АНТИКА ФИЛОСОФИЯСЫ


Slide 1

АНТИКА ФИЛОСОФИЯСЫ

Slide 2

1. Антика философиясының сипаттамалық ерекшеліктері

2. Сократқа дейінгі кезең фило-софиясы

3. Классикалық кезең филосо-фиясы

Slide 3

Антика философиясының сипаттамалық ерекшеліктері:

космоцентризм - табиғаттың, ғарыштың, әлемнің түпнегізін анықтауға талпыныс;

онтологизм - философиялық проблеманың негізі ретінде болмыс қарастырылды;

философияның негізгі екі бағыты қалыптастырылды- идеалистік (Платон) және материалистік (Демокрит)

Slide 4

Антика мәдениетінің доминанттық идеясы:

Slide 5

Антика философиясының негізгі даму кезеңдері:

Сократқа дейінгі кезеңдік философия (б. д. д. 7-6 ғ. ғ. ) . Бұл кезеңде натурфилософиялық көзқарас басым болды. Милет, Элей, Пифагоршылдар, Софистер мектебінің қалыптасуымен қатар атомдық көзқарастың негізі қаланады.

Классикалық кезең (б. д. д. 4ғ. ) . Платон мен Аристотель философиялық еңбектерімен ерекшеленеді.

Римдік-эллиндік кезең (б. д. д 3ғ. соңы мен б. д. 3ғ. басы) . Стоиктер, скептиктер және эпикуршілдік мектептер басымдылық танытқан кезең.

Slide 6

Сократқа дейінгі кезеңдік философия

Милет мектебі (Фалес, Анаксимандр, Анаксимен) ;

Гераклит Эфестік;

Пифагор мектебі;

Элей мектебі (Ксенофан, Парменид, Зенон) ;

Атомистер (Левкипп, Демокрит)

Slide 7

Милет мектебі- Грециядағы ең көне материалистік философиялық мектеп

Түпнегіз:

Фалес - су

Анаксимандр - апейрон

Анаксимен - ауа

Гераклит - от

Пифагор - сан

Левкипп, Демокрит - атом

Slide 8

Фалес (б. д. д. 625-547)

Фалес бір жылды 365 күнге,

365 күнді 12 айға бөліп, Күнтізбенің (календарь)

жасаудың алғашқы бастамасын көрсетуші ретінде және стихиялы-материалистік Милет мектебінің негізін қалаушы ретінде танымал. Ол заттардың алуандылығынан бірегей бастапқы негіз іздеп, оны материалды, нақты зат деп есептеді. Дүниенің, барлық нәрсенің түп негізі, алғашқы бастамысы - су деген пікірді ұстанады. Өйткені бәрі судан пайда болады, бәрі қайтадан суға айналады дейді.

Slide 9

Анаксимандр (б. д. д. 610-547)

Анаксимандр (шамамен б. д. д. 610-546 ж. ж. ) - ежелгі гректің материалист - философы, стихиялы диалектик, Фалестің бас шәкірті. Грециядағы «Табиғат туралы» атты тұңғыш ғылыми шығарманың авторы, бірақ бұл шығарма бізге жеткен жоқ. Анаксимандр дүниенің негізі, бастамасы ретінде - «архе» («негіз») ұғымын енгізді, дүниенің негізі - апейрон (шексіз нәрсе) деп есептеген.

Slide 10

Анаксимен (б. д. д. 585-525)

Ежелгі грек материалист - философы, стихиялы- диалектик, Анаксимандрдың шәкірті. Оның ілімінше, барлық нәрсенің бастамасы материядан - ауадан пайда болған, қайтадан ауаға айналады. Ауа шексіз, мәңгі, қозғалыстағы зат. Қоюланғаннан кейін - бұлтқа, суға, жер мен тастарға, сейіліп - отқа айналады. Мұнда санның сапаға ауысу идеясы көрініс тапқан.

Slide 11

ГЕРАКЛИТ (б. д. д 544-483 ж. ж. )

Ежелгі грек философ --материалисі, диалектик. Гераклиттің шығармасы- «Табиғат туралы». Гераклиттің пайымдауынша дүниенің негізі - от, ол әрдайым өзгеруде әрі қозғалыста. Барлық әлем, жекелеген заттар, тіпті адам жаны да оттан жаралған, оны Гераклит «логос» деп атайды. Әлемдік процесс ұдайы қайталанып отырады. Бәрі өзгере отырып жаңарады. Соған орай Гераклиттің атақты тұжырымдамасы қалыптасады: «Бір өзенге екі қайтара түсе алмайсың».

Slide 12

Пифагоршылдар

Б. д. д. 6-ғасырдың 2-жартысында пайда болған философиялық ағым.

Пифагор-көне грек философы, математик және астраном. Пифагор-

шылдар бастапқы негізді санмен таңбалап, осы бағытта жұмыс жасайды.

Slide 13

Элей мектебі-б. д. д. 6-5 ғ. ғ. Элей қаласында (оңтүстік Италия) пайда болған философиялық мектеп. Элей мектебінің негізгі мәселесі-болмыс болды.

Өкілдері:

Элеаттар философиясы

Ксенофан

Парменид

Зенон

и Мелисс

Slide 14

Софистер мектебі

Софистер (гр. sophists-өнерпаз, дана) -«даналықтың, » «шешендіктің» кәсіби

ұстаздары ретінде саналған ежелгі грек философтарын осылай атаған.

Софистика - дауласу немесе дәлелдеу кезінде қисын-

сыз пікірлерді, софизмдерді, яғни сырттай ғана дұрыс

болып көрінетін айлаларды саналы түрде қолдану.

Софистер екі топқа бөлінді: «Аға софистер»-табиғат-

ты материалистік тұрғыда түсіндірді.

Бұл топтың өкілдері-Протагор, Гиппий, Продик,

Антифондар-алғашқы ағартушылар.

Екінші тобы- «Кіші софистер» (ақсүйектер тобы) -

Гипподам, Критий-философиялық идеализмге

ден қойғандар.

Slide 15

Антикалық философияның классикалық кезеңі

Бұл кезең ерте грек философиясының кемелденген, гүлденген кезі болды. Себебі, Платон мен Аристотель өздеріне дейінгі философияны біртұтас ғылымға айналдырып, жүйелендіре түсті.

Slide 16

(б. д. д. 469-339 ж. ж. )


Ұқсас жұмыстар
Философияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Ортағасырлық мұсылман философиясы
АНТИКА
ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Грек философиясының ерекшелігі
Дүниені философиялық түсінудің негіздері
Техника философиясы
Еуропада феодализмнің құлдырап және алғашқы буржуазиялық қоғамның қалыптасуы кезінде дамыған философиялық социологиялық ілім
Қайта өрлеу философиясы
Ортағасырлық христиан философиясының негізгі даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz