Жерді қашықтықтан зондтау арқылы кескіндерді өңдеу
Презентация қосу
Жерді
қашықтықтан
зондтау арқылы
кескіндерді өңдеу
• Жерді қашықтықтан зондтаудың деректері қоршаған орта
жағдайын жедел және анық зерттеуге және табиғи
ресурстарды қолдану мен әлемнің объективті бейнесін алуға
мүмкіндік беретін тиімді құрал болып табылады.
• Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) – жер үсті және ондағы
объектілер: атмосфера, мұхит, жер қабығының жоғарғы
қабаты туралы электромагниттік сәулеленудің әсерінен
тіркеуші құрылғының зерттелетін объектіден айтарлықтай
қашықтықта болатын түйіспесіз әдістер арқылы ақпарат алу.
Түсірілімдік аппаратуралардың қабылдайтын толқын
ұзындықтарының жұмыс диапазондары микрометрден
(көрінетін оптикалық сәуле) метрге (радиотолқындар) дейін
болады. Жерді қашықтықтан зондтаудың жалпы физикалық
негізі объектінің өзіндік және шағылысқан сәулеленуінің
тіркелген параметрлерінің арасындағы функционалдық
тәуелділік және оның биогеофизикалық сипаттамалары мен
кеңістіктік орналасуы болып табылады.
• ЖҚЗ материалдары күрделі өңдеу, тіркеу және деректерді
қолдану жүйесінің бөлігі болып табылады. Оның техникалық
жүйесі ғарыштық тасушылардың орбиталарын таңдау,
датчиктер жиыны, бірінші деректі жердегі кешендерге өңдеу
және тасымалдау жиынының сипаттамасы және тұтынушыға
ұсынылған материалдар типі сияқты нақты тапсырмаларды
шешуге бағдарланған.
• Бүгінгі таңда ЖҚЗ – электромагнитті спектрдің толқын
ұзындығының барлық диапазонында және радиодиапазонда
бейнені алудың сан түрлі әдістерін, бейнені әр түрлі жағынан
шолуды – бүкіл жарты шарды қамтитын метеорологиялық
геостанциялық спутниктердің кескіндерінен жүздеген квадрат
метр участоктардағы аэротүсірілімдерге дейін қамтиды.
• Жер үстінің фотографиялық түсірілімдерін пилотталатын
корабльдер мен орбиталық станциялардан немесе
автоматты спутниктерден алады. Съемка масштабы екі
маңызды параметрге тәуелді: түсірілім биіктігіне және
объективтің фокустық қашықтығына. Ғарыштық
фотоаппараттар оптикалық осьтің иілуіне байланысты жер
үстінің жоспарлы және перспективті түсірілімдерін алуға
мүмкіндік береді.
• Фотографиялық әдістің белгілі кемшіліктері пленканы
жерге қайтару қажеттілігімен және борттағы шектеулі
қорымен байланысты. Дегенмен фотографиялық әдіс –
қазіргі таңда ғарыш кеңістігінен түсірудің ең ақпаратты
түрі. Таңбаның тиімді өлшемі 18х18 см, тәжірибе
көрсеткендей бұл адамның көру физиологиясымен сәйкес
келіп, барлық бейнені бір уақытта көруге мүмкіндік
береді.
Сканерлі түсірілімдер
• Сканерлер көмегімен көптеген жекелеген тізбектеліп
алынатын элементтерден тұратын кескіндер құралады.
Сканерлі жүйелер көмегімен жер үсті түсірілімінде әр
элементке лезде көру өрісінің шегінде тұратын жер
телімінің сәулелену жарықтылығы сәйкес келетін кескін
қалыптасады. Сканерлік кескін – радиоканалдар арқылы
Жерге жіберілген жарық деректерінің реттелген пакеті,
олар магнитті лентаға бекітіліп, содан кейін кадрлық
пішінге келтіріледі.
• Сканердің маңызды сипаттамасы болып сканерлеу (шолу)
бұрышы мен шамасына түсірілетін жолақтың ені тәуелді
болатын лезде көру бұрышы табылады. Осы бұрыштардың
шамасына қарай сканерлер дәл және шолу болып бөлінеді.
Дәл сканерлерде сканерлеу бұрышын ±5°-қа дейін
азайтады, ал шолу сканерлерінде ±50°-қа дейін көбейтеді.
Радарлық түсірілімдер
• Радиолокациондық (РЛ) немесе радарлық түсірілімдер –
қашықтықтан зерттеулердің маңызды түрі. Планеталар
үстін тікелей бақылау әр түрлі табиғи шарттармен: қалың
бұлттылық, тұман, т.с.с қиындық туғызғанда
қолданылады. Ол белсенді болғандықтан қараңғы уақытта
да жүргізіле береді.
• Кескіндерді жақсарту визуальді және машиналық анализге
ыңғайлы келетін формаға айналдыруға ықпал жасайды
және кескіннің маңызды белгілерін көрсетуге және
интерпретация тапсырмасын оңайлатуға арналған. Әдетте
кескінді жақсарту үшін жарықтылықты және түстер
контрастын қолданады, сондай-ақ кеңістіктік
фильтрацияны пайдаланады.
• Ғарыштық түсірілімдер Жер бетін глобальды тұрғыда
зерттеу үшін дәйекті ақпарат көзі болып табылады, Жер
бетін картографиясын жүргізуге тиімді және жылдам
мүмкіндіктер туғызады. Ғарыштан бақылау адамзат
баласына метеорологиялық болжамға маңызды атмосфера
циркуляциясына өте үлкен қашықтықта нақты уақытта
бақылауға мүмкіндік берді.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz