МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ - ХХІ ҒАСЫР АҚЫНЫ
Презентация қосу
«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВ
– ХХІ ҒАСЫР АҚЫНЫ»
«ӨЗГЕ ЕМЕС, ӨЗІ АЙТАДЫ, ӨЗ ЖАЙЫНДА»
“Ей, безілдектер, Сендер емессіңдер маған баға беретін! Нағыз
бағалаушылар әлі алда. Жылдар өтеді, жаңа ұрпақтар келеді, біздің
әрқайсымызды өз орнымызға солар қояды. Ежелден солай болып
келген, солай болады, бола береді де“
.”ӨРМЕКШІ ТОРЫ” ОЙЫНЫ.
• 1.Мұқағалидың шын есімі?
• 2.Мұқағали дүниеге келген ауыл?
• 3. Мұқағалидың анасының есімі?
• 4.Мұқағалидың қандай әндерін білесің?
• 5.Мұқағали өмір сүрген жылдар?
• 6.Мұқағалидың қандай өлеңі саған ұнайды?
• 7.Мұқағалидың туған күні?
• 8.Мұқағалидың туған жері?
• 9.Мұқағалидың әкесінің есімі?
• 10.Мұқағалидың балаларының есімі?
«МЕНІҢ АНКЕТАМ»
•- Туған жерің?
•- Туған жылың?
•- Жынысың кім?
•- Партияда барсын, ба?
•- Жоқпын.
•- Шыққан тегің?
•- Білімің ше?
•- Ана тілің?
•- Қайда істедің?
•- Міндеттісің бе әскерге?
•- Сөгіс алып көрдің бе?
•- Шетелдерде болдың ба?
•- Мекен-жәйің?
• 1931 ж. 9-шы ақпанда Алматы облысы, қазіргі Райымбек (бұрынғы Нарынқол)
ауданының Қарасаз ауылында дүниеге келген. Алайда, құжаттар бойынша ақынның
туған күні ақпанның 9-нда тойланады. Бұған тиісті ақынның анасы Нағиман апа
былай деген: “Мұқағалиым 1931 жылы наурыз айының 8-інде дүниеге келген
болатын. Жаңылысуым мүмкін емес. Себебі балам мынау фәнидің есігін ашқаннан
біраз уақыт кейін Наурыз тойы болады, наурыз көже жасаймыз деп күтіп отырғанбыз”
• Мұқағали Мақатаев атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты Оразақын Асқар ақынның
екінші туған күніне байланысты мынадай сөз айтады: «Ал құжат бойынша Мұқағали 9
ақпанда дүниеге келген. Бұл куәлікті ақын ес білген кезде сол кездегі сайлау
науқанына байланысты өзі жаздырып алған екен».Азан шақырып қойылған аты –
Мұхаметқали.
• Әкесі қарапайым шаруашы:колхозда сушы, шалғышы болып істеген. Мұқағали үйдің
тұңғышы болған, оның артынан бір қыз және үш ұл туылған. Ақынның қарындасы
мен алғашқы інісі ерте көз жұмған. Соңғыларының есімдері – Тоқтарбай мен Көрпеш.
Қазақ дәстүрі бойынша үйдің алғашқы баласы ата-әжесінен тәрбие алуы тиіс,
сондықтан Мұқағали әжесі Тиынның қолында өсіп, анасын жеңгесіндей қабылдайды.
Балалық шағы соғыспен қатар өткендіктен, ақын тағдырдың ащы дәмін ерте
татады(“Неңді сенің аңсаймын,бала шағым?”). Мұқағалидің әкесі 1941ж Калиниград
майданында қаза табады.
• 1948 – 49 ҚазМУ-дың филология факултетінің студенті
• 1948 – оқуын тастап, Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы;
• 1949 – көктемде жары Лашынмен отау құрады;
• 1949 – “Советтік шекара” газеті ақынның “Қырман басында”, “Қойшы бала – Әкітай”
деген өлеңдірін жариялады;
• 1950 – Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі.
• 1954 – Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып тағайындалады,
осы жылы ақынның үш өлеңі “Әдебиет және искусство” журналында жарияланды;
• 1957 – Республикалық радионың диктор қызметін атқарады;
• 1960-62 – “Советтік шекара” газетінің бөлім меңгерушісі;
• 1963-1965 – “Мәдениет және тұрмыс” журналында жұмыс істейді;
• 1962 жылы Алматыға қоныс аударып, әдеби ортаға етене араласа бастайды.
Поэзиядағы алғашқы қадамдары.
• Ақынның тұңғыш өлеңдері “Қырман басында”, “Қойшы бала — Әкітай” ауданындағы “Советтік
шекара” газетінде жарияланды (1949). “Інімнің ойы”, “Шебер” өлеңдері “Жастық жыры” атты
жинаққа енді (1951). Алғаш Мұқағали талантын бағалаған Ә.Тәжібаев: “Өзіңнен де
жігерлілеу, оттылау жас жеткіншек жеткенде, мақтанбасқа бола ма?!” деген еді (“Қазақ
әдебиеті”, 18.3.1960).
• Шығармалары мен аудармалары.
• Мұқағалидің “Қарлығашым, келдің бе?”, “Дариға жүрек” (1972 ж.), “Аққулар ұйықтағанда”,
“Шуағым менің” (1975 ж.), “Соғады жүрек”, “Шолпан”, “Жырлайды жүрек”, “Өмір-өзен”, ”Өмір-
дастан” және т.б. жыр жинақтары, сондай-ақ, “Қош, махаббат!” (1988 ж.) атты прозалық
кітабы да бар. Біршама өлеңдеріне ән жазылды. Өзін аудармашылық қырынан да сынап
көрген Мұқағали Дантенің “Құдіретті комедиясының” “Тамұқ” деген бөлімін (1971 ж.),
Шекспирдің “Сонеттерін” (1970 ж.), Уолт Уитменнің өлеңдерін (1969 ж.) қазақ тіліне аударды.
Поэмала
ры:
• Мұқағалидің “Ильич”, “Ақ қайың әні”, “Ару-ана”, “Мавр”, “Аққулар
ұйықтағанда”, “Қырандастар, қош болыңдар”, “Чили-шуағым менің”,
“Шекарада”, “Большевиктер”, “Өмірдастан”, “Арман”, “Шолпан”, “Досыма хат”,
“Алтай-Атырау”, “Отаным, саған айтам”, “Райымбек! Райымбек!”, “Қашқын”,
“Жер үстінен репортаж”, “Моцарт. Жан азасы” атты поэма-толғаулары бар.
• Ақын қай тақырыпта жазса да жалған сезім, жылтырақ сөзге әуес болмады, ол
туралы: “Мен жырламаймын, Сырласамын.Сыры бір замандаспен мұңдасамын.
Көгендеп жыр қосағын, Келмейді жыр жасағым” немесе “Тіпті де мен емес-ті
“Мен” дегенім… Өзгенің жаны-сырын ұғу үшін, Өзімді зерттегенді жөн көремін”
дейді. Мұқағали шығармашылығының тіні “өзін-өзі” зерттеуден тұрады.
ОЙ ТОЛҒАУ.ТОПТЫҚ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫС.
Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы плакатқа
постер құру.
ҚАДЫР МЫРЗАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ:
“Әдебиетті салынып жатқан ғаламат бір ғимарат, көк тіреген
күмбез, сұлулық сарайы деп есептесек, сен соның таланттытас
қалаушыларының бірі едің”.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz