Міндеттеме түсінігі, шарт және оның түрлері


Slide 1

Орындаған : Келесова Д. М

Тексерген : Джумабаева Қ. А.

Slide 2 Slide 3

1. Шарт ұғымы

Slide 4 Slide 5 Slide 6

2. Шарттың жіктелуі

Slide 7 Slide 8

Реалды шарт

Slide 9

Шарттарды ақылы және ақысыз деп екіге бөліп қаруға болады.

Slide 10

Мәселен, сатып алу - сату шарты бойынша сатушы сатылған тауарды беруге міндетті және оның ақысын талап етуге құқылы, екінші тарап - сатып алушы тауарды талап етуге құқылы және оны қабылдап ақысын төлеуге міндетті. Көріп отырғанымыздай екі тарапта да қуқықтар мен міндеттер бар, яғни сатушы мен сатып алушының арасындағы шарт өзара келісімді. Сыйға беру шарты керісінше, бір жақты міндеттеуші шарт. Сыйға алушының ешқандай міндеті жоқ, тек қуқықтарға ие және сыйды қабылдау немесе қабылдамауды өзі шешеді.

Slide 11

Жария шарт

- Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған өтінішпен келетін әркімге қатысты тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін белгілейтін шартты жария шарт.

Бұл шарт, негізінен, байланыс қызметін көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана, банк қызметін көрсету, көпшілік пайдаланатын көлікпен тасымалдау, т. б. салаларда қолданылады.

Коммерциялық ұйымдардың шарт жасау немесе жария шартын жасау барысында бір тарапқа көмек көрсетуден бас тартып, екінші бір тарапқа жеңілдік беруге құқығы жоқ. Жария шартының талаптары барлық, тұтынушыларға бірдей қойылады. Яғни, жария шартын жасауға ниет білдіргендердің барлығы тең болуы тиіс.

Slide 12

3. Міндеттеме ұғымы

Slide 13

Міндеттеме дегеніміз - мүліктік салыстырмалы азаматтық құқықтық қатынас, оған сәйкес бір тарап (борышкер) екінші тараптың (несие берушінің) пайдасына мүлікті беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөнінде белгілі бір әрекет жасауға не белгілі бір әрекеттен бас тартуға міндеттенеді.

Міндеттеме субъектісі болып саналатын тараптар: борышкер және несие беруші. Міндеттеме, әдетте, көпжақты емес, екіжақты болып келеді. Егер бірнеше борышкер немесе бірнеше несие беруші болса, ол міндеттемедегі адамдардың көптігін білдіреді, бірақ бәрібір бұл жерде екі тарап бар.

Міндеттеменің мазмұны оның тараптарының құқықтары мен міндеттерін құрайды. Құқық берілген тарапқа тиесілі субъективтік құқықты талап ету құқығы деп, ал міндетті жақта жатқан міндетті - борыш деп атау қабылданған.

Slide 14 Slide 15 Slide 16

4) Міндеттеме нысанының сипаттамасына қарай олар бөлінетін (бөліп орындауға болатындар - заем, дайындап жеткізу) және бөлінбейтін (бөліп орыңдауға болмайды, мысалы - үй құрылысы, сурет салу, т. б. ) деп бөлінеді.

Борышкердің жеке басымен байланысы бойынша жеке сипаттағы міндеттеме туындайды, оның борышкердің жеке басымен байланысы соншалықты тығыз, оны басқа адамға тапсыруға тыйым салынған, борышкердің өзі ғана орындайды.

Борышкердің немесе несие берушінің қайтыс болуына (заңды тұлғалардың тарауына) байланысты бұл міндеттемелер тоқтайды. Мысалы, ғалымның ғылыми мақала жазу жөніндегі ғылыми журнал алдындағы міндеттемесі. Қатынастардың жеке-сенімдік сипаты кепілдік шарттарына, сенімгерлікпен басқару, жай серіктестік шарттарына, толық серіктестіктердегі қатынастарға және т. б. тән.

Slide 17 Slide 18

Үшінші жақтың міндеттемеде алатын орыны ерекше. Үшінші жақты міңдеттеме шеңберіне кіргізу олардың міндеттемелердің туындау, орындалу және тоқтау процесіндегі алатын ерекше рөлімен байланысты. Үшінші жақтың маңыздылығының арқасында азаматтық құқықта үшінші жақ қатысатын міндеттемелер көзделген.

Міндеттеме тараптарының біреуіне міндеттемелер немесе өзге де құқық қатынастары арқылы байланысты жақтар үшінші жақтар деп саналады (АК-ның 270-бабының 2-тармағы) .

Slide 19 Slide 20

6. Міндеттеменің туындау негіздері

271-бапқа сәйкес міндеттеме шарттан, зиян келтіруден немесе 7-бапта көрсетілген өзге де негіздерден туындайды. Міндеттеме туындауының мынадай маңызды негіздерін атауға болады:

1) шарт;

2) әкімшілік акт (заңды әрекеттер) ;

3) зиян келтіру (деликттер) және басқа заңсыз әрекеттер;

4) интеллектуалдық мешіктің әртүрлі объектілерін құру және пайдалану;

5) азаматтар мен эаңды тұлғалардың өзге әрекеттері;

6) оқиға.

Slide 21

7. Глоссарий

Шарт дегеніміз - екі немесе одан да көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттердің белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісім.

Шарт еркіндігі - шарт жасаудың басты әрі айнымайтын қағидасы.


Ұқсас жұмыстар
ЗИЯН КЕЛТІРУ САЛДАРЫНАН ТУЫНДАЙТЫН МІНДЕТТЕМЕЛЕР
Тараптар борышқор несие беруші
Азаматтық міндеттеме
Міндетеменің бұзылғаны үшін жауаптылық
Міндеттемені орындауын қамтамасыз ету
Сату - сатып алу келісімшарты
Шарт жасасу және оның түрлері туралы
МІНДЕТТЕМЕНІ ОРЫНДАУДЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Міндеттеме орындалатын жер
БОРЫШҚОР МІНДЕТТЕМЕСІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz