Қанқалық тіндер жасқа байланысты өзгерістері




Презентация қосу
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Университеті
Гистология Кафедрасы

СӨЖ
Тақырыбы:Қанқалық тіндер жасқа байланысты өзгерістері

Орындаған:Әубакір Т.
2-004 Стом
Тексерген: Койшиманова У.С.

Қарағанды 2017.
Жоспары
Қаңқалық тін
Қаңқалық тіндер жіктелуі
Шеміршекті тін, Жасқа байланысты ерекшеліктері
Сүйекті тін, Жасқа байланысты ерекшеліктері
Пайдаланған әдебиет
Қаңқалық тін
Қаңқалық тіндер,тығыз жасуша аралық затының
болуына байланысты,айтарлықтай
тіректік,механикалық қызмет атқаратын дәнекер
тінінің бір түрі.Негізгі қызметінен басқа бұл тіндер
су мен тұздардың алмасуына да қатысады.
Қаңқалық тіндер (жіктелуі)

Шеміршекті Тістің дентині
Сүйек тіндері мен цементі
қаңқалық тін
Шеміршекті тін

Тыныс алу жүйесі мүшелерінің,буындардың,
Омыртқа аралық дискілердің т.б. Құрамына
кіріп,жасушалардан-ходроциттерден,
хондробласттардан және, серпімділігі жоғары
болып келетін, жасуша аралық гидрофильді заттың
көп мөлшерінен тұрады. Меншікті шеміршек
тінінде қан тамырлары болмайды, ал қоректік
заттар оны қоршаған шеміршек үсті қабықтан
диффузия арқылы енеді.
Шеміршекті тіндер

Гиалинді Эластикалық Талшықты
Гиалинді шеміршек
Гиалинді шеміршек — қысымға төзімді, бірақ сынғыш
келеді; негізінен бұлар ұрық кезінде болады. Талшықты
немесе дәнекерлі шеміршек — қысымға (жиырылуға) да,
сынуға да төзімді, ол омыртқа, жамбас-мықын буын
аралықтарын жалғастырады. Әр түрлі мүшелерде
орналасқан гиалинді шеміршек тінінде ұқсастық көп,
бірақ, сонымен қатар, олар мүшелерге тән
ерекшеліктерімен-жасушалардың орналасуы, жасуша
аралық заттың құралысы жағынан ажыратылады. Адам
организмінде кездесетін гиалинді шеміршек тінінің
көпшілігі шеміршек үсті қабығымен қапталып,
анатомиялық құрылымдарды-шеміршектерді түзейді.
Эластикалық

Эластинді шеміршек — гиалинді шеміршектен
құралады, құрамында созылмалы талшықтар
болады. Шеміршектің сыртынан шеміршекқаппен
қапталған. Шеміршекқап сыртқы талшықты және
ішкі хондрогенді (камбиалды клеткалы)
қабаттардан тұрады. Жалпы құрылымы бойынша
эластикалық шеміршек гиалинді шеміршекке
ұқсас.Шеміршек жасушалары жеке немесе біртекті
хондроциттердің тобын құрайды.Эластикалық
шеміршекттің негізгі айырмашылығы құрамында
эластикалық талшықтардың көп
болуы.Эластикалық шеміршекте липидтердің,
гликогеннің және хондроитинсульфаттардың
мөлшері, гиалинді шеміршекке қарағанда, азырақ.
Талшықты

Омыртқа аралық дискілерде, жартылай қозғалмалы
қослыстарда, талшықты дәнекер тіннің ги алинді
шеміршекке ұласатын жерінде, шектелуі қозғалыстар
өте күшті созылулармен жүретін жерлерде
орналасады.Жасуша аралық затта паралельді
бағытталған коллаган шоғырлары бірте-бірте босаңси
келе гиалинді шеміршекке ұласады. Шеміршекте
жасушалар орналасқан қуыстар бар. Шеміршек
жасушалары жеке немесе кішірек изогенді топтар құрап
орналасады. Жасушалардың цитоплазмасы жиі
вакуольденген болып келеді.Гиалинді шеміршектен
сіңірге қарай ауысқан сайын талшықты шеміршек
сіңірге ұқсай түседі. Шеміршек пен сіңірдің
шекарасында коллаген талшықтарының шоғырларының
арасында тізбек құрап қысыла орналасқан шеміршек
жасушалары айқын шекарасыз тығыз дәнекер тіннің
ішінде орныққан сіңір жасушаларына ауысады.
Жасқа байланысты өзгерістері Адам қартайған
сайын протеогикандар концентрациясы және
гидрофильділігі азаяды. Хондробластар мен
хондроциттердің көбеюі төмендейді. Ал
хондрокластар дистофиялық өзгеріске ұшыраған
жасушаларды жоюын іске асырады. Жасуша аралық
заттың кейбір жерлерінде кальциий тұздарының
әктенуі жүреді. Шеміршектің орталық бөлігінде
қоректену бұзылуынан қан тамырлар жайлып
сүйектенуге әкелуі мүмкін.
Сүйек тіндері
Сүйек тіндері жасуша аралық заты
жоғары минералданып, құрамында
негізінен кальцидің фосфаттарынан
тұратын, мөлшері шамамен 70% болатын
бейорганикалық заттары бар,
полидифферонды дәнекер тінінің
маманданған түрі.
Сүйек тінінде организмдеге метаболиттік

үдерістерде маңызды рөл атқаратын 30
аса микроэлементтер табылады.
Сүйек тіні (жіктелуі)

Дөрекі талшықты Табақшалы сүйек тіні
сүйек тіні
Дөрекі талшықты сүйек тіні

Дөрекі талшықты сүйек тіні негізінен ұрықтарды
кездеседі.Ересек адамдарда дөрекң талшықты сүйек
ұлпасын бас сүйектерінің тігістерінде,сіңірдің сүйекке
бекілген жерінде ғана анықтауға болады.Дөрекі
талшықты сүйек тінінің жасушааралық затында ұзын,
бір-бірімен анастомоздар құраған түтікшелері
бар,созылыңқы-сопақша пішінді сүйек қуыстары
немесе лакуналар болады, олардың ішінде өсінділері
бар сүйек жасушалары – остеоциттер
орналасқан.Сытынан дөрекі талшықты сүйек ұлпасын
сүйек үсті қабығы қаптап жатады.
Табақшалы сүйек тіні

Табақшалы сүйек тіні ересек адамның организмінде
сүйек тінінің ең кең тараған түрі. Ол сүйек
табақшаларынан тұрады. Ақырғылардың қалыңдығы
бірнеше ондаған микрометрден, ал ұзындығы
бірнеше жүздеген микрометрге дейін толқиды.Олар
тұтас емес,әр түрлі жазықтықтарда бағытталған,
паралельді орналасқан коллагенді фибриллалар
болады.Табақшалардың орталық бөлігінде
фибрилалардың бағыты көбінесе бойлай
бағытталған, шеткі аймақтарда тангенциалды және
көлденең бағыттар қослады.
Жасқа байланыс өзгерістері. Жас ұлғайған
сайын дәкер тіннің құрылысында, мөлшерінде
және химиялық құрамында өзгерістер жүреді.
Сонымен қатар құрылымдарының жалпы
салмағы мен сүйек қаңқасының өсуі де
жүреді. Коллаген және
гликозаамингликандардың арақатынасы
өзгереді. Қартая бастаған сүйектің эндосында
остеобластардың және бастама
жасушалардың популяциясы азаяды да
остеокластардың белсенділіг артады. Бұл
тығыз қабатының жұқаруына алып келеді.
Пайдаланған әдебиет

“Гитология,эмбриология,цитология” Есимова Р.Ж. ,
Нурсейтова К.Т.
Гистология, цитология және эмбриология.

Мушкамбаров, Кузнецов С.Л.
Цитология,эмбриология,гистология Ж.О.Аяпова
2007 Алматы

Ұқсас жұмыстар
Жасушалық регенерация
Көлденең жолақты бұлшықет ұлпалары
Бұлшықеттерінің физиологиялық қасиеттері
Бұлшықет тіндері
Бірыңғай салалы бұлшықет ұлпалары
ҚАРТАЮ ЖӘНЕ ӨЛІМ
КӨЛДЕНЕҢ ЖОЛАҚТЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ БІРЫҢҒАЙ САЛАЛЫ БҰЛШЫҚЕТ ТІНІ
Дәнекер тіні
Балалық шақта бұлшықет тінінің құрылымы
Биомеханика жайлы ақпарраттар алу
Пәндер