СПИРТ ӨНДІРІСІНДЕ БИДАЙДЫ ДАЙЫНДАУ




Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Стандарттау және Биотехнология» кафедрасы

СПИРТ ӨНДІРІСІНДЕ 
БИДАЙДЫ 
ДАЙЫНДАУ

Тексерген: Жарыкбасов Е.С.
Тұрарбек
Т.М.
Орындаған: Біртаева
А.Е.
ЖОСПАР:
Кіріспе

Спирт өндірісіне арналған шикізат
Спирт өндірісінде бидайды дайындау

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер
СПИРТ ӨНДІРІСІ
Спирт өндірісі - тамақ өнеркәсібінің дәнді
дақылдардан ішімдік (этил) спиртін дайындайтын
саласы. Этил спирті, негізінен, тамақ өнеркәсібінде,
медицинада және радиоэлетроникада қолданылады.
Спирт өндіру үшін дәнді дақылдар, картоп және қант
өнімдері пайдаланылады. Дән тазаланып, ұнтақталып
арнаулы қазандарда сумен қосылып қайнатылады.
Осыдан пайда болған қою массаға ашытқы ферменттері
қосылып ашытылады. Крахмал ашып спиртке айналады.
Ашытылған масса (брага) сүзіліп, сүзінді айыру
аппаратына жіберіледі
СПИРТ ӨНДІРІСІНЕ АРНАЛҒАН 
ШИКІЗАТ
Спиртті  крахмалды  шикізад  –  дәннен,  картоптан  және 
қызылшақантты  мелассадан  алады.  Техникалық 
мақсатқа  арналған  спирттің  аздаған  мөлшерін  ағаш 
гидролизатынан,  сульфитті  сілтіден  және  т.б.  алады. 
Дән шикізатынан бидай, рожь, арпа, сұлы, жүгері және 
дәндердің басқа түрлерін де өңдейді.
Осы шикізаттан спиртті периодты және үздіксіз алады. 
Көптеген  заводтар  ашудың  үздіксіз  сұлбасы  бойынша 
жұмыс  істейді.  Жеке  заводтар  спирт  өңдеуде  картоп 
және дән, басқалары қызылша мелассасын, үшіншілері 
–  екеуінде  қолдануға  маманданады.  Этил  спиртін 
техникалық  қажеттіліктерге  –  еріткіш  ретінде, 
синтетикалық  каучук  өндірісінде,  басқа  заттар 
синтезіне,  сонымен  қатар  сусындар  дайындауда  және 
медициналық қажеттіліктерге қолданады.
Спирт өндірісінің шикізаты ретінде -
БИДАЙ
Бидай ­  шикiзаттың  перспективалы 
түрлерiнiң  бiрi.  Жемiс  ­  дән.  Ұрықтан, 
эндоспермнен,  өзара  бiтiсіп  кеткен  тұқымдық 
және  жемiстi  қабықтардан  тұрады.  Мякин 
қабығы болмайды.
Бидайдың  химиялық  құрамы: 74­80  % 
крахмал;  ақуыздар 8­15  %;  май  1,5­2,0  %; 
клетчатка 2,0­2,5 %; қант 2,5­5,0 %; күл 1,0­1,5 
%.
Технологиялық  сипаттамалар: абсолютті 
масса  33­48  г;  табиғилық  750  г/дм3; 
экстрактивтілік 76 %.
Дәнді астық қамбасынан зауытқа автокөлікпен, теміржол
көлігімен және зауыт ішіндегі көліктермен транспорттайды. Түскен
дәнді-дақылдар вагон немесе автомобилдi таразыларға өлшенедi
  және механикалық күрек немесе вагон тиегіш көмегiмен түсiріледi, ал
автокөлiктен - автомобиль тиегiш арқылы түсіріледі. Дән
өлшенгеннен кейiн қабылдау бункерiне түседi, бұдан әрi - ленталы
транспортерлармен, шнектермен, пневмо көлікпен және нориямен –
тазартуға жіберіледі.
Өндіріске түсетін барлық дән түрін түскен
қоқыстан тазалау керек, өйткені олар зауыт
аппараттарының шапшаң тозуына әкеледі. Дәнді
шаңнан, ұсақ тастардан, металл түйіршіктерден
тазарту магитті сепараторда жүреді. Қабықсыз
астықтар өңдеусіз бірден балқытуға жіберіледі.
Қабылдау кезінде орташа сынамасын алады да
ылғалдылығын және зақымдалуын тексередi,
өйткенi сақтау сапасы, сонымен қатар дәнді өсiру
үшiн негiзгi көрсеткiш ретінде өсу де бұл
көрсеткiштерге байланысты болады.
Дәнді-дақылдар шикiзатын тазартуды (алдын-
ала) біріншілік тазарту және (негiзгi) екiншiлік
тазарту деп бөледi. Жинау кезеңінде дәнді-
дақылдардың үлкен партиясы түскен уақытта тек
қана алдын-ала тазарту мүмкін болады.

Біріншіл
ік  Екiншiлік 
тазарту тазарту
Біріншілік  тазартудың  мақсаты –  дәнді­дақылдардың 
сақталуына  (бұзылуға  алып  келетін,  сапасын  төмендететін, 
шығынды көбейтетін)  және  машина  жұмысына  (тастар, металл 
бөлшектер)  кері  әсер  ететін  дәнді­дақыл  массасынан  шаң­
тозаңды, зиянды қоспаларды жою.
Біріншілік  тазарту  магниттi  және  елеуiшті  сепараторларда 
жүзеге асады. Дәнді­дақылдарды есептеу үшiн тазарту алдында 
және  тазартудан  кейiн  дәнді­дақылдар  мiндеттi  түрде 
автоматты  таразыларда  өлшенедi.  Біріншілік  тазартудан  кейін 
дәнді­дақылдар  сақталу  үшін  нория  арқылы  дән  сақтағышқа 
түседі.
Егер  дәннің  ылғалдылығы  көп  болса,  ол  сақталуға 
жіберілмейді,  себебі  дәніңн  ылғалдылығы  (14,5%  жоғары) 
кризистiктен  жоғары  болғандықтан  (негiзiнде,  тыныс)  онда 
физиологиялық  процесстер  жүреді,  дән  аралық  кеңiстiкке 
интенсивтi түрде көп мөлшерде жылу және ылғал бөлінеді, бұл 
құрғақ  заттардың  жоғалуына,  сапасының  нашарлауына  алып 
келеді.  Сондықтан  мұндай  дәнді­дақылдар  алдын­ала  дән 
кептiргiште  кептіріледі,  содан  соң  біріншілік  тазартуға  және 
сақталуға жіберiледi.
Дәнді­дақылдарды  (ашытқы  бөлiмшесiне)  өндiрiске 
берер  алдында  екiншiлік  тазартуға 
жібереді. Екiншiлік  тазартудың  мақсаты ­ 
дәнді­дақыл  массасынан  суландыру  және  өсiру 
технологиялық  процестеріне  әсер  ететін  қоспаларды 
жою.  Бұл,  ең  алдымен  біріншілік  тазартудан  кейiн 
қалған, сақтау кезінде түскен қоспалар, зақымдалған 
дәндер және т.б.
Бұдан басқа, бiр қалыпты суландыру және өсiру үшiн 
екiншiлік  тазарту  кезеңінде  дәнді­дақылдарды 
іріктейді.  Екiншiлік  тазартуды  жыл  бойы  бiр 
қалыпты  өткiзгендіктен  бұл  кезеңде  құрал­
жабдықтың  өнiмдiлiгi  біріншілік  тазартуға 
қарағанда  3­4  есе  төмен,  бірақ  тазарту  дәрежесi 
жоғары  болады.  Екiншiлік  тазарту  елеуiштiк 
сепараторда,  триерда  жүргiзiледi  және  елеуiштер 
жиынтығы арқылы сорттарға бөлiнедi.
ҚОРЫТЫНДЫ

Бидай-бүкіл әлемде 148 елдің негізгі азық-
түлігі болып табылады және көптеген елдердің
экономикасында ерекше орын алады.
Азық-түлік өнімі ретінде бидайдын көптеген
аса бағалы қасиеттері бар. Бидай дәні — аса
құнарлы да қуатты азық, оны сақтау да қиын
емес, бір жерден екінші жерге тасып жеткізу де
оңай және оны өңдеп алуан түрлі өнім алуға
болады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

«Қазақстан»: ұлттық энциклопедия нысанбаев –
алматы 1998 жыл.
Нормы технологического проектирования

предприятий спиртовой промышленности. ВНТП 34-
93.Москва, 1993

Ұқсас жұмыстар
Арақ өндірісінің технологиялық сызбанұсқасы
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ СЕПЕРАТОРЛАРДЫҢ ЖҰМЫС АТҚАРУ ТИІМДІЛІГІ
Параметрлерді сырттай реттейтін үздіксіз культивирлеу
Қарабидай
Спирт өндіргенде қолданылатын микроорганизмдер
Тағам биотехнологиясы
МИКРООРГАНИЗМДЕРДІҢ НЕГІЗГІ ТОБЫ
Тағамдық биотехнология
Бидай қамырын дайындау технологиясы
Дән өнімдерінің сақтау технологиясы
Пәндер