Тыныс алу аппаратының және зәр бөлу мүшелерінің жүйесі




Презентация қосу
Тыныс алу аппаратының
және зәр бөлу мүшелерінің
жүйесі
Тынысалу дегеніміз - ағза мен
қоршаған орта арасындағы газ алмасу
үдерісі. Құнарлы заттардан энергия алу
үшін оттегі қажет. Сондықтан тыныс алу
үнемі жүзеге асып тұруы тиіс. Дем
алғанда ағза мен сыртқы орта газдармен
алмасады, ішке оттегі кіріп, сыртқа
көмірқышқыл газы айдалып тұрады
Тыныс алу кезінде өкпені
атмосфермалық ауамен және одан газбен
қаныққан ауаны тасымалдау тыныс алу
жолдары арқылы жасалады.
Тынысалу жүйесінің орталық мүшесі -
өкпе. Одан басқа ауа жолдары: мұрын
қуысы, ауыз қуысы, аңқа, жұтқыншақ,
көмей, кеңірдек және ауатамырлар қажет.
Кеуде қуысын кеңейту тәсіліне қарай дем
алудің екі түрі бар:
қабырғаларды көтеріп кеуде қуысын
кеңейту арқылы дему алу - кеудемен дем
алу (жас сәби мен әйел адамдар дем
алысы) деп аталады;
диафрагманың көмегімен кеуде қуысын
кеңейту арқылы дем алу - ішпен дем алу
(ер адамдардың тыныс алуы) деп аталады.
Тыныс алу жүйесінің мүшелері қызметтеріне қарай екіге
бөлінеді:
ауаны сыртқы ортадан ішке және іштен сыртқа қарай
қозғайтын тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, көмей, 
кеңірдек жәнебронхылар.
түскен газдарды алмастыру процессін жүргізетін мүше - өкпе
;
Бұл мүшелер орналасулары бойынша жоғарғы және төменгі
тыныс алу жолдарына болып бөлінеді:
жоғарғы тыныс алу жолдары - мұрын қуысы, жұтқыншақ, 
ауыз қуысы;
төменгі тыныс алу жолдары - көмей, кеңірдек, бронхы.
Мұрын қуысы қызметі
Ауа мұрын арқылы екі бөлікті-қалқалы мұрын қуысына түседі. Әрбір
бөлікті-қалқада мұрын қуысының ішкі бетін ұлғайтатын үш мұрын
қалқаны орналасқан. Ол эпителийлі қабықпен және көп қан
тамырларымен жабылған. Тамырлармен аққан қан түскен ауаны дене
температурасына дейін жылытады, ал сілемейлі қабық ауаны
ылғалдайды және шаң-тозаңдар мен микроорганизмдерді тұтып
қалады. Тұтылған микроорганизмдерді лейкоциттер қорытады
(фагоцитоз), қорытудан артылған шаң-тозаңдар эпителий түктері
(кірпікшелер) арқылы сыртқа шығарылады. Мұрын қуысында
жылытылған, ылғалданған және тазартылған ауа жұтқыншақ арқылы
көмейге түседі.
Көмей қызметі
Көмей - іші қуыс түтік,
қабырғалары сіңір, буын және
бұлшық еттермен қосылған бірнеше
шеміршек тұрады. Көмейге ас
бөлшектері немесе басқа заттар
түскенде, сондай-ақ қабыну
процестерінде адам қатты
жөтелгенде дем шығарылады. Бұл
көмейдің тазартылуына әсер етіп,
тыныстың төменгі бөлімдеріне
зиянды заттардың енуіне кедергі
келтіреді. Көмей ауаны жұтқыншақ
арқылы кеңірдекке өткізеді.
Кеңірдек - өңештің алдында орналасқан ұзындығы 9-13 см,
диаметрі 15 мм. түтік. Ол кеңірдек қабырғасының қабысып
қалуына кедергі келтіретін шеміршекті жартылай сақиналардан
тұрады. Сақиналар мойынның қандай қозғалысы болмасын ауаны
ұстап қалмайды Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы
жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді
Кіші қан айналымы арқылы өкпеге веналық (көк) қан түседі, бұл
жерде оттегімен қанығып, көмір қышқыл газынан ажыратылып,
алқызыл түсті артериялық қанға айналады. Көмір қышқыл газы 
өкпе көпіршіктеріне (альвеолаға) өтіп, дем шығару кезінде ағзадан
шығады. Артериялық қан ары қарай үлкен қан айналымы арқылы
дене мүшелеріне өтіп, олардың жасушаларынауамен қамтиды, оны
тұтыну барысында жасушалардан көмір қышқыл газы бөлініп
шығып, қан қайтадан веналық (көк) болады.
Тыныс алу мүшелерінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт
 әсер етеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) штангистерде - 4 л., 
футболшыларда- 4, 2 л., боксерлерде - 4, 8 л., қайықшыларда - 5, 5 л. Тыныс алу
жиілігі спортшыларда минутына 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда - 14-20 рет. 
Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады. Бұл ағзаның үнемді
қызмет етуінің белгісі. Терең дем шығарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының
құрамындағы көмір қышқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке
 "массаж" жасайды да, оның қоректенуін және физиологиялық қалпын жақсартады.
Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс
мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады.
Гигиеналық талаптары - ауасы таза бөлмеде ұйықтау, бөлмелерді желдету,
таза ауада серуендеу т.б. Киім кию де дұрыс дем алу және дем шығаруға әсер етеді,
сондықтан киім жеңіл, денені қыспайтын, қимыл-қозғалысқа кедергі келтірмеуі
қажет.
Зәр шығару жүйесі, экскреторлық
жүйе – адам мен жануарлар
организмінің артық суды, тұздарды, зат
алмасудан пайда болған қажетсіз
заттарды сыртқа шығаратын
органдары. Теңізде тіршілік ететін
қарапайымдардың организмінен бөлініп
шығатын өнімдер (несеп, тер, т.б.)
сыртқы ортаға диффузия арқылы
немесе жиырылғыш вакуольдар
көмегімен шығады. Төменгі сатыдағы
көп клеткалы су жәндіктерінде (губка, 
ішекқуыстылар) және аз қозғалатын
теңіз жануарларында (тікентерілілер)
олар сыртқы ортамен байланысқан
қуыстар арқылы шығып отырады.
Ыдырау өнімдерін шығарудың маңызы. Ағза
 енді қайта пайдаланбайтын зат алмасудың
соңғы өнімдерін ыдырау өнімдері дейміз.
Ағзаға сырттан келген бөгде заттар да (улы
заттар және т.б.) ыдырау өнімдері болып
саналады. Осы заттардың барлығы ыдырау
өнімдерін шығару мүшелерінің көмегімен
ағзадан сыртқа шығарылады. Ыдырау
өнімдерін шығару - ағзаның ішкі ортасының
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қалдық
(қажетсіз) заттардың дер кезінде ағзадан
шығарылмауы адам үшін өте қауіпті.
Ыдырау өнімдерін шығаруға қатысатын
мүшелерге - бүйрек, өкпе, тері, тер бездері, 
ішек жатады.
Зәршығару жуйесіне: 2 бүйрек, 2 
несепағар, бір куық және бір зәршығару өзегі
Бүйрек - үрмебұршақ пішінді жұп мүше.
Оның жоғары полюсінде эндокрин бездері
орналасқан. Бүйрек үсті бездері мен бүйрек
сыртынан май капсуласымен .Оң жақтағы
бүйрек сол жақтағы бүйректен сәл төменірек
орналасады. Өйткені оң жақ бүйрекке
үстіндегі бауырдың салмағы түседі. Бүйректің
сыртқы жиегі дөңес, ішкі жиегі ойыс. Ойыс
жағы омыртқа жотасына қарай бағытталған.
Ойыс жағында бүйрек артерия тамырлары,
бүйрек вена тамырлары, жүйке талшықтары
мен несепағар жолдары болады. Бүйректің
бұл жері бүйрек қақпасы деп аталады.
Ағзадағы қан әрбір 5 минут сайын бүйрек арқылы
өтеді. Қан ағзаның жасушаларынан жиналған зиянды
заттарды бүйрекке әкеледі. Керексіз заттардан қанды
тазартатын -бүйрек.
Бүйректің ең негізгі қызметі - сүзгіштік. Қанмен
келген улы заттар, тұздар, артық су бүйректе бөгеліп
сүзіліп калады. Сүзіліп тазарған қан вена
 қантамырларымен жүрекке карай ағады.
Қан мен басқа да сұйықтықтың құрамын реттейді.
Бүйректе зәр (несеп) түзіледі.
Ағзаның ішкі ортасы құрамының тұрақтылығын

сақтайды.
Су мен тұздың мөлшерін реттейді.
Қандағы тұз концентрациясы мен жасушалардан

ағып өтетін сұйықтықтардың осмостық
қысымын реттейді. Дене сұйықтығындағы тұздың
концентрациясы жасушаішіндегі концентрациясынан
артық болса, су жасушадан шығып, жасуша бүрісіп
калады.
Несепағар - қабырғасы қалың
бұлшықетті түтікше пішінді жұп мүше.
Ересек адамдар да оның диаметрі 6-8 мм,
үзындығы 25-30 см. Несепағар бүйректі
қуықпен жалғастырады
Қуық - жамбас шоңқимасының (малый таз)
қуысындағы тік ішектің алдыңғы жағында
орналасқан бұлшықетті мүше. Қуықта зәр
 уақытша жиналады. Ол ересек адамда
кабырғасы қалың бұлшықеттен түзілген.
Несепағардың да, қуықтың да кабырғасындағы 
бұлшықет талшықтары бірыңғай салалы
бұлшықет ұлпасынан тұрады. Қуықтың бұлшықеті
жиырылғанда жиналған зәр зәр-шығару өзегі
арқылы сыртқа шығарылады. Ересек адамда
қуықтың сыйымдылығы шамамен 500 мл. Қуық
 бос тұрғанда ішкі сілемейлі кабығы қатпарлы
болады. Зәрге (несепке) толғанда қатпарлары
жазылып тегістеледі. Қуықтың қабырғасындағы 

Ұқсас жұмыстар
Шеміршекті балықтар
Зәршығару мүшелер жүйесінің құрылысы
Нерв жүйе ағзаларының дамуы
Сыртқа шығару физиологиясы
Зәр түзуші мүше Зәр шығарушы мүше
Жүрек шаншуы
ЖҰМЫР ҚҰРТТАР
Мұғалімдер әрекеті Оқушылар әрекеті
Иттердің анатомиясы мен физиологиясы
Адам басының құрылысы
Пәндер