Мотивация




Презентация қосу
Ашық
сабақ
Мотивация
Мотивация
Мотивация – бұл жеке тұлғаны немесе топты ішкі
немесе сыртқы әсерлер ықпалынан өз қажеттіліктерін
қанағаттандыру және ұйымның мақсатына жету
процесі.
Мотивация ұғымы бұл басқарушылық әрекет мәселесімен
өте тығыз байланысты.
Мотивация – бұл сыртқы және ішкі қозғаушы күштердің
жиынтығы, олар адамды белгілі бір қызметке
итермелейді, шекараларға және қызмет формаларына
сұрау қояды және осы қызметке белгілі бір мақсаттарға
жетуге бағыт береді.
Мотивацияның адам тәртібіне әсері бірнеше
факторлардан тұрады, көбінесе индивидуалды және адам
қызметімен кері байланыста өзгеріп кетуі мүмкін.
Мотивация нені іздейді?
Мотивация нені іздеуіне байланысты 2 негізгі түрге бөлуге
болады.
Бірінші түрі.Адамның сыртқы ортадағы әрекетінен
туылатын мотив. Бұл түрде мотивацияны жақсы білу
ғана емес адамға бұл мотив қалай ықпал ететініне
байланысты болады. Бұл мотивация сауда келісіміне
ұқсайды: «мен саған керегінді беремін, ал сен маған
қалағанымды бересін».Егерде екі жақ келіспей қалса онда
мотивациялау жүрмей қалады.
Екінші түрі.Мотивациялық құрылымды
қалыптастыру.Мотивацияның бұл түрі тәрбиелік және
оқулық жұмыстар арқылы жүзеге асады. Мотивацияның
екінші түрін жүзеге асыру үшін көп жігерлік және ақыл
керек. Себебі мотивациялаудың екінші түрі біріншісіне
қарағанда нәтижесі жақсы болады.        
                                     
Мотивация теориясы 2 негізгі топтарға
бөлінеді:
1.Мазмұнды теориялар 2.Іс жүргізетін
адамдарды басқаша емес теориялар адамдарға
қозғалысқа мәжбүр ететін қабылдау мен тануды
ішкі тұтынушылардың ескертіп,өздерін қалай
сәйкестендіруге ұстайтынына
негізделеді.Оларға негізделеді.Негізгі іс
жататындар Абрам жүргізетін теориялар-
Маслоу,Мак Клеланда, Врум бойынша күту
Фредерик Герцбергтің теориясы, Пертер –
мотивация теориялары. Лаулер теориясы.
Мотивацияның мазмұнды теориялары
Мотивация мақсатында ішкі және сыртқы сыйақылардың
қатынасын анықтау үшін әкімшілік жұмыстардың
тұтынушылықтарын анықтап алу керек.Бұл мотивация
теориясының мақсаты болып табылады.
Американдық зерттеуші,психолог Абрам Маслоу (Маслоу
пирамидасын немесе Маслоу бойынша тұтынушылықтар
иерархиясы) 5 құрылымды деңгейді бөліп шығарады (қазіргі
уақытта олар көп).
Маслоу бөліп көрсеткен 5 қажеттілік:
Физиологиялық қажеттіліктер;
Қауіпсіздік пен болашақта өзіне сенуге қажеттіліктер;
Әлеуметтік орталыққа қажеттілік;
Өзін-өзі сыйлауға және сыйластыққа қажеттілік;
Өзін-өзі жүзеге асыруға қажеттілік;
Маслоу бөліп көрсеткен 5 қажеттілік:
1.Физиологиялық қажеттілік-өміршеңдікке қажетті
қанағаттану:ас,демалу,баспана,т.б.Олардың қанағаттануының
басты құралдарының бірі ақша,жоғарғы еңбекақы болып
табылады.Материалдық ынталандырулар,еңбекақы,әлеуметтік
игіліктер-басты физиологиялық тұтынушыларды қанағаттандыру
құралдары.
2.Қауіпсіздік пен болашақта өзіне сенуге қажеттіліктер(өмірді
сақтау,денсаулық,зейнеткерлік қамтамасыздыққа сену).
3.Әлеуметтік орталыққа қажеттілік (ұжымға қабылдану,адамдарды
қолдау,қайырымды қатынастарға ие болу).
4.Өзін-өзі сыйлауға және сыйластыққа қажеттілік және кәсіпорынға
қажетті екендігін сезіну,әлеуметтік мәртебе,айналадағылардың
сыйлауын қалау,жоғарғы әлеуметтік мәртебеге ие болу жатады.
5.Өзін-өзі жүзеге асыруға қажеттілік (өзінің қабілеттіліктерін
ашуға,жақсартуға,шығармашылыққа,өз өмірін түсінуге тырысу).
Маслоу пирамидасы
Қажеттіліктің қазіргі пирамидасы:
1-деңгей-физиологиялық (өміршеңдікке қажетті болып
табылады,асқа,суға,демалуға қажетті)
2-деңгей-қауіпсіздік пен қорғаныс (қоршаған орта тарапынан
психологиялық және физикалық қауіптен қорғану және болашақта
физиологиялық қажеттіліктер қанағаттандырылатынына сенімділік
беретін сақтандыру полисін сатып алу немесе зейнетке жақсы
түрлерімен сенімді жұмысты іздеу).
3-деңгей-әлеуметтік (қатынас қажеттілігі), бұл түсінік беруге немесе
бір нәрсеге тиесілі екендігін сезінуден тұрады,яғни сені басқалардың
қабылдауын әлеуметтік қатынасы,қолдауы,сезінуі.
4-деңгей-сыйластық (жеке жетістіктерден тұрады,айналадағылардың
сыйлауы).
5-деңгей-танымдылық.
6-деңгей-эстетикалық.
7-деңгей-өзін-өзі көрсету (тұлға ретінде өсу барысында өзінің
потенциалды мүмкіндіктерін жүзеге асыруға қажеттілік).
Мотивацияның іс жүргізетін теориялары
1.Күтудің мотивациялық теориясы.Күту-жағдайлардың дамуын жеке болжау.Еңбекте
мотивация күтушілерімен түзетіледі.Қанша күш жұмсасам,соншаға ие боламын.Еңбекке
қажеттілікті мотивация жұмысшының таңдап алуына әкеледі деген сенімділікті талап
етеді.Менеджер жұмысшының күтулерін ескере отырып,көрсетілген шешімділікті
құруға,бекітуге міндетті.Күту теориясы көбінесе Виктор Врумның жұмыстарымен
қауымдастырылады,белгілі бір мақсаттарға жету үшін адам мотивациясының қажетті
шарты болып табылатын активті қажеттіліктер туралы ережелерге негізделеді.Врумның
күту теориясы 1964 жылы таңдауды басқару процесі ретінде жасалған.
Күту теориясындағы маңызды фактор үш өзара қарым-қатынас болып табылады:
1.Еңбек шығындары мен күткен нәтиже,3-Р;
2.Нәтиже мен сыйақының қатынастарын күту,Р-3;
3.Сыйақының валенттігі мен құндылығы,В-В немесе Ц.
Үш фактор арасындағы қатынас былайша көрсетіледі:
Мотивация (М) =(3-P)+(P-B)+(B-B)
2.Әділеттіліктің мотивациялық теориясы.Әділеттілік-құқық тамырларындағы
дұрыстықты субьективті түсіну,мен үшін немесе біз үшін дұрыстық.
Әділеттілік теориясы бойынша адамдар өздерінің алған сыйақыларын жұмсаған күшке
қатынасын анықтайды,содан кейін ұқсас жұмысты орындайтын басқа адамдардың
сыйақысымен салыстырады.
Әділеттілік теориясының басқару тәжірибесі бойынша басты қорытындысы адамдар
әділетті сыйақы аламын деп есептесе,олар жұмыстың қарқындылығын төмендетіп алады.
Мотивация:
1.Белгілі бір активтілікпен немесе қозғалыссыз іс әрекетке адамды
ішкі психологиялық тұрғыда бекіту;
2.Ынталандыру мәнінде-жұмысшыларды тиімді қызметке
келтіру.Қажеттілік-бір нәрсенің жетіспеушілігін субьективті
сезіну.Мотивация идеясы-ұйымның мақсатына жету арқылы өзінің
қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беру.

Мотивациялық әдістер:
ақшаны сыйақы немесе ынталандыру ретінде қолдану;
өндіріп алуды салу;
қатыстылықты салу;
жұмыстың өзі арқылы ынталандыру;
жетекшідегі жаттығу;
сыйақы және жетістікті мойындау;
марапаттау және топтық жұмысқа сыйақы беру;
қызметшілерді оқыту және дамыту,теріс факторларды жіктеу.
Мотивациялық стратегияны таңдаудың үш негізгі амалы бар:

Ынталандыру және жазалау.Жұмысшылар сыйақы үшін
жұмыс істейді;жақсы және көп жұмыс істейтіндерге жақсы
төленеді,ал одан жоғары жұмыс істеушілерге жоғары
төлейді.Кім сапасыз жұмыс істесе, жазалайды.
Жұмыстың өзі арқылы ынталандыру:адамға қанағат
әкелетін және қызықты жұмыс беріңіз,сонда сапалы орындау
жоғары болады.
Менеджермен жүйелі байланыс: бағынушылар мен
мақсаттарды анық та дұрыс қозғалыс жасағанда теріс немесе
қателескенде және оған жағымды кері байланыс
жасайды.Таңдалынатын мотивациялық стратегия жағдайды
талдауға және жетекшінің басқа адамдармен қарым-қатынас
стиліне негізделген.

Ұқсас жұмыстар
Маслоудың қажеттілік пирамидасы
МОТИВАЦИЯ МОТИВАЦИЯ ТҮРЛЕРІ
Мотивация және өзіндік мотивация
Мотивациялық ниет істің ішкі қозғаушы
Мотивация түсінігі
Көздеген мақсатқа жету үшін өзін және басқаларды жұмысқа ынталандыру
Мотив және мотивация
Эмоция және мотивация
Мотивация түрлері
Мотивацияның психологиялық теориялары
Пәндер