Вакцина. Вакцина алу биотехнологиясы




Презентация қосу
Вакцина.Вакцина алу
биотехнологиясы
Вакцина (лат. vacca — сиыр, vaccіnus — сиырдікі) — 
микроорганизмдерден (бактерия, вирус, т.б.) алынып, 
адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан
 алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін 
арттыру үшін егілетін препараттар.
Азиялық көшпелілер ежелгі дәуірден-ақ адам мен 
малға шешекті, ешкіге кебенекті, сиырға алаөкпені егу 
арқылы оларды қатерлі аурулардан сақтандырып 
отырған.
1796 жылы ағылшын дәрігері Э.Дженнер алғаш 
рет сиыр шешегін адамға егу арқылы алды.
Вакцина тірі, өлтірілген, химиялық, анатоксиндер,
ассоциацияланған болып ажыратылады.
Тірі вакцина — микробтардың уыттылығын әлсіретіп, ауру 
тудырғыш қабілетін жою, иммунитет қалыптастыру үшін 
алынады. Алғаш рет француз микробиологы Л. Пастер тірі 
вакцинаны түйнемеге (1881) және құтыру ауруына (1885) 
қарсы қолданды. Ал 1926 жылы француз ғалымдары А. 
Кальмет пен К. Гереннің ашқан тірі туберкулез(БЦЖ
) вакцинасы ғылымдағы үлкен жаңалық болды. Тірі 
вакциналар шешек, құтыру, оба, туляремия, т.б. ауруларға 
қарсы пайдаланылады.
Өлтірілген Вакцина — микроорганизмдерді 
физикалық (қыздыру арқылы) және химиялық жолмен 
(фенол, ацетон және спиртпен өңдеу) өлтіру әдістері 
арқылы алынады. Бұлардың қорғаныштық қабілеті 
тірі вакцинаға қарағанда төмендеу болғандықтан 
бірнеше рет егіледі.
Химиялық вакцина — микроорганизмдерден 
бөлінетін активті антигендерден алынады. Бұл 
вакциналар паратиф, іш сүзегі, т.б. ауруларға қарсы 
пайдаланылады. Анатоксиндер — улы токсиндерді 
формалинмен өңдеу арқылы алынған усыз 
вакциналар. Бұларды алғаш рет (1923 — 1926) 
француз ғалымы Г. Рамон алды. Анатоксиндер 
дифтерия (күл), ботулизм, сіреспе, т.б. ауруларға 
қарсы қолданылады.
Ассоциацияланған Вакцина — 2 — 3 ауруға бірден 
қолданылатын вакциналар. Мысалы, сиырларды қараталақ пен 
қарасан (эмкар) ауруына қарсы бір вакцинамен егіп тастау өте 
тиімді. Вакциналарды организмге әр түрлі әдіспен енгізеді. 
Мысалы, шешек, туберкулез вакцинасын тері үстіне (тырнап), 
полиомиелитке қарсы ауыздан, гриптікін танау қуысынан 
құяды. Сүзек, тырысқақ, топалаң, құтыру вакцинасын тері 
астына, қызылша мен қарасан вакцинасын бұлшық етке егеді. 
Вакцина егілген организмде ауруға қарсы иммунитет 2 — 3 
аптадан кейін қалыптасып, бірнеше жылдар бойы сақталады
Сапасыз вакцина өндірісі, сақталу және тасымалдану 
талаптары бұзылған жағдайда, адамға вакцинаны егу 
техникасын бұзғанда, аллергия егілетін адамда вакцина егуден 
кейінгі асқынулар тудырады.
Тірі, инактивацияланған, суббірліктік вакциналық 
препараттар өндірісі технологиясында алдымен 
ферментация жолымен микроорганизмдер 
биомассасын жинақтап алады, оның көлемі өндірістік 
масштабта вакцина дайындауға қажетті микробты 
антигендер көлемі жеткілікті болуға тиісті.
ДНҚ-вакциналар өндірісіне иммуноген-протеин 
синтезін кодтайтын масштабты ДНҚ амплификациясы 
қажет.
Тірі және инактивацияланған вакциналар
өндірісінде алдымен егу материалы және дақылдандыру 
ортасы дайындалынады. Вакциналық штамның биомассасы 
биореакторларда тереңдік ферментация әдісімен (бактериялар, 
ашытқылар) немесе беткейлік әдіспен тығыз қоректік орталар 
бетінде (мицеллалы саңырауқұлақтар). Басқа микрофлора, 
фагтар ластануын шектеу үшін процестер қатал асептикалық 
жағдайда өткізіледі. Тірі вакцина дайындалуында 
аттенуацияланған штамның биомассасын концентрациялайды, 
бірлік көлемде микроорганизмдер санын стандарттайды, 
тұрақтандырушы қоректік ортада лиофилизациясы атқарылады 
да ампула немесе флакондарға ұлестіреді (сур.55). 
Лиофилизацияланған тірі вакциналардың сақталу мерзімі 4-
80 С 1-2 жыл.
Модификацияланған автоматтандырылған бөлшектеп-буып-
тұю қондырғы базасында дайындалған вакцинаны 
бөлшектеп-буып-тұюіне арналған арнайы дозатор. Өндірістік 
өнімділігі – 1 сағатта 16,5 мың дайын блистерлер ("Рекупер" 
фирмасы дайындаған) .
Суббірлікті вакцинаны
дайындауда микроорганизмдер клеткаларын 
лизистейді, сорбция, фильтрация, хроматография 
және т.б. жолдармен клеткалық детриттен вакциналық 
антигенді бөліп алады. Әрі қарай антигенді 
иммуномодуляторлармен, адъюванттармен 
конъюгация жасайды да тұрақтандырады.
Қосарланған (комбинирленген) вакциналарды алу
«Инфарникс Гекса» комбинирленген вакцина 
құрамына кіретін сіреспелік және дифтериялық 
анатоксинді алу үшін Corybacterium 
diphtheriae және Сlostridium tetani тазартылған 
токсиндерін формальдегидпен өндейді. Ацеллюлярлы 
көкжөтелдік вакцина компонентін алу үшін Bordetella 
pertussis дақылынан оларды бөліп алып тазартады. 
Дифтериялық анатоксинді, сіреспелік анатоксинді 
және ацеллюлярлы көкжөтелді вакцина компонентің 
алюминий тұздарына адсорбциялайды.
Вирустық вакцинаны дайындау
Вирустың вакциналық штамдары тіндер клеткалар дақылында 
немесе тауық эмбрионында жинақталынады. Вирусты 
дақылдандыру үшін ең алдымен тіндік клеткалар дақылы 
(біріншілік-трипсинизацияланған немесе ауыспалы) немесе 
тауық эмбрионы (7-9-11 тәуліктік) дайындалып алынады. 
Асептикалық жағдайда клетка дақылы немесе тауық 
эмбрионын вируспен жұқтырады. Вирус репродуцирленеді, 
клетка дақылында немесе тауық эмбрионында жинақталынады. 
Кейін оны бөліп алады, тазартады, стандарттайды, 
лиофилизация жасайды, ампулаға құйып бекітеді (тірі немесе 
инактивацияланған толық вирионды вакциналарда). Тірі 
вакциналық штамдарды in vitro-да клеткадақылында пассаж 
жасап аттенуирлейді, әлсіретеді 
Тұмаұға қарсы вакциналарды алу
2004 жылы ұлестірілген вакциналардың 13-15% гриппоздық 
вакцина құрайды. Вакцина өндірісі жылына бірнеше жүз млн 
үшвалентті инактивацияланған вакциналық дозалар болды, 
дегенмен, дүние жүзілік халықтың 10-15% ғана сұранысты 
қамтиді.
 
мұрын қуысына енгізу мұздатқышта сақтауға тұрақты 
Еуропада клиникалық сынақтың ІІІ фазасы өткізілді (2007-
2008 ж. шығарылуы мүмкін), ал АҚШ-да – І фазасы 
(шығарылуы 2010 ж. кейн)
Тымаұ вирусының антигені + Т-лимфоциттерді вирусқа қарсы 
белсендірететін адъювант
ғ а р а х м ет! ! !
а за рла рыңы з
Н

Ұқсас жұмыстар
Вакцина антигендер
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу БоксУилсон әдісі
Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі мемлекеттік мекемесі
Гендік инженерия өндіріс
Жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық және емдеу шаралары
Вирусқа қарсы вакцина алу үрдістері
Листериоз ауруы туралы түсінік
ТІРІ ВАКЦИНА АЛУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу.Вакцина дайындау принциптері
Вирустық аурулардың спецификалық алдын алу. Вакцина дайындау принциптері. Адтюванттар, иммуномодуляторлар. 2. Құтырық, Аусыл, Шмалленберг, Блютанг ауруларының диагностикасы және алдын алу шаралары
Пәндер