Сүйектің үздікті және үздіксіз қосылыстары


Slide 1

Орындаған:Әбдіқадыр Г. И.

Тексерген:Бақытова Ә. Е.

Сүйектің үздікті және үздіксіз

қосылыстары

Slide 2

Сүйектің байланыс түрлері

Синартроз-үздіксіз байланыс

Диартроз-үздікті байланыс

Буын

Жоспары:

Slide 3

Үздікті және Үздіксіз байланыстары

Буындар(жылжымалы) Жіктер(қозғалмайтын)

Бас сүйек, жамбас

Омыртқа жартылай қозғалмалы

Сүйектің байланыс түрлері

Slide 4

Қозғалмайтын

Жартылай қозғалатын

3

Қозғалатын

Қозғалмайтын байланысқа ми сауыты сүйектері мен сегізкөз жатады. Бұлар бірімен-бірі тұтасып, қозғалмайтындай болып байланысқан.

Шамалы қозғалатындарға - омыртқалардың бір-бірімен шеміршектер арқылы және қабырғалармен байланысуы жатады.

Қозғалмалы (еркін) немесе буындық байланысқа аяқ-қол сүйектерінің байланысы т. б. жатады .

Slide 5

Сүйек аралық үзіліссіз

байланыстар

Үзіліссіз сүйек аралық байланыстар, synartrosis, өте берік,

серпімді, қозғалысы мардымсыз байланыс. Бұл байланыстардың сүйек аралық ткандардың түр ерекшеліктеріне қарай үш түрін ажыратады:фибриоздық, шеміршектік, сүйектік байланыстар

Slide 6

Үздіксіз байланыс

ФИБРИОЗДЫҚ

СҮЙЕКТІК

ШЕМІРШЕКТІК

Берік және тығыз орналасқан талшықты дәнекер ткандардан тұрады. Фибриозды байланыстардың үш түрі болады:синдесмоз, бір сүйектің тканы екінші сүйектің тканына терең ену қосылыстары және жіктер арқылы байланыстар жатады

Созылмайтын берік ірі талшықты дәнекер ткандардан тұратын табақша. Олар ұзын сүйектердің бойында орналасқан. Негізгі қызметі: сүйекаралық қашықтықты бірдеңгейде ұстау мен қатар, бұлшықеттердің басталатын орны болып саналады

Сүйек аралық мұндай байланыстар өзінің беріктілігімен, аз қозғалғыштығымен және терең қабатында орналасқан эластикалық ткандардың әсерінен серпімділігімен сипатталынады. Сонымен қатар, буында байқалатын қозғалыстың көлемі, буын аралығында орналасқан шемір-шектік тканның тығыздығына және қүрылымы-на байланысты. ол өсіресе балалар мен жас өспірімдердің қаңқаларында кең көлемде кездеседі

Slide 7

Үздікті байланыс

Сүйектің үздікті байланыстары, diarthrosis, немесе буындар, articulatio, деп атайды. Ол сүйек аралық байланыстардың ішіндегі көптен өріс алған, қозғалмалы байланыстардың түрі болып саналады. Буындарды құрауға қатысушы сүйектердің санына байланысты: жәй және күрделі буындарға бөлінеді. Жай буын, articulatio symplex, екі сүйектің буын бетінен құралса, күрделі буын, articulatio composite, бірнеше сүйектердің буын беттерінен тұрады.

Slide 8

Үздікті байланыс

Жай буын, articulatio symplex, екі сүйектің буын бетінен тұрады

Күрделі буын, articulatio composite, бірнеше сүйектердің буын беттерінен тұрады

Slide 9

Буындардың негізгі элементтері

Буын бетінің шеміршегі

Буын қапшығы

Буын аралық саңылау

Буын бетінің шеміршегі, cartilago articularis, гиалин шеміршегінен немесе дәнекер тканды шеміршектен түрады. Қызметі: буын қуыстығына қараған сүйектердің буын бетін көмкеріп, буында болатын үйкелісті азайту мен қатар, салмақты жеңу қызметін атқарады. Буын шеміршегінің перифериялық бөлігі орталық бөлігіне қарағанда биіктеу болып келеді

Буын қапшығы, capsula articularis, олбуын бетінің айналасынан шеңбер бағытымен басталып, тұйықталынып, саңылаусыз орналасқан қабықша. Буын қапшығының негізі ірі талшықты дәнекер тканынан және синовиальды қабаттан тұрады.

Буын аралық қуыстық, cavitas articularis, немесе сыртқы ортамен байланыспайтын, ішінде синовий сұйықтығы бар тұйық қуыс.

Slide 10

Буындардың қосымша құрамалары

Буын қапшығының байламдары, ligamentum capsulare, құрамы өте тығыз және мықты болып келген ірі талшықты дәнекер ткан-дардан тұрады. Негізгі қызметі: буын қапшығының беріктігін сақтаумен қатар, буында болатын қозғалыстың бағытын реттеу

Буын дискілері, disci articulares, терең қабаты көішгілік жағдайда гиалин шеміршегінен, кейбір кезде ірі талшықты шеміршектік тканнан тұрады. Буын дискілері, буынның алшақ орна-ласқан буын беттерін бір-біріне жақындасты-рып, үйлесімдендіреді.

Буын менискілерінің, menisci articularis, буын дискілерінен айырмашылығы:дискілер тәрізді біркелкі табақша тәрізді болып орналаспаған, жоғарғы беті ойыстау және жарты ай тәрізді болып келген, менискінің сыртқы бөлігі қалыңдау және биікгеу болып келсе, орталық бөлігі үздікті орналасқан, менискі арқылы буын қуысы өзара бір-бірімен жалғасқан жоғарғы және төменгі буын қуысы қабатына бөлінеді; менискілердің қызметі дискілер си-яқты буын беттерін үйлесімдік жағдайға келтіріп, қозғалысты жеңілдетеді.

Буын еріндері, labium articulare, буын ойысы буын басының бетіне сәйкес келмеген жағ-дайда, буын ойысын үйлесімді жағдайға келтіріп тереңдету үшін, буын ойысының жиектерінде орналасқан тығыз ірі талшықты дәнекер ткан. Буын еріндері: иық, жамбас буындарында кез-деседі.

Slide 11

Буын механикасы

Буындардың буындық беттері, сыртқы пішініне және буында болатын қозғалыстың көлеміне қарай: шар тәрізді буындарға, articulatio spheroidea, жалпақ буындарға, articulationes ріапае, элипс тәрізді буындарға, articulatio ellepsoideae, ершіктәріздібуындарға, articulatio sellaris, , articulationes trochoideae, шығыртәріздібуындарға, articulatio ginglymus, айдаршықты буындарға, articulationes bicondylares, бөлінеді

Slide 12

Қорытынды

Сүйек аралық байламдар, буындар, шеміршектік және сүйектік ткандар байланысы мен адам қаңқасын құрайтын сүйектер жиынтығы, құрылысы мен қызметі өте күрделі жүйені құрайды. Бұл жүйенің негізгі қызметі: адам қаңқасының дара орналасқан сүйектерін бір-бірімен жақындастыру, байламдар мен буындар арқылы сүйектердің азды көпті қозғалысын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, сүйек аралық байланыстардың ішкі қүрылымы олардың иілгіштігі, созылмалығы және буындарда болатын қозғалыстың көлемі, оның атқаратын қызметіне тікелей байланысты.


Ұқсас жұмыстар
Сүйек қосылыстары
Бас сүйектері
Балалардағы тірек – қимыл жүйесінің жасқа қатысты физиологиясы
Жілік сүйектері
Тірек – қимыл жүйесінің балалардағы ерекшеліктері
Массаждың түрлері
Электромагниттік өрістер және денсаулықтың нашарлау қаупі
Мал терісін сыпыруға арналған жабдықтар
Бидай қамырын дайындау технологиясы
Тірек қимыл аппаратының балалардағы жастық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz