Экономикалық циклдар
Презентация қосу
Экономикалық циклдар
Экономикалық циклдар
Экономикалық
цикл
Экономикалық цикл- бұл
дағдарыстар арасындағы мерзім
және осы кезде оның төрт фазасы
ауысады.
құбылысының болуы сұраным
төлем қаблеттілігімен
салыстырғанда тауарды артық
өндірумен түсіндіріледі. Дағдарыс
кезінде өткерілмеген өнім саны тез
ұлғайып, жұмысшылар босатылады,
жұмыссыздық ұлғайып, несие-ақша
байланыстары бұзылып, құлдырау
толқыны ұлғайды және
кәсіпорындар құлдырап, жойыла
бастайды.
(“depressio”- латын сөзі,
төмендеу, тереңдеу дегенді
білдіреді). Бұл фазада өндірістің
құлдырауы тоқталады. Жайлап
болса да запастағы тауарлар
өткеріледі және еркін ақша
капиталы пайда болады.
бұған тән нәрсе өндірісті ұлғайту, демек
пайда бар деген сөз. Ол кезегінде
өндірістің дамуын ынталандырады.
өнім өндірудің қарқындылығымен
сипатталады және ол дағдарыс
алдындағы деңгейден жоғары,
жұмыссыздық тартылады, қарыз
капиталы ұсынымы ұлғаяды және
банк пайызының нормасы
төмендейді.
Циклдар фазасы
Өрле Дағдары Депресси Тірілу Өрле Дағдары
у с я у с
Цикл фазалары
Жекелеген экономикалық циклдер бір-бірінен ұзақтығы мен қарқындылығы
жағынан айрықшаланады. Дегенмен, олардың бәрі біркелкі құрылым бойынша
дамиды. Цикл құрылымында ең жоғарғы (шыңы) және ең төменгі (түбі)
белсенділік нүктелері, сондай-ақ олардың арасында жатқан экономикалық
экспанция (немесе циклдік өрле
у) және экономикалық рецессия (немесе құлдырау) бөліп көрсетіледі. елгілі бір
уақытта циклдік өрлеу өзінің шыңына көтеріліп, циклдік қозғалыстағы жоғары
нүктеге жетеді. Ол өз шыңына шыкқан соң экономикалық рецессия фазасына
енеді, яғни өзінің төменгі шегіне немесе түбіне жетеді және басқа нүктеге —
құлдырау бұрылысынан жаңа өрлеуге бет алады. Экономистердің арасында
экономикалық цикл фазасын бөліп көрсетудің екі тәсілі бар. Экономистердің бір
тобы аталмыш екі циклдік фазамен (өрлеу және құлдырау) шектелсе, екінші тобы
цикл фазасын төртке бөледі, яғни өрлеу фазасын жандану фазасы мен тікелей
өрлеу фазасына, ал құлдырау фазасын экономикалық серпінге қатысты нақты
көрсеткіштің әлеуетті көрсеткіштен ауытқуы орын алатын дағдарысқа және
депрессияға бөледі. Экономика жандану фазасында өзінің төменгі нүктесінен
әлеуетті даму деңгейіне дейін көтеріледі. Экономиканың одан әрі өсуі осы
жүйедегі экономиканың әлеуеттік шегінен тыс өрлеу фазасында жүзеге асады.
Цикл өз шыңына жеткен соң экономика дағдарыс фазасына енеді. Бұл
экономиканың өзінің әлеуетті деңгейіне дейін құлдырауымен аяқталады. Ал, егер
құлдырау ұзаққа созылса әрі күрделі сипат алса, онда оның шегінен асып,
тоқырау фазасына көшеді. Тоқырау фазасы экономиканың өз әлеуетінен төмен
құлдырауын сипаттайды.
Экономикалық циклдің ұзақтығы
Мамандарды ғана емес, сонымен бірге мемлекет
қайраткерлерін және бүкіл халықты толғандырып отырған
цикл теориясының маңызды мәселесі мынау: экономикалық
цикл және оның жекелеген фазалары қанша уақытқа
созылады. Бұған таңқалудың қажеті жоқ, өйткені келесі
өрлеудің қанша уақытқа созылатыны белгілі болса,
мемлекеттік деңгейде, фирмалар мен үй шаруашылығы
деңгейінде дұрыс шешім қабылдау мүмкіндігі пайда болады.
Әсіресе, жаңа инвестицияны жүзеге асыратын, дағдарысқа
қарсы шараларды жүргізетін үкімет пен Ұлттық банк
саясатына қатысты оның маңызы ерекше. Циклдің жалпы
ұзақтығы әдетте белсенділіктің екі жоғары көрші немесе екі
төменгі көрші нүктелердің арасындағы уақытпен (жылмен,
аймен) өлшенеді. Осыған орай, құлдырау ұзақтығы
белсенділіктің жоғары және төмен нүктелері арасындағы
уақытпен, ал өрлеу белсенділіктің төмен және жоғары
нүктелері арасындағы уақытпен өлшенеді.
Экономикалық циклдің себептері
Экономикалық циклдердің ұқсастығына қарамастан, осы күрделі
құбылыстың табиғатын әр қилы түсіндіретін көптеген теория бар. Кейбір
экономистердің пайымдауынша, цикл ғылым мен техника саласындағы елең
еткізерлік жаңалықтар, жаңа ресурстар мен технологияларға жаппай көшу
секілді сыртқы факторлармен байланысты орын алады. Мұндай әлемдік
деңгейдегі өзгерістер сыртқы күштердің жаппай толқынын тудырады.
Сыртқы факторларға соғысты, экономикалық санкциялдарды немесе
блокадаларды, я болмаса Қазақстандағы секілді бір жүйеден екіншісіне
көшуді, табиғи катаклизмдерді және өзге де кездейсоқ құбылыстарды
жатқызуға болады. Үкімет ақшаны көптеп шығарғанда инфляциялық дүмпу
пайда болады, әрбірден соң салыстырмалы түрде азғантай артық ақша
өндірістің құлдырауына және жұмыссыздықтың белең алуына апарып
соқтырады. Аталмыш теория циклдің экзогендік теориясы деп аталады.
Теорияның басқа тобы цикл түсіндірмесін экономикада жүріп жатқан ішкі
үдерістерден іздестіреді. Бұл циклдің эндогендік теориясы. Циклді ішкі
сипатқа ие себептерден өрбітетін және осыған орай оны нарықтық жүйеге
іштей тән деп білетін эндогендік теория экономиканы тұрақсыздыққа апарып
соқтыратын сыртқы себептердің де әсерін жоққа шығармайды. Алайда, аз да
болса алдын ала білуге болатын немесе кездейсоқтыққа жатқызылатын
экзогендік факторлар екінші кезекті маңызға ие.
Дағдарыс кезеңі сыйпатында
жаңа құбылыс-
инфляция пайда болады.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz