ЖАРАҚАТТАНУ. ЖАРАҚАТТАР ТҮРЛЕРІ. БАЛАЛАРДЫҢ ЖАРАҚАТТАНУЫ


Slide 1

Жарақаттану. Жарақаттар түрлері. Балалардың жарақануы.

Орындаған:ФиИ-104 тобының студенті Жумагалиева Диана

Slide 2

Жоспар:

1. Жарақаттану;

2. Жарақаттану түрлері;

3. Жарақаттану белгілері;

4. Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек;

5. Балардың жарақаттануы.

Slide 3

1. Жарақаттану.

Барлық механикалық зақымдаушылар ашық және жабық деп бөлiнедi. Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. Жарақат әр түрлі болады (денеге бөгде заттық кіріп кетуі, не кесіп кетуі, тістің орны, оқ тию т. б. ) ; жарақаттанғанда сүйек, қан тамырлары мен нервтер зақымдануы мүмкін. Жарақаттың ауыр жеңілдігі (әсіресе басқа, кеуде мен ішке түскен жарақат қауіпті) оның қай жерде екендігіне, үлкен-кішілігіне, сондай-ақ қаншалықты ластанғанына, қанның қанша кеткеніне байланысты. Жарақат (хирургиялықтан басқасы) түскен кезде міндетті түрде және одан кейін де ластанады. Сондықтан жарақат тез жазылып кетуі үшін оны алғаш рет дұрыс таңудың маңызы зор. Егер мүмкіндік болса, медицина мекемесіне барып, сіреспе ауруына қарсы ектіріп, жарасын тандыру қажет. Жарақаттың қай түрі болса да ең алдымен қайын тоқатып, оған микроб түспеуі үшін дереу тандыру керек. Стерильденген дәкеден жасалған таңғыш өте қолайлы. Жараны тайраңда дәкенің үстіне мақта салады да, орап тасталды.

Slide 4

Жаралар беткі қабаттағы (терінің жоғарғы қабаты зақымданады) және терең (тері асты клеткасы, сіңірлер, терең орналасқан тіндер бұзылады) болуы мүмкін . Адам денесінің ішкі қуыстарына - кеуде, іш және бас сүйегі ішіне еніп кеткен жаралар аса қауіпті болып саналады, өйткені бұл кезде белгілі бір ішкі орган зақымдануы мүмкін

Жаралаушы құрал түрі мен тіндердің бұзылуы сипатына байланысты жаралардың төмендегідей түрлерін ажыратуға болады: - кесілген (пышақпен, алмаспен, әйнек, шыны жарықшақтарымен жаралану-жара шеті ажырап, қатты канайды) ; - шабылған (балтамен - сүйектер зақымдануы мүмкін) ;

Slide 5

2. Жарақаттану түрлері.

1. Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

2. Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

3. Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану) ;

4. Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, тұрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т. б. немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т. б. кезінде қасақана жасалатын зақымдар) ;

5. Әскери қызметшілердің соғыс кезіндегі және бейбіт кездегі жарақаттары болып табылатын әскери жарақаттану;

6. Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.

Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда - жаралану, көшеде - сынық, спортта соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері көбірек орын алады.

Күнделікті тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.

Slide 6

1. Терінің бүтіндігінің бұзулуы бойынша жарақаттар бөлінеді: ашық және жабық жарақаттар. Ашық жарақатқа ұлпа мен ағзалардың анатомиялық тұтастығының бұзылуы жатады: жара, сынық, күйік, буынның таюы. Жабық жарақатқа - терінің сыдырылуы, сіңірдің созылуы, бұлшық еттің жаншылуы, аяқ - қолдың буыннан шығуы, сүйектің жабық сынуы.

2. Жедел және созылмалы жарақаттар. Жедел дегеніміз ағза ұлпасында бір сәтте қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану. Созылмалы дегеніміз аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану. 3. Тікелей және тікелей емес жарақаттар. Тікелей жарақаттар соққы тіген жерде пайда болады. Тікелей емес ағзаның басқа жерінде пайда болған жарақаттар. 4. Қайтымды және қайтымсыз жарақаттар.

Slide 7

Күйік Үсік Сынық Жарақат Улану Қан кету

Күйік-теріге қайнап тұрған су, өте ыстық бу, қызған металл бұйымдары, шарпыған от, сондай-ақ электр тоғы әсер еткенде пайда болатын күйік жарақат түрлеріне жатады.

Термиялық күйік-көптеген қарулар: от шашқыш, өртенгіш бомба және басқа да түрлерімен жараланудан пайда болады. Тері және тері асты қабатының зақымдану тереңдігіне қарай 4 дәрежеге бөлінеді: -І дәрежесі күйік-орнының қызаруы, кішкене ісінуі, қызаруы, күйген жердің ауруымен сипатталады. 3-5 күннен кейін тері қабықтанып жазылуы басталады. -ІІ дәрежелі күйік-сарғыш, түссіз сұйықтық толған бөртпелердің пайда болуы және терінің ісінуімен сипатталады. ІІ дәрежелі күйіктердің жазылуы 10-15 күнге созылады. ІІ дәрежелі күйіктерді тек медициналық мекемелерде емдеу қажет. -ІІІ дәрежелі күйік-барлық зақымдалған терінің бір бөлігінің немесе толығымен жансыздануымен сипатталады. Күйіктің бетін қара немесе сұр түсті қабыршақ жабады. -ІV дәрежелі күйік-тері, сонымен қатар тері асты май қабаты, сіңір, бұлшық ет, кейде сүйектің де жансыздануымен сипатталады. Күйік беті қара түсті қабыршақпен жабылады. ІІІ және ІV дәрежелі күйік кезінде іріңдеу процесі қатар жүреді. Жансызданған ұлпалар (некроз) бөлініп, 15-20 күнде түсе бастайды. Күйіктің жазылуы баяу және өте созылмалы болады.

Slide 8

Химиялық күйік-теріге қышқылдар (концентрлі сірке, азот, тұз, фосфор қышқылдары), сілтілер (күйдіргіш натрий, күдіргіш калий, сөндірілмеген әк) және басқа да заттардың әсерінен пайда болады. Күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-І-ІІ деңгейдегі күйік кезінде көмек суланып ісінуге қарсы бағытталған болуы керек, бұл үшін күйген жерді суық сумен, мұзбен салқындату керек, кейін құрғақ қатты таңғышпен таңып тастау қажет. ІІ-ІІІ дәрежелі күйік кезінде вазелині бар стерильді таңғышпен таңып тастау керек. ІV дәрежелі күйік кезінде стерильді таңғыш таңып дереу емханаға немесе күйік орталығына жеткізу керек. Химиялық күйік алған кезде күйікті көп мөлшердегі сумен немесе марганецті қышқыл калийдің әлсіз ерітіндісімен жуу керек. Қышқылдардан болған күйіктерді ас содасының әлсіз ерітіндісімен, ал сілтілерден болған күйікті-бор қышқылының 2-4%-ды ерітіндісімен немесе сірке суының әлсіз ерітіндісімен жуған дұрыс.

Slide 9

Үсік-адам қатты аяз кезінде шалдығады. Әсіресе, дененің ашық жерлері:аяқ-қол, мұрын, құлақ, бет үсікке көбірек шалдығады. Бұл жағдайда үсіген жерлердегі тері ағарады және шымырлайды. Үсіктің 4 дәрежесін анықтайды. -І дәрежелі үсік-жылынғаннан соң қатты аурумен сипатталады, тері қара-көк немесе қошқыл-қызыл түсті болады және ісік пайда болады. Жағдайдың түзілуі 2-3 күннен кейін ғана болады. -ІІ дәрежелі үсік-тері қара-көк немесе қоңыр-қошқыл түсті болады, оның үстінде 2-3 күн бойы мөлдір сұйықтық толған көпіршіктердің пайда болуымен сипатталады. -ІІІ дәрежелі үсік-терінің және оған жақын ұлпалардың жансыздануымен сипатталады. ІV дәрежелі үсік-терінің және жұмсақ ұлпалар мен бұлшық еттердің және сүйектердің жансыздануымен сипатталады. Үсіген кезде көрсетілетін алғашқы көмек-үсіген адамды дереу жылы бөлмеге кіргізіп, жылытқыш қойып немесе жылы ваннаға отырғызу керек, бұлардың температурасы алғашында +22+25 градустан аспауы керек.

Slide 10

Сынық-бұл кенеттен қатты бір күштің әсерінен сүйектің жартылый немесе толығымен тұтастығымен бұзылуы, әдетте, сүйек сынған кезде күштің әсерінен оның айналасындағы жұмсақ ұлпалар зақымданады. Сіңірлердің, жүйке тамырларының үзілуі де болады және айналасындағы барлық жұмсақ ұлпалар зақымданады.

Ет пен терінің зақымдануына қарай ашық және жабық Сынық болып ажыратылады. Ашық Сынық кезінде сүйектің майдаланып сынуы, тері мен бұлшық еттің үлкен көлемде мыжылып, жаншылуы; сонымен қатар жұмсақ тіндердің қанталап, ашық жараға шаң-тозаң, инфекция түсіп жара іріңдейді. Мұндай Сынықты емдеу ұзаққа созылады. Терісі бүлінбеген жабық Сынық тез жазылады.

Сынықтар Ашық Жабық Толық Жартылый

Сынған кезде көрсетілетін алғашқы жәрдем-ең бастысы зардап шегушіні толық тыныштандырып, денесінің зақымданған бөлігін қозғалмайтындай етіп байлау керек. Ол үшін таңғыш қалақ, ал ол болмаса қолда бар мата, тақтай қолшатыр, бір бау шыбық алып оларды бинтпен орайды да, солар арқылы қозғалтпайтындай жағдай жасайды.

Slide 11

Улану-көбінесе газдан улану, пеш жаққанда улану, түрлі заттардан улану болып табылады. Улану - ағзаға улы заттың кіруінің себебінен болатын ағза қызметінің бұзылуы немесе ауруға шалдығуы.

Улы заттарды ішіп қойып, уланып өлу жағдайлары балалардың арасында көп кездеседі. Балаларыңызды мұндай қасіреттен алдын-ала сақтандыру үшін мынандай қауіпсіздік шараларын жасаңыздар:

Керосин, бензин және басқа да у атаулының барлығын және улы сұйық заттарды ешуақытта кока- коладан, алкоголсіз ішімдіктерден босаған шишаларға құйып сақтаушы болмаңыз. Себебі оны балалар сусын шығар деп ішіп қоюы мүмкі

Азық-түлік улану

Азық-түлік улану сапасыз Заглатывание жануар текті (жұқтырған) өнімдері (ет, балық, шұжық, ет және балық консервілерін, сүт және оның өнімдері, т. б. ) бар болса - азық-түлік улы инфекция. ауру Осы өнімдегі туындаған микробтар мен олардың зат алмасу өнімдері болып табылады - балық жануарлардың өмір бойы жұқтырған болуы мүмкін, уыттар Ет, бірақ көбінесе бұл пісіру процесі мен дұрыс азық-түлік сақтауға кездеседі. бірінші симптомдары сағат ластанған азық-түлік жұтып кейін 2-4 ішінде пайда болады, кейбір жағдайларда, ауру ұзақ кезең 20-26 chasov. Zabolevanie арқылы өзін таныта аламыз әдетте кенеттен басталады: өткір шаршағыштық, жүрек айнуы, құсу жиі қайталанып, іштің ауыруы толғақ тәрізді, жиі бар кейде шырыш және қан Streaked бар диарея. Өте тез төмендетілген қан қысымы көрініс интоксикация, өсіп ЖЖЖ және әлсіреуі бозаруы, шөлдеу, жоғары қарқынын өсіп; ура (38-40 ° C) .

Slide 12

Пестицидтермен улану


Ұқсас жұмыстар
Жараны емдеу принцптері
Өндірістік жарақат және оның түрлері
Жалпы тіл кемістігі
Бүйрек,несепағар жарақаты
Сөйлеу тіліндегі кемістігі бар балаларға көмек көрсету және түзету
Жарақаттану - белгілі бір жағдайдағы бірдей қалыпты топтағы адамдарда пайда болатын қайталама жарақат
Электр қауіпсіздігі
Сөйлеуі бұзылған балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы
Электр тоғының адам ағзасына әсері
Жарақат және жарақат түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz