Шикізат пен тағам өнімдерін зерттеу әдістері. Спектрлік зерттеу әдістері


Slide 1

Шикізат пен тағам өнімдерін зерттеу әдістері. Спектрлік зерттеу әдістері

ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

«Стандарттау және Биотехнология» кафедрасы

Тексерген: Жагалбаева Д. К. Салкинбаева Г. Т. Орындаған: Мырзагалиева А. Е. Топ: БТ-507 Семей 2018 жыл

Slide 2

Жоспар:

Slide 3

Кіріспе

Қазіргі Қазақстанда сапа мәселесі және бүкіл мемлекеттік сапаны басқару жүйесін құрумен байланысты мәселелер өзекті болып табылады. Қазақстан экономикасын дамыту отандық тауарлардың жоғары сапасы мен қасіпсіздігін қамтамасыз ететін, олардың бәсекеге қабілеттігін арттыру, ішкі және әлемдік нарықта тұтынушылардың құқықтарын сақтаумен тығыз байланысты. Осыған орай, шикізат пен тағам өнімдерін зерттеу әдістерін игеру және қолдана білу, сапаны сараптау өзекті міндетке айланады. Қойылған міндетті орындау құралдарының ішінен тауарлардың сапасын сараптау ерекше орын алады. Бұндай сараптаудың мақсаты - тауарлардың сапасын зерттеу негізінде олардың тұтынушы үшін құндылығын анықтау. Сараптама жүргізу кезінде әр түрлі зерттеу әдістері қолданылады.

Slide 4

Шикізат пен тағам өнімдерін зерттеу әдістері

Көлемдік зерттеу әдістері.

Кондуктометриялық зерттеу әдістері.

Гравиметриялық (салмақтық) зерттеу әдістері;

Потенциометриялық зерттеу әдістері.

Рефрактометриялық зерттеу әдістері.

Колориметриялық зерттеу әдістері.

Полярометриялық зерттеу әдістері.

Полярографиялық зерттеу әдістері.

Радиометриялық зерттеу әдістері.

Хроматографиялық зерттеу әдістері.

Спектрлік зерттеу әдістері.

Slide 5

Спектрлік зерттеу әдістері

Спектрлік анализ - заттың спектрін зерттеу негізінде оның атомдық және молекулалық құрамын анықтауға арналған физикалық тәсіл. Немесе заттың спектріне қарап, оның құрамы мен % анықтау.

Спектрлік анализ негізін атомдар мен молекулалардың спектроскопиясы құрайды және ол спектрлерді талдау мақсаты мен олардың түрлеріне қарай ажыратылады. Атомдардың (иондардың) сәуле шығару және жұтылу спектрлері бойынша заттың элементтік құрамын анықтау атомдық спектрлік анализ (АСА) тәсілдерімен, ал сәуленің жұтылу, люминесценция және жарықтың комбинациялық шашырау спектрлері арқылы заттың молекулалық құрамын талдау молекулалық Спектрлік анализ әдістерімен орындалады. Эмиссиялық Спектрлік анализ - сәулелер мен микротолқындар алқабындағы электромагниттік сәулелер арқылы қоздырылған атомдардың, иондар мен молекулалардың сәуле шығару спектріне негізделген. Электромагниттік сәулелердің зерттелетін заттағы (әр түрлі агрегаттық күйдегі атомдар, молекулалар, иондар) жұтылу спектрін талдауға негізделген тәсіл абсорбциялық Спектрлік анализ деп аталады.

Slide 6 Slide 7 Slide 8 Slide 9

Атомды спектрлік талдау

Берілген дене шығаратын (немесе жұтатын) электром агниттік сәуле жиіліктерінің (немесе толқын ұзындықтарының) жиыны шығару (немесе жұтылу) спектрі деп аталады.

Қыздырылған қатты денелер, сұйықтықтар, тығыз газдар тұтас спектр шығарады

Өзара бірімен-бірі әсерлеспейтін, еркін атомдардың спектрі жеке спектрлік сызықтардың белгілі жиындықтарынан тұратын сызықтық спектр болады.

Slide 10

Молекулалық спектрлік талдау

Молекулалық спектр. Электронды, тербелмелі, айналмалы ауысу. Сапалық және сандық МСТ. Бугер-Ламберт-Бер заңы. ИҚ және КШ спектроскопияның тербелмелі әдісі. Спектроскопияның УК электронды әдісі.

Берілген энергетикалық деңгейлер арасында электронның ауысуы кезінде белгілі квант сәулесінің жұтылу немесе шығуы уақытында спектрлер пайда болады.

Заттың электромагниттік сәуле жұтылу, шығару және шашырауы нәтижесінде сәуленің спектрлі құрамын молекулалық спектроскопия зерттейді. Барлық жағдайда молекулалық спектр молекуланың әр түрлі энергетикалық күйлерінің арасындағы кванттық ауысуының нәтижесінде және олардың құрылысы туралы деректер құрамына кіреді.

Slide 11

Эмиссиялық спектрлік талдау

Эмиссиялық әдіс [5, С, 433-436] . Бұл әдіспен рентгендік трубканың анодына орналастырған заттың спектрін зерттейді Затты электрондар шоқтарымен атқылағанда бірінші сипаттамалы сәулелену пайда болады. Ол саңылаудан өткен соң кристалдың (спектрограф немесе спектрометр) көмегімен спектрлерге ыдырайды және фотопленкада есептеуіш көмегімен тіркеледі. Сандық талдауды сыртқы және ішкі стандарттар әдісімен жүргізеді. Эмиссиялық әдіс жоғарғы сезімталдыққа 0, 1-00, 1% ие. Бірінші спектрлер бойынша сандық талдаудың қателігі анықталатын элементтің 2-5% құрайды. Бұл әдіспен зерттеу кезінде зерттелетін затты қыздырады, сондықтан тез жанғыш заттар талдауы, мысалы, күкірт пен селенді талдау қиындық тудырады.

Slide 12

Абсорбциялық спектрлік талдау


Ұқсас жұмыстар
Микробиологиялық зерттеу әдістері
РЕФРАКТОМЕТРИЯ ӘДІСТЕРІН ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНДЕГІ ЕРІТІНДІ ТҮРІНДЕГІ ЗАТТАРДЫҢ ҮЛЕСІН АНЫҚТАУ ҮШІН ҚОЛДАНУ
Суықпен өңдеу технологиясы
ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ШИКІЗАТТАРЫН ӨҢДЕУ ӘДІСТЕРІ
Атомды- эмиссиялық спектроскопия
Кәмпит сапасының органолептикалық көрсеткіштері
Инфрақызыл сәулелермен кептіру
Биопрепараттар технологиясында стерильды ыдысты дайындау әдістері мен тәсілдері
САРЫ МАЙ САПАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Абиоз принципі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz