдісі балалардың сауатын ашуда тиімді әдіс екендігін байқатты.

Талдау кезеңдерінде

балалар сөйлемдерді жеке сөздерге, сөздерді буындарға, буындарды дыбыстарға талдап үйренеді

жинақтау әдісі

бұған керісінше жеке дыбыстардан буындар, буындардан сөздер, сөздерден сөйлемдер құрастырылады

Slide 9

Талдау - жинақтауда жүргізілеін жұмыстар


Ұқсас жұмыстар
Сауат ашу сабақтарына қойылатын негізгі педагогикалық талаптар
Дыбыстық талдау-жинақтау әдісі
Оқу материалдарының білімділік және тәрбиелік мәні
Сауат ашу пәнінің мақсаты мен міндеттері
ӘЛІППЕ ОҚУЛЫҒЫ
Сауат ашу сабағына қойылатын талаптар
Сынып Оқушылар Жоғары деңгей Орта деңгей Төмен деңгей саны
Сауат ашу пәнінің маңыздылығы
Жазу дәптері бойынша жұмыс
Сабақтың тақырыбы Сауат ашу сабақтары бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz