Паповавирустар. Поксвирустар. Парвовирустар


Slide 1

СӨЖ Тақырыбы: Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар. Тексерген: Бейсембаева Г. Ш. Тұрарбек Т. М. Орындаған: Мырзагалиева А. Е. Топ: : БТ-507 Семей 2016 жыл

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті «Стандарттау және Биотехнология» кафедрасы

Slide 2

Жоспар:

Паповавирустар.

Парвовирустар.

Поксвирустар.

Slide 3

Паповавирустар Паповавирустар (папиллома, полиома және вакуольдейтін маймыл вирусы SV-40 - дейтін сөздердің бастапқы бір буынын алып қысқаша аталған) - сыртқы қабықшасы жоқ, ДНҚ-құрамды вирустар. Паповавирустар иесінің қандай жасушаларын зақымдауына байланысты литикалық, латентті және трансформирлеуші инфекциялар қоздырады. Вирустар таксономиясы бойынша Халықаралық Конгресс (2002 ж. ) паповавирустар тұқымдастығын екі тұқымдастыққа бөлуге (Polyomaviridae және Papillomaviridae) шешім қабылдаған.

Slide 4 Slide 5

Таксономиясы

Тұқымдастығы : Polyomaviridae

Туыстастығы: Polyomavirus (кең таралған вирустар, адамдарда көбінесе ауру қоздырмайды; патогенділері - ВК-вирус- бүйрек алмастырылған адамның несебінен миынан бөлініп алынған. Simian virus-SV-40 - маймылдар вирусы, адамдар үшін онкогенді емес.

Тұқымдастығы: Papillomaviridae

Туыстастығы: Papillomavirus (сүйел, жатыр мойнының карциномасын және дисплазиясын, қатерлі ісігін қоздырады) .

Slide 6

Құрылымы

Polyomaviridae және Papillomaviridae тұқымдастықтарының өкілдері - мөлшері майда (диаметрі 45-50 нм), сыртқы қабаты жоқ (құрамында липидтері болмайтын) ДНҚ-құрамды вирустар.

Геномы- ДНҚ-ң екі жіпшелі сақина-типтес (күшті ширатылған - скрученный) молекуласынан тұрады, құрамында гистондар бар. Капсиді - куб симметриялы.

Репродукциялануы және вириондарының құрастырылуы жасуша ядросында атқарылады. Вириондары жасуша бұзылғанда сыртқа шығады.

Резистенттілігі. Вирус 1 сағат 50 ͦС-та ысытқанда тіршілік ету қабілеттілігін сақтайды, эфирдің әсеріне сезімтал емес.

Slide 7

Парвовирустар

Парвовирустарға (лат. : parvus- кішкентай, ұсақ

деген мағына береді) - адамдарда, сүтқоректілерде

құстарда және жәндіктерде әртүрлі аурулар

қоздыратын ДНҚ- құрамды вирустар тобының

өкілдері кіреді.

Slide 8 Slide 9

Таксономиясы

Тұқымдастығы: Parvoviridae (50-ден астам вирустар кіреді) .

Туыстастығы: Parvovirus- (тышқандардың майда вирустары) .

Erythrovirus- вирус В-19 (адамдардың парвовирусы) .

Dependovirus -адено- ассоциацияланған вирус 2 (сателиттік вирус) . Адамдар үшін ең патогенді- парвовирус В-19. Ол адамдардың ұрығының патологиясын және өлтірілуін, жатырда қабыну үрдістерін, терінің жұқпалы эритемасын, жедел артропатиялар, васкулиттер, тромбоцитопения, гемофагоцитарлық синдром, гепатиттер, перикардиттер, және т. б. қоздырады. Адено-ассоциаланған вирустар өздігінше өсіп-өне алмайды. Олар көбінесе ақау -вирустар болып табылады және «көмекші»-аденовирус бар жерде репродукцияланады.

Slide 10

Құрылымы

Парвовирустар- майда, сыртқы қабықшасы жоқ ДНҚ-құрамды вирустар, диаметрі -18- 26 нм. Капсиді куб типтес симметрия бойынша құрылған. Геномы бір жіпшелі сызықшалы ДНҚ-ң плюс жіпшесінен тұрады. Вирустық бөлшектер құрамында әртүрлі 3 ақуыздар (құрылымдық және құрылымдық емес) табылған

Slide 11

Репродукциялануы

Жасушаға енген парвовирус (рецептор- тәуелді эндоцитоз тәсілімен) ядроға түседі, сол жерде вирустың «шешінуі» атқарылады. Бір- жіпшелі ДНҚ екі жіпшелі ДНҚ- на айналады (жасушалық ДНҚ- полимеразаның көмегімен) . Бұл кезде бастапқы ДНҚ-ң плюс жіпшесіне комплементарлы ДНҚ-ң минус жіпшесі синтезделеді. Ол жаңа вирионның (геномдық) ДНҚ-ң плюс жіпшесінің синтезделуі үшін матрица болып табылады. Онымен қатар иРНҚ синтезделеді, вирустық ақуыздардың трансляциялануы паралельді жүреді. Вирустық ақуыздар цитоплазмада синтезделеді, содан кейін ядроға қайтып оралады, сол жерде жаңа вириондар құрастырыла бастайды. Вирустар жасушаның лизистенуі нәтижесінде сыртқа шығады.

Slide 12

Резистенттілігі

Физикалық және химиялық факторлардың әсеріне парвовирустар өте төзімді: 600С температурада 1 сағат бойы инфекциондық қасиетін сақтайды; детергенттердің әсерінен және де төмен рН- ы ортада бұзылмайды. Парвовирустар УКС-нің әсеріне өте сезімтал.

Slide 13

Эпидемиологиясы

Инфекция көзі науқастанған адамдар және вирус тасымалдаушылар. Ауалы- тамшылы жолмен жұғады. Жүктілік кезінде вирус жұқтыру өте қауіпті.

Slide 14

Патогенезі, клиникалық көріністері

Адамдарға ең патогендісі - В-19 вирус, ол дақты- папулалы бөртпелер шығуымен, буындардың зақымдануымен және созылмалы гемолитикалық анемиямен сипатталатын жұқпалы эритемалар қоздырады.

Вирустың біріншілік репродукциялануы тыныс алу жолдарының эпителиялық жасушаларында атқарылады, содан кейін вирус қанға түседі (1-ші аптада қаннан вирусты бөліп алуға болады) . Вирусемия бастала салысымен аурудың клиникалық симптпомдары дамиды. Сүйек кемігінің жасушаларының ядросында вирус қайтадан (екіншілік) репродукцияланады да эритробласттарды, әсіресе ретикулоциттерді зақымдайды, нәтижесінде анемия және жедел полиартрит дамиды. Қоздырғыштың тамырлардың эндотелиясына тропизмділігі бар екені анықталған. Вирустың эмбриопатиялық әсер- ету қабілеттілігі бар, сондықтан нәрестенің өлі туылуына себепкер болады.

Slide 15

Микробиологиялық диагноз қою

Зерттеуге алынатын зат- қан сарысуы. Вирусты бөліп алу (индикациялау) : сүйек кемігінен, ұрықтың көкбауырынан және кіндік қанынан алынған жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПӘ бойынша анықталады) . Идентификациялау: ИФР, ПТР, ДНК гибридизациялау. Серологиялық диагноз қою: КБР, ИФТ. Жедел диагноз қою: ПТР, иммундыблот.

Slide 16

Поксвирустар Поксвирустар - адамдарда көбінесе шешек (ағыл. : рох - шешек) қоздыратын, ДНҚ-геномды, мөлшері өте ірі вирустар. Poxviridae тұқымдастығына 2 тұқымдастықшалар кіреді - омыртқалылар шешегінің вирустары және жәндіктер шешегінің вирустары. Адамдарда патологиялық процестер қоздыруда рөл атқаратындарға нағыз шешек, жұқпалы моллюска, вакциналық немесе сиыр шешегінің және маймыл шешегінің вирустары жатады.

Slide 17 Slide 18

Нағыз немесе қорасан шешегінің вирусы

Нағыз шешек (variola vera) немесе қорасан шешек - адам ағзасының жалпы улануымен, дене қызбасымен сипатталатын, теріде және шырышты қабаттарда іріңді-папулалы бөртпелер пайда болатын аса қауіпті, карантиндік антропонозды вирустық инфекция. Шешек ауруы ерте заманнан бері белгілі адамдардың жұқпалы індеті.


Ұқсас жұмыстар
Паповавирустар. Парвовирустар. Поксвирустар
Вирустардың көбейюі
Вирустардың нуклеин қышқылы
«Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары»
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің ерекшеліктері және көбею сатылары туралы
Вирустардың құрылымының ерекшеліктері
Вирустардың таксономиясы
КҮЗЕННІҢ АЛЕУТ АУРУЫН БАЛАУ ЖӘНЕ ІНДЕТКЕ ҚАРСЫ
жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Вирустардың жіктелу принциптері. Олардың номенклатурасы. 2. Вирустардың көбеюінің биогенетикалық ерекшеліктері және көбею сатылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz