Батыс Қазақстан облысының пластикалық ыдыстардың қоршаған ортаға зиянымен экономикаға пайдасы




Презентация қосу
              Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
 
    М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

 
 

                                                                                Ғылыми зерттеу жұмысы
             «Батыс Қазақстан облысының пластикалық ыдыстардың қоршаған ортаға    
     зиянымен экономикаға пайдасы»
 

Орал қаласы 2015 жыл
*  
                                               

 

                     Мазмұны
 
І. Кіріспе                                                             
                                                         
ІІ. Негізгі бөлім                                                  
                                                                
а) Жобаның мақсаты                                         
                                                            
ә) Зерттеу мәселері                                            
                                                 
б) Зерттеу нәтижелері мен мәселенің 
практикалық шешімдері               
ІІІ. Қорытынды                                                  
                                                               
ІҮ. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 
Табиғат-бұл бізді қоршаған орта. Ол адам баласының санасынан тыс, өздігінен пайда 
болған дүние. Демек, «Адамдардың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға 
тілі жоқ». 
         Қазіргі уақытта қоқыс зерттеуіне көп көңіл бөлуіміз керек. Ал қоқыстарды 
зерттейтін сала - Гарбология деп аталады. Гарбология ағылшын тілінен аударғанда 
«қоқыс» деген мағынаны білдіреді. Оны 1973 жылы Уильям Рэджи ашты.Ол экология 
ғылымынан бөлінген жеке бір сала. 
       Қоқыс - еліміздің дамуына кесір. Қазіргі кезде бәрімізді қатты алаңдатып 
отырған жағдай – табиғатымыздың тікелей адамның іс-әрекетінен ластанып, 
бұзылуы.
Қоқыс-XXI ғасыр дерті
«Қоқыс қалдықтарды қайта өңдеу қаланың өзекті мәселесінің бірі болып 
қалып отыр. Әлемдегі жетекші елдердің тәжірибесі көрсеткендей, бұл 
мәселені оңтайлы шешуге толық мүмкіндік бар. Мәселен, Швейцарияда 
әрбір тұрғын қоқысты сұрыптап төгуге міндетті: шыныны шыныға, металды 
металға, қағазды қағазға. Ол тек көшелерде емес кейбір дамыған 
мемлекеттерде айта кететін болсақ Польшада  жоғарғы оқу орныдарында да 
қойылған.
     Қазақстанда жыл сайын бес миллион тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар 
пайда болады. Оның тек бес пайызы ғана жойылады екен. Республиканың түкпір – 
түкпірінде орналасқан кәсіпорындарда қалдықтың 25 миллиард тоннасы 
жинақталғанын ескерсек қоршаған ортаға тигізер залалы мен зардабын айтып 
жеткізудің өзі қиын. Біз  егер  қоқыс қалдықтарын қайта өңдеу әдісін қолданатын 
болсақ, еліміздің экономикасына көп пайдасы болар еді.  Мысалы, қағазды қайта 
өндіргенде 1 тонна өндірілген қағаздан - 1 тонна дәретханалық қағаз жасауға болады.1 
тонна өндірілген қағаз 17 ағашты құтқарады. Қоқыс қағаздарын қайта өндіргенде 
судың-60%, энергияның-40%, ауаның ластануына -74%, судың ластануын – 35% 
үнемдейді екенбіз. Ал, пластикалық ыдыстардан да әр түрлі нәрселер мектепке 
көрнекіліктер,үй тұрмысына қолданатын бұйымдар, қоршаған ортаны қорғауға 
қажетті нәрселер жасауға болады, мысалы: пластикалық ыдыстардан құстарға қысты 
күні өте қажет жем салғыштар жасасақ, ыстық жазды күндері су ішетін құралдар 
жасауға болады. 
Қала қалдықтарында әртүрлі компоненттерге 
келетін мөлшер массалық %-пен алғанда:

Азық-түлік
Тері,
Металдар
Ағаш
Шыны
қалдықтары
резина
1,5-3
Пластмасса
Қағаз 3-6%
2-4
1-2
30-40%%%%30-40%
10-15%
Орал қаласынан бірнеше шақырым қашықтықта орналасқан бұл қоқыс алаңы қалаға және  
қала шетіндегі ауылдарға жақын орналасқандықтан біріншіден, ауа-райының әсерінен, 
яғни шаң, дауыл, желдің болуынан қоқыс қалдықтары жан-жаққа ұшу арқылы айналаны 
ластап қана қоймай, иісінің өзі адамдардың денсаулығына тікелей әсер етеді. Мысалы, 
аллергиясы бар адамдарға тыныс алу қиындап ауа жетпей денсаулығына қауіп төнеді. 
Екіншіден, қоқыс таситын жүк көліктері қоқыс тастайтын алаңға кіріп шыққан сайын 
түрлі бактерияларды алып шығып көліктің дөңгелектерін хлорлап тазаламастан қалаға 
кіреді. Осылай, қала ішіндегі адамдардың, кішкентай балалар мен қарт адамдардың 
денсаулығына қауіп төндіріп отыр. Бұл мәселе демографияны дамытумен тікелей 
байланысты болғандықтан бұл жұмысты қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі деп 
санаймын.
 
Қоқыстардың шамамен 85% - ы полиэтилен пакеттер. Бүгінде барлық өңірдегі 
егістік, шабындық, жайылым өрістерді бұлттай тұтып, әрбір бұта басында 
дерлдік жалаудай желбіреп тұратынын күндіз көзіміз көріп жүр. Күре жолдың 
бойына құдды бір оларды жапырлата егіп тастағандай көрінеді. Осылайша жерді 
де, көкті де, суды да «жаулап алып» жатыр. Онсыз өмір сүруде қиын. Оны үйде 
де түзде де пайдаланамыз. Орташа есеппен 20 минут қана пайдаланылатын 
мұндай дорбалар шірімей 400 жылға дейн теңкиіп жата беретін көрінеді. 
Адамдар күн сайын тау-тау қылып күл-қоқысқа тастайтын пластмасса құтылар 
жер бетінде 500 жылға дейін жер бетінде жатады екен.
                                 Қорытынды
  «Бір тал кессең, он тал ек» деген халық даналығын ескере отырып  
халықтың  таза ауамен тыныстап, жан – жағымызды таза да көркем етіп 
ұстауды  үгіттеген жоба  ұсыныстарын ұсынамын :
 Қоқыстардың санын көбейтетін бос қораптар мен пластикалық ыдыстарды 
пайдаға жарату:
1.Пластикалық ыдыстардан мектепке көрнекілік, тұрмыста қолданылатын 
бұйымдар даярлау; 
2.Жасыл желекті тамшылатып суару әдісіне пластикалық ыдыстарды 
пайдалану;
3.Қораптар, пластикалық ыдыстарды үйірмелерде пайдалану жолдарын 
қарастыру. 
• Қазақстанда қоқысты қайта өңдеуге арналған зауыттар салуға жұмыстану
• Арнайы дайындалған орынға қоқысты көму.
• Қалдықтарды залалсыздандыратын жаңа технология ойлап табу.
• Топырақты құнарландыру үшін тағам қалдықтарын көму, құрамында 
хлоры жоқ пластмассаны өртеу, поливинилхлоридті қоқысты көміп тастау.  

                      Назарларыңызға рахмет!!!
 

Ұқсас жұмыстар
Жасыл экономиканың ғаламдық тенденциялары
Ғаламдық проблема
Қаладағы экстремалдық жағдайлар және олардың түрлері
Жасыл экономиканы дамытудың жеті негізгі бағыттары
Биологиялық жүйедегі зат алмасу. Фотосинтез фазалары
Полимерлер өндірісі
Табиғи ортаның сапасы және халықтың денсаулығы
Тас дәуірі
Қазақсатандығы қоқыс мәселесі
1.Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар. 2.Ерекше қорылатын табиғи территориялар – қоршаған ортаны қорғау шараларының бір түрі
Пәндер