Мектептегі жаңашылдықты басқару


Slide 1

Мектептегі жаңашылдықты басқару

Жоспары:

1. Мектептегі жаңалық және жаңашылдық үдерісі, басқарудың ерекшеліктері.

2. Педагогикалық іс-әрекеттің жаңашылдық бағыттары: басқарудың заңдылықтары мен қағидалары.

3. Жаңалық, жаңашылдық және жаңалықты ендіру: дамудың ерекшеліктері мен кезеңдері. Жаңалықты басқарудағы тиімді технологиялар (модерация, жобалау және т. б. )

Slide 2

Мектеп дамуына байланысты инновациялық процестерді басқару

«Инновация» термині жаңашылдық, өзгеріс, қандай да жаңалық ендіру дегенді аңдатады. Педагогикалық процеске байланысты бұл түсінік оқу жəне тəрбие жұмыстарымен мұғалім жəне оқушының бірлікті іс-əрекеттерін ұйымдастыру мақсаттарына, мазмұнына, əдістері мен формаларына енген, енетін жаңалықтардан хабар береді (ғылыми рəміз ретінде бұл терминді аудармасыз, өз күйінде қолданғанды жөн көрдік) .

Инновация, сонымен, жаңалық жеткізуші, жаңаланып жатқан жүйеге өзгеріс беретін құрал. Жаңалығы болмаған инновация мəнсіз. Инновациялық маңызға ие болмаған жаңалық іс-əрекет қалпын жақсартудың дерексіз (абстракт), болмысқа жарасымы жоқ құрғақ теория. Басқарудағы жаңалықтар мен инновациялар əрқилы даму, тіршілік сатылары мен қисынды құрылымдарды қамтиды.

Slide 3

Инновациялық процесс - бұл күнделікті тəжірибеде өз алдына бөлек жаңалық ретінде танылған нақты да соны ауқымды бірлігі. мектеп басшысының айналысатыны да осы үлкен, кең шеңберлі процесс.

Қоғам, мəдениет жəне білімнің бүгінгі даму жағдайында педагогикалық іс-əрекеттегі инновациялық бағыттардың қажеттігі бірнеше шарттардан туындап отыр. Олар:

1

3

7

6

5

4

2

- əр текті оқу орындарындағы білім беру жүйесінің, əдіснамасының жəне оқу-тəрбие процесін ұйымдастыру технологияларының жаңалануы;

- білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алуы;

- оқу пəндері көлемінің үздіксіз өзгеріп баруы;

- оқудың жаңа ұйымдастыру формалары мен технологияларын ұдайы іздестіруді қажет ететін жаңа оқу пəндерінің енгізілуі;

- мұғалімдердің педагогикалық жаңалықтарды меңгеруі мен қолдануының өзіне болған қатынастар сипатының өзгеруі;

- жалпы білімдік оқу мекемелерінің нарықтық экономикаға бет бұруы;

- жаңа оқу орындары, олардың арасында мемлекеттік емес білім ордаларының құрылуы;

Slide 4

Инновациялық процестерді басқаруда нəтижеге бақылау жасау үлкен маңызға ие. Бақылаудағы міндеттер:

1

2

3

4

- жеткен нəтижелерді бағамдық талдауға салу, білімдік іс-əрекет процестерін реттеуге байланысты жұмыстар жүргізу үшін қажетті тұжырымдар жасау;

- ұжым кейпі мен іс-əрекеттеріне түзетулер енгізу мақсатында инновациялық процестің барша қатысушыларының қызметтері мен жұмыс нəтижелеріне баға беру; қорытындылар шығару;

- кешенді - мақсатты бағдарламаға сəйкес инновацияларды басқару нəтижелерін бағалау жəне басқару ықпалдарын ретке келтіруге орай ұсыныстар беру;

- инновациялық процесс қатысушыларын ақпараттандыру мен ынталандыру үшін тура жəне кері байланыс өзектерін қалыптастыру.

Slide 5

Мектепішілік басқарудың дамуында аса үлкен маңызға ие болар келесідей бағдар-бағыттарды атау орынды:

1

3

4

2

- əлеуметтік орта мен мектептің өзін жаңа сипаттағы басқару қажеттіктерінің объектив күрделенуі;

- мектепті тиімді басқарудың жаңа жағдайлы мүмкіндіктерінің пайда болуы;

- мектептегі басқару іс-əрекеттеріне қойылатын талаптардың күшеюі;

- мектепішілік басқару жүйесінің дамуы;

Slide 6

Басқару қызметтерінің арасында инновациялық процестерді басқару жəне оларды бұдан былай дамыту мақсатындағы арнайы қызметтер салаларының (сапа менеджменті, білім маркетингі, мектеп психодиагностикасы жəне т. б. ) пайда болуы - бүгінгі оқу-тəрбие орындарындағы жаңа құбылыстар. Мектептер өзін қоршаған ортаны жəне ол ортаның болашақ өзгерістер бағытында талдау жұмыстарын жүргізе бастады.

Мектеп өзінің бəсекелестік заман жағдайына дайындығын ойластырып, одан жеңіп шығу жолдарын іздестіретіндей санаға жетуде. Бұл орайда білім ордасы өзінің барша тіршілігінің нəтижесін тек оқу-тəрбие процесін ұйымдастырудағы табыстарымен ғана байланыстыруы тиіс.

Slide 7

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (мақсаты, міндеттері)

Білім беру мен экономикалық дамуды байланыстырушы көптеген дәлелдер бар:

макро және микроэкономикадағы халықаралық зерттеулер білім беру, табыс пен өндірушіліктің тығыз байланыста екенін көрсетіп отыр. Оқытудың ерте кезеңіндегі инвестицияның үлкен қайтарымы болатынын көрсететін байланыс бірізді болмайды.

зерттеулер білімді экономика тұрақтырақ болатынын, білім беруді дамытуға жұмсалған қаржының ол сауаттылық кезеңіндегі фокус болсын немесе оқытудың орташа ұзақтығын жақсарту болсын өте маңызды екенін дәлелдеп отыр.

Slide 8

Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатын жүзеге асырудың ұйымдастырушылық негізі болуы тиіс.

Бағдарлама білім беру жүйесіндегі мемлекеттік саясаттың ұйымдастырушы негізі ретінде білім берудің, басқару жүйесінің, білім беру қызметі субъектілерінің құқықтық-ұйымдастырушылық формаларының және экономикалық-қаржылық механизмдерінің құрылымындағы, мазмұны мен технологияларындағы өзгерістерді құрайтын ресурстары мен мерзімі бойынша бір-бірімен байланыстағы шаралар кешені болып табылады.

Басты мақсаты:

білім беру жүйесін түбегейлі жетілдіру үшін азаматтардың әл-ауқатын және экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз ететін оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру, адамзат капиталын дамыту.

Slide 9

Бағдарлама мақсаттары:

Slide 10

Мақсатты индикаторлар:

3

1

2

5

4

6


Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық білім берудегі жетістікті инновация түсінігі және өзектілігі
Жоғары мектептегі жаңа білім беру технологиялары
Озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының озат педагогикалық тәжірибе және педагогика ғылымының жетістіктерін енгізу
Басқару стильдері
Менеджмент әдістері мен қызметтері
Білім беру ұйымдарында әдістемелік жұмысты басқару
Білім беру мекемелерін басқарудың құрлымы
Өнер мен әдебиеттегі мәдени дамудың маңызды бағыттары
Педагогикалық басқару жүйесі
Мектептегі оқу-тәрбие процесін басқару мазмұны мен оны ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz