Гарднереллалар. Экологиясы. Адамға потогенділігі және аурудың ағзасындағы орналасуы




Презентация қосу
Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

СӨЖ
Тақырып:Гарднереллалар.
Экологиясы. Адамға потогенділігі және аурудың
ағзасындағы орналасуы

Топ:212Б
Дайындаған: Қалман Салтанат
Тексерген:Нурсейтова Т.Х
Гарднереллалар
• Гарднереллалар вагиноз ауруының қоздырғышы, Гарднереллез-
Gardnerella vaginalis тудыратын антропонозды оппортунистік
инфекция, басқа облигатты анаэробтармен ассоциация түрінде
қынаптың қабынуына әкеледі, нәтижесінде бұл ағзада жағымсыз иіс
(«балық» иісіне ұқсас), су тәрізді гомогенді көп мөлшерде бөлінді
пайда болады. Туыстастығы:Gardnerella
• Түрі:. Gardnerella vaginalis
• Бұдан бұрын микроб Haemophilus туыстастығына кіретін.
Дегенменен, қанның X- және V- өсу факторларына тәуелді
болмағандықтан жеке түрге бөлінген.
Морфологиясы
• . Ұсақ таяқшалар немесе коккобациллалар, жиі шоғырланған,
орналасады. Нейссер әдісімен анықталатын метахромазиялық
дәндер көрінеді. Жағындыда жұптасып, V, Y- тәрізді немесе
қатарласып орналасады, сондықтан коринебактерияларға ұқсас
келеді. Грам әдісімен бояғанда құбылмалы болып келеді, 8-12
сағаттық дақылы-грам теріс, қолайлы қорекік ортада өскендері
грам оң болып бойялады. Жасуша қабырғасы грам оң
бактериялардың құрылымына ұқсас: оның құрамында треонин,
триптофан, лизин, глютамин және аспрагин қышқылдары
орналасқан. Дегенмен, арабиноза (коринебактерияларға тән),
тейхой диаминпимелин қышқылы жоқ. Грам теріс
бактерияларға тән майлы қышқылдар анықталмайды.
Капсуласы, талшықтары жоқ, спора түзбейді.(38-сурет).
Дақылды өсіру.
• Факултативті анаэробтар, капнофилдер, қоректік орталарға
талғамды. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, қанды агарда
әлсіз төмен деңгейде өседі. Құрамында гемин және НАД бар
күрделі қоректік орталарда өседі. Өсу факторларын қажет етеді:
биотин, фолий қышқылы, ниацин, рибофлавин, пуриндер мен
пиримидиндер және ыдырататын көмірсулар мен пептондар.
Гемолитикалық қасиеттері құбылмалы. Дақылдану үшін КАС-1
(казеин, ашытқы, сарысу) немесе V-агар (вагиналис) қолданады.
Тығыз қоректік ортада 1-2 тәулікте ұсақ, домалақ дөнес,
гомогенді, тегіс, түссіз колониялар түзеді. Сұйық қоректік
ортаны лайландырады және тұнба береді. Қолайлы
температурасы 35-370 С, дегенменен, 25-420 С дейін өсуі
мүмкін.
Ферменттік
белсенділігі.
• Хемоорганотрофтар.
• Метаболизмі ашыту типіне жатады,
нәтижесінде сірке қышқылы пайда болады.
Ферменттік белсенділігі төмен:
• каталаза және оксидазаны түзбейді.
Крахмал, мальтозаны ыдыратады.
Антигендік құрылымы.

Преципитация А реакциясымен
гарднереллалардың 7 серологиялық
топтарын бөлуге болады. Гликопептидті
жалпы антигенін агглютинациялық
реакцияның, ИФТ көмегімен анықтайды.
Иммунды флюоресценция реакциясында
Candida albicans-пен жалпы антигені
анықталды.
Патогенділік
факторлары.
• Гарднереллалардың кейбір штамдары
қынаптың кілегейлі қабығындағы
гликопептидті ыдырататын
нейраминидаза түзеді.
Резистенттілігі.
.
• Қоршаған ортадағы тұрақтылығы төмен.
Метронидазол, триметоприм және кеңінен
қолданатын антисептиктер мен
дезинфектанттарға гарднереллалар
сезімтал.
Эпидемиологиясы.
• Инфекцияның көзі ауру адам. Таралу
механизмі қарым-қатынастық, таралу
жолдары – жыныстық. Гарднереллаларға
адамның сезімталдығы басқа шартты-
патогенді микроорганизмдерге ұқсас.
Гарднереллез барлық жерде таралған,
көбінесе туатын жастағы әйелдер ауырады.
Патогенезі.
• Мекендейтін экологиялық орыны – қынап. Көбінесе
қынаптың микробиоценоздық бұзылысына байланысты
гарднереллалар әйелдердегі вагинит тудырады.
Себепкер фаткорлары болатын қантты диабет,
жүктілік, ұрықтандыруға қарсы гормонды
препараттар, менструациялық ұзілістер, эндокриндік
бұзылыстар. Осылардвң әсерінен қынаптың кілегейлі
қабатында рН көрсеткіші және де қанттын мөлшері
өзгереді. Нәтижесінде гарднереллалар басқа
анаэробтармен бірге ассоциацияда (бактероидтар,
пептострептококтар, мобилункустар) вагинит
тудырады. Осы микроорганизмдер өз алдына вагинит
үрдісіне әкелмейді. Соған байланысты мұндай
вагиниттер бейспецификалық деп аталады.
Клиникалық көріністері
• . Әйел адамдарда-вагинит, ер адамдарда – балонит,
бейспецификалық уретрит және жыныс мүшелердің қабыну
процестері пайда болады. Бактериялық вагинит асқынған
вагинитке әкелуі мүмкін: уақытынан бұрын бала туу, жас
нәрестелердің салмағы төмен болуы, уақытынан бұрын
қапшықтардың жарылуы, кіші жамбас мүшелерінің қабыну
аурулары және де жатырдың патологиялық қансырауы.
Бактериялық вагинит 30% құрайды.
Иммунитеті.
• Ауырғаннан кейін жеткілікті деңгейде
қалыптаспайды. Вагиниттің қайталануы
иммундық статустың бұзылуымен, соның
ішінде қынаптың дисбиозы және
колонизациялану бұзылуымен байланысты.
Микробиологиялық
диагноз қою.
• Зерттеу материалы-қынап және жатыр
мойынынан алынған бөлінділер. Қолданатын
зерттеу әдістері – бактериоскопиялық,
бактриологиялық. Көбінесе
бактериоскопиялық әдіспен диагноз қоюға
болады, себебі жатырдың эпителий
жасушаларында грам әдісінде құбылмалы
бактериялар көп мөлшерде мекендегенде
диагноз қойылады. Сонымен қатар, қосымша
жанама биохимиялық зерттеулер жүргізіледі.
Бактериологиялық зерттеу сирек қолданылады.
Емдеуі. 
• Метронидазол қолданған жағдайларда қынаптың
лактобациллалары жойылады. Ал ол дисбиоздың
асқынуына әкеледі. Сондықтан, метронидазолмен
қатар, вагиналды эубиотиктер қолданады.
• Алдын алуы. Арнайы сақтандыруы жоқ.
Әдебиеттер тізімі.
• Микробиология және вирусология (жалпы бөлімі): Оқу құралы
/Ү.Т.Арықпаева, К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова, Н.Б.Рахметова,
Г.Д.Асемова, Койшебаева К.Б., Бисимбаева С.К., Калина Н.В. Астана,
2005ж
• «Микроорганизмдердің морфологиясы» оқу құралы, Астана, 2004, 32б.
Микробиология және вирусология (жеке бөлімі): Оқу құралы
/Ү.Т.Арықпаева, К.Х.Алмағамбетов, Н.М.Бисенова, Ә.Ө.Байдүйсенова,
Н.Б.Рахметова, Г.Д.Асемова Астана, 2006ж
• Воробьев А.А. "Микробиология, иммунология" М.: МИА, 2002
• Аравийский Р.А., Горшкова Г.И.. Практикум по медицинской микологии.

Ұқсас жұмыстар
ДЕЗИНФЕКТАНТТАРҒА ГАРДНЕРЕЛЛАЛАР
Адам тіршілігі үшін экологиялық қолайлы және қолайсыз аудандар
Клебсиаллалар. Патогенділігі. Этиологиялық және патогенділік орны. Экологиясы. Аурухана ішілік инфекция кезіндегі орны. Лаборторлы диагностикасы. Профилактикасы мен емі
Лейшманиоз және токсоплазмоз
Парамиксовирустардың әсерінен туындайтын аурулардың диагностикасы
Саңырауқұлақты инфекциялар
Клебсиеллалар туралы түсінік
ПТР әдісі, барысы - Саузерннің блотгибридизация методликасы
Мейіргерлік күтімді жоспарлау
Адам денесінің микрофлорасы
Пәндер