БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ЗАТ ЕСІМДІ МЕҢГЕРТУДІҢ ЖОЛДАРЫ



Бастауыш сыныпта зат есімді меңгертудің жолдары

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың ғылыми - теориялық негіздері
1. 1. Бастауыш сыныптарға зат есімді меңгертудің тиімді жолдары
2. Бастауыш сыныптарға зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту
2. 1. Зат есім мен етістікті байланыстыра оқыту
2. 2. Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
2. 3. Зат есім мен сан есімді байланыстыра оқыту
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР

Зерттеу мақсаты
Зат есімді оқытудағы бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушыларының әс-ірекеті. Бастауыш сынып оқушыларына зат есімді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін анықтау, зерттеу жүргізу.

Курстық жұмыстың өзектілігі
Курстық жұмысымның зерттеу шеңберінде бастауыш сыныптарда зат есімді оқытудың тиімді әдістемесін талдап, талдау нәтижесін тәжірибеге енгізуді көкейкесті мәселе деп қарастырдым. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру міндетін жүзеге асыруды қажет етеді. Жоғары сапалы білім жүйесі еліміздегі экономикалық тұрақты дамуын қамтамасыз ететін қазіргі факторлардың бірі және мемлекеттің дамуының өзегі болып есептелінеді.

Зерттеу міндеттері
Тақырыптық мазмұндық ұғымына терминдік анықтама беру;
Психологиялық, педагогикалық және ғылыми-теориялық әдебиеттерді, баспасөз материалдарын зерттеу;
Бастауыш сыныптарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру мәселесін етене жақын танысу;
Бастауыш мектеп оқушыларының зат есім тақырыбын меңгерушілік белсенділігін қалыптастыру мәселесінің зерттелу деңгейін анықтау;
Бастауыш сынып оқушыларына зат есім тақырыбын сапалы меңгерту әдістемесінің тиімді жүйесін анықтау.

Зерттеу объектісі: Зат есімді оқытудағы бастауыш сынып мұғалімдері мен бастауыш сынып оқушыларының әс-ірекеті.
Зерттеу пәні: бастауыш мектептің қазақ тілі оқулығындағы зат есім тақырыбын сапалы оқытудың әдістемелік жүйесін анықтау механизм

Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқытудың ғылыми теориялық негіздері
Қазақ тілі пәнін оқыту - мемлекеттік тілде жүретін мектеп пәндерінің ішіндегі ең бастысы, бәрінің ортақ өзегі әрі ұйытқысы. Ана тілін жақсы білмей тұрып, ол тілде дұрыс, еркін сөйлеп сауатты да сындарлы жазуға үйренбей тұрып, қалған пәндерді ойдағыдай саналы меңгеру жайында айтудың өзі артық. Осы білім, дағды, біліктердің барлығының негізі бастауыш сыныптарда қалатыны белгілі. Ұлы педагог К. Д. Ушинский:«Халық тілі - тарих шекарасынан әрі қайда әріректен басталатын және өмір бойы қайтадан шешек атып тұратын тамаша гүлі, оның күллі барлық терең, толық ойы мен сезімі туған елінің тілінде», -деп көрсеткен болатын.

Қазақ тілінің маңызы туралы Ж. Аймауытов былай дейді: «Ана тілі - халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанның барлық толқындарын тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы - сол халықтың тілі». Л. Н. Толстойдың «Қанша айтсаң да, ана тілі қашан да ана тілі болып қала береді. Шешіліп бір сөйлеген кезде бірде-бір француз сөзі басқа кірмейді, ал бір жарқ етіп қалғың келеді екен, онда мәселе басқа», М. И. Калинин «Ана тілін үйрену - ұлы іс. Әркім өз ана тілімен сөйлесуге, анасынан туа үйренген тілімен сөйлеуге тырысуы керек. Ең жақсы тіл - ана тілі», М. Әуезовтің «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса, бағаламаса, оны сауатты, мәдениетті ұжым деп санауға болмайды», Ғ. Мүсіреповтің «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенін де, болашағынан қол үзеді», - деген сөздерінен-ақ ана тілінің ерекше екендігі көрінеді.

Осыдан қазақ тілі пәнін оқытудың бес түрлі маңыздылығы шығады:
Білімділік (ғылым негіздерімен қаруландыру)
Тәрбиелік (адамгершілік, имандылық қасиеттерді қалыптастыру)
Дамытушылық (баланың таным қабілеттерін арттыру)
Аралық қызмет (ұлттық дәрісханаларда қазақ тілі арқылы басқа пәндерді ұғындыру)
Қатысымдық қызмет (қазақ тілін оқыту арқылы басқа қабілетін жетілдіру) .

Оқулықтарды жасау барысында

Бастауыш сыныптарға зат есімді меңгертудің тиімді жолдары

Анықтамаларда әрбір категорияның негізгі мағыналарынан басқа формалық белгілері де көрсетіледі. Мысалы: зат есімнің көпше түрін жасау үшін оның түбіріне -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер жалғаулары жалғанады. Мұндай формалы белгілерін көрсететін түсіндірмелер анықтамалардан кейін беріледі. Әсіресе бастауыш сыныптарға арналған оқулықтарда көпшілігіне негізгі мағыналары мен сұрақтары басты белгілері ретінде көрсетіледі.
Зат есімнің тәуелденуі. Бұл тақырыпты зат есімнің тәуелдік жалғауын түсіндіруден бастаған жөн. Кейбір сөздерді көрнекілік ретінде пайдаланып, кейінгі сөздерді оқушылар өз беттерімен орындауы үшін үлгі ету қажет. Мысалы:
I Менің жолдасым
II Сенің жолдасың
II Сіздің жолдасыңыз
III Оның жолдасы

Осы тақырыпқа жалғастыра «жалқы есім мен жалпы есімде» өткен дұрыс. Жалпы зат есім тақырыбын оқытуда біртұтас теориялық логикалық жүйенің сақталуы, әрі оқушылардың қабылдауына да қиындық келтірмес үшін бұл тақырыпты «зат есімге» жалғастыра оқытқан тиімді. Сонымен «Жалқы есім мен жалпы есім» тақырыбын оқытқанда оқушыларға кісі аттары, жер-су, үй жануарларының аттарын білдіретін сөздер жалқы есім деп аталатынын, олардан басқа заттардың атауы жалпы есім екенін ұғындырып, жалқы есімнің емлесіне баса назар аударған жөн.
Негізгі және туынды зат есімдер. Төменде сызықшамен бөлінген негізгі және туынды зат есімдер берілген:
Орын - орындық
Жол - жолаушы
Ән - әнші
Осыларды салыстыру арқылы зат есімдердің де негізгі және туынды болып бөлінетінін аңғартамыз. Осы үлгімен тағы да бірнеше мысалды салыстырып талдатқан жөн:
Ұш - ұшқыш
Сыз - сызғыш
Жақсы - жақсылық

Зат есім бойынша жүргізілетін жұмыстар

Морфологиялық жазбаша талдату жұмысын түрліше жүргізуге болады
Сөздің бір формасын теріп жазады не астын сызып қояды немесе қандай сөз табы, қай форма екенін әр сөздің үстіне қысқартып жазып қоюға да болады. Осындай белгілермен сөйлем мүшелері де көрсетіледі. Берілген мәтіннен ең әуелі зат есімді, сонан соң басқа сөз таптарын табу.
Белгілі бір грамматикалық категорияға жататын сөздерді дайын таблица бойынша айырып жазады. Мысалы: «өзеннің жағасына балалар келді» сөйлемінен зат есімге жататын сөздерді табу керек.
Сөз табы Сөйлем мүшесі Сұраулары Көпше Септік
Балалар Бастауыш Кімдер Көпше Атау
Өзенің Толықтауыш Қайда Жекеше Ілік
Жағасына Барыс
Балалар - зат есім, жалпы есім, көпше түрде берілген.

Бастауыш сыныптарға зат есімді басқа сөз таптарымен байланыстыра оқыту

Зат есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Етістік тақырыбына байланысты ендігі міндет - оқушыларға олардың негізгі және туынды болып бөлінетінін білдіру. Оқушылар түбір сөзден балаға етістік деп, ал түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік туынды етістік деп аталатыны білуге тиіс.
Ой - ойла
Ем - емде.
Арқпн - арқанда.
Үтік - үтікте
Бұл сөздерге сұрақ қою арқылы салыстыра отырып, нәтижесінде осы етістіктердің түбірі зат есімнен жасалып тұрғанын аңғартамыз. Немесе төмендегі кестені пайдаланып, негізгі етістіктер мен туынды етістіктерді салыстыру арқылы теңгереміз:
Негізгі етістіктер Туынды етістіктер
Оқы, жаз, ки, ал, айт, көр, біл, қуан Жырла, баста, ойла, алды,
Notes: Етістік тақырыбына байланысты ендігі міндет - оқушыларға олардың негізгі және туынды болып бөлінетінін білдіру. Оқушылар түбір сөзден балаға етістік деп, ал түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік туынды етістік деп аталатыны білуге тиіс.
мм

Оқулықтағы 388-344-жаттығулар туынды етістік зат есімнен әр алуан жұрнақтар жалғану арқылы жасалатынын оқушыларға саналы түрде меңгерту мақсатын көздейді.
340-жаттығуда берілген зат есімдерге -ла, -ле. -да, -де, -та, -те жұрнақтарының тиістісін жалғап, туынды етістік жасап жазап жазу.
Төр-ле, арқан-да, ем-де, ара-ла, сабын-да, була-ла, тіс-те, тізе-ле.
3-сыныпта қазақ тілін оқыту бағдарламасындағы етістік сөз табын оқытуда оқушылардың етістіктің болымды, болымсыз түрлерінің (жаз-жазба, ойна-ойнама, бар-барма т. б. ) мағыналарын салыстырып байқатқаннан кейін бірден оқулықтағы ережемен танысуға болады.

Зат есім мен сын есімді байланыстыра оқыту
3-сынып оқушыларының сын есім туралы бұрын алған білімі мен түсінігі кеңейтіледі. Мұнда сын есімдерді жікке бөліп таныту, сын есімдерді зат есімдермен дұрыс тіркесе білу, негізгі, туынды сын есімдер айырту талабы қойылды.
Сын есімді оқытқанда оған объекті болатын сөздері мол мәтіндерді пайдаланған жақсы нәтиже береді.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz