Оптикалық приборлар


Slide 1

Оптикалық приборлар

Slide 2

Визуаль приборлар

Ұсақ объектілерді қарауға арналған приборлар (лупа және микроскоп)

Алыстағы объектілерді бақылауға арналған приборлар(көру трубалары, телескоптар)

Бақыланатын нәрселердің кескіні жалған болады

Slide 3

Лупа

Лупа - ұсақ нәрсені үлкейтіп көру үшін қолданылатын жинағыш линза.

Slide 4

Лупадан нәрсе көрінетін бұрыш.

F - лупаның фокус арақашықтығы.

- Лупаның бұрыштық ұлғайтуы.

Slide 5

Микроскоп

Микроскоп - ( грек. Mikros - ұсақ, scopeo - көремін) жай көзге көрінбейтін нысандардың бірнеше есе үлкейтілген кескінін алатын прибор.

Әрбір микроскоптың оптикалық системасы объектив және окуляр делінетін екі бөліктен құралады.

Осы күнгі микроскоптар 1500 - 2000 есеге дейін ұлғайта алады. Бірақ іс жүзінде 1000 еседен артық ұлғайтатын микроскоптар қолданылмайды, өйткені бұдан артық ұлғайтылса, кескін айқын болмайды.

Slide 6

- микроскоптың үлкейтуі.

микроскоп үшін,

h’ - кескіннің сызықтық өлшемі.

F2 - окулярдың фокус арақашықтығы.

- F1 - объективтің фокус арақашықтығы.

- лупа үшін.

Объективтегі кескіннің сызықтық өлшемінің нәрсенің сызықтық өлшемімен байланысы:

- тубустың оптикалық ұзындығы ( объективтің артқы фокусы мен окулярдың алдыңғы фокусы арақашықтығы) .

микроскоптың ұлғайтуы

Slide 7

Кеплер трубасы

Иоганн Кеплер

(1571 - 1630)

В 1613 ж Кристоф Шайнер Кеплердің схемасы бойынша жасады.

Өте алыстағы нәрселерді бақылау үшін көру трубалары қолданылады.

Көру трубасының оптикасы да, микроскоптікі сияқты, объектив пен окуляр делінетін күрделі системалардан құралады. Бірақ мұнда объективтің фокусы қашық, окулярдың фокусы жақын болады.

Slide 8

Көру трубасының ұлғайтуы.

Көру трубасының бұрыштық ұлғайтуы оның объективі мен окулярының фокус қашықтықтарының қатынасына тең.

Кеплер трубасы төңкерілген кескін береді.

Slide 9

Телескоп

Адам баласы аспан әлемінің, алыс әлемнің талай таңғажайып жұмбақтарын, құпиясын білуге құмарта ден қоюда. Бұл жолда үлкен міндет атқарып жатқан оптикалық аспатар телескоптар.

Телескоптар өзінің жұмыс принципіне, ішкі құрылысына байланысты екі топқа бөлінеді. Олардың бір тобында призмалар немесе линзалар пайдаланылады да, олардың жұмыс принципі жарықтың сыну заңына негізделеді. Телескоптардың мұндай түрлері сондықтан да кейде рефракторлар деп те аталады.

Телескоп, сыңардүрбі (теле және грекше skopeo - қараймын) - аспан шырақтарын электр-магниттік сәуле арқылы бақылауға арналған астрономиялық құрал.

Slide 10

Телескоптар

рефракторлар

(линзалық)

рефлекторлар

(айналық)

катадиоптрикалық

(аралас айналы - линзалық)

Телескоп гаммалық телескоп, рентген, ультракүлгін, оптикалық, инфрақызыл және радиотелескоп; оптикалық сұлбасы бойынша айналы (рефлектор), линзалы (рефрактор) және айналы-линзалы телескоп болып бөлінеді. Телескоптардың көмегімен фотографиялық, теледидарлық, электронды-оптикалық, т. б. сәуле қабылдағыштарды пайдалану арқылы фотографиялық, спектрлік, т. б. бақылаулар жүргізіледі.

Slide 11

Линзалық телескоп (рефрактор)

Рефрактор -жарықты жинауға объектив деп аталатын линзалар жүйесі қолданылатын оптикалық аспап. Мұндай телескоптардың жұмысы рефракцияға негізделген.

Slide 12

Айналық телескоп (рефлектор)

Айналы телескоптың линзалы телескоптан бір артықшылығы, мұнда хроматикалық аберрация жоқ. Қазіргі кезде ең үлкен телескоптардың объективтері ойыс айнадан жасалады, олардың айнасының диаметрі 5м - ге дейін болады, ал ең үлкен рефрактор линзасының диаметрі 1м - ден аспайды.

Slide 13

Аралас айналы - линзалық телескоп (катадиоптрикалық)

Бұл телескоптың оптикалық системасын құрайтын дөңес - ойыс линза мен айнаның сфералық аберрациялары кері таңбалы, шамалары бірдей етілгендіктен олар бірін - бірі жойып жібереді. Айнаның хроматикалық аберрациясы жоқ, дөңес - ойыс линзаның хроматикалық аберрациясы мұқият жөнделген болады.


Ұқсас жұмыстар
Оптикалық сәуле
ДИЗАЙН әлемі
Толқындардың интерференция құбылысы
Оптиканы оқыту әдістемесі
Физикалық шаманы өлшеу тәсілдері
Табиғаттағы оптикалық құбылыстар
Оптикалық құралдар
Оптикалық дискілердің түрлері, жылдамдығы және даму тарихы
Сыну көрсеткіші
Тараз қаласы мысалында оптикалық желілердің өткізу қабілеттілігін арттыру мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz