Фитогормондар
Презентация қосу
Фитогормонд
ар
Жоспары
1)Фитогормондардың жалпы қасиеттері
2)Классификациясы мен структурасы
3)Фитогормондардың басты топтары:
3.1)Абсциздік қышқыл
3.2)Ауксиндер.
3.3)Цитокининдер
3.4)Этилен
3.5)Гиббереллиндер
Өсімдік гормондары
Фитогормондар, өсімдіктер
гормондары — өсімдіктермен өндірілетін және реттеуші
функцияларды атқаратын төмен молекулалы
органикалық заттар. Олар 10−11 М – ге дейін жететін
төмен концентрацияда болса да, өсімдікке үлкен
физиологиялық және морфологиялық әсер істей алады.
Жануарларға қарағанда өсімдіктерде гормондарды
шығаратын арнайы органдар болмайды. Соған қоса
өсімдіктердің кейбәр бөліктерінде гормондардың
мөлшері айрықша көп болады; мысалы, ауксиндармен
сабақтың жоғары меристемалары бай,
гиббереллиндармен – жапырақтары, цитокининдармен –
тамыры мен дәні.
Фитогормондар әртүрлі өсу процестеріне себеп
болады, бұл процестерге өсімдіктердің белсенді өсуі,
генерациялық дамуы, тропизмдер, регенерация және
т.б. жатады.
Жалпы қасиеттері
Өсімдіктің әртүрлі бөліктерінде өндірілетін, және
өсімдіктің басқа бөліктеріне тасымалданатын
химиялық қосылыстар тек кішкентай
концентрацияда ғана әсерлі
және ферменттерге қарағанда төмен
спецификациямен ерекшеленеді. Бұл гормондарды
танитын жасушалардың әртүрлі жұмыс жасау
жағдайымен түсіндіріледі. Фитогормондардың әсері
басқа сыртқы және ішкі факторлармен де
анықталады.
Классификациясы мен структурасы
Жалпы классификацияда гормондарды 5 басты
топтарға бөледі. Әртүрлі өсімдіктердің
гормондары әртүрлі болып келеді, сондықтан
оларды өсімдікке тигізетін физиологиялық әсері
мен химиялық құрамы бойынша топталған.
Соған қоса кейбір физиологиялық белсенді
гормондар ешбір топқа жатпайды. Әр топ
өзіне гормондармен бірге ингибиторларды
жатқызады. Көпшілік жағдайда
фитогормондардың басым бөлігі
ингибиторлармен жұптасып жұмыс жасайды.
Фитогормондардың басты топтары:
Абсциздік қышқыл (ағылш. АВА) абсцизин, дормин –
фитогормондарға жатады. Абсциздік қышқыл ағаш
бүршіктерінің қысқы ұйқыға кетуіне жауап бередіАбсциздік
қышқылдың жапырақтардың түсүіне тікелей байланысы
бар екені анықталды. Қысқа дайындық кезінде абсциздік
қышқыл өсімдіктердің бүршіктерінің ұшында синтезделіп,
өсуді баяулатады. Абсциздік қышқыл сонымен қоса камбий
ұлпасының бөлінуін шектетіп, бастапқы және екінші өсуді
тоқтатады. Сонымен қатар, абсциздік қышқыл
тамырларда пайда болып, суды қолдануды бәсеңдетіп,
жапырақтарға барады.
Жапырақтарда саңылаулардың жабылуына әсер етіп, судың
жапырақтар арқылы булануынан қадағалайды.
Цитокининдер
Цитокининдар (грекше κύτταρο – ұяшық + κίνηση -
қозғалыс ), өсімдіктердің жасушаларының бөлінуі
мен басқа физиологиялық процестерге жауап береді.
Цитокининдар көбінесе тамырларда, сабақта және
жапырақтарда синтезделеді. Камбий және басқа да
қарқынды бөлініп жатқан өсімдік ұлпалары
цитокининнің синтезделетін жері болып табылады.
Солай да цитокининдер трансдукцияға қатысып,
пуриндар мен нуклеозидтардың транспортына
қатысады.
Цитокининдар жасушалардың көбеюін, сабақ пен
тамырдың морфогенезін, хлоропласттардың пайда
болуын реттейді, жасушалардың ретті өсуін, жанама
сабақтар мен тамырлардың дамуына жауап береді.
Этилен
Этилен – өсімдіктердің өсу гормонын атқарады.
Этилен тек өте кішкентай концентрацияда
жұмыс жасап, жемістердің өсуін, өсімдіктің
гүлденуін, жапырақтардың түсуін,
тамырлардың өсуіне жауап береді.
Шаруашылықта жемістердің тез пісуі үшін
арнайы бөлмелер не камералар қолданады. Сол
бөлменің атмосферасына арнайы генераторлар
арқылы этилен шашылып, 24 – 48 сағат бойы
ұстайды.
Өсу процесіне әсер ететін химиялық жасанды
қосылыстарды өсуді реттеуші химиялық заттар деп
атайды. Өсімдіктің өсуі кезіндегі клетканың созылу
фазасы физологиялық активті қосылыстар —
ауксиндер қатынасында өтеді. 1939 жылы
Н.Г.Холодныйдың зерттеу жұмысының нәтижесінде
колеоптиль ұшында өсуге өсер ететін зат бар екендігін
анықтап, оны ауксин деп атайды. Ауксиндер тамыр
ұшына да жиналады, ол қышқыл формуласы —
С18Н3205. Ауксиндер химиялық табиғаты жағынан
индолил — 3 — сірке қышқылы. Өсімдіктерде ол
триптофан амин қышқылынан түзіледі. Бұдан
алдымен индолилпирожүзім қышқылы пайда болад.
Кейін келе жүгері тұқымының ұрық бөлімінде
ауксинге ұқсас қосылыс табылып, оны ауксин «б» деп
атайды (формуласы С18Н30О4). Жақын жылдары зең
саңырауқұлақтар денесінен гетероауксин (С10Н9О2К)
табылды, оны /3 — индолил сірке қышқылы (ИСҚ)
деп те атайды..
Ауксиндер барлық жоғары сатыдағы өсімдіктерде және төменгі сатыдағы
өсімдіктердің көпшілігінде, сондай-ақ бактерияларда да түзіледі. Кейінгі
жылдары зерттеушілер мұнай құрамынан НРВ — өсімдіктің өсуіне әсер ететін
(өсуді 2-3 есе тездететін) физиологиялық активті қосылыста бөліп алды. Ол
мұнай стимуляторы ауыл шаруашылығына ендіріліп, пайдаланылуда. Күнделікті
тіршілік — өмір қазір ғалымдар алдына ауылшаруашылық өсімдіктерінен
мол өнім алу жолдарын іздестіру керек екендігін мақсат етіп қоюда. Ауыл
шаруашылығының тек өсімдіктер саласында ғана емес, сол сияқгы мал
шаруашылығында да өсуді реттеуші заттар кеңінен қолданылуда.
Гиббереллиндер
Жапон ғалымы Куросава 1926 жылы
Gibberella саңырауқұлағы өсірілген ортаның
сүзілген тұнбасының күріш пен жүгері
өскіндерінің өсуіне әсері бар екендігін
анықтады. Одан кейін сол елдің ғалымдары
Ябута мен Сумики одан әрі тәжірибе
жұмыстарын жалғастырып саңырауқұлақ
өскен ортадан заттарды бөліп алып,
химиялық қүрамын анықтап, оларды
гиббереллиндер деп атады. Бұл
фитогормон кейін жоғары сатыдағы
өсімдіктерден де табылды. Соңғы кездегі
мәліметтерге сәйкес гиббереллиндердің 60-
тан аса түрі белгілі. Олардың молекулалық
құрылыстары өте ұқсас, құрамында 19
немесе 20 көміртегі атомдары бар екі алты
мүшесі және екі бес мүшелі сақиналардан
тұратын дитерпиноидтар.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz