Мендель заңдары және будандастыру әдістері: гибридизация, сомалық, талдаушы және дигибридті будандастыру


Slide 1

Будандастыру

Slide 2

Жоспары:

Мендель анықтаған тұқым қуалау белгілерінің заңдары

Будандастыру (гибридизация) .

Сомалық будандастыру

Талдаушы будандастыру

Дигибридті будандастыру

Slide 3

Будандастыруды ж/е оның нәтижелерін сызбанұсқа түрінде жазу үшін төмендегі белгілер қолданады:

Р - ата-ана (лат. раrental - ата-ана)

Ғ - ұрпақ (лат. Filia-ұрпақ)

Ғ1 - бірінші ұрпақ, яғни олар Р-ның ұрпағы.

Ғ2 - реті бойынша екінші ұрпақ, яғни олар

Ғ1-дің ұрпақтары.

♀ - аналық жынысы

♂ - аталық жынысы

Χ - шағылыстыру белгісі

: - ұрпақтардың фенотиптері н/е генотиптері б/ша ажыраудың сандық арақатынасы.

Slide 4

Иоганн Грегор Мендель (1822-1884 ж. ж. )

Чехияның көрнекті ғалымы. Генетика ғылымының негізін салушы. Алғаш рет генетикалық талдау әдісін қолданып, тұқым қуалаушылықтың заңдарын ашты.

Slide 5

Мендель анықтаған тұқым қуалау белгілерінің заңдары

Бірінші ұрпақ будандарының

Біркелкілік заңы (І заң)

Белгілердің

ажырау

заңы

Белгілер мен гендердің

тәуелсіз қиыстырылу

(Тұқым қуалау заңы)

Шала

басымдылық

Көптік

аллелдер

Қосбуданды

шағылыстыру

Талдағыш

будандастыру

Slide 6

Будандастыру типтері

Slide 7

Будандастыру (гибридизация) .

Генетикадағы қолданылатын ең негізгі әдіс будандастыру. Гибридизация әдісінде бір немесе бірнеше белгі бойынша ажыратылатын екі ағзаны будандастырады. Ата- ананың бір-бірінен ажыратылатын белгілердің санына қарай будандастырудың түрлері:

Моногибридті будандастыруда шағылыстырылғаната-ана бір-бірінен бір белгі бойынша ажыратылады.

Slide 8

Будандастыру өсімдіктер мен жануарлар селекциясында жиі қолданылады. Будандастырудың екі жолы қарапайым және күрделі бар.

Қарапайым Будандастыру --- екі түрді бір-бірімен шағылыстыру. Мысалы, жылқы мен есекті Будандастыру арқылы қашыр алу, бір өркешті түйемен қос өркешті түйені Будандастыру арқылы нар алу.

Күрделі Будандастыру--- сатылы және қайыра (беккросс) болып екіге бөлінеді. Сатылы Будандастыру селекциялық процестерде бірнеше ата тектік формалардың қасиеттері мен белгілерін біртіндеп, буданды ұрпаққа жинақтау.

Slide 9

Будандастырудың 4 түрі бар:

Сіңіре Будандастыру - тұқымы нашар, өнімі аз мал тұқымдарын жақсарту үшін тұқымы жақсы аталық малмен (айғыр, бура, бұқа, қошқар, т. б. ) шағылыстыру.

Өндіре (зауыттық) Будандастыру - екі немесе одан да көп тұқымның қатысуымен жақсартушы тұқымның жақсы қасиеттерін бойына сіңірген, ал кейде ерекше қасиеттерге ие болған жаңа мал тұқымын шығару.

Қан шатыстыру арқылы Будандастыру малдың ұнамды тұқымында кездесетін кейбір кемшіліктерді (мүсінінде болатын ақаулық, өнімнің аздығы, т. б. ) жойып, мал тұқымын жетілдіру үшін қолданылады

Будандастырудың қан жаңарту тәсілі-қойдың тіршілік қабілетін күшейту, тұқымдық қасиетінің нашарламауы үшін қолданылады.

Slide 10 Slide 11 Slide 12

Сомалық будандастыру

Slide 13

Сомалық будандастыру-будандастырудың жаңа әдісі, оның арқасында будандастыру жыныстық процесс арқылы емес, тіпті басқа жолмен -сомалық жасушалардың құйылысуы арқылы өтеді.

Артықшылығы:

1. Түпті тектері алыс жатқан өсімдік түрлерін будандастыру

2. Үшеу және одан да көп ата-аналық жасушаларының құйылысуы

3. ата-аналық идиотиптері толығымен болатын будандарды алу

4. Ядродан тыс цитоплазмалық гендері бойынша гомозиготаларды алу

5. Генеративтік жүйелерінің сыйымсыздығын жену

6. Морфогенезде гаметогенездегі аномалиялар салдарынан жыныстық процесс оте алмайтын өсімдіктердің будандарын алу

7. Эпигенетикалық программалары әр түрлі жасушалардың будандарын алу

Сомалық будандастыру

Slide 14

Талдаушы будандастыру

Slide 15

Талдаушы будандастыру деп- 1-ші ұрпақ буданын рецессивті гомозиготалы аталығымен будандастыруды айтады. Талдаушы будандастыру арқылы шыққан тегі белгісіз организмнің генотипін тексеріп анықтайды. Егер будандастыру нәтижесінде 2-ші ұрпақта доминантты ж/е рецессивті белгілер б/ша ажырау 1:1 қатынасында болса, онда тексерілетін организмнің генотипі гетерозиготалы болғаны. Ал будандастыру нәтижесінде 2-ші ұрпақта белгілердің ажырауы байқалмай, алынған ұрпақтың барлығы біркелкі бір аналық белгіні көрсетсе, онда генотипі гомозиготалы екенін көрсетеді.

Кейде селекциялық жұмыстарда белгілердің тұқым қуалауын талдау үшін 1-ші ұрпақ буданын гомозиготалы ата-анасымен будандастыруды қайыра будандастыру немесе бекросс деп атайды. Алынған ұрпақты Ғв деп белгілейді.

Slide 16 Slide 17 Slide 18

Дигибридті будандастыру

Slide 19

Дигибридті будандастыруда бір-бірінен екі белгі бойынша ажыратылатын даралар шағылыстырылады.

Пеннет торы деп - әр түрлі гаметалар типтерінің үйлесімділігін жеңіл анықтау үшін ағылшын генетигі Р. Пеннет тор жасауды ұсынды. Кейін ол Пеннет тор деп аталды.

Slide 20
Ұқсас жұмыстар
Моногибридті және дигибридті будандастыру: Мендель заңдары мен негізгі ұғымдар
Генетика негіздері: терминдер, гибридизация әдістері және Мендель заңдары
Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы мен дигибридті будандастыру: ашық сабақ
Мендель заңдары мен аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуі: теория және будандастыру есептері
Генетика негіздері: моногибридті будандастыру және Мендельдің тұқым қуалаушылық заңдары
Генетика негіздері: моногибридті будандастыру және Мендельдің бірінші мен екінші заңдары
Моногибридті будандастыру: гибридологиялық зерттеу әдісі, Мендельдің заңдары мен қолданбалы есептері
Будандастыру: түрлері, әдістері және ауыл шаруашылығындағы қолданылуы
Тұқымқуалаудың генетикалық заңдарының цитологиялық негіздері және моногибридті будандастыру
Генетиканың даму тарихы және Мендель заңдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz