Патенттік зерттеулер



Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті Патенттік зерттеулер
Орындаған: Мырзагалиева А. Е.
Топ: БТ-507
Тексерген: Кундузбаев Д. К.
Семей 2017

Жоспар:
Патенттік зерттеулер
Патенттік зерттеулердің мақсаты
Патенттік ізденістердің түрлері
Патенттік ізденістердің жүргізілу тәртібі
Әртүрлі техника объектілерін зерттеп дайындау кезеңдерінде патенттік зерттеулер жүргізу ерекшеліктері
Патенттік іздеу салу
Пайдаланылған әдебиеттер


Патенттік зерттеулер
Патенттік зерттеулер - патенттік және басқадай ғылми-техникалық ақпаратты іздеу, талдау және оны ғылыми-зерттеу, тәжірибелі- конструкторлық және жобалық-техноогиялық жұмыстарды жүргізудің барлық кезеңдерінде пайдалану. Патенттік зерттеулер ғылыми есептерді шешу және жана техника объектілерін жасау кезінде шығармашылық үрдіс негізі болып табылады.

Зерттеу нысаны - шаруашылық қызмет нысаны және субъектінің шаруашылық қызметі.
Шаруашылық қызмет нысаны - техника нысаны, соның ішінде мемлекеттік тапсырыс бойынша құрылған нысандар, ноу-хау, шаруашылық субъектісіне көрсетілетін қызметтер.
Шаруашылық субъектісі - халықшаруашылығы қызметінің кез-келген мүшесі.
Бәсекегеқабілеттілік - шаруашылық қызмет нысанының қандай-да бір кезеңде, нақты нарыққа бәсекелестік немесе қарама-қарсы әсер ету жағдайында коммерциялық немесе басқа табысқа жетуін қамтамасыз ету.
Инжиниринг - әртүрлі инженерлік жұмыстарды орындау, коммерциялық негізінде кеңесші қызмет атқару.

Патенттік зерттеулер немесе патенттік ізденістер - ақпараттық ізденістердің бір түрі болып табылады. Патенттік ізденістер патенттік құжаттар қорлары бойынша жүргізіледі.
Патенттік зерттеулер төмендегі мәселелерді шешу үшін жүргізіледі:
Патенттік ізденістердің мақсаты - патенттік құжаттардағы техникалық шешімдерді жаңа техниканы зерттеп дайындау, игеру және іске асыру кезеңдерінде пайдалану міндеттерімен анықталады.
Патенттік зерттеулердің мазмұны және өткізу тәртібі МЕСТ Р 15. 011-96 сәйкес жүргізіледі. Бұл стандарт шаруашылық субъектілерінің қызметіне таралады.
Патенттік зерттеулер және олардың мақсаты
техникалық шешімнің патентке қабілеттілігін немесе объекттің патенттік тазалығын қамтамасыз ету үшін;
патентті иеленушінің құқықтарының жағдайын анықтау үшін.

Техникалық шешімдердің деңгейін анықтау мақсатында патенттік ізденістер өнертабыстар мен пайдалы моделдерге патент алу үшін берілген өтінімдерді сараптау, сондай-ақ ғылыми-зерттеу жұмыстарын жобалау кезінде жүргізіледі. Ізденістер, әдетте, соңғы 7-10 жыл ішінде шыққан патенттік және техникалық құжаттар бойынша жүргізіледі.
Патенттік құжаттардың ерекшеліктеріне байланысты патенттік ізденістердің төмендегі мақсаттары кездеседі:
техникалық шешімдердің деңгейін анықтау;
патент иеленушінің құқықтарының көлемін анықтау;
патентті иеленушінің өз құқықтарын іске асыру жағдайларын анықтау.
Патент иеленушінің құқықтарының көлемін анықтау
екі процедураға бөлінеді:
1. Құжаттың нөмірі бойынша патентті иеленушінің аты-жөнін немесе атауын анықтау. Бұл үшін периодтық басылымдар қолданылады.
2. Патенттің күшінде болу мерзімін анықтау.
Патентті иеленушінің өз құқықтарын іске асыру жағдайларын анықтау патенттік құқықтарды басқаларға беру алдында, лицендия сату кезінде және т. б. . Бұл жерде патенттің заңды түрде берілгені, оның коммерциялық құндылығы (өнертабыс патенттелген мемлекеттердің саны бойынша) және т. б. анықталады.

Патенттік ізденістердің негізгі түрлері
тақырыбы бойынша іздеу
аты бойынша іздеу
құжаттың нөмірі бойынша іздеу
құжаттың түрі бойынша іздеу

Тақырыбы бойынша іздеу ізденістердің басты және ең көп тараған түрі болып таыблады. Өйткені жоғарыда көрсетілген міндеттерді тек қарастырылатын өнертабысқа қатысы бар өнертабыстардың сипаттамаларын табу арқылы шешуге болады. Іздеу кезінде құжаттар МПК индекстері немесе анықтауыш сөздер бойынша таңдап алынады. Іздеу үшін жүйелік көрсеткіштер қолданылады.
Іздеу процедурасы 3 кезеңнен құралады.
І - кезеңде іздеу облысы анықталады (алфавиттік- тақырыптық көрсеткіш бойынша анықтауыш сөздер және МПК индекстерін табады, содан соң МПК бойынша негізгі және сабақтас (ұқсас) рубрикаларды анықтайды) ;
ІІ - кезеңде өнертабыстардың сипаттамалары іріктеп алынады (өнертабыстар сипаттамаларының қорлары немесе патенттік бюллетендер бойынша өнертабыстың нөмірі табылады) ;
ІІІ - кезеңде ізденістің алдын ала нәтижелері нақтыланады (өнертабысқа берілген патент қазіргі күнде күшінде ме, жоқ па? және тағы сондай патентті иеленушінің құқықтары жөніндегі сұрақтар қарастырылады) ;
Тақырыбы бойынша іздеу

Аты бойынша іздеу бәсекелестердің әрекеттерін бақылап отыру үшін және тақырыптық ізденістің алдын ала кезеңі ретінде жүргізіледі, яғни патентті иеленушінің аты бойынша оның атына берілген басқа патенттер, олардың МПК-ның қандай рубрикаларына жататындығы анықталады. Іздеу патентті иеленушігнің, өтінім берушінің атаулары, автордың аты-жөні бойынша жүргізіледі. Іздеу үшін фирмалық көрсеткіштер және басқа конъюнктуралық-коммерциялық анықтауыштар қолданылады.
Аты бойынша іздеу

Құжат нөмірі бойынша іздеу құжаттың қай тақырыпқа жататындығын, оның басқа құжаттармен байланысын және тексеру күніндегі құқықтық жағдайын анықтау үшін жүргізіледі. Құжаттың нөмірі бойынша МПК рубрикаларын анықтайды да сол рубрикадағы басқа өнертабыстарды қарап шығады.
Құжат нөмірі бойынша іздеу

Патенттік ізденістерің жүргізілу тәртібі мыналарды қарастырады:
патенттік ізденістердің тапсырмаларын анықтау, ізденістердің түрлері мен олардың жүргізілу әдістерін және патенттік ізденістерді жүргізу тапсырмаларын өңдеу;
патенттік және басқа да құжаттардың талаптарын іздеуді анықтау, регламенттік ізденісті өңдеу;
талқыланған регламентке сай патенттік таңдау, ізденіс пен ізденіс есептерін әзірлеу;
талқыланған құжаттарды жүйелеу мен талдау;
патенттік ізденістермен берілген тапсырмаларды растау, иеленген субъектінің ұсыныстарын растау, қорытынды жасау;
ізденістердің нәтижелерін әзірлеу патенттік ізденістердің есебі түрінде.
Патенттік ізденістердің жүргізілу тәртібі

Әр түрлі объектілерді зерттеп дайындау кезеңдерінде патенттік зерттеулерді жүргізудің ерекшеліктері болады.
Жобалау кезеңінде тақырыпты жоспарға енгізудің қажеттілігі анықталады. Ізденістер соңғы 5-7 жыл бойынша жүргізіледі. Іздеу нәтижелері бойынша елде және шетелдерде шығарылатын техниканың деңгейі, бұрын орындалған және орындалып жатқан жұмыстардың деңгейі, басқа салаларда немесе басқа мемлекеттерде орындалған жұмыстарды лицензиялық шартқа отыру арқылы қолдану мүмкіндігі анықталады.
Техникалық тапсырма зерттеп дайындау кезеңінде жаңа патенттік-ақпараттық және басқа материалдарды (соңғы ресми бюллетендерді, өнертабыс сипаттамаларының аудармаларын және т. б. ) қосымша талдайды. Іздеу соңғы 10-12 жыл бойынша жүргізіледі. Бұл кезеңде техникалық шешімдердің әр түрлі варианттары салыстырылады.
Патенттік зерттеулерді жүргізудің ерекшеліктері

Эскиздік жоба зерттеп дайындау кезеңінде объект бойынша негізгі шешімдер анықталады. Бұйымға қойыладын техникалық шарт немесе техникалық ұсыныстардың талаптары мақұлданады немесе нақтыланады. Ізденіс 50 жыл бойынша жүргізіледі.
Техникалық құжаттамалар зерттеп дайындау кезеңінде алдыңғы кезеңдерде қабылданған шешімдер нақтыланады. Бұл кезеңде жаңа техникалық шешімдерді және тұтас объектті күнделікті ғылыми-техникалық және патенттік ақпарат бойынша тексеру жүргізіледі.
Техника объектілерін сериялап шығару кезеңінде патенттік ақпарат жаңадан берілген патенттерді қарау арқылы бұйымның патенттік тазалығын бақылау үшін қолданылады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz