Ежелгі Қытай философиясы. Гносеология және эпистемология


Slide 1

1. Дуниеге қөзқарас және оның типтері.

2. Ежелгі Қытай философиясы.

3. Философиядағы адам мәселесі.

4. Гносеология және эпистемология.

5. Диалектика және оның әдістері.

Семей қаласы

2015 жыл

Slide 2

Дүниетаным - бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру - тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші.

Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады.

Slide 3

Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т. б. ) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады.

Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады.

Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді.

Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.

Білімнің, тәжірибенің және көңіл-күй бағамын жалпылай отырып, адамның қоғамдық тұрмыс-тіршілік ерекшеліктерін бейнелейді, тұлғаның дүниетанымдылығы мен тарихи айқын жүйенің бүкіл өмірлік және іс-әрекетінің бағытын анықтайды.

Slide 4

Ежелгі Қытай философиясы

Біздің заманымыздан бұрын VIII-VI ғасырлар аралығында қазіргі Қытай мемлекетінің жерінде құлдық қоғам толық қалыптасқан. Мифологиялық дүниетанымның орнын философиялық ілімдер ала бастайды. Олардың барынша гүлдену кезеңі Хань династиясына сәйкес келеді (б. ж. с. д. 207ж. -б. д. 220 ж. ) . Зе рттеушілер бұл кезенді «гүлденген жүз философиялық мектептің өзара тартысы» деп атаған. Мысалы, Хань дәуіріндегі тарихшы Сьма Тань (б. ж. с. д. 110 ж. қайтыс болған) солардың ішінен алты философиялық бағыттарды атап көрсеткен:

1. Инь және Ян мектебі.

2. Конфуций мектебі немесе әдебиетшілер.

3. Моистер мектебі.

4. Атаулар мектебі.

5. Заңгерлер мектебі.

6. Күш пен жол мектебі (дао цзя) .

Slide 5

Инь және Ян - әлемнің бастауында тұрған мәндер. Бірақ олар туралы ілім дуалистік сипатта емес, себебі барлық болмыс ол екеуінің біртұтастығы арқылы ғана бар бола алады. Демек, олар диалектикалық бірлікте болатын қарама-қарсылықтар. Инь және Ян қағидалары аспан мен жер, ұрғашы мен еркек арасындағы қатынастармен тығыз байланысты, әрі олардың дамуына нұсқайды. Белсенділік көбіне Янға тән болады да, Инь енжарлық танытып отырады. Бірақ олардың бірлігі - диалектикалық дамудың көзі. Нәтижесінде заттар мен құбылыстар өзгерістерге ұшырайды. Мұндай өзгерістер адамдарға да қатысты болады. Аспан, жер, адам - бұлар үшкілдік бірлікте белгілі бір даму жолымен (дао) тіршілік кешеді.

Осылардың алғашқысы, яғни Инь және Ян мектебі өз бастауын «Өзгерістер кітабынан» (б. ж. с. д. VII-VII ғасырда) алады. Бұл кезең мифологиялық дүниетанымның тарих сахнасынан көшіп, философиялық көзқарастарға орын босата бастаған кезі болатын.

Slide 6

Ян - еркек бастамасы, күн нұрындай жарық, ашық бекем және күшті. Ян жалпы жағымды нәрсенің бастамасы. Инь - әйел бастамасы, аймен байланысты, сондықтан көлеңкелі, күңгірт және әлсіз.

Slide 7

Екінші мектеп Конфуцийдің атымен тығыз байланысты. Конфуций (қытайша Кун Цю, Кун Чжунни, ал әдебиетте көбінесе Кун-цзы, ұстаз Кун деген атпен белгілі) б. ж. с. д. 551 79 жылдары Лу патшалығында өмір сүрген. Ол кедейленіп қалған ақсүйек әскербасының семьясында дүниеге келді. 22 жасынан бастап ұстаздық жұмыспен айналысты, атағы бүкіл Лу патшалығына жайылды. Конфуций мектебінде, негізінен, төрт пәннен дәріс оқытылатын. Олар - тіл, ахлақ, саясат және әдебиет. Конфуций елу жасында Лу патшалығында көрнекті саяси қайраткерге айналды. Алайда, сарай төңірегіндегі саясатшылардың жаласынан он үш жыл бойы ел аралап қаңғырып кетуге мәжбүр болды. Бірақ та басқа Қытай мемлекеттерінде оның жаңа ілімі ешқандай қолдау таппады да, 484 жылы туған Отанына қайта оралған еді. Конфуцийдің ілімі туралы оның шәкірттері жазып қалдырған «Лунь юий» («Сұхбаттар мен пікірлер») атты еңбектен мағлұмат аламыз. Онда Конфуцийдің ойлары мен тұжырымдары, қағидалары мен пікірлері жинақталған. «Лунь юий» - біздің заманымызға дейін сақталған бірден-бір мәдени ескерткіш.

Конфуций өзіне, ұрпақтарына және шәкірттеріне арнайы бөлінген қорымға жерленген, оның тұрған үйі қазіргі кезде атақты ғибадатханаға айналған.

Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмейді. «Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік», - деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

Slide 8

Жоғарыда айтылып өткендей, Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жэнь), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс.

Slide 9

Конфуцийдің ілімі Қытай қоғамы үшін талай ғасырлар бойы ресми ой-саналық қызмет атқарып келді. Тіпті, XX ғасырдың екінші жартысында «Қызыл террор» арқылы қартайған әріптестерін саяси сауатсыз хунвэйбиндер мен цзаофандардың қолынан қырғын таптыру саясатын жүргізген Мао Цзэ-дун «Сяо» қағидасын өрескел бұзғандығын түсініп, Конфуцийге қарсы, оның «қателері» жөнінде саяси науқан ұйымдастырды емес пе? Арасын жиырма алты ғасыр бөліп тұрған бірі өлі, бірі тірі адамның арасында идеологиялық майданның ашылғандығы да Конфуций ілімінің өміршеңдігін көрсетпей ме?!

Slide 10

Философиядағы адам мәселесі

Философиялық антропология - адамның мәні, құрылымының мәні туралы ғылым. Оның қоршаған әлемге, барлық заттың негізіне, болып жатқандардың метафизикалық мәніне және оның әлемдегі физикалық, психологиялық жеке рухтың пайда болуына қатынасы оның биологиялық психикалық, рухани - тарихи және әлеуметтік даму заңдылықтары туралы ғылым.

Адам проблемаға айналған кезде адам «адам деген не, ол бұл әлемге неге келді және басқа тірі жандардан немен ерекшеленеді» деген мәселелермен ойланған кезде философиялық антропология іргелі және орталық философиялық ғылымға айналады. Fылымның қазiргi жетiстiктерi адамды биологиялық факторлармен қатар әлеуметтiк факторлар да маңызды рөл атқаратын эволюциялық даму өнімі деп тұжырымдауға мүмкіндік бередi. Осы орайда адамның жоғары ұйымдасқан жануарлардан басты айырмашылықтары туралы және осы айырмашылықтарды мүмкін еткен үрдiстердi ғылыми тұрғыда түсiндiру туралы мәселе шешушi мәнге ие болады.

Slide 11

Адамның мәнi мәселесi адам туралы философиялық ілімнің өзегiн құрайды. Адамның дамуы мен тарихи негiзiн және оның мәнін құрайтын субстанция ретiнде қазiргi ғылым қоғамдық өндiрiс шеңберiнде жүзеге асатын еңбек әpeкeтiн атайды. Қоғамдық өндiрiс пен еңбек әpeкетінің дамуы нәтижесінде адамдардың қоғамдық қатынастары да дамиды. Индивидтiң жеке дамуы қоғамдық қатынастардың бүкiл жиынтығын өн бойында жинақтауына, игеруiне және оны жүзеге асыруына байланысты. Сондықтан да Маркс адамды абстрактылы тұрғыда түciнгeнi үшін Фейербахты сынай отырып, былай деп жазды: «адамның мәнділігі жекелеген индивидке тән абстракт емес. Ол өз болмысында барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».

Slide 12

XX ғасыр философиясы адамның шынайылығын іздеуді жалғастырды. Феноменологияның өкілдері адам табиғатының шынайылығын, оның санасының тәжірибесін - идеяның, түсініктің бөлігі өмірдің, әлемнің мәніне сәйкес герменевтика өкілдері, адамның шынайылығын оның әлемдегі пайда болуына, осы әлемнің дүниелерін түсінуде, адамның шекарасымен оның шекарасының бірігуінде жүргізіледі. Постмодернистердің пікірінше адам әкімшілік, ұжымдық, біркелкіліктен құтылу және асқақтықты іздейтін жаратылыс.

Жоғары адам табиғатына түсініктеме берілгендердің қатарына ХХ ғасыр бойы тек философтарды ғана емес, сонымен бірге психолог, биологтардың назарын қаратқан тағы бір түсінікті қосқан дұрыс болар еді.

Бұл түсінікті австриялық дәрігер - психиатор әрі философ З. Фрейдтің негізінде дамыды. Антропологияның басты мәселелерінің бірі адамның қалыптасуы болып табылады. Бұл сұрақ жөнінде төмендегідей гипотезалар бар. Діни гипотеза идеалистикалық тұжырымдамаларда қалыптасуында басталады.

Slide 13

Гносеология және эпистемология

Гносеология гректің гносис - таным, логос - ілім деген сөздерінен шыққан. Шетелдік әдебиетте бұл терминмен қатар эпистемология грекше епистема - білім деген сөз термині қолданылады. Бұл терминмен әдетте олар ғылыми таным теориясы дегенді білдіреді. Таным - адам санасын дамытудың негізі болып табылады.

Slide 14

Танымның субъектісі деп тарихи нақтылы қоғамды, сонымен бірге топтар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдарды айтуға болады. Субъект өз табиғатын қызметінде таным объектісі ретінде қарай алады. Танымның объектісі ретінде табиғатты, қоғамды және қоғамдық қатынастарды атау қажет. Олар таным объектісіне субъектінің өндірістің, әлеуметтік және ғылыми қызметі арқылы айналады. Осыдан келіп, объект - субъект, субъект - объект қатынастарының таным процесіне алатын орны, жалпы практикалық табиғатын, даму процесін қарастыруда ролі ерекше екенін көреміз.

Таным процесінің диалектикасы белгілі бір тарихи дәуірде өндірістің, ғылымның даму дәрежесінен білімдеріміздің шағындығы мен мәңгі дами беретін обьективтік шындықтың шексіз күрделілігінің, ұшан-теңіз көптігінің арасындағы қайшылықтан көрінеді. Бұл қайшылық біздің білімдерімізді кеңейтетін, тереңдететін және анықтап отыратын ғылымның үсті - үстіне жаңа табыстарға жетуі формасында үнемі шешіліп, жеңіп алынып отырады, бірақ ешқашан да толық жоғалып кетпейді. Мұны танымның субьектісі мен обьектісі арасындағы шешуші қайшылық дейді. Ол үнемі практика негізінде шешіліп, онан басқа формада қайта пайда болып отырады.

Slide 15

Сондай - ақ таным процессінін диалектикасы адамның танып білуінің субьективтік формасы мен обьективтік мазмұны арасындағы бірлік пен қайшылықтан да айқын көрінеді. Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, түсініктеріміз және ұғымдарымыз бен теорияларымыз - бұлар обьективтік дүниенің субьективтік образдары, практикалық қызметтің формалары.

Таным процесінің диалектикасы мынадан да көрінеді: ғылымның дамуы үшін логикалық жағынан дәлелдеу және практикада тексеру жолымен ақиқатты анықтауға мүмкіндік беретін пікірлердің күресі.

Айналадағы дүниені тану - күрделі, қайшылықты процесс, оған шындықты белсенді, творчествалық бейнелеудің белгілі бір жүйелілігі мен өзара байланысы болып табылатын әртүрлі формалар кіреді.

Slide 16

Сезімдік таным дегеніміз - сезім мүшелері: көру, есту, сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырылатын танып - білу. Сезім мүшелері дегеніміз - ол біздің айналамыздағы дүние жайындағы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден - бір қақпалар болып табылады.

Сондықтан таным процесінің қандайы да болсын материалдық заттардың сезім мүшелеріне ықпал етуі нәтижесінде туатын әсерлерден басталады. Сезімдік таным негізгі үш формада: түйсіктер, қабылдаулар және елестету арқылы жүзеге асырылады.

Сезімдік таным тек заттар мен құбылыстарды тікелей қабылдаумен ғана танып қоймайды. Сыртқы заттардың сезім мүшелеріне алуан түрлі әрекет етуі нәтижесінде адамның миында белгілі - бір іздер сақталып қалады. Онан әрі бұлар еріксіз немесе әдейі жандануы және адамның бұрын қабылдаған заттарының нақты образдарының тууына физиологиялық негіз болуы мүмкін. Бұл образдар елестету деп аталады.

Slide 17

Диалектика және оның әдістері.

Диалектика (грек, dialektik - пікірталас, әңгімелесу өнері) - болмыс пен адам ойының даму заңдылықтары, оның әмбебап белгілері туралы философиялық ілім және осы ілімге негізделген жалпыға бірдей танымдык әдіс. "Диалектика" терминін ежелгі грек философы Сократ енгізді. Ол диалектиканы диалог, әңгімелесу кезіндегі қарама-қарсы көзкарастардың қақтыгысы арқылы ақиқатқа жетудің ерекше әдісі деп түсінді. Аныгында Сократ ежелгі грек философиясында жалпы диалектиканың емес, оның формаларының біреуінің гана негізін қалады. Ілімнің біздің заманымызга жеткен көріністеріне қарағанда, диапектиканың нагыз атасы Эфестен шыққан Гераклит болган. Ол объективті онтологиялык диалектиканы ойлап тапты. Гераклит үшін бұл диалектиканың ұйыткысы мен нәтижесі - қарама-қарсылықтар күресі арқылы әрекет ететін әлемдік парасатты бастама Логос болды. Гераклит адам өзінің қарапайым ақыл-есіне емес, Логосқа сәйкес ойлап, іс-әрекет еткені жөн деп үйретті. Ежелгі грек философиясындагы диалектиканың тагы бір формасын Парменидтің ізбасары, әрі шәкірті Элеядан шыққан Зенон ашты. Ол өзұ стазы философиясындагы негізгі қагидалардың ақиқаттыгы мен оган карама-карсы байламдардың мәнсіздігін дәлелдеуге тырыса отырып, апорийлер (қиыншылықтар) деп аталатын жүйені ойластырып шыгарды. Он да диалектиканың жаңа нұсқасы, атап айтқанда ойлаудьщ трансцендентальді диалектикасы сипатталды.

Slide 18

Зенон диалектикасының Гераклит диалектикасынан айырмашылыгы т- алғашқысында ол субъективті де, соңгысында объективті болуында гана емес, сонымен қатар Гераклит оң диалектиканы ойлап тапса, Зенонның теріс диалектиканы ойлап тапқандыгында. Зенондық диалектика софистиканың пайда болуына ықпал етті. Софистер өздерінің методологиялық ұшқарылыгымен ежелгі грек философиясын іштен іріте бастады.


Ұқсас жұмыстар
1.Дуниеге қөзқарас және оның типтері. 2.Ежелгі Қытай философиясы. 3.Философиядағы адам мәселесі. 4. Гносеология және эпистемология. 5. Диалектика және оның әдістері
Философиядағы таным мәселесі
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ. ПӘН ФИЛОСОФИЯ
Философияның міндеттері
Таным теориясы мәселелері
ФИЛОСОФИЯ ТАРИХЫ
ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ - МАТЕРИАЛИЗМ ЖӘНЕ ИДЕАЛИЗМ ФИЛОСОФИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ
ФИЛОСОФИЯ ТАҚЫРЫП
Таным термині
Ойлау мәдениеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz