Ет және ет өнімдерін суықпен өңдеу



Ет және ет өнімдерін суықпен өңдеу

Етті салқындатудың ең кең таралған әдісі ауалы салқынд ату болып саналады.

Кіріспе
Ауамен салқындату үшін етті немесе ет бөлшегін арнайы құралдармен және салқын өңдеудің режимін реттеу жүйесімен жабдықталған салқындатқыш камераға немесе туннельге салады.

Бір сатылы салқындату
0°С температурада ауаның қозғалу жылдамдығында 0, 5-2 м/с жүргізеді; бұлшық ет қалыңдығы 6 см көп болған кезде 4°С температурада салқындату процесі жүреді. Ауаның температурасы мен жылдамдығы -өнімнен салқындатқыш ортаға жылу беру коэффициентін анықтайтын негізгі параметр болып саналады. Сиыр еті үшін ауа температурасы -2°С-ға дейін төмендеуі мүмкін, ал шошқа еті үшін 5°С-қа дейін. Бұл жағдайда салқындату ұзақтығы 14- 24 сағатты құрайды.

Екі және үш сатылы салқындату әдісі
Салқындату ортасының температурасын төмендету үшін етті мұздатады, сондықтан ауа ортасының ауыспалы параметрлерін қолдана отырып, екі және үш сатылы салқындату әдісі қолданылады. Жартылай бұқтырылған етті сатылы салқындату бір немесе түрлі камераларда жүргізілуі мүмкін. Мысалы, бірінші сатыда шошқа жартылай бұқтырылған еттері - 10 - 12°С температурада 1, 5 сағат бойына, екінші сатыда -5-7°С температурада 2 сағат бойына және қосымша салқындатуда (температураның біркелкі тұтастай таралуы үшін) - 0°С температурада 6 -8 сағат бойына салқындатады. Бірінші және екінші сатыларда ауаның қозғалу жылдамдығы 1-2м/с; қосымша салқындатуда 0, 5 м/с болады, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 95- 98% құрайды.

Етті бағдарламалық салқындату
Етті бағдарламалық салқындату кезінде -4 . . . -5сС температурада және ауаның қозғалу жыдамдығы 4 -5 м/с-та жүргізеді, содан соң барып 0°С температурада және берілген бағдарлама бойынша бастапқы жылдамдықтан 0, 5 м/с-қа дейін өзгеретін ауыспалы ауа жылдамдығында салқындатады

Салқындатудың фронтальды әдісі
Салқындатудың фронтальды әдісі кезінде жылу беру коэффициентін ауыстыра отырып жүргізіледі. Бұл салқын өңдеудің ұзақтылығын жылу берудің тұрақты коэффициентімен салыстырғанда шамамен 8- 10% азайтады. Бұл жағдайда құрғап кету 30-40%-ке дейін азаяды. Камерадағы ауаның жылдамдығы ауа таралудың белгілі бір қиылысуын іріктеу арқылы өзгертеді. Жартылай бұқтырылған ет камераға конвейерлі әдіспен алмастырылады, оларды алдын-ала салқындатудың температурасы крископиялық температурадан төмен болмауы керек, ал камерада қосымша салқындату соңғы берілген мәнге жетуі керек. Бұлшық еттердің суықтық қысқаруынан қашу үшін электр тежегіш арқылы немесе етті 10 -12°С температурада 12-15 сағат бойына алдын-ала салқындатуға негізделген.

Салқындатудың жеделдетілген әдісі
Сиыр етін салқындатудың жеделдетілген әдісі салқындатудың бірінші сатысында температурасы 25°С болатын, 5-10м/с жылдамдықпен қозғалатын ауаны қолдануға негізделген. Салқындату криоскопиялық температураға жеткен кезде салқындатудың екінші сатысы басталады, бұл кезде температура криоскопиялық күйде ұстап тұрады, оның жылдамдығы 0, 5 м/с аспайды.

Гидро аэрозольды салқындату
Гидро аэрозольды салқындату бастапқы да тек қана жеміс-жидектерді, көкөністерді, гүлдерді, ас көктерді салқындату үшін қолданылды. Қазіргі таңда мұндай әдіспен шұжық өнімдерін, бұқтырылған етті, жартылай бұқтырылған етті салқындату үшін қолданылады.
Гидроаэрозольды салқындату бұл етті интенсивті циркуляцияда және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 100% болған кезде салқындатуға негізделген. Еттің бұзылуын болдырмау үшін суға бактерицидтті заттар қосылуы мүмкін. Процесте еттің бетін буландыру арқылы салқындатуға негізделеді. Бұл әдістің -шет елдерде ет және ет өнімдерін салқындату үшін пропиленгликольды тамшылы-сұйық ортаны қолданады. Сонымен қатар өнім пропиленгликольды еріткішпен -8 . . . -15°С -қа дейін салқындатылады, салқындатудың тиімділігі ауамен салқындатуға қарағанда екі-үш есеге жоғары болады.

Кешенді термо ылғалды әдіс
Етті салқындату барысында оның құрғап кетуін болдырмау үшін кешенді термо ылғалды әдіс жасалынған. Ол үшін алдымен жартылай бұқтырылған етті қаныққан ауада салқындатады және содан соң барып (5-10 мин ішінде) құрғақ ыстық ауамен үрлейді (температура 50-70°С, ылғалдылық 5-10 %) . Бұл әдіс салдарынан салқындату ұзақтығы 9 сағатқа дейін қысқарса, ал кеуіп кету 0, 5 - 0, 6 %-ке дейін азаяды.

«Айссларриды» (сұйық немесе қатты мұз) қолдана отырып гидрофлюидизация әдісі
Салқындату мен мұздату технологиясында «айссларриды» (сұйық немесе қатты мұз) қолдана отырып гидрофлюидизация әдісі қолданылуы мүмкін, бұл әдіс жылуберудің жоғары коэффициентін алуға мүмкіндік береді және мұздатудың жылдамдығын арттырады.

Вакуумді салқындату әдісі
Вакуумді салқындату әдісін бұрындары тек қана өсімдік текті шикізаттарды өңдеу үшін қолданса, қазіргі таңда ірі мүйізді қара, шошқа еттерінде қолданады. Температурасы 37°С болатын шошка етін сүйегіне сылып алады және майлы жерін бөлек алады, ол процестің барлығын температурасы 8°С болатын ғимартта жүргізеді. Ет бөлшектері вакуумды қаптамамайтын желіге түседі, бұл жерде вакуумды салқындатуды 0 . . . -2°С температурада жүргізеді. Бөлшектерінің мөлшеріне байланысты 4-9 сағаттан кейін температуралары 7°С-қа, ал 14 сағаттан соң 7°С-қа дейін төмендейді. Мұндай салқындату кезінде еттің санитарлық жағдайы жақсарады, сақтау мерзімі 15 тәулікке дейін артады, ал кеуіп кетуі кемиді.

Салқындатудың электрофизикалық әдістері
Салқындатудың электрофизикалық әдістері қолданылады, бұл әдіс барысында ет және ет өнімдері сұйықтықтың электрлік зарядталған тамшыларымен, ионизирлеуші газдармен, электр конвективті салқындатумен және т. б. әдістермен өңделеді.
Электрлі зарядталған тамшылармен етті салқындату әдісінің мәні салқындатуға арналған еттің бетіне оң зарядты электрод өтеді. Салқындатқыш сұйықтық теріс зарядталған құбыр өткізгішке келіп түседі. Салқындату электрлі зарядталған сұйықтық тамшыларымен өнім бетіне жанасқан кезде орын алады.

Ионизирлеуші газдар көмегімен салқындату әдістері
Ионизирлеуші газдар көмегімен салқындату жартылай шикізаттардың сақтау мерзімін 1, 3-1, 5 есе артады, энергия шығындарды азаяды және құрғап қалу кемиді.
Электр конвективті салқындату кезінде салқындалатын өнімнен келетін жылу ағынның тығыздығы артады (еттің сан алуан түрлері 1, 1-1, 8 есе) . Электр өрісінің кернеуінің артуымен жылу берілу процестің бастапқы сатысына араласады және уақыт бойынша шамамен екі - үш есе азаяды, салқындатудың бірінші сатысында салмақтың жоғалуы байқалады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz