Жетілмеген саңырауқұлақтар
Презентация қосу
ҚАЗАҚСТАН БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Стандарттау және Биотехнология» кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Жетілмеген саңырауқұлақтар
Тексерген: Бейсембаева Г.Ш.
Тұрарбек Т.М.
Орындаған: Мырзагалиева А.Е.
Топ: : БТ-507
Семей 2016 жыл
Жоспар:
Кіріспе
Антракноз
Фузариоз
Аспергиллез
Пенициллин
Жетілмеген саңырауқұлақтар
Жетілмеген саңырауқұлақтар, дейтеромицеттер (Fungі іmperfectі,
Deuteromycetes) – қалталы және базидиялы спора тасушы органдары
айқын байқалмайтын, мицелийлері жақсы дамыған саңырауқұлақтар
класы. Бұлар көбіне жыныссыз жолмен түзілетін конидийлер арқылы,
біраз түрі бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі
арқылы көбейеді. Жетілмеген саңырауқұлақтар табиғатта кең тараған,
30 мыңдай түрі белгілі. Олар топырақта, өсімдіктердің
қалдықтарында сапрофит және жоғары сатыдағы, әсіресе, мәдени
өсімдіктерде паразит ретінде көп кездеседі. Бұлардың біраз түрлері
бүршіктену және мицелийдің жеке клеткаларға бөлінуі арқылы да
көбейе алады. Жетілмеген саңырауқұлақтар азық-түлікті бүлдіреді,
кейбіреулері өсімдіктердің паразиттері – антракноз, фузариоз,
септориоз, фомоз ауруларын қоздырады. Рenіcіllіum chrysogenum,
Рenіcіllіum notatum түрлерінен пенициллин антибиотигі бөлініп
алынады. Рenіcіllіum roguefortі, Рenіcіllіum camembertі түрлері сыра
өндірісінде пайдаланылады. Аspergіllus nіger, Аspergіllus wentіі
түрлерін егіп, лимон қышқылын бөліп алады. Кейбір түрлері адамның
тыныс алу, есту мүшелерінде аспергиллез ауруын қоздырады.
АН
ТР
АК
НО
З
Антракноз — өсімдіктің саңырауқұлақтан пайда болатын ауруы. Ол өсімдіктің
жапырағы мен гүл бүршіктерінде, жемісі мен сабағында қоңыр түсті, айналасы
қызғылт немесе қара дақтар түрінде пайда болады. Соның негізінде өсімдік
қарайып, қурайды. Антрахноз дәнді-дақылдарды, жеміс-жидектерді, бақша
дақылдарын т.б. зақымдайды. Ауруды болдырмау шараларына жерді дұрыс
жырту, ауруға төзімді сорттарын шығару, ауру өсімдіктерді жинап алып өртеу
және инсектицидтермен дәрілеу т.б. жатады.
ФУ
ЗА
РИ
ОЗ
Фузариоз — Fusarіum туысына жататын саңырауқұлақтар тудыратын өсімдік ауруы. Бұл ауруға мәдени
және жабайы өсімдіктер мен дақылдардың әр түрлі мүшелері шалдығады. Фузариоз
қоздырғышы топырақта, өсімдік қалдықтарында тіршілік етеді. Ол өсімдік тамырында саңырауқұлақ
жіпшелері, хламидоспорасы түрінде сақталып, жапырақ пен сабаққа су және қоректік заттар
тасымалданатын өткізгіш түтікшелерді бітейді, сол себепті өсімдік солып, қурап қалады. Фузариозды
солуға мақтаның жіңішке талшықты сорттары, орамжапырақ, картоп, дәнді бұршақ және асқабақ, т.б.
шалдығады. Фузариоз шірімесі дәнді астық дақылдарын, қауын, қарбыз, қияр, қызанақты зақымдайды.
Фузариоз топырағы тығыз, ылғалы мол егістіктерде көп кездеседі. Өсімдіктің тамыры мен
тамырсабағын шірітеді. Фузариозға шалдыққан өсімдіктің масағы солып, тамыры шіриді, дәні босап,
егістік көктемей қалады. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жүйесін дұрыс пайдалану, тұқымды гранозан
немесе меркуранмен, фунгицидпен дәрілеу, егістікті өсімдік қалдықтарынан мұқият тазарту, тазарған
және залалсызданған тұқым себу, фосфор-калий тыңайтқыштарын шашу керек.
АС
ПЕ
РГ
ИЛ
ЛЕ
З
Аспергиллез (Aspergillosis) - Aspergillus тегінің саңырауқұлақтары
қоздыратын тыныс мүшелерінің жұқпалы ауруларының тобы .
Аспергиллез
Ең жиі кездесетін түрі - бронхпульмоналды
аспергиллез, аспергиллома және өкпенің
инвазиялық аспергиллезы.
Көбіне қоздырғыш - Aspergillus fumigatus.
Көбіне ауруға шалдыққыш адамдар -
иммунитеті төмен адамдар.
Ара ұрықтарын, кей жағдайда сақа араларды
да қамтитын жұқпалы ауру.
ПЕ
НИ
ЦИ
ЛЛ
ИН
Пенициллин, толық атауы бензилпенициллин— түрлі микробтарға қарсы, іріңді жараны,
өкпе қабынуын, баспа, соз және басқа ауруларды емдеуге қолданылатын антибиотик. Ол ең
әсерлі антибиотиктердің бірі. Пенициллин көптеген іріңді бактерияларды қоса алғанда,
бактериялардың көптеген түрін жояды.
Тарихы
Говард Уолтер Флори Александр Флеминг Эрнст
Борис Чейн
1928 жылы өзінің «салақтығынан», Флеминг пенициллин преператының негізін
қалады. Ол Петри кеселерінің көгеріп кеткен біреуінің ішіне үңіліп, бактерия
колонналарының мөлдір күйге енгенін байқайды. Соның арқасында ғылымға үлкен
жаңалық әкеліп, бактериялық денелерді бұзатын пенициллин белсенді затын ойлап
табады. Бастапқыда ол өзі ашқан жаңалықтың көмегімен дәрі жасауға болатынына аса
сене қоймайды. Бірақ оның ісін Говард Флори мен Эрнст Борис Чейн деген мамандар
1940 – 1941 жылдар аралығында жалғастырып, пенициллинді тазалау әдісін
тәжірибеге енгізді. Олар алғаш болып бактериялық инфекцияларға қарсы емдеу үшін
КА
НД
ИД
ОЗ
Кандидоз, кандидамикоз (латынша сandіda – ашытқы, грекше mykes – саңырауқұлақ) – ашытқы тәрізді
саңырауқұлақтармен қоздырылатын терінің, шырышты қабаттың, ішкі органдардың жұқпалы ауруы. Жер
шарында кең тараған, әсіресе, тропиктік және субтропиктік аймақтарда жиі кездеседі. Аурудың
қоздырғыштары теріні зақымдап, органдардың ішкі шырышты қабаттарында (ауыздың, өңештің, ішектің,
әйелдің жыныс мүшелерінің, т.б.) өніп көбейеді.
Пайдаланған
әдебиеттер:
«Қазақ Энциклопедиясы»
А.А.Сүлейменов, М.Исамбаев. «Медициналық анықтама».
«Қазақстан» баспасы. Алматы, 1968. −295 б.
Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету
жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар:
Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс",
"Қазақстан", 1994— 506 бет.
Семей мемлекеттік университеті ,«Өсімдік, балық және ара
шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық
сараптау», оқу әдістемелік кешені, ПОӘК 042-14-
03.01.20.9/032012ж
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz