БАҚ ТАҒАМ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ҚОЛДАНУ



БАҚ тағам өнеркәсібінде қолдану
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті «Стандарттау және Биотехнология» кафедрасы
Тексерген: Жагалбаева Д. К. Тұрарбек Т. М. Орындаған: Мырзагалиева А. Е. Топ: БТ-507 Семей 2018 жыл

Жоспар:
Кіріспе
БАҚ тағам өнеркәсібінде қолдану
Тамақтануға арналған БАҚ бөлінуі
D
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе
ББҚ (биологиялық белсенді қоспалар) - қазіргі заманғы медицинаға салыстырмалы түрде айтқанда жақын уақытта енген термин. Дегенмен, жаңа дәуірге дейін Египетте, Қытайда, Тибетте, Индия мен Шығыстың басқа да елдерінде көбінесе табиғи түрінде қолданылатын өсімдік, жануарлар ұлпаларынан, минералды шикізаттан дайындалған арнайы өнімдерді адамның әр түрлі ауруларын алдын-алу мен емдеу жүйелері қалыптасқан. Адам ауруларын емдеу үшін арнайы фармокогиялық формалар өндірісінің тарихы шамамен біздің ғасырымыздан бұрын 130 - 200 жылдарға жатқызылады. К. Гален алғашқы рет табиғи шикізаттан емдік заттарды (ерітінді, экстракт, ұнтақтар) технологиялық әдістерін құрастырды. Алайда ХIХ соңы мен ХХ ғасырдағы химия ғылымының жетістіктеріне сәйкес, соған байланысты көптеген ғалым-дәрігерлер бұрынғы фитотерапевтикалық заттардан бас тартты.


БАҚ-ты тағам өнеркәсібінде қолдану
Соңғы жылдары тамақтану ғылымы мен фармакология обылысында жедел түрде дамыған жаңа ғылым -фармаконтуциология қалыптасты. Танымал ғылым А. А Токровский өзінің «Фармакология мен тағам токсикологиясының метаболиттік аспектілері» кітабында «тамақ - біздің түсінігімізге қарағанда айтарлы қтай кең ұғым. Бұл көптеген жүз мың (миллиондаған) заттардың бірігуі, олардың әрқайсысы белгілі бір биологиялы қ белсенді заттарға жатады және тағам өнімдерінде бірдей, кейде жоғарғы мөлшерде болады. Тағамды тек қана энергия мен заттар ретінде емес, сонымен бірге күрделі фармакологиялық бірлік ретінде қарастыру қажет» деп сипаттаған

Барлық индустриялы елдердегі адамдардың тамақтану құрылымдарының өзгеруінің келесі тенденцияларын бөлугеболады:
холистеринге бай жануар майын (май қышқылына бай) артығымен пайдалану
тағамда витаминдер, микроэлементтер, биологиялық белсенді заттардың жетіспеуі
крахмал мен тағам талшықтарын (әсіресе клетчатка) пайдаланудың төмендеуі
қант пен тұзды пайдаланудың өсуі

Нутрицевтиктер - алмастырылмайтын тағамдық заттар немесе олардың жақын алғышарттары
Парафармацевтикалар - бұл құрамында органикалық қышқылдар, биофлавоноидтар, дубильді, фенолды қосылыстар, гликозидтер, кофеин, биогенді аминдер, және табиғиөнім деп аталынатын заттары бар өнімдер.
Тамақтануға арналған БАҚ төмендегіше бөлуге болады:

Нутрицевтиктер
Нутрицевтиктер - алмастырылмайтын тағамдық заттар немесе олардың жақын алғышарттары (мысалға 3-мен басқа полиқанықпаған майқышқылдарының кейбір микроэлементтер-кальций мен магний, жеке алмастырылмайтын аминқышқылдары мен олардың жиынтықтары, кейбір моно және дисахаридтер, тамақ талшықтары және т. б) .
ББЗ-дың нутрицевтиктері келесі топтарға бөлінеді:
ақуыз бен аминқышқылдардың көздері;
май қышқылдарының, липидтердің және майда ерігіш витаминдердің көздері;
көмірсулар мен қанттардың көздері;
тағамдық талшықтардың көздері (пектиндер, өсімдік жасунықтары, микрокристаллды целлюлоза және т. б) ;
суда ерігіш витаминдер көздері;
макро және микроэлементтер көздер

Парафармацевтиктер
Парафармацевтиктер дәрі-дәрмекке жатпайды және оларды алмастыра алмайды.
Парафармацевтиктердің дәрі - дәрмектерден негізгі айырмашылықтары:
• Егер ол дәрі - дәрмек ретінде таза химиялық түрде қолданса, бұл заттың бір емдік мөлшерінен тәуліктік мөлшері аспауы керек;
• Парафармацевтиктер тек қана ішке қолданады;
• Парафармацевтиктерді қолдану кезіндегі ағзаның жүйелері мен органдары қызметтерін параметрлерінің сандық өзгеруі олардың физиологиялық нормаларына байланысты;
• Парафармацевтиктердің қолдану мөлшерінің диапазоны мен ағзаның функцияларына қалыпты немесе түзетуші әрекет еткенде токсинді және зиянды заттардың байқалуының, емдік заттарға қарағанда төмен.

1) негізінен белоктардың, амин қышқылдардың және олардың кешендері негізіндегі;
2) мал және өсімдік липидтері негізіндегі: өсімдік майлары негізіндегі; балық майлары негізіндегі; мал майлары негізіндегі; аралас май негізіндегі;
3) негізінен сіңірілетін көміртектер, оның ішінде биологиялық белсенді компоненттер қосылған бал, шәрбаттар және басқалар негізіндегі;
4) негізінен тағамдық талшықтар (целлюлоза, камедьтер, пектин, гумми, микрокристалды целлюлоза, кебектер, фруктоолигосахарлар, хитозан және басқа полисахаридтер) негізіндегі;
5) таза субстанциялар (дәрумендер, минералды заттар, органикалық қышқылдар және басқалар) немесе әртүрлі толықтырғыштарды пайдаланумен олардың концентраттары (өсімдік сығындылары және басқалар), оның ішінде сусындарға арналған құрғақ концентраттар негізіндегі;
6) табиғи минералдар (цеолиттер және басқалар, оның ішінде мумие) негізіндегі;
7) өсімдік негізіндегі, оның ішінде: құрғақ - гүл тозаңы, шәй, кептірілген дәрілік өсімдіктер қоспасы; сұйық - эликсирлер, бальзамдар, тұндырмалар және соларға ұқсастар;
8) ет-сүт шикізатын, оның ішінде субөнімдерді, құстарды, буынаяқтыларды, қос мекенділерді, омарта шаруашылығының өнімдерін (аналық бал сүті, прополис және басқалар) қайта өңдеу негізіндегі;
9) балық, теңіз омыртқасыздары, шаян тектестер, моллюскалар және басқа теңіз өнімдері, теңіз өсімдіктері микроорганизмдері (балдырлар және басқалар) негізіндегі - құрғақ;
10) пробиотикалық микроорганизмдер негізіндегі: құрғақ - микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі, аминқышқылдарын, микроэлементтерді, моно- және ди- олисахаридтерді қосу арқылы микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі; сұйық - микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі; қоюландырылмаған микроорганизмдердің таза дақылдары негізіндегі;
11) бір жасушалы балдырлар (спирулин, хлорелл және басқалар), ашытқылар мен олардың лизаттары негізіндегі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz