Деректердің абстракты түрі, құрылымы және оларға қолданатын негізгі операциялар. Деректер моделін таңдау
Презентация қосу
Дәріс – 3.
Деректердің абстракты түрі,
құрылымы және оларға
қолданатын негізгі
операциялар. Деректер
моделін таңдау
Дәрістің мазмұны:
• Ақпараттық жүйелер көлемі және
құрылымы. Ақпараттық жүйенің
функциялары.
Дәрістің мақсаты:
• Ақпараттық жүйелердің негізгі
мақсаты;
• ДБ теориясы бойынша атрибуттар мен
маңыздылығы;
• Ақпараттық жүйенің фундаменталдық
түсінігі объект, атрибут, байланыс.
• IV топ. Байланысуды басқаратын
командалар. Осы топқа жататын
командалардың көмегі арқылы
байланысудың қасиеттерін басқаруға
көбінесе параметрлері өте көп 1-2
команда ғана қолданылады. Мысалы, MS
SQL Server-де командаларды басқару
үшін Set командасын қолданады.
• V топ. Жүйені басқаратын командалар.
ДББЖ –нің қасиеттерін басқаруға
арналған. ДББЖ өте көп болғандықтан
басқару үшін әрбір жүйе өз
командаларын қолданады.
Ақпараттық жүйелер
Ақпараттық жүйелер көлемі өте үлкен және құрылымы күрделі
ақпараттармен жұмыс істеуге арналған. Ақпараттық жүйенің
функциялары:
• 1) ақпаратты сақтау;
• 2) ақпаратты өңдеу;
• 3) ақпаратты көру;
• 4) берілген шарттар бойынша ақпаратты таңдау;
• 5) келісілген формалар түрінде отчет, файлдар жасау;
• 6) ақпараттың дұрытстығын тексеру.
Ақпараттық жүйелер негізінен 2 класқа бөлінеді:
1) жалпы берілген мәліметтер жиынынан келісілген шарттар бойынша
ақпаратты іздеу жүйелері;
2) ақпаратты өңдеу жүйелері.
Ақпараттық жүйелерді түрлеріне, типтеріне байланысты бөлшектеуге
болады:
1) факторбейнелік ақпараттар (берілген ақпараттарды қасиеттеріне
байланысты бейнелеу);
2) құжаттық ақпараттар ( ақпараттарды құжаттардың жиынтығы
құжаттық жүйені құрайды). Құжаттардың жиынтығы ретінде барлық
мәліметтерді, объектілерді қарастырамыз. Ал жүйенің мақсаты
Жоғарыда айтылған барлық шарттарын қанағаттандыратын
ақпараттық жиынды қарастырамыз.
• Ақпараттық жүйелердің негізгі мақсаты – қазіргі замана талабына
сай объектілердің бір–бірімен байланысын ескере отырып
ақпаратты өңдеу. ДБ теориясы бойынша мәліметтерді көбінесе
атрибуттар деп, ал маңыздылығы деп атайды.
Ақпараттық жүйенің фундаменталдық түсінігі объект, атрибут,
байланыс, т.б. Объект дегеніміз – бір–бірімен қасиеттері арқылы
ерекшеленетін деректер жиыны.
• Атрибут дегеніміз – объектілердегі деректердің
мәнездемелерін білдіретін анықталған көрсеткіш.
Деректер базасы (ДБ)
ДБ дегеніміз – заман талабына сай белгілі бір
есепті шешу үшін қолданылатын деректер
жиыны немесе берілген есепті шешуге арналған
ДББЖ арқылы басқарыла алатын бір–бірімен
байланысты деректер жиыны.
Бұл орталыққа ақпаратты жинақтау мен тарату 4
бөлімнен тұрады:
1. ДБ желілер арқылы тарату. Желілер арқылы тарату
деректерді және олардың көшірмесін сақтап отыру үшін
серверлерді қолданады. Осы жүйені ДБ тарату және басқару
деп атайды.
2. Бір орталыққа жинақталған ДБ бір есептеу жүйесінің
жадында сақталады. Жергілікті желілер негізінен осы типтегі
ақпараттарды қолданады.
3. Файлдық сервер. Файлдық сервердің негізгі мақсаты ДБ–н
сақтау және келісілген жүйелер көмегімен желілер арқылы
қолдануға керекті жеткізу және жіберу. Файлдық сервер
мәліметтерді жіберуге қолданушыдан түскен сұранысты
қолданады. Қолданушылар сұраныс арқылы алынған
деректерді тиімді қолдану үшін өзінің жеке ДБ–н
ұйымдастыра алады.
4. Клиент сервер технологиясы деректерді орталық
компьютерде сақтаумен қатар өңдеудің негізгі бөлігін
жүргізеді.Клиенттен алынған сұранысты қанағаттандыратын
бөлімді деректерді өңдеу деп атайды.
Деректер базаларын концептуалды
жобалаудың негізгі түсініктемелері
• Қағаз жүзінде берілген ақпараттарды баған түрінде ДБ–нда сақтауға болады. Бірақ осындай
түрде құрылған ДБ соңынан түрлі қиыншылықтар туғызуы мүмкін. Соңынан ДБ құру алдында
берілген есептің моделін толық тексеріп, жобаның мақсатын айқындап алған жөн. Айқындалатын
мақсат ретінде келесілерді айтамыз:
1. қолданушының сұраныстарын қанағаттандыратын барлық ақпаратты сақтау;
2. артық ақпаратты сақтамауға тырысу;
3. ДБ–ғы кестелер санын мүмкіндігінше азайту.
Артық ақпараттарды қазіргі кезде негізгі өзекті мәселе болып саналады. Себебі артық ақпарат
мәліметтер сақтау, іздеу және енгізу үшін көп қиындық туғызуы мүмкін. Мысалы, студенттерге
арналған ДБ–н қарастырайық.
• Stud1 (FAM, адрес, курс, группа);
• Stud2 (FAM, город, улица, предмет, экзамен). Осы типтегі құрылған кестелерге адрестерді 2 рет
енгізуге тура келеді. Ендеше берілген есепті шешу үшін универсал кестелерді қолдануға келесі
өзекті мәселелерді кездестіруге болады:
• 1. артық деректердің мәселесі.
• 2. деректерді жаңарту кезінде пайда болатын мәселелер. Жоғарыдағы мысалда жаңарту кезінде
пайда болатын мәселе ретінде адресті қарастырамыз. Себебі бір кестедегі өзгерген адрес екінші
кестеде өзгермей қалуы мүмкін.
• 3. деректерді енгізудегі мәселелер. Жаңа ақпараттарды барлық баған үшін енгізу керек болады.
Мұндай жағдайда қайталанатын ақпараттар қайта өңдеу кезінде қиындықтар туғызуы мүмкін.
• 4. ақпараттарды жою кезінде туындайтын мәселелер. Осы жоғарыда айтылған өзекті
мәселелерден құтылу үшін кестеде нормализация әдісін қолдануға болады. Нормализация
дегеніміз – ақпараттар қайталанбау үшін кестелерді бөлшектеу, бөлшектелген кестелерде
ақпараттарды енгізу, өңдеу және жою мүмкіндіктері жақсарады. Сондықтан берілген жобаның
мақсатын толық қанағаттандыру үшін алдын–ала кестелерге нормализация әдісін қолданамыз
немесе бқл кестелердің бір–бірімен байланысын күшейту дегенді білдіреді.
ER диаграммалар
• 1976 жылы бір топ американ ғалымдары кестелермен жұмыс
істеуді жеңілдету үшін <маңызды байланыс> деген жаңа
модельді ұсынды. Осы модельдің дамыған түрін ER
диаграммалар деп атайды.
• Маңызды дегеніміз – мәліметтерді бір –бірімен байланыстыруға
әсер ететін негізгі объект. Маңыздың диаграммасын бейнелеу
кезінде аты жазылған тік бұрышты қолданамыз.
• Маңыздың данасы деп айқындалған мәліметті айтамыз. Мысалы,
маңызы деп автомобильді қарастырамыз. Маңыздың атрибуты
деп аты немесе мінездемесі белгілі өрісті айтамыз. Маңыздың
кілті деп артық емес атрибуттардың жиынын қарастырамыз.
Маңыздың кілті әр жазба үшін қайталанбайтын уникалды
жазбалар болуы керек.
• Қарым – қатынас деп екі маңыз арасындағы ассоциацияны
немесе байланысты айтамыз.
Байланыс түрлері:
• 1. бірден бірге байланыс. Бірден бірге дегеніміз әрбір уақыт
сайын берілген А маңызына В маңызынан 1 немесе 0 жазба
сәйкес келеді деген сөз.
• 2. бірден көпке;
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz