БАКТЕРИЯ МОРФОЛОГИЯСЫ, ӨСУІ, КӨБЕЮІ, ҚОРЕКТЕНУІ ТУРАЛЫ



СӨЖ Тақырыбы:Бактерия морфологиясы, өсуі, көбеюі, қоректенуі. Тексерген: БЕЙСЕМБАЕВА Г. Ш. тұрарбек т. м. Орындаған: Мырзагалиева А. Е. Топ: БТ-507 СЕМЕЙ 2016 ЖЫЛ
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

Жоспар:
Кіріспе.
Бактерия морфологиясы.
Бактерияның өсуі.
Бактерияның көбеюі.
Бактерияның қоректенуі.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Бактериялар (гр. bakterion -таяқша) - тек микроскопта ғана көрінетін аса ұсақ микробтар және олар көптеген әр алуан аурулар туғызады. Бактерия - бір жасушалы ағза, көбісі таяқша пішінді болып келеді. Бактерия негізінен түссіз тек кейбіреулерінде ғана аздап бояғыш заттар кездеседі. Фотосинтез құбылысы жүретін көк -жасыл қызыл түсті өкілдерін цианобактериялар деп атайды; ядросы, митахондриясы, пластидтері қалыптаспаған өте кішкентай біржасушалы ағзалар. Алғаш рет бактерияларды (грекше bakterіon - таяқша) 17 ғасырда голланд ғалымы, микроскопты жасаушы - Антони ван Левенгук байқаған. 19 ғасырда бактериялардың құрылысы мен табиғаттағы рөлін француз ғалымы Луи Пастер, неміс ғалымы Роберт Кох және ағылшын ғалымы Джозеф Листер зерттеді.


Бактерия морфологиясы
ХХ ғ. бактериялар систематикасы мәселесі бұл оррганизмдер жөнінде білім көлемінің тез арада кеңеюіне және тереңдетілуіне байланысты өрши түсті. Дәстүрлі жүйені «генеологиялық бұтақ» құру үшін алдымен бактериялардың фенотиптік белгілері туралы жиналған мәліметтерді құруды ойластырған. Жүйені құру негізінде дәстүрлі принцип те қолданылды. Бірақ зерттеулер барысында ең басты назар бактериялардың морфологиялық белгілеріне аударылды. Солай 1872ж. Ф. Кон (1828-1898) бактерияларды морфологиялық белгілері бойынша мынадай топтарға бөлді: коккалар, қысқа таяқшалылар, ұзын таяқшалылар.

Коккалар (гр. Kokkos - дəн) - дөңгелек пішінді бактериялар. Олар бөлінгеннен кейінгі клетка орналасуына байланысты өз ішінде топқа бөлінеді.
•Микрококкалар - Micrococcus -коктар бір жазықтықта бөлінеді жəне бөлінгеннен соң клеткалар шашырап орналасады.
•Диплококкалар - Diplococcus (гр. Diplos - екі жақты) - бір жазықтықта бөлінетін коктар жəне бөлінген соң олардың клеткасы жұптап орналасады.
•Стрептококкалар - Streptococcus (гр. Streptos - тізбек) - бір жазықтықта бөлінген соң, клетка арасында байланыс қалады жəне тізбек тəрізді орналасады.
•Тетракоккалар - Tetracoccus (гр. Tetra-төрт) перпендикулярлы екі жазықтықта бөлінген соң тетрада түзеді, яғни төрттен орналасады.
•Сарцина - Sarcina(лат. Sarcio-біріктіремін) - 3 перпендикулярлы жазықтықта бөлініп болған соң 8, 16, 32, 64 клеткадан пакет тəрізді орналасады.
•Стафилококкалар - Staphylococcus (гр. Staphyle - жүзім шоғыры) - реттсіз бағыттарда бөлінгеннен кейін клеткалар жүзім шоғыры тəрізді орналасады.

Таяқша тәрізді бактериялар
Таяқша тәрізді бактериялар ұзындығына, диаметріне, спора түзілуіне қарай бірнеше топқа бөледі. Спора түзуші топтарын - бациллалар, ал түзбейтіндерін бактериялар деп атайды. Таяқша тәрізділер орналасу тәртібіне қарай бірнеше топтарға бөлінеді: диплобациллалар және диплобактериялар - екі-екіден қосақтала орналасқан бактериялар.

Бактериялар - спора түзбейтін таяқша тәрізді бактериялар.
Бациллалар - спора түзетін таяқша тәрізді бактериялар.



Бактерияның өсуі
Бактерияның өсуі деп, жасушаның барлық компоненттерінің бір мезгілде келісімді түрде ұлғаюын айтады. Жасушаның өсуі шексіз емес. Ең үлкен өсу деңгейіне жеткен кезде жасуша бөлінеді. Бактериялардың көпшілігі көлденеңінен екіге бөлінеді . Грамша оң боялатын бактериялардың көпшілігінде бөліну көлденең қалқаның шетінен ортасына қарай синтезделуі арқылы жүреді. Грамша теріс боялатын бактериялардың жасушаларының көпшілігінде көбею ортасынан тартылып, екіге бөліну арқылы жүреді.
Қоректік ортаға бактерияларды енгізген кезде олар қажетті компоненттерінің бірі азайғанша өседі, сонан соң бактериялардың өсуі мен көбеюі тоқтайды. Егер осы уақыт аралығында ортаға қажетті қоректік заттарды енгізіп, ал зат алмасудың соңғы өнімдерін тазартып отырмаса, статикалық бактериялық дақыл алынады. Статикалық (периодикалық) дақыл өзін генетикалық өсуі шектелген, көп жасушалы организм секілді сезінеді. Егер көбею уақытына байланысты жасалынатын жасушалар санының тәуелділігін анықтау үшін, абсцисса өсіне уақытты салып, ал ордината өсіне жасушалар санын салып график құратын болса, өсу қисығы деп аталатын қисық сызық алынады.

Бактериялардың көбеюі
Бактериялардың көбеюі. Бактериялар бөліну арқылы көбейеді. Бөлшу кезінде клетканың ортасынан біртіндеп қалқанша пайда болып, клетка ішіндегі заттарды екіге бөледі

Ғылымда бактериялар көбеюінің бірнеше фазалары белгілі. Бүл микроорганизмдер тіршілігін басқаруға мүмкіншілік береді.
Көбеюдің тежелу фазасы. Мүны лагфаза деп те атайды. Бүл фазада бактериялардын, көбеюі байқалмайды олар мұнда жаңа қоректік ортаға бейімделіп жатады. Бұл фаза 1-2 сағатқа созылады. Фазанын, аяқ шенінде клеткалар көбейе бастайды. Қоректік ортаға олардың әсері күшейе түседі.
Көбеюдің актив фазасы. Бұл кезеңде бактериялар қарқындап бөлінеді. Клеткалардың көбеюімен байланысты өсу жылдамдығы дарта түседі. Бұл екі сағаттай мерзімге созылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz