XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ зиялылары




Кеңес дәуірі кезінде жарық көрген ғылыми зерттеулерде саяси -идеялық ахуалдың қалыптасуына әсер еткен, факторлардың ролі, ықпалдары маркстік - лениндік көзқараспен бағаланды. Керісінше, қазақтың кең даласында анда-санда көрініс берген большевиктік идеологияның таралу заңдылығы, яғни социалистік революцияның болуы дәйекті қажеттіліктен туды деген тұжырым, қағидалар ғылыми зерттеулерде аксиома ретінде дәлелденді. Ал, қазақ қайраткерлері қоғамды күшпен құлатып, дәстүрлі саяси-құқықтық мөдени дамуды ұлт санасына жат институттармен алмастыруға үзілді-кесілді қарсы болды. Философ А. Қасабековтың түсігінше: «XX ғасырдың басындағы қазақ ұлт-азаттық қозғалысының көрнекті қайраткерлері А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, М. Тынышбаев, М. Шоқаев және басқалары өмірдің обьективті жағдайларын өзгертуді күшпен емес, сананы сол процеске енгізу арқылы өзгерту керек деп уағыздады. Олардың негізгі идеялары-бостандық, тәуелсіздік, отаршылдық езгіден құтылу жолдары және қазақ халқын жалпы адамзаттық құндылыққа жақындастыру болды»

Жамбыл Жабаев
(1846-1945)
Жамбыл- өмірімен де, шығармашылығымен де екі ғасырды молынан тұтастырып жатқан ұлы жырау. Ақынның XX ғасырдың басына дейінгі шығармашылық өмірбаяны туралы деректер аз, өлеңнен ауыз жаппаған кісінің ұшан-теңіз жыр-толғау, айтыстары да түгел сақталмаған. Әйтсе де бала Жамбылдың дүмше молданы мысқылдап шығарған "Шағым", ақындық жолына рұқсат сұраған "Әкеме", "Менің пірім Сүйінбай" деген өлеңдері, бозбала кезінің мұңды да шуақты көркем жыры - "Айкүміспен айтысы", сылқым бойжеткен Кәмшат сұлуға шығарған құрбылық наз өлеңі сияқты дүниелер сақталған. Одан бертіндегі Жетісуды, Қаратау, Сыр өңірін өнеріне тәнті еткен, қырғыздың шалқар "Манасын", Шығыстың әйгілі қиссаларын жырлаған ақын мұрасынан бірталайының аты ғана белгілі. "Кедей күйі", "Пұшықтың ұрыға айтқаны", "Әділдік керек халыққа", "Кәрібайдың төбеті", "Жылқышы", "Мәңке болыс" тәрізді тегеурінді де өжет ақындык мінезден, халықтық даналықтан туған өлеңдері, әйгілі Құлмамбет, Сарбас, Нұрмағанбет, т. б. ақындармен айтысы, Өтеген, Сұраншы батырлар туралы ұзақ дастандары - даңқты шайырдың төңкеріске дейінгі шығармашылығынан сақталған қомақты мұрасы. Осылардың өзінен-ақ, Жамбылдың халықтың ақындық қазынасын жете, зерделей меңгеріп, жаңғырта, жаңарта дамытқан, өмір-тіршілік даналығын көкірегіне тоқыған, елдің арғы-бергі тарихын әділдік, шындық сөзін ешкімнен де тайсалмай айтатын, өлеңі тау өзеніндей тасқынды үлкен дарын иесі екенін танимыз.

ШОҚАН УӘЛИХАНҰЛЫ (1935-1965)
Талантты ғалым, публицист, әдебиет зерттеушісі, саяхатшы-географ Шоқан (шын аты Мұхаммедханафия) Шыңғысұлы Уәлиханов XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі. Оның қысқа да жарқын өмірі, жан-жақты зерттеушілік қызметі, философия, этнография, тарих, экономика, құқық, география, ауыз әдебиеті, әдебиет теориясы, т. б. жайындағы ғылыми зерттеулері, пікірлері қай кезде болмасын өзінің құндылығымен жарқырай берері сөзсіз. Қазақ халқының рухани ізденістерінің жарқын көрінісі бола отырып, қоғамдық ойсана, пікір-тұжырымдардың биіктей өркендеуіне ерекше ықпал етті. Шоқан 1835 жылдың қараша айында қазіргі Қостанай облысының Құсмұрын бекетінде атақты аға сұлтан Шыңғыс Уәлиханов отбасында дүниеге келген. Арғы атасы Абылай жоңғарларға қарсы соғыста асқан ерлік көрсеткен, ел бірлігі мен тыныштығы үшін күрескен, ақылды қолбасшы, іскер дипломат, амал-айласы мол Орта жүз ханы болған. Шоқанның балалық шағы Сырымбет тауының баурайында, туған елі Көкшетауда өткен. Шоқан әжесі Айғанымның тәрбиесінде болған. 1847 жылы 12 жасар Шоқанды әкесі сол кездегі ең таңдаулы оқу орны болып есептелген Сібір кадеті корпусына оқуға орналастырады. Шоқанның бүкіл келешегі мен ғылым, өнер жолындағы талантын ашуда бұл оқу орнының маңызы ерекше болды. Мұнда жабық әскери оқу орны болғанымен, көптеген пәндер әскери сабақтарға қоса орыс, батыс әдебиеті, географиясы мен тарихы, философия, физика, математика негіздері, шетел тілдері оқытылып, орыстың озық ойлы интеллигенттерінің өкілдері сабақ берген. Оқытушылар құрамында білімді және прогресшіл ой-пікірлі адамдар көп болған.

МҰХТАР ӘУЕЗОВ
(1897-1961)
М. Әуезов туындылары әлемдік әдебиеттің айдынына мөлдір бұлақ болып кұйылып, күллі адамзатқа ортақ рухани қазынаға айналды.
Мұхтар Омарханұлы Әуезов казіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында 1897 жылғы 28 қыркүйекте дүниеге келді. Әкесі Омархан, атасы Әуез Абай ауылымен іргелес отырып, айналасындағы адамдармен достық көңілмен араласа білген. Әуездің өзі Абайдың өлеңдерін сүйіп оқыған, түрік, парсы әдебиетінен хабары мол, ескіше сауатты, еліне қадірлі адам болған.
1928 жылғы «Өз жайымнан мағлұмат» атты өмірбаянында жазушы: «Қазақ жазушыларынан, әрине, Абайды сүйемін. Менің бала күнімнен ішкен асым, алған нәрімнің барлығы да Абайдан. Таза әдебиет сарынына бой ұрғанда маған Абай деген сөз қазақ деген сөзбен теңбе-тең түскендей кездері бар сияқты. Абайды сүюім үнемі ақылдан туған, сыннан туған, сүйіс емес, кейде туған орта, кір жуып, кіндік кескен жерді сүюмен барабар болатыны бар» деп жазды.
1917 жылы «Еңлік-Кебек» пьесасы қойылып, «Алаш», «Сарыарқа» газеттеріңде, 1918 жылы «Абай» журналында жиырмаға тарта еңбектері басылды.
«Абай жолы» эпопеясы туралы айтылған бұл пікірлердің бәрі - М. Әуезовтің ерекше талантына, халық алдындағы еңбегіне берілген өлшеусіз құнды баға.
Бұл роман арқылы жаңа ғасырдың жарқын жолына қадам басқан ұрпақтың бүгінгіні танып білуі кешегі тарихымызды жете білуімен сабақтасатыны дәлелдене түседі.

Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Ахмет Байтұрсынұлы 1873 жылы 18 қаңтарда қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келеді. Табиғатынан зерек әрі талапты бала Ахмет 1882-1884 жылдары көзі ашық ауыл адамдарынан сауатын ашып, хат таниды да, кейін жақын маңдағы ауыл мектебінде оқиды. 1886-1891 жылдары Торғай қаласындағы екі сыныпты орысша-қазақша училищеде, 1891-1895 жылдары Орынбордағы мұғалімдер даярлайтын мектепте білім алады. 1913-1918 жылдары өзі ұйымдастырған "Қазақ" газетінің редакторы бола жүріп, кең ауқымды әлеуметтік істер атқарады. Газет бетінде халық өмірінің аса күрделі мәселелерін көтереді. Елді оқу-білімге, ілгері ұмтылуға шақырады.

Бөкейханов Әлихан
(1870-1937)
Бөкейханов Әлихан Нұрмұхамедұлы (1870-1937) - көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғұлама ғалым, ұлт азаттық қозғалысының теориялық негізін салушы әрі көсемі, қазақтың тұңғыш саяси партиясын ұйымдастырушы және Алашорда үкіметінің төрағасы. Туған жері бұрынғы Семей облысындағы Қарқаралы уезінің Тоқырауын болысы, қазіргі Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы. Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралыға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығандардан гөрі осындағы мектепте оқып жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Бұдан кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түсіп, оны да «өте жақсы» деген бағамен бітіріп шығады. Осыдан кейін он алты жасар Әлихан Омбының техникалық училищесіне қабылданады.
Ә. Бөкейханов Ресейдің көрнекті экономист, географ ғалымдарымен бірлесе отырып, «Россия біздің отанымыздың жалпы географиялық сипаттамасы» атты көп томдық еңбектің 1903 жылы шыққан қазақ өлкесіне арналған 18 томның тарауларын жазуға қатысқан.
1905 жылы Семей облысынан 1 Мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, Дума таратылар алдында ғана үлгереді.
1917 жылдары шілде және желтоқсан айларында өткен жалпы қазақтық сиездерді ұйымдастырып, онда «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметін құруға қол жеткізеді. Алашорда үкіметінің төрағалығына сайланады.

Бейімбет Майлин
(1896 - 1937)
Бейімбет Майлин (1896 ж. Қостанай обл. , Таран ауд., - 1937 ж. ) - жазушы, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі.
Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды.
Өлеңдері «Айқап» журналында басқа да басылымдарда шыға бастайды. Осы жылдарда ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі.
Газетте редактор болып істейтін белгілі революцонер ақын С. Сейфуллиннің қарамағында жұмыс жасау Майлиннің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі, еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза басатайды. «Еңбекші Қазақ» газеті бетінде өлең!әңгімелері жиі жарияланады. «Шұғаның белгісін» қайтадан өңдеп, «Кызыл Қазақстан» журналында бастырады.
«Раушан!коммунист» повесі осы кезде жазылады. 1934-1937 ж. «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. 1937ж. халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938ж. ақпанның 25-і күні атылып кетті.
Майлиннің біраз өлеңдері әйел теңдігі тақырыбына арналған. «Қыздың сәлемі», «Қашқын келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде ескі салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырлары суреттеледі. «Азат әйел», «Ғазиза», Шал мен қыз», «Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты.

МІРЖАҚЫП ДУЛАТОВ
(1885-1935)
XX ғасырдың басындағы қазақтың ағартушылық, демократтық бағыттағы оқыған азаматтарының бipi - қайраткері Міржақып Дулатов еді. Аумалы-төкпелі заманда елдің болашағы үшін атқарған күреске толы кызметімен де, шығармашылық мұрасымен де ол халқына аяулы, еліне құрметті. Міржақып қоғамда да, әдебиетте де халқының тәуелсіздігін бірінші кезекке қойды. Өз шығармаларында туған елін оятуға ұмтылды. Алаш қозғалысының белсенді қайраткері болды. Сол себепті де М. Дулатовтың есімі мен әдеби мұрасы туралы кеңес өкіметі тұсында айтуға да, жазуға да тыйым салынды. Тек Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тұста ғана Міржақып халқына қайтып оралды. Eciмі де, шығармашылық мұрасы да толық ақталды. 1991 жылы шығармалары жеке кітап болып оқырманға жетті.
Міржақып Дулатов 1885 жылы 25 қарашада қaзipri Қостанай облысының Жанкелдин ауданына қарасты "Қызбел" ауылында дүниеге келеді. 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта біpi - ұстаз, бipi - ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып А. Байтұрсыновпен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халқының жазушыларының қатарында болады.
Міржақып Дулатов - әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы - "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады.

МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ
(1893-1938)
Жұмабаев, Мағжан Бекенұлы (1893-1938 ) - қазақ әдебиетінің көгіндегі ХХ ғасырдың басында жарқырай жанған жарық жұлдыздарының бірі, текті ақыны Туған жері бұрынғы Ақмола губерниясының Ақмола уезіндегі Полуденовский болысы (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы Булаев ауданы) . Ауыл мұғалімінен хат танып, сауат ашқан Мағжан 1905 жылы Қызылжардағы медресеге оқуға түсіп, оны жақсы үлгіріммен аяқтайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz