Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
Презентация қосу
Зиянды және қауіпті өндірістік факторлар
• Зиянды өндірістік факторлар – ол адам
ағзасына түскен кезде зиянды әсерлер
туындататын факторлар.
• Қауіпті өндірістік факторлар – ол белгілі бір
жағдайда ғана адамға зиян тигізетін
факторлар. Қауіпті және зиянды факторлар
арасында анық айырмашылық жоқ. Қауіпті
факторлар зиянды да бола алады.
Зиянды және қауіпті өндіріс факторлары
физикалық
Химиялық
биологиялық
Физикалық зиянды және қауіпті өндіріс
факторлары – микроклимат, өндірістік шаң, шу, діріл,
ультрадыбыс, инфрадыбыс, иондалмайтын сәулелену,
иондаушы сәулелену.
Химиялық зиянды және қауіпті өндіріс факторлары
– химиялық заттардың газдары мен булары, токсикалық
химиялық заттардың аэрозольдері.
Биологиялық зиянды және қауіпті өндіріс
факторлары - макро- және микроорганизмдер,
микроорганизмдердің метаболикалық іс – әрекеттерінің
өнімдері және микробиологиялық синтез өнімдері, сонымен
қатар табиғи негізі бар органикалық заттар.
Өндіріс орындарындағы микроклиматқа кіреді:
температура, ауа ылғалдылығы, ауа қозғалысы,
адамның қоршаған ортамен жылу алмасу және
жылу бқлу қасиеті.
Адам ағзасына қажетті терморегуляциялық
гомеостазды қамтамасыз ету, температуралық
диапазонның қысқа болуына байланысты қиын.
Микроклимат жылулық баланс әсеріне байланысты
келесі дәрежелер бойынша ерекшелінеді -
нейтралды, жылытушы және суықтаушы. Өндіріс
орындарындағы микроклиматқа арнайы
гигиеналық талаптар даярланады.
Шу – қатты ортаның механикалық тербелістері. Шу
дегеніміз, кез – келген жағымсыз немесе ретсіз
жиынтықтағы, түрлі жиіліктегі және қарқындылықтағы
дыбыстар, олар адам ағзасына жағымсыз жұмыс пен
демалысқа әсер етеді. 16 Гц – 20 кГц жиіліктегі
акустикалық тербелістер адам ағзасына қалыпты болып
саналады, оны дыбыстық деп атайды, ал 16 Гц төмен
жиілік – инфрадыбыс, 20 кГц жоғары жиілікті –
ультрадыбыс деп атайды. Шу әсерінен адамда кәсіптік
кереңділік пайда болады және ағзаның басқа да
жүйелері зардап шегеді. Шудың гигиеналық
нормативтері болады.
Діріл – қатты байланыстары бар жүйелердің тербеліс
қозғалыстары. Дірілдің таралуына байланысты – жалпы және
локальді дірілді ажыратады. Спектрдің қасиетіне байланысты
дірілдер тар жолақты және кең жолақты, жиілікті құрамына
байланысты – төмен жиілікті (октавты жолақта максималды
жиіліктердің болуымен 8 – 16 Гц сипатталады), ортажиілікті
( 31,5 және 63 Гц ),жоғары жиілікті (125, 250, 500 және 1000Гц)
- локальді діріл үшін , жұмыс орындарының дірілі үшін – 1
және 4 Гц, 8 және 16 Гц, 31,5 және 63Гц. Уақыт бойынша
дірілдер тұрақты, олар үшін виброжылдамдық 2 еседен көп
өзгермейді ( 6 дб – ға ) бақыланған уақыт аралығында (1
мин.кем), және тұрақсыз – виброжылдамдық 2 еседен кем емес
өзгереді (6 дб –ға) бақыланған уақыт аралығында 1 мин.кем
емес. Тұрақсыз дірілдер уақытта тербелетін келесілерге
бөлінеді : үзілмелі және импульсті. Діріл көзі –ұрмалы
аспаптар ( барабан ), ұрмалы - айналмалы әсері бар машиналар,
механизацияланған айналмалы машиналар.
Жалпы діріл тасымалданушы, тасымал – технологиялық
және технологиялық болып бөлінеді.
Діріл адам ағзасына әсер еткенде діріл ауруы пайда
болады. Діріл ауруының ең маңыздысы, айқын қан тамыр
өзгерістеріне алып келетін және полиневропатиялық
симптоматикамен кездесетін түрлері.
Ультрадыбыс деп қатты ортаның механикалық тербелістерін
айтады, оның жиілігі есту шегінің жоғарғы көрсеткішінен
жоғары болады ( 20 кГц – тен). Ультрадыбыс, дыбыс сияқты
физико – химиялық көрсеткіштермен сипатталады.
Ультрадыбыс көзі ретінде ультрадыбысты жиілікті тербелістерді
туындататын генераторлар.
Ультрадыбыс мүмкіндіктері кең, тірі организмдерге де әсері
белгілі. Бактерицидті әсер көрсетеді.
Вегетотамырлық дистония мен астениялық синдром –
ультрадыбыстың адам ағзасына әсер ететін ең жиі кездесетін
аурулар.
Инфрадыбыс – акустикалық тербелістер жиілігі 20 Гц – тен
төмен. Адам ағзасына әсері – жағымсыз сезім тудырады,
астенизация, ағзаның функционалды жүйелерін өзгертеді.
Инфрадыбыс кең жолақты және гармониялық, тұрақты және
тұрақсыз. Инфрадыбыс дауыс қысымының деңгейімен
сипатталады. Күресу жолдары – ең негізгісі, пайда болатын
көздердің алдын алу. Жеке бас қорғану шаралары – тығындар,
наушниктер.
Өндіріс шаңы өндіріс аэрозольдерге жаталы. Өндіріс
аэрозольдері – аэродисперсті жүйелердің түрі, олар өндіріс
кәсіпорындарының жұмыс салдарынан пайда болады, бұл
жерде дисперсті орта ретінде ауа саналады, ал дисперсті фаза –
қатты және сұйық бөлшектер. Дизинтеграция аэрозольдері,
конденсация аэрозольдері, шаң дисперстілігі. Шаң
органикалық және бейорганикалық болады. Шаңның ағзаға
негізгі әсері – өкпе тінінің фиброздануы. Қорғану шаралары –
ұжымдық қорғаныс шаралары, жеке бас қорғаныс заттары.
Өндіріс шаралары – адам ағзасымен байланысқа түсетін
заттар, аурушылдыққа немесе бөгде өзгерістерге байланыс
уақытында және байланыс үзілгеннен кейін келешекте әсер ете
береді. Улы заттар классификациясы түрлі ( адам ағзасына
әсеріне қарай, ағзаға енуіне қарай, топтардың химиялық
құрамына қарай, токсикалық дәрежесіне қарай бөлінеді).
Улардың адам ағзасына әсері, рецепторлы аппарат арқылы
жүзеге асады. Ағзада улы заттар метаболикалық өзгерістерге
ұшырайды немесе өзгермейтін түрде бөлінеді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz