Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың тиімді технологиясын әзірлеу


Slide 1

Жоба тақырыбы: Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу үшін, қоғамдық-гуманитарлық пәндерді оқытудың тиімді технологиясын жасау

Тексерген: Тәрбие және тұлғаны әлеуметтендіру кафедрасының аға оқытушысы: Капизаева К. А.

Орындағандар:

Әнес Қ-көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп интернаты тәрбиешісі;

К. Жубашева Қ. С - ЖББ М. Қаналиев атындағы Алғабас ОМБК-нің ТІЖО;

Джангужиев М. С. №47 мектебінің тарих пәнінің мұғалімі;

Жангирова У. И. ЖОББ Шипов мектебінің тарих пәнінің мұғалімі.

Slide 2

Жобаның мақсаты:

Әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой-өрісі мен дүние танымын кеңейте отырып, білім берудің жаңа жүйесінде әдіс - тәсілдердің тиімді технологиясын жасап, бәсекелестікке қабілеті мол, шығармашылық бағытта еңбектенетін, ой қабілетімен ерекшеленетін азаматты тәрбиелеу;

Жобаның міндеті:

Мұғалімнің біліктілігін арттыру;

Жаңа технологияны меңгеру;

Қоғамдық-гуманитарлық пәндер негізінде оқытудың тиімділігін арттыру;

Күтілетін нәтиже: Нәтижесінде отансүйгіш, бәскеге қабілетті жас білімді тұлға қалыптасады;

2017-2020 жылға діни-экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес мемлекеттің зайырлығын нығайту мақсатында жаңа технологияны пайдалана отырып, ақпараттық түсіндірме жұмыстары күшейеді;

-

Slide 3

Білім берудің жаңа мазмұны оқушы мен мұғалімді жасау үздіксіз білім алуға қажеттілігін, жаңа білім игерудегі шығармашылық қарым-қатынасын, өз еркінше білім мен іскерліктерін қалыптастыруға негізделеді. Жаңа заман мұғалімі өз білімін қолданумен қатар, шәкірттерін зерттеушілік-ізденушілік әрекетін ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру керек. Алдыңғы сатыда ұстаздың өзі ізденімпаз болғаны аса маңызды.

Қазіргі таңда әдіс-тәсілдің тиімдісін мұғалім өз еркімен таңдайды. Қ. Жұбанов айтпақшы: «Егер мұғалім пәнді жақсы білсе, онда дұрыс әдісті де табады». Сондықтан түрлі әдіс-тәсілдерді саралай отырып, тиімдісін өзіндік ой еңбегімен ұштастыра алса, әр сабақ өз нәтижесін беретініне сенемін. Заман талабына сай шәкірт шығармашылығын дамытуға, мұғалімнің қажеттіліктеріне жан-жақты жауап беретін тиімді технологиялар шексіз. Тәжірибеде сол технологияларды қолдану, оңын-солын тану, зерттеу.

Діни экстремиз мен терроризмнің алдын алу үшін оқытудың жаңа технологиялық үрдісін жасау

Slide 4

Әдіс -тәсілдерді қоғамдық гуманитарлық пәндерде қолдану

. Атап айтатын болсақ, «Сынтұрғысынан ойлау», М. М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы», Қ. Бітібаеваның «Логикалық модельмен оқыту технологиясы» сабақ барысында оқушыларға сапалы және терең білім беруде атқаратын қызметі орасан зор.

Кез - келген педагог тұлғаны тәрбиелеуде сыныпта өзара ақпарат алмасу, оларды бір - бірімен бірлесе отырып, білімдер мен дағдыларын қалыптастыруға және өз ойларын еркін жеткізіп, ортаға салып, талдап, нәтиже шығара білуге бейімдеу үшін ақпараттық орта құруы қажет.

Қазақ тілі мен әдебиеті, тарих, өзін-өзі тану, сабақтарын ақпараттық инновациялық технологиялар арқылы өткізе отырып, интербелсенді тақтамен жұмыс жасуға машықтыруға болады. Әр түрлі презентацияларды, видео материалдарды көру және қолда бар материалдармен өздері сабақтарды құрастыра алады. Компьютермен жеке дара жұмыс жасау барысында, деңгейлік тапсырмаларды орындау жұмыстары тиімді жүргізіледі. Алдын ала мұғалімнің даусымен жазылған аудио-мәтіндерді, ән- күйлерді тыңдау жұмыстары жүргізіледі. Өз білімдерін тексеру мақсатында электронды тестпен жұмыс жасау, электронды оқулықтармен жұмыс жасуға машықтандыру.

Slide 5

Шығармашылық, іздену жұмыстарында интернет, сайттардан қажет деректерді тауып, пайдалануға үйретуге болады. Жұмыстарын, жобаларын, презентацияларын сыныптың алдында қорғауға үйрету - педагоикалық міндеттерді шешудегі жаңалығы.

Slide 6

Орта білім жүйесіндегі қоғамтану және әлеуметтік- гуманитарлық білім алудың құрамдас бөлігі болып табылады.

діни сенім бостандығы, әлемдік және дәстүрлі діндердің, жаңа діни қозғалыстардың тарихы мен қазіргі жай-күйі, теріс пиғылды діни ағымдар мен тыйым салынған діни ұйымдар туралы жан-жақты білім беру;

оқушыларды экстремизм, терроризм және діни радикализм идеологияларын қабылдамауға үйрету, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде толеранттылық қасиетке тәрбиелеу және олардың гуманистік дүниетанымын қалыптастыру.

Қазақстандағы этносаралық, конфессияаралық келісімді зайырлылық ұстанымдарының нәтижесі ретінде таныта отырып, оқушылардың бойында азаматтық мінез бен жауапкершілік қасиетті тәрбиелеу;

экстремизм, терроризм, діни радикализм секілді жаһандық жағымсыз құбылыстардың теріс идеологияларының ұлттық қауіпсіздікке, зайырлылық ұстанымдарына, қоғам тұрақтылығына төндіретін қауіп-қатерін түсіндіре отырып, зайырлы мемлекет қағидаттарына құрмет сезімін тәрбиелеу;

сыни тұрғыда сараптау мәдениеті мен қабілеттерін қалыптастыру;

Қорытынды:


Ұқсас жұмыстар
Діни экстремизм мен терроризм: Қазақстан жағдайындағы себептері, қаупі және алдын алу шаралары
Қазақстандағы діни экстремизм мен терроризм: себептері, заңнамалық шаралар және алдын алу
Экстремизм және терроризм: анықтама, құқықтық жауапкершілік және алдын алу шаралары
Діни экстремизм мен ұлттық идеология: діни ілімдердің моральдық қағидалары
Қымыздық (Radix Rumicis) тамырынан тұндырма алу технологиясын әзірлеу және сапасын бағалау
Мектептегі білім сапасын арттыру: қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің инновациялық жоспары (2015)
Өлеңді оқытудың тиімді әдістері мен тәрбиелік мәні
Көмешбұлақ ауылы (Сайрам ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы) жағдайында дәндік жүгеріден жоғары өнім алу технологиясын әзірлеу
Қоғамдық деградация: себептері, белгілері және алдын алу шаралары
Бастауыш сыныптарда сөз таптарын оқытудың тиімді әдіс-тәсілдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz