Бунақденелілердің классификациясы



Бунақденелілердің
классификациясы

Дәрістің мақсаты:

1. Бунақтыденелілерді жіктеу принципі.
2. Алғашқы қанатсыз насекомдар (Apterygota) . Қанатты насекомдар (Pterygota) . Ежелгі қанатты насекомдарға (Palaeoptera)
3. Жаңа қанаттылар (Neoptera) .
4. Жартылай және толық түрленіп дамитын бунақтыденелілер
Дәрістің жоспары:

АЛҒАШҚЫ ҚАНАТСЫЗ НАСЕКОМДАР - APTERYGOTA НЕМЕСЕ - ЖАБЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ENTOGNATHA
Бұлардың қанаттары жоқ, тіпті арғы-тектерінің де қанаттары болмаған болуы керек деп болжайды. Ауыз аппараты бастың жоғарғы жағығідағы ерекше капсуланың ішінде орналасқан, сыртқа тек шеттері ғана шығып тұрады (класс тармақтың аталуы да осыдан) . Денесі бас, кеуде, құрсақ бөлімдерге бөлінген. Кеудесінің сегменттеріндегі үш жұп аяқтарынан басқа, құрсағында да рудименггі аяқтары болады, бұлар түрі өзгерген секіру айыршасы, сырғақшалар түрінде дамып локомоторлық мүшелер есебінде қызмет атқарады. Күрделі көздері жоқ. Дамуы анаморфоз жолымен өтеді. Көбінесе топырак арасында, шөп-шаламдар, ағаш түбірінің қабықтарыньщ астында тіршілік ететін ұсақ насекомдар. Саңырауқұлақтарды, балдырларды, қыналарды, ауыл шаруашылық өсімдіктерін жеп, көп зиян келтіреді, сонымен қатар топырақтың қалыптасуында да үлкен орны бар. Қазақстанда зерттелмеген.

АЛҒАШҚЫ ҚАНАТСЫЗ НАСЕКОМДАР - APTERYGOTA НЕМЕСЕ ЖАБЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ENTOGNATHA
Протура немесе мұртсыздар отряды - Protura
Қосқұйрықтылар отряды - Diplura
Аяқкұйрықтылар отряды - Collembola

Протура немесе мұртсыздар отряды - Protura
Денесі құрт тәрізді, күрделі көздері, мұртшалары, қанаттары жоқ ұсақ насекомдар, ұзындығы 0, 5-2мм шамасында. Ауыз аппараттары тесіп-соратын арнайы капсуланың ішінде орна- ласқан. Кеудесіндегі үш жұп аяқгарының бірінші жүбы ұзарған, денесінің алдыңғы жағына бағытталып, мүртшаның қызметін атқаруға бейімделген. Құрсағы 12 сегменттен құралған. Дамуы анаморфоз жолымен өтеді. Топырақта, қурап түскен жапырақгардың арасында, шіріген түбірлерде тіршілік етеді. 200 түрі бар. Негізгі өкілі - Eosentomon transitorum

Қосқұйрықтылар отряды - Diplura
200-ге жуық түрі бар. Тропикалық және субтропикалық аймақтардың топырақтарында кең тараған, ұзындығы 2-8 мм, мүртшалары көп бунақты, үзын, ауыз аппараттары кеміргіш (арнайы капсуланың ішінде), қанатгары жоқ, құрсағының артқы жағында үзын өсінділері - церкалары бар. Басы үлкен, көзі дамымаған. Негізгі тұқымдастары және түрлері Campodeidae (Campodea plusiochaeta) және Japygidae (Japyx confusus)

Аяққұйрықтылар отряды - Collembola
Денесі созылыңқьі немесе шар тәрізді, ұзындығы 0, 2-2 мм, кейбіреулерінде 10 мм-ге дейін. Құрсағы алты сегментті, төртінші сегментінде түрі өзгерген секіру айыршасы, үшіншісінде - ілгекшесі, біріншісінде - кұрсақ түтікшесі жақсы дамыған. Ауыз аппараты кеміргіш немесе тесіп-сорғыш (арнайы капсуланың ішінде орналасқан) . 3500-ге жуық түрі бар. Топырақтарда кең тараған, олар топырақ түзу процестерінде үлкен роль аткарады. Кейбір түрлері бау-бақша өсімдіктеріне зиян келтіреді. Негізгі туыстары: Entomobrya, Ceratophysella, Sminthurus

ҚАНАТТЫ НАСЕКОМДАР - PTERYGOTA НЕМЕСЕ АШЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ -
ECTOGNATHA
Бұл класс тармағына 30-дан аса отрядтар жатады. Қанаттары жаксы жетілген, тек қылтанкұйрықтылар отрядының өкілдерінде қанаттары дамымаған, ал биттер, бүргелер, мамықжегіштер отрядтарының эктопаразиттік тіршілік етуіне байланысты қанаттары екінші реттік түрде жойылып кеткен. Ауыз бөлшектері бастың жоғарғы жағындағы ауыз тесігінің айналасында орналаскдн, сырттай жақсы көрінеді (класс тармақгың аталуы да осыдан) . Күрделі фасеттелген көздері бар. Трахея аркылы тыныс алады.

Біркүндіктер отряды - Ephemeroptera
Tac көмір дәуірінен белгілі ежелгі насекомдар. Ұзындығы 2-40 мм. Алдыңғы қанаттары артқысынан ұзын, кейбір түрлерінде артқы қанаттары жоқ. Тыныштық күйінде канаттары денесіне жиырылмай денесінің екі жағында жайылып тұрады. Құрсақ сегментінің соңында үш немесе екі үзын құйрық жіпшелері бар. Ауыз аппараты дамымаған, ас қорыту жүйесі ауа капшығына айналған. Ересек түрлері қоректенбейді, бірнеше сағат немесе бір күн өмір сүреді (біркүндіктер деп аталатыны осьщан) . Шағылысып болғаннан кейін аталығы өледі, ал аналығы судың жағасына немесе суға жүмыртқаларын салып болғасын өледі. Личинкалары суда 2-3 жыл бойы өмір сүріп, бірнеше рет (25-ке дейін) түлеп қанатты субимаго деген формаға айналады. Субимаго бірден түлеп имаго сатысына көшеді. Осындай екі кезеңцерінің (субимаго және имаго) болуы тек қана біркүндіктерге тән. 2000-нан аса түрі бар. Негізгі өкілдері: кәдімгі біркүндік (Ephemera vulgata), сары түсті біркүндік (Potamanthus luteus), қоңыр біркүндік (Habrophlebia fusca), қоскднатты біркүндік (Cloeon dipterum) .

ҚАНАТТЫ НАСЕКОМДАР - PTERYGOTA НЕМЕСЕ АШЫҚ ЖАҚТЫЛАР КЛАСС ТАРМАҒЫ- ECTOGNATHA
Қылтанкұйрықтылар отряды - Thysanura
Бүркүндіктер отряды - Ephemeroptera
Инеліктер отряды - Odonata
Тікқанаттылар отряды - Orthoptera
Термиттер отряды - Isoptera
Тарақандар отряды - Blattoptera
Дәуітгер отряды - Mantoptera
Теріқанаттылар отряды - Dermaptera
Теңқанаттылар отряды - Homoptera
Жартылай қаттықанаттылар немесе қандалалар отряды - Hemiptera
Биттер отряды - Anoplura
Кабыршаққанаттылар немесе көбелектер отряды - Lepidoptera
Қаттықанаттылар немесе қоңыздар отряды - Coleoptera
Жарғаққанаттылар отряды - Hymenoptera
Торқанаттылар отряды - Neuroptera
Жылғалыктар немесе түкқанаттылар отряды - Trichoptera
Бүргелер отряды - Aphaniptera
Қосқанаттылар отряды - Diptera

Тікқанаттылар отряды - Orthoptera, S. Saltatoria
Қанаттарының алдыңғы жұбы қатқылдау, тері тәрізді, дене үстін бойлай тік орналасқан (отрядтың аталуы да осыдан), артқы қанаттары нәзіктеу, жарғақ болып келеді, кейде олар жетілмеген. Артқы аяқтары ұзын, секіруге бейімделген, сондықтан тікқанаттыларды секіргіш насекомдар - Saltatoria деп те атайды. Ауыз аппараттары кеміргіш, шырылдау мүшелері бар, шала түрленіп дамиды. 2-ға жуық түрі бар, солардың ішінде 700- ден аса түрі Қазақстанда кездеседі. Тікқанаттылар отряды екі отряд тармағына бөлінеді: қысқа мұрттылар -Вгасһусега және ұзын мұрттылар - Dolichocera. Қысқа мұрттылардың мүртшалары денесінің жартысынан қысқа, жіп тәрізді. Ең маңызды тұқымдасы - нағыз шегірт- келер - Acrididae. Ұзындығы 2-9 см. Ұрғашыларында 4 жармалы қысқа жұмыртқа салғышы болады, сонымен жерді шұңқырлап теседі де, көбіктенген сұйық зат бөледі. Оған жабысқан топырак түйіршіктері қатайып күбірше (қоймақалта) пайда болады.

Ұзын мұрттылар - Dolichocera өкілдерінің мұртшалары денесінің жартысынан ұзын, қылшық тәрізді. Ең маңызды тұқымдастары - шекшек немесе жасыл шегіртке - Tettigoniidae, шілделік немесе қара шегіртке - Gryllidae және бұзаубас тұқымдасы - Gryllotalpidae.
Шекшек - Tettigoniidae тұқымдасының өкілдері сыртқы көрінісі жағынан шегірткелерге ұқсас, негізгі айырмашылығы: дене тұркы 27-42 мм, жіңішке қылшық тәрізді мұртшалары денесінен ұзын, үстіңгі канаттары ұзын және жүмсақ, аяқтарының табан бөлімі 4 бунақты (шегірткелерде 3 бунақты), аналығының жүмыртқа салғышы үзын (22-30 мм), семсер тәрізді, үшы төмендеу иілген. Жұмыртқаларын топыраққа, өсімдікке жекелеп немесе бірнешеден топтап салады.

Ұзын мұрттылар - Dolichocera
Шекшек - Tettigoniidae

Бұзаубас - Gryllotalpidae. Топырақта мекендейді, денесінің түрқы 25-60 мм, үстіңгі қанаттары қысқа, тері тәрізді, астыңғысы - жарғақ, ұзын. Алдыңғы аяқтарымен жерді қазады. Аналығының жүмыртқа салғышы жоқ. Жүмыртқа салу үшін 10- 20 см жер астына ұя казады. 10-12 тәуліктен кейін личинкалары шығады, олар ересектеріне ұқсас, өте шапшаң жүреді. 7-8 рет түлеуден кейін личинкалар ересек түріне айналады. Күндіз жер астында болып, қараңғы түсе жер бетіне шығып, жарыққа қарай үшады. Аталықтары түнде шырылдайды. Жазда бүзаубастар 25- 46 см ұзын індер қазады.

Кәдімгі бұзаубас - Gryllotalpa gryllotalpa
Қиыршығыстық - G. africana

Таракандар отряды - Blattoptera
Ежелгі насекомдар, палеозой эрасының тас көмір дәуірінен белгілі. Ұзындығы 4-95 мм. Алдыңғы қанаттары қатқылдау, тері тәрізді, артқысы - нәзіктеу, жарғақ, тыныш күйінде алдыңғы қанаттың астына жиналып жатады. Кейбір түрлерінде қанаттары жетілмеген (кара тарақанда), немесе мүлдем жоқ (ірі египеттік тарақанда) . Құрсағының соңғы буынында өзгеріске үшыраған қүрсақ аяқтарының қалдығы - церкалары бар. Жұмыртқаларын қосалқы жыныс бездерінің сілекейлі секретінен күрылған оотека деп аталатын пілләнің ішіне салады. Оны біраз уақыт қүрсағының соңғы жағына жабыстырып, тасып, кейін жылы жерге тастап кетеді. Шала түрленіп дамиды. Ауыз аппараты кеміргіш. Қоректі талғамайды. Мұртшалары ұзын. Топырақтарда, тастар, жапырақ астында, түнде тіршілік ететін насекомдар. Кейбір синантропты түрлері түрғын үйлерде, нан пісіретін жерлерде өмір сүреді, олар: қара тарақан - (Blatta orientalis), сары (жирен) тарақан немесе прусак - (Blattella germanica. Үй заттары мен тағамдарды ластай отырып, кейбір ауруларды таратады.

Қара тарақан - Blatta orientalis
Прусак - Blattella germanica

Қабыршақканаттылар немесе көбелектер отряды - Lepidoptera
Қанаттарының беттерін ұлпадай қабыршақ басып жатады (сондықтан қабыршаққанаттылар деп аталады), бұл қабыршақгар қанаттарын алуан түсте құбылтып, құлпыртып тұрады. Ауыз аппараты сорғыш тұмсыққа айналған. Ересек көбелектер гүддің шырынымен қоректенеді. Толық түрленіп дамиды. Личинкалары жұлдызқұрттар деп аталады. Олардың кеудесінде жүп, ал құрсағында екі-бес жүп “жалған» аяқтары болады, ауыз аппараты имагодан (ересек түрінен) айырмашылығы - кеміргіш типті. Жылдам қоректеніп, келесі дамуына қор жинап өсіп, 4-5 рет түлеген соң қуыршаққа айналады. Дамуы бірнеше күннен 2 жылға дейін. Көптеген түрлерінің жүлдызкүрттары өсімдіктердің жапырағында тіршілік етеді, кейбіреулері топырақта мекендейді.
Көптеген көбелектердің жүлдызкүрттары ауыл және орман шаруашылығына зиянды. 14-нан аса түрі және 100-ден аса тұқымдастары бар.

Негізгі тұқымдастары: ак көбелектер - Pieridae, көгілдір көбелектер - Lycaenidae, нимфалидалар - Nymphalidae, барқыт көбелектер - Satyridae, мүр көбелектер - Geometridae, ала көбелектер - Zygaenidae, бражниктер - Sphingidae, бұйра көбелектер - Orgyidae, кәдімгі күйе көбелектер - Tineidae, түн көбелектері - Noctuidae.
Ақ көбелектер тұқымдасы - Pieridae. Күндіз ұшатын, қанаттары ақ, сары, қызғылт сары, қара дақгарымен. 100-ге жуық түрі бар. Казақстанда - 70. Негізгі өкілі капуста ақ көбелегі - (Pieris brassica) . Қанаттарының өрісі 5, 5-6 см. Жұмыртқасын тобымен жапырақка салады. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 6 см-ге дейін, үстін біркелкі қысқа қылшықтар басқан. Капустаны және басқа да егіндіктегі крестгүлділердің жапырақтарын зақымдайды.
Көгілдір көбелектер тұқымдасы - Lycaenidae. Қанаттарының орісі 20-40 мм, үстіңгі жағы көгілдір (аталуы содан), көк, жасыл, сарғыш-қызыл кейде металл жылтыр түстес болады, ал астыңғы жағы көгілдір түсті және үсақ көзше дақтары бар. 1000-ға жуық түрі кең тараған. Казақстанда Қызыл кітабына 9 түрі тіркелген.
Нимфалидалар - Nimphalidae тұқымдасының өкілдері далалы аймақтарда кеңінен тараған. Қанаттарының өрісі 25-180 мм, үстіңгі жағы қара түсті, ақ және қызыл дақтарға аралас. 2000-ға жуық түрі бар.

Ақ көбелектер тұқымдасы - Pieridae
Көгілдір көбелектер тұқымдасы - Lycaenidae
Нимфалидалар - Nimphalidae

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz