ӘЛЕМНІҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ




Презентация қосу
ТАҚЫРЫП 12

ӘЛЕМНІҢ ТОПЫРАҚ
ЖАМЫЛҒЫСЫ
Дәріс жоспары:

1.Әлемнің топырақ қорлары.

2. Полярлы, бореальды, суббореальды,
суббтропикалық, тропикалық белдеулердің
топырақтары.
3. Арктикалық және тундралық зоналарының
топырақтары. Тайгалы-орманды зоналарының
топырақтары.
1. Әлемнің топырақ қорлары.

Топырақ жамылғысы өндіріс, көлік, қала және ауыл шаруашылық
құрылыс қызметінің негізі. Ақырғы кездері топырақтың көптеген алаңы
рекреациялық мақсатта, қорық және қорғалатын территорияларды
құрастыруда пайдаланады. Осының барлығы егістік алаңдардың
қысқаруына әкеледі. Бірақ, сонымен бірге, халық санының өсуі
тағамдар өндірісінің ұлғаюын шақырады. Оны қамтамасыз ететіндер:
ауыл шаруашылық өндірісінің технологияларын жетілдіру, топырақ
құнарлығын жоғарлату, мәдениеттердің өнімділігін өсіру, егістіктердің
алаңдарын кеңейту. Қазіргі уақытта бір адамды толық тағамдармен
қамтамасыз ету үшін 0,2-0,3 га жыртылған жер қажет.
ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ЕГІСТІККЕ
ЖАРАМДЫ АЛАҢДАРДЫҢ ЖАРТЫСЫ
ҚОЛДАНЫЛАДЫ. ШӨПТІ
ЛАНДАШАФТАР –ТАБИҒИ
ЖАЙЫЛЫМДАР 32 МЛН. КМ2АЛЫП
ЖАТЫР. ОРМАНДАРМЕН 40,5 МЛН.
КМ2 ЖАМЫЛҒАН. 2 МЛН. КМ2
ҚАЛАЛАР, ӨНДІРІС
КӘСІПОРЫНДАРЫ, ЖОЛДАР,
ЭЛЕКТРОТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ
ҚҰБЫРҒАЛАР ТРАССАЛАРЫ АЛЫП
ЖАТЫР. КЕЙБІР ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДЕ
ЕГІСТІККЕ ЖАРАМДЫ
ЖЕРЛЕРДІҢ АЛҢЫ ЖАЛПЫ АЛАҢНАН
70 % АЛАДЫ, ДАМУЫ ТӨМЕН
МЕМЛЕКЕТТЕРДЕ, МЫСАЛЫ,
АФРИКАДА ЖӘНЕ ОҢТҮСТІК
АМЕРИКАДА ӨНДЕЛУГЕ
ЖАТҚЫЗЫЛҒАН 36 %ТОПЫРАҚ .
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ

ЖАЗЫҚ ТЕРРИТОРИЯЛАРДА ТЕРІСТІКТЕН ОҢТҮСТІККЕ ҚАРАЙ
БАЙЛАНЫСТЫ ТОПЫРАҚТЫҢ ДА ӨЗГЕРІП ӘР ТҮРЛІ ЗОНАЛАРҒА БӨЛІНУІН
ТОПЫРАҚТЫҢ КӨЛДЕНЕҢ (ЕНДІК) ЗОНАЛЫҒЫ ДЕЙДІ.

АЛ БИІК ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДА ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫ ЖАЗЫҚ АЛҚАПТАРҒА
ҚАРАҒАНДА ӨЗГЕШЕ. ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ АУА РАЙЫ ДА, ӨСЕТІН АҒАШ,
ӨСІМДІКТЕРІ МЕН ЖАН-ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІ ДЕ БАСҚАША. БҰЛ ӨЗГЕРІСТЕР
ТАУ ЕТЕГІНЕН ЖОҒАРЫ КӨТЕРІЛГЕН САЙЫН АНЫҚ БІЛІНІП, КӨЗГЕ ТҮСЕДІ.
ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒЫНАН АЛЫП ҚАРАҒАНДА ТАУЛЫ АЙМАҚТАР БІР АЛҚАПТА
ОРНАЛАСҚАНЫМЕН ЖОҒАРЫ ҚАРАЙ ӨРЛЕГЕН САЙЫН ТАБИҒАТЫНЫҢ,
КЛИМАТЫНЫҢ ӨЗГЕШЕЛІГІ БАЙҚАЛА БЕРЕДІ. ОСЫНДАЙ ӨЗГЕРІСТЕРДІ
ТОПЫРАҚТАН ДА КӨРУГЕ БОЛАДЫ. ТОПЫРАҚТЫҢ БЫЛАЙ ӨЗГЕРІП, ӘР ТҮРЛІ
ЗОНАЛАРҒА БӨЛІНУІН ТОПЫРАҚТЫҢ ТІК (БЕЛДЕУЛІК) ЗОНАЛЫЛЫҒЫ ДЕП
АТАЙДЫ.
2. Полярлы, бореальды, суббореальды, суббтропикалық,
тропикалық белдеулердің топырақтары.

ЖЕРШАРЫ ҚҰРЛЫҒЫНДА ТЕГІСТІК ЖƏНЕ ТАУЛЫҚ ТОПЫРАҚТАР ТАРАҒАН.
ТЕГІСТІК ТОПЫРҚТАРЫ 6 ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ТОПҚА БІРІКТІРІЛЕДІ.
I ТОПҚА
ПОЛЯРЛЫҚ БЕЛДЕУДІҢ ТОПЫРАҚТАРЫ КІРЕДІ, ПОЛЯРЛЫҚ ТУНДРА ЖƏНЕ
ПОЛЯРЛЫҒА ТАЯУ ТУНДРАНЫҢ ГЛЕЙЛІ ТОПЫРАҚТАРЫ. ОЛАРДЫҢ КЕСКІНІНДЕ
БҰЗЫЛУ ҮРДІСІ СƏЛ ДАМЫҒАН, ЖИЕКТЕРІ ЖҰҚА ЖƏНЕ ОНДА АЙҚЫН ТОҢДЫ
ҚҰБЫЛЫС БЕЛГІЛЕРІ БАР. СКАНДИНАВИЯ ЕЛДЕРІ МЕН КАНАДА.
II-III ТОПТАРҒА
ҚОҢЫРСАЛҚЫН ЖАЙЛЫ БОРЕАЛДЫ
АЙМАҚ ТОПЫРАҚТАРЫ КІРЕДІ, ОЛАР
ТАУ ЖЫНЫСТАРЫНЫҢ СИАЛИТТІ
БҰЗЫЛУ ЖАҒДАЙЫНДА ДАМЫҒАН;
ТОПЫРАҚ ҚҰРАЛУЫНДА
МАУСЫМДЫҚ ЫРҒАҚБАСЫМ,
КЕСКІНІ 300ЖАҚСЫ ДАМЫҒАН,
КЕЙДЕ, ТІПТІ, ҚАРАШІРІНДІ
ШОҒЫРЛАНҒАН. ТОПЫРАҚТАРЫ
КҮЛГІН, ШЫМДЫ КҮЛГІН, ТОҢДЫ
ТАЙГАЛЫ БОРЕАЛДЫ, ҚОҢЫР, СҰР
ОРМАНДЫҚ ТОПЫРАҚТАР, ПРЕРИЛІК
ҚАРА ТОПЫРАҚ БАРІАЛДЫҒА ТАЯУ ,
ҚАРА, ҚАР ҚОҢЫР, ҚОҢЫР, СҰР-
ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАР БАР
ОБЫЛЫСТАР. ҚОҢЫРЖАЙ БЕЛДЕУДІҢ
МҰХИТТЫҚ ЫЛҒАЛДЫ ӨЛКЕЛЕРІНДЕ
ҚОҢЫР ОРМАН ТОПЫРАҚТАРЫ КЕҢ
ТАРАҒАН. БАТЫС ЕУРОПА, ШЫҒЫС
АЗИЯ МЕН ОҢТҮСТІК АМЕРИКАДА
ТАРАҒАН
IV ТОПҚА
ТРОПИККЕ ТАЯУ БЕЛДЕУ ТОПЫРАҚТАРЫ КІРЕДІ, ОЛАР ҚЫЗЫЛ, САРЫ, САРЫ-
КҮРЕҢ СУБТРОПИКАЛЫҚ ОРМАНДАР ЖƏНЕҚЫЗҒЫЛТ ҚАРА СУБТРОПИКАЛЫҚ
ПРЕРИЛЕР ТОПЫРАҒЫ, СҰР-КҮРЕҢ СУБТРОПИКАЛЫҚ ДАЛА ТОПЫРАҒЫ, ҚҰБА
СУБТРОПИКАЛЫҚ ШӨЛ ДАЛА ЖƏНЕ ЖАРТЫЛАЙ ШӨЛ ТОПЫРАҚТАРЫ БАТЫС
ЕВРОПА, ШЫҒЫС ЖƏНЕ ТАЯУ АЗИЯ, АФРИКА МЕН СОЛТҮСТІК АМЕРИКАДА
ТАРАҒАН.
IV ТОПҚА
ТРОПИККЕ ТАЯУ БЕЛДЕУ ТОПЫРАҚТАРЫ КІРЕДІ, ОЛАР ҚЫЗЫЛ, САРЫ,
САРЫ-КҮРЕҢ СУБТРОПИКАЛЫҚ ОРМАНДАР ЖƏНЕ ҚЫЗҒЫЛТ ҚАРА
СУБТРОПИКАЛЫҚ ПРЕРИЛЕР ТОПЫРАҒЫ, СҰР-КҮРЕҢ СУБТРОПИКАЛЫҚ
ДАЛА ТОПЫРАҒЫ, ҚҰБА СУБТРОПИКАЛЫҚ ШӨЛ ДАЛА ЖƏНЕ ЖАРТЫЛАЙ
ШӨЛ ТОПЫРАҚТАРЫ БАТЫС ЕВРОПА, ШЫҒЫС ЖƏНЕ ТАЯУ АЗИЯ, АФРИКА
МЕН СОЛТҮСТІК АМЕРИКАДА ТАРАҒАН.
V ТОП
ТРОПИКАЛЫҚ БЕЛДЕУ ТОПЫРАҚТАРЫН БІРІКТІРЕДІ, ОНДА ЭКВАТОРЛЫҚ
ОРМАНДАРДЫҢ
ФЕРАЛИТ ТОПЫРАҒЫНАН БАСТАП, ШӨЛДІЛЕУ БИІК ШӨПТЕСІНДІ
САВАННАЛАРДЫҢ ҚЫЗҒЫЛТ-ҚОҢЫР ТОПЫРАҒЫНА ДЕЙІН ОРТАЛЫҚ
АФРИКА, ОҢТҮСТІК
VI ТОП
ІШКІ АЙМАҚТЫҢ ТОПЫРАҚ ТИПТЕРІН БІРІКТІРЕДІ, ОЛ ҮШ: ШЫМДЫ
КОРБАНАТТЫ РЕНДЗИНДЕР, ТРОПИКАЛЫҚ ҚАРА ЖƏНЕ ДАЛАЛЫҚ ШАБЫНДЫ
ҚАРА ТОПЫРАҚТАР ТИПТЕРІН ҚАМТИДЫ.ТАУЛЫ ОБЛЫСТАРҒА НЕГІЗІНЕН
ТЕРІСТІКТЕ ТАРАҒАН ТОПЫРАҚТАРТƏН, БІРАҚ МҰНДА ӨЗГЕШЕ БИІК ТАУЛЫ
ШАЛҒЫНДЫ ТОПЫРАҚТАР ДАМЫҒАН
3. Арктикалық және тундралық зоналарының топырақтары.
Тайгалы-орманды зоналарының топырақтары.
БҰЛ АЙМАҚТА ҚАЛЫПТЫ ӨМІР СҮРУГЕ ҚАЖЕТ КҮН СӘУЛЕСІ ЖЕТІСПЕЙДІ, АУА РАЙЫ СУЫҚ,
ТІРШІЛІКТІҢ ДАМУЫНА ҚОЛАЙСЫЗ. КҮННІҢ СУЫҚТЫҒЫНАН ТОПЫРАҚ ҚАБАТТАРЫ ҰЗАҚ ЖЫЛДАР
БОЙЫ ТОҢ БОЛЫП ЖАТАДЫ. ТЕК ЖАЗДЫҢ 2-3 АЙЛАРЫНДА ҒАНА ТОПЫРАҚТЫҢ БЕТКІ ЖҰҚА ҚАБАТЫ
ЕРІП, МҰЗДАН АРЫЛАДЫ. ЖАЛПЫ ТУНДРАНЫҢ ӨЗІ ТЕРІСТІКТЕН ОҢТҮСТІККЕ ҚАРАЙ ҮШ ЗОНАШАҒА
БӨЛІНЕДІ:
1)АРКТИКАЛЫҚ ТУНДРА;
2)2) КӘДІМГІ ТУНДРА;
3)3) ОРМАНДЫ ТУНДРА.
4)АЛҒАШҚЫСЫ ЕҢ ТЕРІСТІКТЕГІ ҚАР-МҰЗ БАСҚАН ЖАЛАҢАШ ТУНДРА. ЕКІНШІСІ ЖӨНДІ
ДАМЫМАҒАН БАТПАҚТЫ-ГЛЕЙЛІ ТОПЫРАҚТАР, БІРКЕЛКІ ТҮЗІЛМЕГЕН ОЙДЫМ-ОЙДЫМ
БӨЛШЕКТЕРДЕН ТҰРАДЫ. БУЛАНУ АЗ БОЛҒАНДЫҚТАН, ЖЕР БЕТІН ЫЛҒАЛ БАСЫП, ОНЫҢ АСТЫНА АУА
БАРМАҒАНДЫҚТАН, ОНДА АНАЭРОБТЫҚ ҚҰБЫЛЫСТАР ЖҮРІП, ТОПЫРАҚТАҒЫ ТЕМІРЛІ ҚОСЫЛЫСТАР
ТОТЫҚСЫЗДАНЫП, ТОПЫРАҚҚА КӨКШІЛ-ЖАСЫЛ ТҮС БЕРЕДІ. ОСЫНДАЙ ТОПЫРАҚТАРДЫ ГЛЕЙЛІ
ТОПЫРАҚТАР ДЕП АТАЙДЫ. ЖАЛПЫ "ТУНДРА" ДЕГЕН СӨЗ ЖЕРГІЛІКТІ КАРЕЛЬ ТІЛІНДЕ ЖӨНДІ
ДАМЫМАҒАН, ОРМАНСЫЗ ДЕГЕН ТҮСІНІКТІ БЕРЕДІ. ЖӨНДІ ДАМЫМАҒАН, МӘҢГІ МҰЗЫ МОЛ
ТОПЫРАҚТАР ОРМАННЫҢ ӨСУІНЕ СӨЗСІЗ ҚОЛАЙСЫЗ. МҰНДА ГЛЕЙЛІ-БАТПАҚТЫ ТОПЫРАҚҚА
БЕЙІМДЕЛГЕН БАТПАҚТЫ ШӨПТЕР, МҮКТЕР ҚЫНАЛАР ӨСЕДІ. АЛ ОҢТҮСТІККЕ ЖЫЛЖЫҒАН САЙЫН
ОРМАНДЫ ЗОНАҒА ШЕКАРАЛАС БӨЛІГІНДЕ, ӘСІРЕСЕ ӨЗЕН БОЙЛАРЫНДА ОРМАНДЫ-ТУНДРА
ЗОНАШАСЫ ОРЫН АЛАДЫ. ТАБИҒАТ ЖАҒДАЙЫНА САЙ МҰНДА ӨСЕТІН ӨСІМДІКТЕР ДЕ ШАМАЛЫ.
НЕГІЗІНЕН ҚЫНА МЕН МҮК, ҚЫШҚЫЛ ӨЛЕҢ ШӨПТЕР, БҰТАЛАР, ҚАРА БҮЛДІРГЕН ӨНІП-ӨСЕДІ, АЛ
ОҢТҮСТІККЕ ТАМАН ЖЫЛЖЫҒАН САЙЫН ТАПАЛ ҚАЙЫҢ, ШІЛІК ЖӘНЕ БАСҚА АҒАШТАР ӨСЕТІН
ОРМАНДЫ-ТУНДРА БАСТАЛАДЫ. ДЕГЕНМЕН БҰЛ ЖЕРЛЕРДІҢ ДЕ АҒАШТАРЫ МАРДЫМСЫЗ.
ТУНДРА ТОПЫРАҒЫ ТОҢНЫҢ ӘСЕРІНЕН ӘР ТҮРЛІ БӨЛШЕККЕ БӨЛІНЕТІН ЫДЫРМАЛЫ,
БАТПАҚТЫ-КҮЛГІНДІ БОЛЫП КЕЛЕДІ. БҰЛ ЗОНАДА НЕГІЗІНЕН БҰҒЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАҚСЫ
ДАМЫҒАН. ЕГІНШІЛІК ЖОҚТЫҢ ҚАСЫ. КЕЙБІР ЖЕЛ ТИМЕЙТІН ЫҚТАСЫН ЖЕРЛЕРГЕ ТОПЫРАҚТЫ
ДҰРЫСТАП ӨҢДЕП, ТЫҢАЙТҚЫШТАР ЕНГІЗІП, КӨҢ ТӨГІП, АЗ МӨЛШЕРДЕ ЕРТЕ ПІСЕТІН КӨКӨНІС,
БАСҚА ДА ДАҚЫЛДАР ЕГУГЕ БОЛАДЫ. АЛ ЖАБЫҚ ЖЫЛЫТҚЫСЫ БАР ҚОНДЫРҒЫЛАРДА КӨКӨНІСТЕРДІ
ЖЫЛ БОЙЫ ӨСІРУГЕ БОЛАДЫ.
ТАЙГАЛЫ-ОРМАН АЙМАҒЫНЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ ҚҰРЫЛЫМЫ
АЙМАҚТЫҢ ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫ ҰСАҚ КОНТУРЛЫ БОЛЫП КЕЛЕДІ.
АВТОМОРФТЫ ЖӘНЕ ӘР ДӘРЕЖЕДЕ ГИДРОМОРФТЫ БОЛЫП КЕЛГЕН ТОПЫРАҚТАР,
СОНЫМЕН БІРГЕ ЕГІСТІК ЖЕРДЕ СУ ЭРОЗИЯСЫНА ШАЛДЫҚҚАН ТОПЫРАҚТАР
КЕЗЕКТЕСІП ОРНАЛАСАДЫ. ТОПЫРАҚТАРДЫҢ КЕШЕНДІЛІГІ МЕН ШҰБАРЛЫҒЫ МОЛ
ТАРАҒАН. СОНДЫҚТАН БҰЛ ТОПЫРАҚТАРДЫ ПАЙДАЛАНҒАНДА ОСЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕРДІ
ЕСКЕРІП, ШҰБАР ТОПЫРАҚТАРДЫҢ ҚҰНАРЛЫЛЫҒЫН ТЕҢЕСТІРУ, ҮШІН
АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР ҚОЛДАНУ КЕРЕК.
БҰЛ АЙМАҚТА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫН ДАМЫТУҒА, ӘСІРЕСЕ АЙМАҚТЫҢ
ОҢТҮСТІК ЖӘНЕ БАТЫС БӨЛІГІ ҚОЛАЙЛЫ, АЛ СОЛТҮСТІК БӨЛІГІМЕН ШЫҒЫС СІБІР,
ҚИЫР ШЫҒЫС ҚОЛАЙСЫЗДАУ БОЛЫП КЕЛЕДІ. ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ ЖЫРТЫЛЫП
ИГЕРІЛГЕН ЖЕР АУМАҒЫ ШЫМДЫ-КҮЛГІН ТОПЫРАҚТАРЫ БАР ӨЛКЕЛЕРДЕ КӨП. БҰЛ
АЙМАҚТЫҢ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ ҚҰНАРЛЫҒЫ ТӨМЕН, ҚАРАШІРІНДІНІҢ МӨЛШЕРІ
АЗ, ТҮЙІРТПЕКТІГІ НАШАР ЖӘНЕ РЕАКЦИЯСЫ ҚЫШҚЫЛ, СОНЫМЕН БІРГЕ
ЫЛҒАЛДЫЛЫҒЫ КЕЙДЕ АРТЫҚ ДӘРЕЖЕДЕ ҚАЛЫПТАСҚАН. БҰЛ АЙМАҚТЫҢ ЕГІСТІК
ЖЕРЛЕРІНДЕ КҮЗДІК БИДАЙ, ҚАРА БИДАЙ, СҰЛЫ, ЗЫҒЫР, КАРТОП СИЯҚТЫ
ДАҚЫЛДАР ӨСІРІЛЕДІ.
ТАЙГАЛЫ–ОРМАН АЙМАҒЫН ЖӘНЕ ОРМАНДЫ ДАЛА АЙМАҒЫНЫҢ СҰР ОРМАНДЫҚ
ТОПЫРАҚ ТАРАҒАН АУМАҚТАРЫН БІРІКТІРІП ТАБИҒИ ШАРУАШЫЛЫҚ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ ҰҚСАСТЫҒЫ ЕСКЕРІЛІП ҚАРА ТОПЫРАҚТЫ ЕМЕС АЙМАҚ
(НЕЧЕРНОЗЕМНАЯ ЗОНА) ДЕГЕН АТАУ ЖИІ ПАЙДАЛАНЫЛАДЫ.
Назар салып
тыңдағандарыңызға
РАХМЕТ!!!

Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның топырақ типтері
Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен əсері
ТОПЫРАҚ ТҮЗІЛУІ
Таулы алқаптың топырақтары
Алматы облысы Көксу ауданы Үйгентас ЖШС топырақтары және оларды ауылшаруашылығында пайдалану
Шымды топырақтар Шымды - күлгінді
Опырмалар тік тау жыныстарында пайда болған топырақ массасының ауырлық күшінің әсәрімен төмен қарай сырғуы
ТОПЫРАҚ ЖАМЫЛҒЫСЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Шөлейт зонасы
Топырақ эрозиясы және оның зияндылығы
Пәндер