Бизнес-жоспар Антикафе


Slide 1

Антикафе

Бизнес-жоспар

Тексерген: Есенбекова З. Ж.

Орындаған: Мырзагалиева А. Е.

Тобы: Бт-507

Slide 2

Жобаның талдауы:

Инвестициялық жобаның мақсаттары: Семей қаласында антикафе ашу.

Өнім: Қызмет көрсету саласы

Жобаның құны: 8 411 000 теңге.

Өтелу мерзімі: 2 жыл.

Slide 3 Slide 4

Жобаның тұжырымдамасы

Антикафе - бұл салыстырмалы түрде елімізде жуырда ғана пайда болған мәдени демалыс орны. «Анти» сөзінің мағынасы не? Келушілер тапсырыс берілген тамаққа емес, мекемеде өткізген уақытқа төлейді. Жалпы ыңғайлы болуы үшін минутына төлеу ойластырылған. БАҚ антикафе иелерін «уақыт саудагерлері» деп атайды. Қонақтарға шай, кофе мен тәттілер тегін беріледі, ал тойымды тамақты өзімен бірге ала кіруге болады. Жалғыз шарты: алкоголь болмауы тиіс. Осы жобалардың көпшілігі коммерциялық сипатта келіп, Еуропа, Америка және Ресей елдерінде кеңінен таралған. Антикафенің тағы бір ортақ ережесі:. Бұл жерде ішпейді және темекі шекпейді, ең бастысы балағат сөздер айтылмайды

Антикафе - үйде теледидар көріп немесе барда бір саптыаяқ сыра ішіп демалудан шаршаған, тыныш жерде жағымды компаниямен үстел ойындарын ойнап немесе проекторда кино көріп, тыныш жерде уақыт өткізгісі келетін жастарға арналған орын. Ойын мен тамақта өзімен бірге ала келуге, сондай-ақ мекеменің аспаптарын пайдалануға болады. Бірақ құмар ойындарына тыйым салынады. Белгілі бір күндері бұл жерде тақырыптық кештер, мысалы, «Мафия кеші» өткізіледі.

Slide 5 Slide 6

Жобаның сипаттамасы

Қазіргі сәтте Семей қаласында көңіл көтеретін орындар көп, олыр алуан түрлі, кейде жастар үшін қаржылай қолжетімсыз болып жатады. Біздің жоба бойынша антикафеге, негізінен, жастар мен студенттер жиналатын болады. Антикафе үш бөлмеден тұрады:

Қарым-қатынас бөлмесі. Бұл бөлмеде жастар түрлі ойындар ойнайды, әлдебір тақырыпты талқылайды, түрлі кездесу, тренингтер өткізеді немесе жай ғана араласады.

Ойын құрылғылары мен шағын кинотеатр бөлмесі. Ойын құрылғылары, Sony Playstation, жастар арасында үнемі кеңінен пайдаланылып келеді. Бұл бөлме басқа ойынханалардан атмосферасы мен қарапайымдылығы жағынан ерекшеленеді. Сонымен қатар фильмді ұжымдаса көру, кино-түн өткізу үшін келеді. Я болмаса бір шыныаяқ шай ішіп, достарымен онлайн фильм көреді және киноны талқылайды.

Оқу бөлмесі. Жоба бойынша Kindle оқу үшін планшет сатып алу қарастырылады. Оқуға әуесқойлар жиналып, әдеби шығармаларды талқылауы мүмкін. Бұл бөлме оқырмандар клубының пайда болуына бастау бола алады. Антикафенің барлық қонақтары өзімен бірге тамақ, алкогольсіз сусындар, музыкалық аспаптар алып кіре алады. Жоғарыда атап өткеніміздей, антикафенің негізгі өзегі - студенттер. Орналасуы мен бағасы осы бизнесті дамыту мен танымал етудің негізгі факторы болып табылады. Антикафеде 3 сағат болу 1000 теңгені құрайды.

Slide 7 Slide 8

Бастапқы шығындар:

Атауы

Саны

Бағасы, теңге

Жалпы құны, теңге

Sony Playstation

2

100 000

200 000

Плазмалық теледидар

2

130 000

260 000

Стол

2

80 000

160 000

Диван

5

110 000

550 000

Kindle сенсорный

5

45 000

225 000

Ноутбуктер

5

120 000

600 000

Тоңазытқыш

2

80 000

160 000

Кілем

2

50 000

100 000

Ыдыс-аяқ

1

100 000

100 000

Ас үй жиһазы

1

200 000

200 000

Барлығы

2 555 000

Slide 9 Slide 10

Пайда мен залалдар туралы есеп Қызмет көрсетуден түсетін табыс: Күніне 35 клиентке қызмет көрсетіледі деп болжанып отыр. Барлығы б7 416 000 олып күніне: 37*1000 теңге= 37 000 теңге, айына: 35 000 теңге*30 күн = 1 050 000 теңге, жылына: 1 050 000теңге*12 ай = 12 600 000 теңге

Бап атауы

Сомасы

Қызмет көрсетуден түскен табыс

13 320 000

Жалпы және әкімшілік шығыстар

8 411 000

Әлеуметтік салық

300 744

Операциялық табыс

4 578 256

Корпоративтік табыс салығы

378 000

Таза пайда

4 200 256

Slide 11 Slide 12

Жалпы және әкімшілік шығыстар:

Шығындар

Айына

Жылына

Еңбекке ақы төлеу

310 000

3 000 000

Бөлме-жайды жалға алу

180 000

2 160 000

Коммуналды төлемдер (электр қуаты, су, қоқыс шығару, интернет)

30 000

360 000

Шай мен тәттілер

10 000

120 000

Жарнама шығыстары

15 000

180 000

Басқа да болжанбаған шығыстар

3 000

36 000

Жиһаздар мен техникаға кетен шығыстар

2 555 000

Барлығы

488 000

8 411 000

Slide 13 Slide 14

Еңбекке ақы төлеу:

Лауазымы

Саны

Айына

Жылына

Рэсэпшн

1

60 000

720 000

Менеджер

2

140 000

1 680 000

Тазалаушы

1

50 000

600 000

Персонал бойынша барлығы

4

250 000

3 000 000

Slide 15 Slide 16

Әлеуметтік салық, теңге

133 344

Әлеуметтік аударымдар, теңге

167 400

Әлеуметтік салық. Жоба бастамашысы өзі үшін екі айлық есептік көрсеткіш және әрбір қызметкер үшін бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік салық төлейді (1 852 теңге АЕК * 2 * 12 ай + 1 852 теңге АЕК * 2 қызметкер *12 ай = 88 896 теңге) . Міндетті зейнетақы жарналарын қоспағанда (3 720 мың теңге*(1-10%) *5%= 167 400 теңге), әлеуметтік аударымдар еңбекақы сомасының 5%-ына тең.

Салықтар және бюджетке төлемдер. Жоба аясында пайдадан 3% бойынша оңайлатылған салық салу жүйесі негізінде корпоративтік табыс салығын төлейтін болады - 378, 0 мың теңге (12, 6 млн. теңге* 3%) .

Slide 17 Slide 18

Жобаның негізгі экономикалық көрсеткіштері:

- жобаның жалпы инвестициялық көлемі - 8 411 000 теңге; - жылдық пайда - 4 200 256 теңге; - жобаның өтелу мерзімі - 2 жыл; Есептеудің базалық нұсқасы өнім өндіру көлемінің өзгеруін қарастырмайды. Жоба жоба бастамасышысында жер телімінің болуын ескереді. Сату жоспарының жоспарлы көрсеткіштерін есептеу кезінде, өндірілген өнімді өткізудің бекітілген бағасы ескерілді.

Slide 19

Жобаны қаржыландыру

Өзіңіздің жеке қаражатыңыз болмай, бірақ жеке бизнесіңізді ашу ниетіңіз болған жағдайда, қосымша капитал тартудың бірнеше жолы бар. Қаржыландыру нұсқалары: ЕДБ арқылы несие алу. Қаржы есептері пайыздық мөлшерлемесі 12%, өтеу мерзімі 36 ай, өтеу мерзімі жарты жылға кешіктірілетін, содан кейін ай сайын тұрақты төлеп тұратын қарыз алу қажеттілігін айқындап отыр.


Ұқсас жұмыстар
Бизнес-жоспар: Антикафе «Друзья»
АНТИКАФЕ ЖОБАНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
АНТИКАФЕ ЗАЛЫ
Жобаның талдауы
КӘСІПКЕР БИЗНЕСПЕН БІРГЕ ТУЫНДАЙТЫН
Бизнес жоспар туралы
Сапалы талдаудың міндеті тәуекелділіктің факторын анықтау
КАНВА БИЗНЕС - МОДЕЛДЕРІ
Бизнесті сипаттау
Бизнес жоспардың негізгі бөлімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz