ВИТАМИНДЕР. ВИТАМИНДЕР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ


Slide 1

ВИТАМИНДЕР.

Slide 2

ЖОСПАР:

ЗАТ АЛМАСУ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ВИТАМИНДЕР

ВИТАМИНДЕР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ

ВИТАМИНДЕР БИОХИМИЯСЫ

ВИТАМИННІҢ ЖЕТІСПЕУШІЛІГІНЕН ТУЫНДАЙТЫН АУРУЛАР

Slide 3

Зат алмасу (метаболизм) бір-бірімен тыгыз байланысты ассимиляция және диссимиляция процестерінің жиынтығы.

АССИМИЛЯЦИЯ- зат алмасу процесінің қоректік заттарды қабылдаумен, оларды дененің құрылымына - тірі материяға (жасуша цитоплазмасына, организм қорына) айналдырумен байланысты бөлімі.

Диссимиляция - зат алмасу процесінің тірі материяны ыдыратумен, бұзумен байланысты бөлімі. Диссимиляция да бірнеше сатыда өтеді

Slide 4

АССИМИЛЯЦИЯ

5) Денеге қор жинау

Slide 5

Демек, ассимиляция анаболизмге ұқсас түсінік, бірақ ол жасушадан тыс жүретін процестерді (қорек қабылдау, денеде қор жинақтау т. б. ) қамтиды. Анаболизм - ұлпалар мен жасушалардың қоректік заттарды сіңіріп, организмге тән дене құрамын, тіршілік әрекеттері үшін қажетті қосылыстарды түзуді қамтамасыз ететін физиологиялық-биохимиялық процестер жиынтығы, Бұл процестер бос энергияны пайдалану, шығындау нәтижесінде атқарылады. Демек, анаболизм - эндоэнергиялық процесс. Анаболизм ассимиляциямен салыстырганда тар ұғым.

Slide 6

ДИССИМИЛЯЦИЯ

1) организм қорын жұмылдыру (мобилизациялау) ;

2) күрделі қосылыстарды қарапайым заттарға ыдырату;

3) қуатты заттарды ыдыратып, энергия бөлу

4) ұлпа мен жасушаның ескірген құрамаларын ыдырату, бүзу;

5) организмнен алмасу (ыдырау) өнімдерін бөліп шығару.

Slide 7

Белок алмасуы…

Азықтың ең құнды бөлігі белок. Адамның тіршілігіне қажетті белок мөлшерін белоктік минимум дейді. Ол жасқа байланысты өзгереді. Қарапайым белоктың құрамында 4 зат қана бар: оттегі, сутегі, көмірсу және азот, ал күрделі белоктарда (мысалы мидың белогында) Бұлар дан басқа күкірт, фосфор, темір т. б. бар. Белоктар мономерлі амин қышқылдарынан тұрады.

Slide 8

Май мен көмірсудың құрамдары белоктан гөрі қарапайым. Бұлар химиялық үш заттан түзіледі: көмірсутегі, оттегі және сутегі. Бұл екеуінің құрылыс ының бірдей болуы организмге бірі жеткіліксіз болғанда оның орынына екіншісін пайдалануға мүмкіндік береді. Қажет болғанда майдан көмірсу, ал көмірсуден май оңай түзіледі. Орта есеппен алғанда денедегі майдың мөлшері 10-20 %, ал көмірсудың мөлшері 1% шамасында. Майдың көбі май ұлпасындағы организмнің қуат қоры. Аздаған мөлшері жаңа клетканың мембранасының құрылысына және соларды ауыстыруға пайдаланылады. Дененің кейбір клеткалары өз құрамында майды өте көп мөлшерде жинайды да, организмнің жылу және механикалық изоляторы ретінде пайдаланылады, яғни ол қорғану қызметін атқарады

Slide 9

Витамиңдер туралы жалпы түсініктеме

Витамин (лат. вита - өмір + аминдер - құрамында азоты бар химиялық заттар) . Витаминдер - аз мөлшерде кездесетін органикалық заттар. Олар тіршілікке өте қажетті. Витаминдерді латын әрпімен А, В, С, Д, Е, К, Р, РР деп белгілейді және химиялық қүрамдарына сай атайды (Мысалы, аскорбин қышқылы немесе С витамині) .

Slide 10

Витаминдер 20-ға жуық витаминдердің түрлері белгілі. Олар адам организімінің қалыпты өсуін және физиологиялық және биохимиялық процестердің қалыпты жүруін қамтамасыз етеді. Олардың көпшілігі (В1, В2, РР т. б) коферменттер құрамында болады, ал кейбіреулері маманданған қызметтер атқарады(а, д, е, к т. б) витаминдер.

Slide 11

ВИТАМИНДЕР

МАЙДА ЕРИТІНДЕР: СУДА ЕРИТІНДЕР: ВИТАМИН ТӘРІЗДІ

А -ретинол В1-тиамин Холин

Д -кальциферол В2-рибофлавин Инозит

Е -токоферол В3-никотинамид U-метилмионин

К-нафтохинон В5-пантотен қышқылы

F-полиқанықпаған май В6-пиродоксин

қышқылы С

Slide 12 Slide 13 Slide 14

Витаминдердің біразы гормондардың, ферменттердің т. б. биологиялық белсенді заттардың құрамына кіреді. Ал біразы (Е, С, Р витаминдері) клетка мембранасының құрамына кіріп қорғаныс, яғни антиоксиданттық қызмет атқарады.

Slide 15 Slide 16 Slide 17 Slide 18

Гиповитаминоздардың негізгі себептері --Витаминдердің тамақта жетіспеу --АҚЖ Сіңірілуінің бұзылуы --Витаминдер өзгерісіне қатысатын ферменттердің біткен кемістігі --Витаминдердің құрылымдық аналогтарының әсері(антивитаминдер)

Slide 19

Майда еритін витаминдер

А витамині (ретинол)

Ретинол - антиксерофтальмиялық, антигемеролаптикалық витамин.

Өзінің химилық табиғаты бойынша ол циклді қанықпаған бір атомды спирт болып табылады.

А1 витаминінің тәуліктік қажеттілігі -2, 5 мг.

А витамині көбнесе жануарлар өнімдерінде ғана кездеседі, ірі қара мал, шошқа бауырында балықтың, сүтте, жұмыртқаның сары уызында, қаймақта көп болады.

Өсімдік тектес өнімдерде ( сәбіз, томаттар, қызылша, салат және т. б. ) провитамин А -альфа, бета, гамма -каротин түрінде болады, олар тағам ішектін шырынды қабатында және бауыр жасушаларында каротиноидтарды А дәруменінің белсенді түріне айналдыратын, талғамды фермент каротиндиоксигеназа бар. қорытылғанда каротдиоксигеназа әсерінен ретинолға дейін ыдырайды.

Slide 20

Строение β-каротина

Slide 21

Строение витамина А и его активных групп

Slide 22

Ретинол- бірқатар қызметтерді реттеуші ретиналь және ретиной қышқылына айналады. Олар жасуша өсуіне және ерекшелуіне қатысады, сонымен қатар көру процесінің фотохимиялық негізін құрайды. Көзде жарық сезгіш аппарат көз торы бар, көз торында 2- түрі рецепторлық жасушалар бар -таяқша -кешкі жарық Колба- күндізгі жарық Таяқшаларда көру пигменті Радопсин бар, ал Колба тәрізділерде Йодопсин бар. Екуінде де күрделі нәруыздар бар, бір-бірімен нәруыздық бөлімммен ерекшеленеді. Екі нәруызда да кофермент рөлін А дәруменінің альдегидтік туындысы 11-цис ретиналь атқарады.

Slide 23

Участие ретинола в фотохимическом акте зрения

Slide 24

Клиникасы- кешқұрым кезде көру нашарлауы(гемералопия немесе тауық соқыр, ақшам соқыр) . Витамин жетіспеуінен көз алмасының зақымдалуы-ксерофтальмия, яғни көз мүйізді қабатының құрғауы, нәтижесінде көз жасының каналдарының эпилелиі мүйізденуіне сәйкес бітеліп қалуы. Осыдан коньюктивит, ісік, мүйізді қабатының жарақаттануы және жұмсаруы, яғни кератомаляцияға әкеп соқтырады.

Slide 25

Участие ретиноевой кислоты в дифференцировке, делении и росте клеток

Slide 26

Ретинолацетат, ретинолпальмитат (функциональная ОН-группа защищена жирными кислотами) .

Slide 27 Slide 28 Slide 29

Д витамині (кальциферолдар)

Кальциферолдар -антирахиттік витаминдер.

Химиялық табиғаты бойынша олар стерин-дер тобына жататын циклді қанықпаған бір атомды екіншілік спирттер болып табылады.

Бүл заттар ащы ішекте өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі және хиломикрондардың құрамында лимфада, сонан соң қанға түсіп, бауырға жеткізіледі.

Slide 30 Slide 31

Бауырда кальциферолдар 25-гидроксилазаның көмегімен гидроксилденеді.

Түзілген (кальциферолдар) қанның ағынымен бүйрекке жеткізіледі, мұнда 1 -гидроксилаза мен осы реакцияны белсендіруші паратгормонның әсерінен Д витаминінің белсенді түрі -1, 25- - (кальцитриол) пайда болады.

Балалар үшін Д витаминінің тәуліктік қажеттілігі 12 -25 мкг, ересектер үшін ондаған есе аз.

Д витамині көптеген жануар тектес тағамдарда (бауыр, сары май, сүт), өсімдік майларында, ашытқыда кездеседі. Балықтардың бауырында Д витамині өте көп.

Slide 32

Строение кальцитриола

Slide 33

Д витаминінің биологиялық мәні

Балаларда Д витамині жетіспеген жағдайда Д гиповитаминозы -рахит дамиды.

Бүл аурудың негізгі белгісі -сәйкес симптомдар арқылы көрінетін сүйек тканінің кальцийлену процестерінің зақымдалуы болып табылады.

Рахит кезінде қанда кальций деңгейінің өзгеруіне байланысты жүйкелік - бұлшық еттік қозудың зақымдалуы орын алады.

Slide 34 Slide 35 Slide 36

Д витаминін мөлшерден тыс пайдаланған кезде витаминдік интоксикация дамуы мүмкін

Нәрестелерде сүйек тканінің жылдам кальцификациясы (кальцидилдердің әсері), краниостеноз белгілерінің дамуы,

Ересектерде - сүйек тканінің деминерализациясы белгілерімен және сынғыштығымен (кальцитриолдар әсері) және қанда кальций мен фосфаттардың денгейінің артуымен және соның салдарынан ішкі мүшелерде кальцинаттардың түзілуімен (өкпе, бүйрек, тамыр және т. б. ) сипатталады.

Slide 37 Slide 38

Е витамині (токоферолдар)

Токоферолдар - көбею витаминдері, олар токолдың бүйірлі изопреноидты тізбегі бар ароматтық спиртінің метилденген туындыларынан кұралған.

Е витаминінің тәуліктік қажеттілігі шамамен 20 - 50 мг.

Токоферолдың қайнар көзі өсімдік майлары (күнбағыс, жүгері, мақта және т. б. ) болып табылады.

Slide 39 Slide 40

Токоферолдың биологиялық мәні.

Майда еритін барлық витаминдер сияқты токоферолдар өт қышқылдарының көмегімен сіңіріледі және ащы ішектің қабырғасынан хиломикрондардын құрамында алғашында лимфа ағынымен, сонан соң қан ағынымен барлық мүшелер мен ткандерге жеткізіледі.

Клеткада мембраналардың кұрамына еніп, өзінің биологиялық қасиеттерін көрсетеді.

Slide 41 Slide 42

Е витамині жетіспеген жағдайда, эритроциттер мембраналарының закымдалуы салдарынан гемолиз болуы мүмкін және гемолиттік анемия симптомдары күшейеді.

Е гиповитаминозы кезінде жинақталатын липидтердің гидропероксидтері фагоциттердің бактерицидті белсенділігін төмендетеді

Slide 43 Slide 44

К витамині (нафтохинондар)

Нафтохинондар-антигеморрагиялық витаминдер, химиялық табиғаты бойынша бүйірлі изопреноидты тізбегі бар 2-метил-1, 4 нафтохинонның туындылары болып табылады.

Нафтохинондардың 2 түрі бар-өсімдікте -филлохинондар (К1 витамині) және ішек флора жасушаларында - менахинондар (К2 витамині) .

К витаминінің синтетикалық препараты викасол болып табылады

Slide 45

Строение двух форм витамина К

Slide 46

Нафтохинондардың биологиялық мәні

К-витамин көзі-өсімдіктер(капуста, шпинат, жемістер, тамыр түйнектер. т. б) . Тәуліктік қажеттілік 1-2мг

Менахинон және басқа да нафтохинондар қанның үю процесін реттейді, ол протромбин, проконвертин, Кристман және Стюарт факторларының синтезін ынталандыру аркылы жүзеге асады.

Бауырда К витамині препротромбин молекуласында глутамат карбоксила-засын белсендіру жолымен препротромбиннің протромбинге айналуын ынталандырады.

Slide 47

Участие витамина К в реакциях γ-карбоксилирования белков

Slide 48 Slide 49

Суда еритін витаминдер адам ағзасына тағаммен түседі немесе ішек бактерияларымен синтезделеді.

Суда еритін көптеген витаминдердің биологиялық мәні олардың коферменттік қызметіне байланысты болады.

Slide 50

В1 витамині (тиамин)

Тиамин-антиневриттік витамин, (анейрин, аневрин), оны 1906 жылы X. Эйкман ашқан, химиялық табиғатын 1931 жылы Р. Уильяме пен Р. Греве анықтаған. Өсімдік әлемінде кең таралған.

Негізінен тұкымның қабығы мен ұрығында болатындыктан, ол кебегі бар ұнда көп кездеседі. Тиамин сол сиякты бұршақта, кейбір ет тағамдарында көп болады.

Кейбір ішек бактериялары тиаминді синтездеп, онымен адам ағзасын қамтамасыз етеді.

Тәуліктік кажеттілігі 1, 5-2 мг.

Химиялық табиғаты: Тиамин молекуласы 2 ароматты сақинадан тұрады - пиримидинді және тиазолды, олар метиленді көпір арқылы байланысады. В1 дәруменінің биологиялық ролі оның коферментті қызметімен байланысты. Фосфорильденген формасы - тиаминдифосфат (ТДФ) .

Биохимиялық қызметі:

1. ТДФ-тың құрамына кіреді, және мына ферменттерге кофермент болып келеді:

-пентозофосфаттық жолдың транскетолаза ферментіне, зат алмасудағы ДНҚ және РНҚ, НАДФН синтезі үшін қажет рибосома түзіледі.

-энергия алмасуына қатысатын пируватдегидрогеназа және α- ферменттеріне.

-ТДФ НАДФ және рибозо-5-фосфат қатысатын барлық биохимиялық процесстерге қажет - май қышқылдары, стероидтар, нуклеотидтер синтезі.

2. Жүйке импульсін тасымалдауға қатысатын жүйке тініндегі тиаминтрифосфат құрамына кіреді. 3. Моноаминооксидаза ингибиторлары болып табылады.

В1 гиповитаминозының ортақ симптомдары:

жүйке талшығының бойымен қатты ауырсыну перифериялық сезімталдықтың төмендеуі (невриттер),

параличтер, жүрек қағысының бұзылуы, асқазан сөлінің

түз кышқылының бөлінуінің азаюы,

ішектің атониясы,

колиттер,

жүрек айнуы, кұсу,

дерматиттср,

қозғалыс координациясының бұзылуы,

бери-бери ауруы және Вернике энцефалопатиясы кезінде ағзаға В1 витаминінің енгізген жағдайда гиповитаминоздың белгілері жоғалуы мүмкін.

В2 витамині -рибофлавин

Рибофлавин - изоаллоксазиннің Д - рибитильді туындысы болып табылады, ол тотыққан немесе тотықсызданған жағдайда болады.

1879 жылы алғаш рет В2 витамині сиыр сүтінің сары пигменті ретінде белгілі болған. Ол көп мөлшерде сүтте, ірімшікте, жүмыртқаның сары уызында, бауырда, жүректе. ашытқыда кездеседі. Ішек бактерияларымен синтезделеді.

Тәуліктік қажеттілігі 2 - 4 мг.

Химиялық құрылысы:

Рибофлавин құрамына флавин-изоаллоксазинді сақина және рибитол спирті кіреді. Рибофлавин молекуласында гетероциклді байланысу болады, изоаллоксазин атомды спирт рибитолға тоғыз пішінінде байланысады.

Дәруменнің коферментті формасы- фосфор қышқылы флавинмононуклеотид (ФМН) немесе АМФпен қосылған фосфор қышқылынан (ФАД) тұрады.

ФМН және ФАД жасушадағы бірнеше тотығу процесстерін катализдейді: тыныс алу тізбегіне электрондар мен протондарды жеткізу, пируват, альдегид, май қышқылы, биогенді амин тотығуы, т. б.

Биохимиялық қызметі:

Оксидоредуктаза коферменті - қышқылды қалпына келу реакцияларына 2 сутек атомын тасымалдайды.

ФМН + 2е + 2Н - ФМНН2

ФАД + 2е + 2Н - ФАДН2

В2 құрамында:

-Энергетикалық алмасудың дегидрогеназасы - пируватдегидрогеназа (пирожүзім қышқылының тотығуы), α- және сукцинатдегидрогеназа (трикарбон қышқылының циклі), ацил-КоА-дегидрогеназа (май қышқылының тотығуы), митохондриалды α- .

-Оксидазалар- оттегі қатысуымен жүретін тотығу субстраттары.

В2 витамині жетіспеушілігі

В2 витамині жетіспеген жағдайда ең бірінші болып тері зақымдалады, себорея және псориаз белгілері дамиды, хейлоз пайда болады, ауыздың шырышты қабатының қабынуы басталады, көздің торлы қабаты мен мүйізді қабықшасы зақымдалады.

Ас қорыту жолының, қан айналу жүйесінің қызметтері бұзылады, бүлшық еттің әлсіздігі дамиды, жас организмнің өсуі тежеледі.

РР витамині -антипеллагралық витамин (никотин қышқылы) адам организміне никотин қышқылы түрінде немесе оның амиді никотинамид түрінде түседі.

Ниациннің негізгі көздері ет тағамдары, бауыр болып табылады. Сол сиякты ашытқыда, күріш кебегінде және т. б. кездеседі.

Сонымен бірге аз мөлшерде никотинамид адам организмінде триптофаннан синтезделеді деп есептеледі.

РР витамині - никотин қышқылы болып табылады, оның тәуліктік қажеттілігі 15 -25 мг.

РР (В5) витамині - ниацип

Химиялық құрылысы:

РР дәрумені никотин қышқылы немесе никатинамид түрінде белгілі.

Оның коферментті формалары (НАД) және (НАДФ) .

НАД және НАДФтың тотығуы.

Биохимиялық қызметтері:

Тотығу-тотықсыздану реакцияларына гидрид-ионы (сутек атомы, электрон) тасымалдау.

Көмірсу, нәруыз, май метаболизмі. НАД және НАДФ : -май қышқылының синтезі және тотығуы; -холестерол синтезі; -глутамин қышқылы мен аминқышқылы алмасуы; -көмірсу алмасуы, пентозофосфатты жол, гликолиз; -пирожүзім қышқылының декарбоксильденуі; -трикарбон қышқылы циклі.

РР витаминірің жетіспеушілігі

Никотин қышқылының жетіспеуі пеллагра деп аталатын ауруға әкеледі, ол терінің Күн сәулесі көп түсетін бөліктерінде фотодерматиттің дамуымен, деменциямен, перифериялық жүйке талшығының қызметінің бұзылуымен (неврит), диареямен, диарея, деменция, тілдің атрофиясы мен ауырсынуы арқылы сипатталады.

Пеллаграның ауыр түрлерінде асказан - ішек жолдарының шырышты қабатына қан құйылуы орын алады.

РР гиповитаминозы көбінесе никотин қышқылының мөлшері аз, триптофан аминқышкылы болмайтын тағаммен тамақтанатын адамдарда кездеседі. Мүндай тағамдарға жүгері немесе сорго жатады.

В6 витамині - пиридоксин.

В6 витаминінің көздері - ет өнімдері, балық, дәнді, бұрыш тұкымдас дақылдар және ішек бактериялары болып табылады.


Ұқсас жұмыстар
Алициклды витаминдер қатары
Ағзаның ауыстырылмайтын заттары
Витаминдер классификациясы
Витаминтәрізді заттар
Витаминдер және оларға ұқсас заттар
Майда еритін витаминдер
Липидтердің қызметтері
ВИТАМИНДЕРДІҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Витаминдердің адам ағзасы үшін маңызы
Органикалық емес табиғаттың жіктелуі және номенклатурасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz