Астения
Презентация қосу
Астения ( грек тілінде asthenia – әлсіздік) –
әлсіздік пен шаршаңқылық, эмоционалдық
тұрақсыздық, ұйқының бұзылуы, есте
сақтау қабілетінің нашарлауы тән ауру
жағдайы. Нақтырақ айтқанда, астенияны
ауру деп айту қиын. Ол науқас адамның
өмір сүру деңгейін төмендететін
патологиялық полиморфтық синдром болып
табылады.
Себептері
Астенияның пайда болуының негізгі себептері
функционалдық және органикалық жағдайлар.
Астенияның пайда болуына әкеп соқтыратын негізгі
жағдайлар: ішкі мүшелердің ауруы (эндокринді және
жүйкелік, қан аурулары, депрессия), инфекция,
эмоционалдық немесе физикалық күш түсу әсерінен,
интоксикация (стресс, болдырмау синдромы және тағы
басқалары). Жұмыс пен демалысты дұрыс
ұйымдастырмау, биологиялық ритмнің бұзылуы,
алкогольді пайдалану астенияның ары қарай дамуына
жағдай жасайды және әсерін береді.
Белгілері
Астенияның негізгі белгілері:
Эмоционалдық лабильділік. Астенияның жиі кездесетін
белгілерінің бірі. Бұл кезде науқастың мазасыздануы,
ашуланшақтылығы, агрессиялық жағдайларға да бару
жағдайлары кездеседі.
Ұйқының бұзылуы. Астения кезінде ұйқының ұзақтығы
бұзылады немесе науқас күн мен түнді ауыстырып
алуы мүмкін.
Әлсіздік. Әлсіздік және тез шаршау астенияның
пайда болуының белгілерінің бірі болып
табылады. Осының салдарынан жұмысқа деген
ынта жоғалады, сақтау қабілеті нашарлайды,
бұрын жасап жүрген жұмыстарын жасауға
шамасы келмей қалады.
• Сезу қабілеттерінің төмендеуі. Астениямен
ауратын көптеген науқастарда сезу
қабілеттерінің төмендеуі байқалады, соның
себебінен науқас жарықты, қатты дауысты,
өткір иістерді көтере алмайды, көбінесе,
тыныштықта жалғыз қалғанды ұнатады.
• Бастың ауруы.
Астенияның жиі
кездесетін белгілерінің
бірі болып табылады,
егер сөз неврастения
жайлы болса.
Жүйкелік және
физикалық
ауырлықтар кезінде
бастың қатты ауруы
байқалады.
Емдеу жолдары
Астениялық бұзылу емдеу шараларын қажет етеді, себебі уақытында
шаралар қолданбаса асқынып, басқа көптеген ауруларға шалдықтыруы
әбден мүмкін.
Астенияны емдеу жолдарының ең бірінші бағыты негізгі себептер мен
факторларды анықтау болып табылады. Күнделікті күн тәртібін
тұрақтандыру, ұйқыны толықтандыру, дұрыс тамақтану, жаман
әдеттерден аулақ болу ең маңыздылары болып есептеледі.
Бірінші кезекте, жүйке талшықтарының энергиямен және гипоксиямен
қамтамасыз ету мақсатында әр түрлі әдіс-тәсілдер қолданылады.
Эмоционалдық лабильділікті азайту мақсатында седативті әдіс-
тәсілдер қолданылады. Кофеге, шайға стимуляторларды қосудан аулақ
болған дұрыс, себебі, ол жүйке жүйесінің бұзылуына әкеледі.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz