Жалпы гистология




Презентация қосу
Жалпы гистология
Гистология — (грек. hіstos – тін және logos – ілім) – 
адамның және көп клеткалы жануарлардың тіндерін 
зерттейтін ғылым; Г-ның міндеті – тін эволюциясын 
анықтау, оның организмде дамуын (гистогенез), хим. 
қасиеттерін (гистохимия), клеткаларының құрылысын, 
атқаратын қызметін (гистофизиология) зерттеу. Жеке 
ғылым саласы болып Гистология 19 ғ-дың басында
микроскоппен зерттеудің дамуына байланысты 
қалыптасты. Жалпы Гистология – тіннің дамуын, 
құрылысын және атқаратын қызметін зерттесе, жеке 
Гистология – адам және көп клеткалы жануарлар 
органдарының микроскопиялық құрылымын зерттейді. 
Кейде бұны «микроскопиялық анатомия» деп те атайды. 
«Гистология» терминін ғылымға неміс ғалымы К.Майер енгізген (1819ж.). 
Қазақстанда Гистология саласындағы жүйелі зерттеулер Алматы зоотех.-
малдәрігерлік институты (1929ж., қазіргі Қазақ ұлттық агр. университеті) 
мен Қазақ мед. институтының (1932ж., қазіргі Қазақ ұлттық мед. 
университеті) гистологияжәне эмбриология кафедраларында басталды. 
1930–1960 ж. омыртқалы жануарлардың тіндері, олардың құрылымындағы 
ерекшеліктер тін филогенезі мен тін айналасындағы жағдайларға 
байланысты зерттелді. 1970 жылдан бері кейбір жалпақ құрттар мен жұмыр 
құрттардың жүйке жүйесі, ас қорыту органдары, сондай-ақ, малдың еті мен 
өкпесі, жүрегі мен қан тамырлары, терісі гистология тұрғыдан 
айқындалды. Тамақтану, ғарышқа ұшу жағдайларының адам мен жануарлар 
тініне тигізетін әсері анықталды. Жүйке талшықтарының адам 
органдарында тарамдану тәртібі зерттелді. Адам мен жануар тіндерінде 
ауырған кезде болатын гистол. өзгерістер сипатталды. Қазақстанда 
Гистология саласының дамуына үлес қосқан ғалымдар: Ф.Мұхамедғалиев, 
А.Зорина, Б.Шайкенов, І.Шағыров, З.Слободин, т.б. Қазіргі кезде Г-лық 
зерттеулермен Қазақстан Білім және ғыл. министрлігінің Зоология 
институты, «Биоген» жабық акцион. қоғамы, Қазақ ұлттық мед. ун-ті, т.б. 
жоғары оқу орындарының арнайы кафедралары шұғылданады.
Цитология мен гистологияның дамуындағы жаңа
кезең (ХVIII соңы, XIX ғасырдың басы) микроскоптың
жаксартылуы және микроскопиялық зерттеу әдістері
мен техниканың онан әрі жетілуіне байланысты
болған. Осы кезеңде практикаға микроскоптың
көрсету қабілетін арттыратын окулярлар мен
иммерсиялық объективтер енген. Сонымен бірге
белгілі фиксадаялаушы сұйықтармен (спирт, мышьяк
ерітіндісі) бірге фиксатор ретінде формалин, осмий
мен хром қышқылдары ұсынылған. Я. Пуркиньенің
шәкірті А. Ошац клеткалар мен ұлпалардың нәзік
құрылысын зерттеуге мүмкіншілік беретін микротом
деп аталған құралды жасап, гистология тәжірибесіне
енуі микроскопиялық зерттеудің жедел дамуына
жағдай жасады.
Дәнекер ұлпасы (textus соп- nectivus; лат. textus —
ұлпа, connectivus — дәнекер) — адам мен жануарлар
 организмдерінің барлық мүшелері құрамына кіретін, денедегі ең
көп тараған ұлпа. Дәнекер ұлпасы — мезенхимадан дамып,
организмнің ішкі ортасын құрайды. Құрылысы жағынан дәнекер
ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады. [1]
 Оның кейбір түрлерінде жасушалар басым болады, ал басқа
өкілдерінде керісінше жасушааралық заттар көбірек болады.
Дәнекер ұлпасының атқаратын қызметі жасушалар мен
жасушааралық заттың арақатнасына тікелей байланысты. Сұйық
дәнекер ұлпасы қан мен лимфада қоректік (трофикалық) және
қорғаныс қызметтері басымырақ, ал жасушааралық заттары
тығыз, қатты ұлпаларда (шеміршек, сүйек ұлпалары) тіректік
және механикалық қызметтер жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасы
жасушалары құрылысында полярлық айырмашылықтар
(эндотелиоциттерден басқаларында) болмайды. Жасушааралық
заттар ұлпа жасушаларының туынды өнімдері болғанымен,
массасы мен мөлшері жағынан жасушаларға қарағанда
әлдеқайда мол болады.
Сондықтан, жасушааралық заттардәнекер ұлпаларының
маңызды, атап айтқанда, қоректендіру (трофикалық),
қорғаныс, тіректік, механикалық т.б. қызметтерді атқаруға
қатысады. Адам мен жануарлар организмдерінде
құрамында дәнекер ұлпаларының элементтері кездеспейтін
мүшелер болмайды. Дәнекер ұлпалары түтікше және
қабатты мүшелердің қабықтары мен қабаттарын, қомақты
мүшелердің паренхима бөліктерін дәнекерлеп, біріктіріп
біртұтас етіп түратын олардың стромасын құрайды, әртүрлі
мүшелердегі перделіктерді, қапшықтарды, дене
шандырларын, қаңқа сүйектері байламдарын, бұлшық еттер
сіңірлерін, қаңқаны, организмнің сұйық ішкі ортасын түзеді.
Дәнекер ұлпаларының жарақаттанғаннан кейінгі тез
қалпына келу және өзгерген ортаға бейімделу қабілеттері
жақсы жетілген. Дәнекер ұлпасына қан, лимфа, май ұлпасы,
ретикулалы ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпасы, тығыз 
дәнекер ұлпасы, шеміршек ұлпасы, сүйек ұлпасы жатады
Өзінің атына сәйкес барлық ұлпалар тобын біріктіріп, дәнекерлеп тұрады. Дәнекер ұлпасына 
- сүйек, шеміршек, сіңір, майлар, қан, лимфалар жатады. Дәнекер ұлпасы: Тығыз талшықты 
дәнекер ұлпасы, шеміршекті, сүйекті, борпылдақ талшықтар, қан ұлпасы деп бөлінеді.
1.Тығызталшықты дәнекер ұлпасының жасушалары бірімен-бірі тығыз тор тәрізді жанасқан. 
Жасушааралық заттар аз, талшықтары көп болады. Теріде, сіңірдеі артериялық 
қантамырлардың қабырғасында орналасқан. Жасушалары бірімен-бірі тығыз орналасып, 
ұлпаның біркелкі беріктігін қамтамассыз етеді. 

2.Шеміршекті дәнекер ұлпа жасушалары домалақ пішінді, әр жерде топтанып тұрады. 
Жасушааралық заттары мөлдір болады. Омыртқалардың бірімен - бірі байланысқан жері, 
көмей қақпағы, кеңірдек пен құлақ қалқаны шеміршекті дәнекер ұлпасынан түзілген. 
Мұрынның, жіліктердің, қабырғалардың ұштары да шеміршекті ұлпа. Шеміршектер қатты 
болғанымен серпінділік қасиеті бар.

3. Сүйекті дәнекер ұлпа құрамында кальций тұзы бар, бірімен-бірі байланысқан сүйек 
тақташаларынан түзіген.

4.Борпылдақ талшықты дәнекер ұлпасының талшықтары бірімен-бірі өріліп, жасушалары 
тығыз орналасқан.

5.Қан - дәнекер ұлпа. Қан мен дәнекер ұлпаларының жасушалары ұқсас болғандықтан, қанды 
дәнекер ұлпасына жатқызады.

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда гистология ғылымының дамуы
Гистология, цитология және эмбриология пәндерінің даму тарихы. Қазақстан Республикасындағы гистология пәнінің даму тарихы
Гистология, цитология және эмбриологияның даму тарихы
Гистология жайлы түсінік
Жалпы ұлпа туралы түсінік
Гистологияның дамуы
Микроэкология негіздері
Жасушаға әсер етуші факторлар
Бірінші микроскопиялық кезең
Гистология даму тарихы
Пәндер