Интернационал және псевдоинтернационал лексиканы аудару ерекшеліктері




Презентация қосу
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: “Интернационал және псевдоинтернационал
лексиканы аудару ерекшеліктері”

Мамандық: 050207 – «Аударма ісі»

Орындаған: Төлеген Ақерке Есейқызы
Ғылыми жетекші: Басимова Гульназ Советхановна
• Курстық жұмыстың өзектілігі. Кірме сөздер қазіргі қазақ тіліндегі динамикалық
үрдістердің бірі болып саналғандықтан, бұл тақырып әрқашан өзекті болатыны
мәлім. Зерттеушілер интернационалды лексиканының мәселелерін қарастырса да,
бұл тақырыпқа байланысты нақты нәтижелер әлі де жоқ. Бұл жұмыстың өзектілігі –
интернационалды сөздерді аударудың ерекшеліктерін және псевдоинтернационалды
сөздерді аудара білу қажеттілігі.
• Курстық жұмыстың тақырыбы. Жалпы ғылыми интернационалды сөздерді
ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару ерекшеліктері және болып табылады.
• Курстық жұмыстың мақсаты – «интернационалды және псевдоинтернационалды
лексиканы» зерттеу мен талдау, сонымен қатар аударма кезінде кездесетін қателіктер
және «интернационалды лексика» және «псевдоинтернационалды лексика»
түсініктері жалпы ғылыми мәтіндерде қандай орынға ие екенін анықтау.
• Зерттеу жұмысының нысаны – интернационалды лексикасы бар ғылым саласына
жататын ағылшын тіліндегі халықаралық мәтіндер болып табылады.
• Курстық жұмыстың пәні ретінде ғылыми жаңалықтар мәтіндерінде кездесетін
интернационалды сөздер және псевдоинтернационалды сөздерді аудару мәселесі.
Интернационалдылықты (халықаралықты) түсінікті
білдіретін ағылшын сын есімі «international» ерекше сөзді
қолданудың бірінші оқиғасы 1780 жылы болған деп
есептейді. Бұл сөз Еуропада жалпы қолданған латын
материалы негізінде құрылған және таза ішкі формасы
бар, XIX ғасыр бойы Еуропа тілдеріне таралып, XX
ғасырда барлық континенттердің дамыған тілдеріне
фонетикалық кірме сөзі ретінде енді (орысша -
интернациональный, поляк - internacjonalny, болг. -
интернационален, франц. - international, исп. - international,
итал. - internazionale, нем. - International).
Интернационализм (лат.интер – арасында+нэйшн-тайпа,халық+изм)
интернационалды лексика; бірнеше тілдің ортақ сөздік қорына қатысы
бар, пайда болуы мен тарихи дамуы жағынан туыстас, нысандары мен
мазмұны сәйкес ең кем дегенде үш тілде қатар қолданылатын сөздер
және терминдер.
Халықаралық сөздер деп – бір топ тілдерге ортақ, мағынасы
жағынан бірдей немесе бір-біріне өте жақын сөздер.
Академик В.В.Виноградовтың айтуына қарағанда екінші дүниежүзілік
соғысқа дейінгі орыс тіліндегі интернационалдық сөздердің саны 100
мыңнан асады екен. Осы 100 мың интернационалдық сөздердің 7-8
мыңдайы ағылшын, орыс, неміс тілдеріне ортақ сөздер. Ал осы ортақ
интернационализмдердің ішіндегі грек, латын сөздерінің саны – 1151 сөз.
Ағылшын тілі лексикасында ағылшындық төл сөздер 30% шамасында
ғана, ал өзгелері басқа тілдерден енген.
Физика саласында - 17% шамасында, электроника саласында – 36-дан
70% дейін интернационалды сөздер бар.
Неміс тілінде кірме сөздер саны он мыңнан астам, ал ағылшын тілінің
сөздік құрамында жартысынан астам. Мұндай құбылыс ежелгі тілдерге
де тән болған: латын тілінде 7000 астам грек сөздері бар. Орыс тілінің
сөздік қорының 10% кірме сөздер болса, қазіргі қазақ тілінің
лексикасының 20% шет тілі сөздерінен тұрады.
• Сәтті балама табылмай жүрген сөздердің бірі раздел –
бөлім, отдел – бөлім – часть – бөлім; отделение – бөлімше,
подразделение – бөлімше (подразделениенің –
отделениеден анағұрлым үлкен екені белгілі).
• Договор - шарт, условия – шарт, утвержение – бекіту,
закрепление – бекіту (утвердить закрепление), служба –
деятельность, функцияның да жағдайы осындай.
• Телефон – сымтемір, радио – үнжария, директор – мүдір,
министр – уәзір, тираж – ұзынсан, техника – жасалым,
рецепт – ішірткі.
Кірме сөз үрдісі

ауызша жазбаша (ХIXғ. және XXғ)
(ХVIIIғ. аяғы) транскрипция мен
транскрипция арқылы транслитерация
1) Барлық адамдарға түсінікті сөздер: интернет – internet, файл –
file, снайпер – sniper, троллейбус – trolley, трамвай – tramway,
рельс – rails, бумеранг – boomerang, бойкот – boycott, кекс –
cakes, клоун – clown, шоу – show, фольклор – folklore, финиш –
finish, бизнес – business, бестселлер – bestseller, доллар – dollar,
слэнг – slang, спикер – speaker, уикэнд – weekend, джинс – jeans,
кастинг – casting, лидер – leader, офис – office, рекордсмен –
recordsman, волейбол – volleyball, гандбол – handball, бадминтон
– badminton, баскетбол – basketball, гол – goal, сноуборд –
snowboard, джоуль – joule, ньютон – newton, байт – byte, бит – bit
(қысқ. binary digit), ватт – watt.
2) Ағылшын тілін білуді талап ететін сөздер: абсорбация
(absorb - сіңірту), фюьжен (fusion – құйылыс, балқыма
(ауыспалы мағынада)), овертайм – overtime, пенальти –
penalty, аэробус – air bus, фол – fault, спин – spin,
перманентті – permanent, волантер – volunteer, мейнстрим
– mainstream.
Интернационалды сөздерді аудару тәсілдері:
• транскрипция, транслитерация; (Мысалы, outsourcing-
аутсорсинг)
• сипаттау (түсіндірмелі) аударма;
• калькалау (difference – уақыт өзгерісі; identifiable assets –
идентификацияланған активтер; unremitted earnings –
төленбеген кірістер; unrealized gain – жүзеге аспаган
табыс)
Ағылшын тілінде satellite сөзі бірнеше мағынада
қолданылады:
• «сателлит», «спутник»;
• «жасанды спутник»;
• «нөкер мүшесі», «салтанатты кортеж қатысушысы»;
• «атарман», «жақтаушы»;
• «мемлекет-сателлит»;
• «қала-спутник»;
Псевдоинтернационалды сөздер – түрлі тілдерде
сыртқы қалпы жағынан ұқсас, бірақ мағынасы
жағынан өзгеше лексикалық бірліктер. Сонымен
қатар, оларды «аудармашының жалған достары»
деп атайды.
Псевдоинтернационалды сөздер мағынасының айырмашылықтары әртүрлі жағдайда болады:
1. Қазақ тілі сөзі ағылшын тілінің сөзімен сәйкес келеді, бірақ оның бір ғана мағынасымен:
• Record – «рекорд» ғана емес, сонымен қатар, «протокол», «жазба», «регистрация»,
«күйтабақ» және т.б.
• Meeting – «митинг» ғана емес, сонымен қатар «кездесу», «жиналыс» және т.б.
2. Қазақ тіліндегі бұл сөз мағынасының ағылшын баламасы жоқ (сирек кездесетін жағдай):
• аудитория - 1) лекция жүргізуге арналған бөлме 2) доклад, лекция тындайтын адамдар.
Ағылшын сөзі auditorium тек бірінші мағынаға ие.
3. Сыртқы формасы жағынан ұқсас қазақ және ағылшын сөздері бірде-бір мағынасында
сәйкес келмейді:
• complexion – «комплекция» емес, «бет түсі»
• magazine – «дүкен» емес, «журнал»
• decade – «декада» емес, «онжылдық»
• fabric –«фабрика» емес, «мата»
• replica – «реплика» емес, «көшірме»
• compositor – «композитор» емес, «теруші»
Қорытынды

Халықаралық байланыстардың дамуынан қазақ тілінің
интернационалды лексикасы да әрқашан дамуда. Жалпы ғылыми
сөздіктердің интернационализациялануы – тілдердің өзара әсерлесудің
негізгі қасиеттердің бірі. Ғылыми өмірдің қарқынды дамуы, жаңа
жетістіктер - барлық халықтарға түсінікті жаңа мағыналардың атауын
талап етеді.
«Өзге тiлдiң бәрiн бiл, өз тiлiңдi құрметте» демекшi бiздiң қазақ тiлiмiз
ұлтымыздың мәдениетiнiң бiр бөлiгi және бiздi қоршаған нақты, айқын
өмiрiмiздiң ақиқатын көрсетедi, сонымен бiрге қоғамдық сана-сезiмдi,
ұлттық мiнезiмiздi, өмiр салтымызды, дәстүрiмiздi, әдет-ғұрпымызды,
дүниетанымымызды айқындай түседi.

Ұқсас жұмыстар
Тұрмыстық қолданыстағы сөздер
Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы
КҮРІШТІҢ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
ЛЕКСИКОЛОГИЯ, ЗЕРТТЕУ НЫСАНЫ
Психолингвистиканың қысқаша тарихы
Орта мерзімді жоспар және Smart мақсаттары
СҰЛУЛЫҚ САЛОНЫН АШУ
Оқушылардың білімін тексеруді ұйымдастыру
Медицина тақырыбындағы мәтіндерді аудару ерекшеліктері
1 мамыр – Қазақстан халық тарының бірлігі күні
Пәндер