Дәрігерлік этика



СӨЖ
Тақырыбы: Дәрігерлік этика

Дәрігерлік этика

Дәрігерлік этика немесе деонтология ғылымы
Медициналық этиканың бағыттары
Медициналық этиканың қағидалары
Деонтология ғылымының маңызы
Пайдаланылған әдебиеттер
Жоспары:

Дәрігерлік этика
(лат. ethica, грек тілінен алғанда ethice - адамгершілікті зерделеу), немесе медициналық деонтология (греч. deon - парыз), - яғни бұл -медициналық қызметкерлердің кәсіби міндеттерін орындау барысындағы этикалық нормалар мен қағидаттар жиынтығы.

Алғаш рет Гиппократ өзінің атақты «антында» дәрігер ұстанымының моральдық-этикалық және адамгершілік нормаларын белгіледі. Гиппократтың ұлылығы бәрінен бұрын адамгершілікті алға шығаруында, ол адамды табиғаттың тәжі деп санады. Деонтология ұғымын ХІХ ғасырдың басында ағылшын философы Джереми Бентам дәрігердің кәсіби ұстанымы туралы шарт ретінде дағдыға енгізді.
Гиппократ
Дж. Бентам

кәсіби медициналық қызмет барысында этикалық нормалар мен ережелерді қалыптастыру және қолдану міндеті болып табылатын медициналық тәжірибие саласы.
медициналық қызметкерлердің жұмысының этикалық және адамгершілік аспектілерін зерттейтін медициналық ғылым тарауы
ғылыми
практикалық
Медициналық этика

Медициналық этика үш негізгі бағыт бойынша тұлғаралық қарым-қатынастардың әртүрлі мәселелерін зерделейді және шешеді:
медициналық қызметкер - медициналық қызметкер
медициналық қызметкер - емделуші
медициналық қызметкер - емделушінің туысқандары

Медицина қызметкері емделушімен сабырлы әрі ашық жарқын сөйлесуге міндетті. Дөрекі, тұрпайы немесе тым ресми сөйлесуге тыйым салынады. Науқастарға «Сіз» деп және аты мен әкесінің атын атап сөйлескен жөн.
Науқастың жанында тұрып оның диагнозын, емдеу жоспарын талқылауға, палатадағы өзге де науқастардың денсаулығын әңгімелеуге тыйым салынады.
Күрделі және ауырсындыратын емшараларды бастамас бұрын медицина қызметкері осы емшаралардың мәнін, мағынасын және қажеттілігін түсінікті түрде науқасқа түсіндіруі және тыныштандыруы қажет.
«Медицина қызметкері - емделуші»
арасындағы қарым-қатынастар:

Ұстамдылықты, сабырлылықты, тыныштықты және әдептілікті сақтауы қажет;
Күрделі науқастарды күтушілерге емшара мен манипуляцияларды дұрыс орындау тәртібін түсіндіруі тиіс;
Қойылған сұрақтарға сабырлы жауап беруі қажет, күрделі науқаста дұрыс күте білу ережелерін шыдамдылықпен үйретуі тиіс.
«Медицина қызметкері - емделушінің
туысқандары" арасындағы
қарым-қатынастар:

өз ұжымдастарымен жұмыс істеу барысында дөрекілікке, тұрпайылыққа жол берілмеуі тиіс;
Қандай да бір ескертулер, науқас болмаған уақытта, әдепті түрде айтылуы тиіс;
Тәжірибиелері мол медицина қызметкерлері жас мамандарға тәлімгерлік көмек көрсетулері қажет;
"Медицина қызметкері -
медицина қызметкері"
арасындағы қарым-қатынастар

█қайырымдылық
█автономия
█әділеттілік
█толыққанды медициналық көмек.
Төрт этикалық қағидаттар:

“Мен емделушіге мейіріммен қараймын немесе ең болмағанда зиян келтірмеймін».
Қайырымдылық қағидаты:
Қайырымдылық дегеніміз емделушіге зерек және ілтипатты көзқараспен қарау, науқас денсаулық жағайының күрделігімен барабар емдеудің оңтайлы әдістерін таңдау, емделушінің медициналық араласуға дайындығы және қабілеттілігі. Ең бастысы, медициналық қызметкердің кез келген әрекеті нақты емделушінің жағдайын жақсартуға бағытталуы шарт!

Әрбір емделушіге және оның шешімдеріне сыйластықпен қарауды талап етеді. Кез келген адам мақсат ретінде қарастырылғанмен, сол мақсатқа жеткізетін құрал ретінде қарастырылмайды. Медициналық көмектің құпиялылықты, емделушінің мәдениетін, дінін, саяси және өзге де көзқарастарын сыйлау, медициналық шара қолдануларға ақпаратты келісім беру, күтуді бірлесе жоспарлау және жүзеге асыру, сонымен қатар, емделушінің өз бетімен шешім қабылдауы, немесе осы емделушінің заңды өкілінің шешім қабылдауы сынды аспектілері автономия қағидатымен байланысты.
Автономия қағидаты

Медицина қызметкерлерінің мәртебесіне, әлеуметтік жағдайына, мамандығына және сыртқы ахуалдарға қарамастан барлық емделушілерге бірдей қарау және бәріне бірдей көмек көрсету. Осы қағидат, сондай-ақ, медициналық қызметкер қандай бір көмек көрсетсе де, оның әрекеттері емделушіге және өзге де тұлғаларға нұқсан келтірмеуі тиіс. Емделуші мен оның туыстары немесе өзге де медицина қызметкерлері арасындағы кикілжің туындаған жағдайларда, осы қағидатты басшылыққа ала отырып, емделушінің мүддесін қорғауымыз қажет.
Әділдік қағидаты

Толыққанды медициналық көмек көрсету қағидаты
Кәсіби медициналық көмекті және емделушіге кәсіби көзқарасты, сапалы диагностикалау және емдеу жүргізу үшін денсаулық сақтаудың барлық мүмкіндігін қолдануды, профилактикалық шараларды және паллиативті көмек көрсетуді көздейді. Осы қағидат денсаулық сақтау саласына қатысты барлық заңнамалық нормалардың сақталуын, сонымен қатар этикалық кодекстің барлық ережелерінің сақталуын талап етеді. Медицина қызметкерінің рухани жауапкершілігі оның медициналық этиканың барлық қағидаттарын сақтауын тұспалдайды.

Медицина қызметкерінің өзін-өзі ұстау мәдениеті
Сыпайылық - қарапайымдық, шынайлық, адамның әсемдігін және күшін білдіреді.
Шынайылық - медицина қызметкерінің ең жоғары деңгейі. Ішкі белгілерінің негізі. Цицерон айтқан, шынайылықтын екі бастауы бар, бұл: «Ешкімге зиян келтірмеу және қоғамға пайда келтіру».
Шындық- медицина қызметкерінің барлық ісінің негізі болу керек. Күнделікті істеген ісінің және ойының негізі.
Мейірім - жақсы адамның ішкі мәдениетінің негізгі қасиеті. Бұл қоршаған ортадағы адамдарға жақсы көзқараспен, олардың қайғы мұңынтүсініп қажет жағдайда көмек көрсетуге сөзімен, ісімен дайын тұратын адам.
Ішкі мәдениет

1. Сыртқы көрінісі. Медицина қызметкерінің сыртқы көрінісіне және киімдеріне қойылатын талап - тазалық және қарапайымдық, бояулардың және тым сәндеуіш заттардың аздығы, аппақ халат, қалпақ және екінші ауыстыруға арналған аяқ киім. Киімі, бет әлпеті, өзін өзі ұстауы медицина қызметкерінің науқастарға мән беру қасиетін білдіреді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz