Солтүстiк Қазақстан облысының көрiктi жерлерi


Slide 1

Солтүстiк Қазақстан облысының көрiктi жерлерi

Slide 2

Солтүстiк Қазақстан облысы Қазақстанның солтүстiктегi бас қақпасы.

Өңiр көптеген тарихи және археологиялық ескерткiштердiң болуымен дараланады. Бүгiнгi күнге дейiн мәдени мұра объектiлерiн сақтаған «Ботай» мен «Ақ-Ирий» тарихи қоныстарға апаратын туристiк бағыттар қомақты тарихи және ғылыми құндылыққа ие. Тәп-тәуiр жағажайлары бар көптеген көлдер жағажай демалысын артық көретiндер үшiн тартымды болып отыр.

Солтүстiк Қазақстан жерiнде еуропалық және азиялық мәдениеттер мұз бен оттай тоғысты. Бұл одақтың облыстың әкiмшiлiк орталығы Петропавл қаласының көркiне ықпалы көрiнiп-ақ тұр. Мешiттер, христиан және католик дiндерiнiң храмдары өткен ғасырлардың сәулет ескерткiштерiмен iргелес бой көтерген. Жаңа мемориалды кешендер, саябақтар мен гүлбақтары, белгiлi бiр стильдегi үймереттер тарих ескерткiштерiмен қатар облыс орталығының осы заманғы бейнесiн қалыптастырады.

Slide 3

Шалқар табиғат аймағы

Шалқар рекреациялық табиғат аймағы орташа биiктiктегi таулар бедерiмен сипатталады. Шалқар көлiнiң айдыны қатпарлы гранит тектерiнiң әсем көрiнiсiн бiлдiредi, оның бөктерi қылқанды орманмен көмкерiлген. Шоқылар арасында әрдайым өзiне туристердi тартып тұратын табиғаттың «Тiлек тауы» атты көркем ескерткiшi ерекше көзге түседi.

Slide 4

Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалды кешенi

Айыртау ауданы Солтүстiк Қазақстан облысының картасында бар-жоғы 9, 6 мың шаршы шақырымды алады. Бiрақ осындай кiшi-гiрiм аумақ бiрталай ұлы перзенттердi дүниеге әкелген, солардың бiрi - 17 ғасырда Есiм ханның бастауымен шапқыншылардан өз жерiн қорғаған шапырашты руынан шыққан атақты Қарасай және арғын руынан Ағынтай батырлар. Олардың екеуi де Құлшынбай төбесiнде жерленген. Батырлар жерленген биiк төбеде 1999 жылы кесенесiмен бiрге мемориалды кешен тұрғызылды. Биiктiгi 16 метр болатын конус тәрiздi мұнараларды мешiт - үмiт пен сенiм тiрегi қосып тұр. Осы жерде жауынгерлердiң молалары да бар.

Мемориалды кешендi көруге жыл сайын елiмiздiң түпкiр-түпкiрiнен жүздеген адамдар, көптеген шетелдiк қонақтар келедi. Елiмiздiң Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев та осында екi рет болды. Қажылыққа келушiлер мен туристер үшiн кесененiң жанында мейманхана салынуда.

Slide 5

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенi

Абылай ханның тiлегi бойынша және паша үкiметiнiң рұқсатымен Есiл өзенiнiң жоғарғы жағындағы Енқыстау тауында әулие Пётрдiң бекiнiсi жанынан 1765 жылы оның келiп тұруы үшiн ағаш үй салынды. Кейiн, аңыз бойынша, қалада жиi болып тұратын өрттiң бiрiнiң салдарынан үй жанып кеткен, оның орнына тастан үй салынады (шындығында, Поляков диiрменiнiң ғимараты) . Ел ауызында сақталған аңызда 1821 жылы патша үкiметi Абылай ханның ұлы Уәли ханды бекiткеннен кейiн Петропавлдың жоғары форштадында оған екi қабатты тас үй салған-ды. Сол кезден бастап Петропавл қаласында Орта жүз ханының қысқы резиденциясы орналасты. Өлкетанушылардың айтуына қарағанда, Абылай ордасы еңiстiк жерде орналасқан алғашқы және ұзақ уақыт жалғыз болған құрылыс екен.

Slide 6

Добавить заголовок слайда - 5

«Абылай хан резиденциясы» мұражай кешенiн 2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев ашты. Кешен құрамына мыналар кiредi: Абылай ханның үйi, Абылай ханның кеңсесi, келiп-кетушiлерге арналған үй, монша.

Slide 7

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы

Мұражай алғашқы келушiлердi 1924 жылдың басында қабылдады. Сол кезде ол Караванная көшесiндегi шағын үйде орналасқан болатын. 1968 жылы қазiр Қазақстан Конституциясы деп аталатын көшеде орналасты.

A. M. Чудовтың басшылығымен Қарағанды және Целиноград көркемсурет қорларының суретшiлер тобы кезiнде саудагер Туби Лейбович Аркель иелiк еткен екi қабатты дербес үйдi қайта жоспарлау мен қайта құрылымдауды жүзеге асырды. Бүгiнгi таңда кешен Қазақстандағы ең үздiк мұражайлардың бiрi болып табылады. Оның қорында 134 мыңнан астам жәдiгер сақталуда. Осында Солтүстiк Қазақстан облысының табиғатымен, археологтар тапқан дүниелермен, қоныс аударушылар тұрмысының заттарымен танысуға, әртүрлi тарихтық кезеңдерге жататын залдарды тамашалауға болады.

Slide 8

Петропавл қаласындағы астрофизикалық обсерватория

Обсерватория Петропавл қаласының көз тартар орны болып табылады. Бас астрофизикалық обсерваторияның жабдықтарына диаметрi 0, 77 метр болатын айнасы бар Ричи-Кретьен жүйесiнiң телескопы кiредi. М. Қозыбаев ат. Солтүстiк Қазақстан мемлекеттiк университетi оқу корпустарының барлық кешенiне қайталанбас ажар беретiн планетарий күмбезi Leariving Technologies фирмасының (АҚШ) проекциялық аспаптарымен жабдықталған.

Slide 9

Петропавл қаласындағы астрофизикалық обсерватория

Бұл осы заманғы ғылыми мiндеттердi шешуге мүмкiндiк беретiн республикамызда көлемi жағынан екiншi болып табылатын телескоп. Орталық құрамына обсерваториямен бiр ғимаратта орналасқан планетарий кiредi.

Slide 10

«Абай және Пушкин» мүсiндiк композициясы

Ресейдегi Абай жылы және Қазақстандағы Пушкин жылы деп жарияланған 2006 жылы Петропавлдың бас көшесiнде «Абай және Пушкин» ескерткiшi орнатылды. Композиция Абай мен Пушкин - ұлы ақындардың мүсiндерiнен тұрады және екi халықтың достығын бейнелейдi. Екi мүсiндi бiрiктiретiн биiктiгi 5, 2 м ағаш мәңгiлiк символы ретiнде, дәл сол мезетте екi алып тұлғаның шығармашылық еткен дәуiрiн бөлiп тұрғандай көрiнедi.

Slide 11

«Абай және Пушкин» мүсiндiк композициясы

Ескерткiш авторы - К. К. Сатыбалдин, мүсiншiлер - С. К. Баймағамбетов және В. В. Затай. Композиция қоладан жасалған, ал тұғыры - күртi гранитiнен.

Slide 12

«Ағайынды екі батыр» шоқысы

«Два брата» шоқысы Айыртау селосының батысында 12 шақырым жерде орналасқан. Екi шоқының етегi бiртұтас, ал 300 метр биiктiктен бастап олар бөлiнедi. Шоқы бөктерiнен төбеге дейiнгi қашықтық - 500 метр. Шоқының төбесiнде қарау алаңшасы бар. Осы жерден Шалқар аумағын тұтастай көруге болады: биiктiгi сан алуан шоқылар, көптеген көлдер, жуық маңдағы ауылдар, сондай-ақ аудан орталығы - Саумалкөл селосы.

Slide 13

«Ағайынды екі батыр» шоқысы

Осы шоқыға байланысты ағайынды екi батыр туралы аңыз бар. «Көне заманда жерiмiзге сансыз көп жау баса-көктеп кiредi. Ағайынды қос батыр жауға қарсы шабады. Олар күн демей, түн демей жау керi қашқанша шайқасады. Жау қолынан қаза тапқан ағайындылар (ағасы мен iнiсi) шоқыға айналады. Ауыр қазадан белi қайысқан қарындастарының аққан көз жасы көрiктi Айыртаушық көлiне айналады. «Қанша жау қырылса, шоқы етегiнде сонша ағаш өсiп шықты, ал қан тамған жерлерде жидек тоғайлары пайда болды», - дейдi ақсақалдар.

Slide 14

«Обозрение» шоқысы, «Острая» шоқысы және «Расколотая» шоқысы


Ұқсас жұмыстар
Қостанай қаласы
Қазақстанда туризмнің дамуы
Семей қаласы
Қаланың көрікті орындары
Қазақстандағықызықты қызықтыжаз жаз
Түркістан облысының топырақ жамылғысы
Шығыс Қазақстан облысы жайлы
Көне дәуірден келе жатқан Таңбалы тас жазуында ғасырлар бойы
Жануарларды қорғау
Қазақстанның топырақ типтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz