Электр тоғының адам ағзасына әсері
Презентация қосу
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
Тақырыбы: электр тогының адам
ағзасына әсері
Ақтөбе 2014
Электр тогының көп түрлі әсері түрлі
электр жарақаттарын тудырады, оларды
жергілікті электр жарақаттар және
жалпы электр жарақаттар деп шартты
түрде бөлуге болады.
Жергілікті электр жарақаттары
электр тогының дене ұлпалары мен
мүшелерін зақымдауы: күюлер, электр
таңбалары, терінің электр металдануы
және электроофтальмия (көздің
қарығуы) болып табылады.
Электр тогының әсер ету түрлері:
• Термиялық әсер.
• Электролиттік әсер.
• Механикалық әсер
• Биологиялық әсер.
Адамға электр тогының әсері әр түрлі
болады. Электрлік ток адам ағзасы арқылы
өтіп, термиялық, электролиттік және
биологиялық әсерлерін туғызады.
Токтың термиялық әсері адам денесінің
жекелеген бөліктеріндегі күйіктерден,
қантамыр және қанның және т.б.
көлемдіктердің қызуынан көрінеді.
Токтың электролиттік әсері адамның
қанының және оның ағзасындағы басқа да
органикалық сұйықтарының ыдырау
нәтижесінде олардың физикалық –
химиялық құрамының едәуір мөлшерде
бұзылуына әкеледі.
Токтың биологиялық әсері адам
ағзасының тірі жасушалары қозып
және тітіркентіп өкпе мен жүректің,
бұлшық еттердің тырысып, қысқаруына
әкеледі. Нәтижесінде адамның
қанайналым мен тыныс алу
мүшелерінің қызметтері әр түрлі
дәрежеде бұзылуы немесе толығымен
тоқтауы мүмкін.
Зақымдану нәтижесінде токтың таралу жолы маңызды
• Жарақаттану өте ауыр болады, егер токтың таралу
жолында жүрек, көкірек қуысы, бас ми және
жұлын болса.
• Токтың таралу жолы «аяқтан — аяққа» болса,
жарақаттану жеңілдеу болады.
«қол — аяқ» «қол — қол» «қол — аяқ»
Электр тогымен жарақаттану екі топқа бөлінеді:
• Электрлік соққы
• Электрлік жарақат немесе зақым.
• Электрлік соққы – ішкі ағзалардың зақымдануы,
электрлік жарақат – сыртқы ағзалардың
зақымдануы.
Жалпы электрлік жарақаттар немесе
электрлік соққылар – бұл адам денесі арқылы
жүрген электр тогы әсерінен жүйке жүйесінің
тітіркенуі кертартпасынан туындаған
электрлік жарақаттар. Олар адамның бұлшық
еттерінің өздігінен тырысып қысқаруына,
естен тануына, ағзасындағы аса маңызды
жүйелерінің – тыныс алу және қан
айналымының тоқтауына әкеліп соғады.
Соның салдарынан адам өліп кетуі мүмкін.
Электрлік соққылардың адамдарға
қауіптілігі соншалықты, адам өліміне
әкелмесе де, ағзаның жұмыс істеуі едәуір
бұзылады.
Ток күші Әсері
0.6 -1.5 мА қолдың дірілдеуі
5 -7 мА қолдың тырысуы
8 - 10 мА тырысулар және саусақтар мен қол
буынының дірілдеуі
20 - 25 мА қолдың жансыздануы, тыныстың
тарылуы
50 - 80 мА тыныс алудың қиындауы, 3с
аралығында жүрек соғысы тоқтайды
3000 мА 0.1 с уақыт аралығында тыныс алудың және жүректің параличі
және ағза ұлпаларының бүлінуі
Демек, 0.1 А шамасындағы ток адам өміріне қауіпті!
!!! 12 В шамасындағы кернеу қауіпсіз деп саналады, ал
құрғақ, желдетілген, жылумен қамтамасыз етілген
ғимараттарда – 36В.
Токпен зақымданудан қорғану үшін
• Өткізгіштерді қауіпсіз жерге орналастырады
немесе қоршайды. Кейбір жағдайларда жанасудан
қорғау үшін қораптарды пайдаланады.
Электр тогы әсерінен босату
Атмосфералық электр теориясына
үлес қосқан ресей академиктері
Михаил Васильевич Ломоносов Георг Рихман
Найзағай - бұлттар не бұлт пен жер
арасында болатын ұзындығы
бірнеше км, диаметрі ондаған см
және ұзақтығы секундтың ондаған
үлесіндей болатын алып электрлік
ұшқынды разряд.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz