Эспарцет биологиялық, морфологиялық еркешеліктері,таралуы, шаруашылыққа маңыздылығы




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ қаласындағы ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ

БӨ
Ж
Тақырыбы: Эспарцет: биологиялық, морфологиялық
еркешеліктері,таралуы, шаруашылыққа
маңыздылығы

Орындаған: Болатбек Еркежан
Тобы: АГ-413
Тексерген: Сагандыков С.Н
Жоспар:
1.Эспарцет туралы түсінік.
2.Эспарцеттің таралу аймағы
3.Морфологиясы және биологиясы
4.Шаруашылыққа маңыздылығы
5.Пайдаланған әдебиеттер
Эспарцет (Onobrychіs)- бұршақ тұқымдастарына
жататын,көп жылдық өсімдік. Оның 100 шақты түрі
кездеседі.
Эспарцет туралы түсінік.

Эспарцет –деген сөз француз тілінен аударғанда,
Esparete-жан-жаққа шашылу, ал sainfoin-жақсы пішен
деген мағынаны білдіреді. Германияда тәтті беде деп
атайды.
Эспарцеттің барлық түрлері көпжылдық шөптесін
өсімдіктер.Бұрыңғы одақ көлемінде эспарцеттің 3
түршесі көп тараған: кәдімгі эспарцет, закавказ және
құмдық эспарцет.
Қазақстанда көбінесе Құмдық эспарцет өсіріледі.Бұл
түршесі өзінің өнімінің жоғары , құрғақшылыққа,
суыққа төзімділігімен ерекшеленеді.
Эспарцет(Onobrychіs)-таралу аймағы
 Евразияда, Солтүстік Африкада
кездеседі. Қазақстанда 8 түрі
бар. Эспарцеттің 63 түрі бұрыңғы Одақта
өседі.
Эспарцеттің морфологиясы және биологиясы.
Эспарцеттің түрлері өздерінің өсімдік құру пішінімен,
сабағымен жапырақтарының құрылысы, шашақ гүлінің
пішіні және гүлдерінің түсімен ажыратылады.
Алматы облысының таулыаймағында Закавказдық эспарцет
өсіріріледі. Оның сабағы толық, төмеңгі жағынан иілген,
жоғары жағы жақсы бұтақтанған. Гүлдері ашық қызғылт
күреңдеу, шашақ гүлі тығыз, ұзындығы 5-12 см.
Эспарцеттің егін көгі себілгеннен 7-14 күннен
кейін пайда болады. Тұқымы өңгеннен кейін
тұқым жарнағы жер бетіне шығады. Далалық
өңгіштігі топырақ ылғалдылығына байланысты 50-
65% болады. Өскіндерінің күзге дейін сақталуы
жоңышқадан төмен.
Көктеп шыққаннан кейін алғашқы күндері
эспарцет негізгі тамыр жүйесін
қалыптастырадыжәне тамыр түбінен қысқа
өркендер дамиды. Көктеп шыққанннан кейін 2
айдың ішінде эспарцеттің тамыры 65-90 см
тереңдікке бойлайды.Екінші жылы топырақтың
жырту қабатында эспарцет тамырының массасы
132-158ц/га дейін жетеді.
Эспарцеттің тұқымы +1-2С
жылылықта өне бастайды,
қолайлы өсу температурасы +18-
22С. Қыста аязға шыдамды, -40-
48С аязды көтереді.
Аязға ең төзімді құмдық
эспарцет. Эспарцет көктемде өсіп
шыққаннан кейін 10-12С дейін
суыққа төзімді. Ол жоңышөадан
төзімді келеді. Эспарцет жаздық
түрдегі өсімдік, себілген жылы
тұқым өнім береді. Ұзақ күннің
өсімдігі. Эспарцеттің негізгі
тозаңдатқыштары- үй аралары.
Құм Эспарцеті (О. arenarіa)- ол республиканың
орманды дала, дала, қуаң дала және таулы
аймақтарында өсіріледі. Биіктігі 60 – 120 см, сабағы
тік, қырлы, сыртын түк басқан, кейде жайыла өседі.
Тамыры жуан, кіндік тамыры 2 – 3, кейде 10 м
тереңдікке кетеді. Күрделі жапырақтары дара
қауырсын пішінді, оның ұзындығы 10 – 25 см. Гүлі
қызғылт түсті, көп гүлді гүлшоғырына топталған.
Мамыр – маусым айларында гүлдеп, жемістенеді.
Айқас тозаңданатын өсімдік. Вегетациялық кезеңі
орылғанша 50 – 70, тұқымы піскенше 85 – 102
тәулікке созылады. 
Ауыл
шаруашылығына
маңыздылығы.
Эспарцет– ауыл
шаруашылық
дақылдарының көбінен
бұрын егілетін алғы
дақыл, шірнелі өсімдік;
гектарынан 20 – 65 ц
пішен алынады, 2 – 8 ц
тұқым алынады. 100 кг
пішенінде 54 азық
өлшемі, 12,6% протеин
болады.
Эспарцетті малға көбінесе көк балауса
және пішен түрінде береді. Сонымен бірге
одан пішендеме, сүрлем және витаминді
шөп ұны дайындалады. Оның барлығы да
мал үшін өте сіңімді болып табылады.
Бүкіл одақтық мал шаруашылығы
институтының тексеруінің нәтижесіне
қарасақ,эспарцеттің беде мен жоңышқадан
айырмашылығы өте аз. Оның көк
балаусасының құрамында протеин 24%,
май-3 клетчатка 20%.
Аудандастырылған сорттары:
Алматы1, Алматы2, 
Гибрид 15, Песчаный 1251
т.б
Негізгі зиянкестері:
түйнек бізтұмсығы,
жоңышқа қандаласы,
эспарцет дәнегі, эспарцет
трипсі, эспарцет
тұқымжегісі.
Аурулары: ақұнтақ кеселі,
тат, фузариоз, қара
теңбілдік.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Мал азығын өндіру.
Қ.Әубәкіров, Т.Атақұлов,
А.Ахметов, Алматы 2011, 392-
401бет

Ұқсас жұмыстар
Тауық тарысы
Шығыс ешкішөбі: биологиялық, морфологиялық ерекшеліктері, таралуы, шаруашылық маңыздылығы
Көрсеткіштер Мал топтары
Микробиология аймақтары
Көпжылдық бұршақ тұқымдас шөптер
Жүгерінің сабақ көбелегі (Ostrinia nubilalis)
Дәрілік заттардың фармодинамикасы
Мемлекеттік сорт сынау мен будандарды аудандастыру
Бұршақ бітесі
Жатаған бидайық (Пырей ползучий, Elytrіgіa repens)
Пәндер