Омыртқаның патологиялық және физиологиялық қисаюы


Slide 1

Орындаған:Әбдіқадыр Гүлназ

Тексерген:Бақытова Ә. Е.

Омыртқаның патологиялық және

Физиологиялық қисаюы

Slide 2

1 Омыртқа жотасының қисаюы

2 Омыртқа жотасының қисаюының себептері

3 Жалпақтабандылық

4 Жалпақтабандылықтың түрлері

5 Балалардағы ерекшеліктері

Жоспары:

Slide 3

Омыртқа жотасының қисаюы

Ересек адамның омыртқа жотасы мойын және бел бөлімінде алға қарай, кеуде және сегізкөз бөлімінде артқа қарай аздап имектеу болады. Олар организм өскен сайын, әсіресе бала тұруға және жүруге үйренгеннен кейін, біртіндептүзіледі. Бұл иілімдердің организм үшін маңызы зор, яғни омыртқа бағанасына кенеттен тік түсетін күшті жеңілдетеді; бұлар физиологиялық иілімдер деп аталады Омыртқаның қисаюы-Сколиоз-ол адамда туа да, жүре де пайда болуы мүмкін, бұл көбінесе 5-тен 15жасқа дейінгі балаларда, әсіресемектеп оқушыларында пайда болады.

Slide 4

Омыртқа жотасының қисаю түрлері

Сколиоз-омыртқаның бүйір жаққа қисаюы

Лордоз-омыртқаның алға қисаюы

Кифоз-омыртқаның артқа қисаюы

Slide 5 Slide 6

Омыртқа жотасының қисаюының себептері

Slide 7

Жалпақтабандылық

Егер бұлшықеттер мен буындар әлсіресе дененің барлық салмағы буынға түседі де ол созылады. Соның нәтижесінде табан жалпаяды, яғни жалпақтабандылық пайда болады. Жалпақтабандылық дамыған кезде, табанның тірек қызметі бұзылады да, ол сымбаттың бұзылуына әкеледі. Баланың аяқ киімі тар болмауы керек, аяқ киім табанға сәйкес келуі өте маңызды. Тар аяқ киім табанның пішінін өзгертеді, қан айналымын нашарлатады. Аяқ киімнің өкшесі өте биік болмауы керек. Жалаң аяғымызды суға малып алып, еденге бассақ ортасы ойықт табанның көрінісі қалады. Өйткені табан күмбез тәрізді көтеріңкі. Сондықтан оның көлденең және ұзынша күмбездері бар, сол арқылы адамның салмағы мен серпімділік қызметі атқарылады. Осы күмбездің жарым-жартылай немесе толық төмен түсуі жалпақтабан деп аталады

Slide 8

Жалпақтан түрлері

Туа біткен

Жүре пайда болған

Туа біткен жалпақ табан сирек кездеседі, себебі, ол табан сүйектері мен жіліншіктің жетілмеуінен болады.

Жүре пайда болған немесе статикалық жалпақ табан. Ол балаларда мешел ауруының салдарынан тым көп салмақ қосқаннан болса, ал ересек адамдарда, әсіресе, күні бойы тік тұрып қызмет істейтін (шаштараз, сатушы, т. б. ), ауыр дене еңбегінен (жүк тасушы, т. б. ), аяқ киімді дұрыс таңдап кимеуден, табанның, тілерсек пен табанның қосылған буынының, жіліншіктің, т. б. жарақаттануынан болады.

Slide 9

Жалпақтабандылық балаларда 5-6 жаста қалыптаса бастайды, себебі осы жаста табан толықтай қалыптасады. Ауруды уақытында анытаған жөн, себебі осы жас аралығында оны толық емдеуге болады. Іс жзінде барлық 2 жасқа дейінгі баларда физикалы жалпатабан диагнозы қойылады, себебі аяқ арқасының болмауы. Бұл мұндай жасқа қалыпты жағдай. Себебі балаларда сүйек тіні серпімді және жұмсақ, оларда оларға мықтылық беретін минералды заттар аз, бұлшықет жүйесі толық жетілмеген. 2-3 жаста табан ересек формаға көшеді, бұлшықет байламдары қатаяды, сүйек қатаяды. Бұл процесс 5-6 жасқа дейін жалғасады, содан кейін аурудың болу-болмауын сеніммен айтуға болады.

Балалардағы ерекшеліктері

Slide 10
Ұқсас жұмыстар
Омыртқа жотасының ауруларын емдеу
Омыртқа жарасы
Жамбас сүйектері
Адам қаңқасы
Ауру формалары
Жамбас белдеуі
Кеуде қуысының ауруы
Ноцицепциялық жүйе
Сүйектерді тексеру
Омыртқа бағанасының физиологиялық және патологиялық иілімдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz