Топырақтың су-физикалық және физикалық қасиеттері
Презентация қосу
Топырақтың су-физикалық және
физикалық қасиеттері
Жоспар:
1.Топырақ ылғалы
2.Топырақтың су қасиеттері.Гидрологиялық
константалар.Топырақтағы ылғал түрлері.
1.Топырақ ылғалы
• Топырақтың ылғалдылық қасиеттері. Өнімділікті жоғарылатуда
топырақтағы ылғалдың алатын орны ерекше. Негізгі ылғал көзі-жауын-
шашын, олар топырақ бетіне сұйық және қатты түрде түседі. Топырақ
құрылымды болса, онда қарашірік мол болады, ылғал көп жиналады. Екінші
су көзіне атмосфера қабатында түзілетін бу тәріздес ылғал жатады. Бұл ылғал
көзінің құрғақ континентальды аудандарда маңызы зор. Үшінші су көзі-ыза
сулары, егер олар топырақ бетінен 3 м-ге дейін тереңдікте жатса.
• Топырақ ылғалдылығы дегеніміз-топырақтың құрғақ массасына пайызбен
көрсетілген су мөлшері. Топырақтағы ылғал әр түрлі жағдайда болады,
сондықтан олар өсімдіктің қоректенуіне әр түрлі әсер етеді.
Топырақтың ылғалдылық қасиеттеріне оның су өткізгіштігі, ылғал көтергіштігі,
ылғал сыйымдылығы, ылғал жоғалтқыштығы жатады.
• Су өткізгіштік – топырақтың өз бойынан жоғарыдан төмен қарай су өткізу, сіңіру қабілеті. Ол
топырақтың гранулометриялық құрамына, құрылымына, құрылысына, минерологиялық, катиондық
құрамына байланысты.
• Ылғал сыйымдылық-топырақтың белгілі бір мөлшерде суды сіңіріп, өз бойында ұстап тұру қабілетті.
Ылғал мөлшері бойынша оны танаптық , капиллярлық және толық ылғал сыйымдылық деп
бөледі.Топырақтың гранулометриялық құрамына, құрылымына, құрылысына және тағы басқа
жағдайларға байланысты оның ылғал сыйымдылығы әр түрлі болады. Мысалы, ол құмды топырақта 4-
9%, құмдауыт топырақта 10-17% саздақ жерде 18-30%,ауыр топырақта 23-40% болады.
• Ылғал көтергіштік- топырақтың менискілік күштің әсерінен өзінің капилляр түтіктері арқылы
ылғалды төменгі қабаттан жоғарғы қабатқа көтеру қабілеті. Ол капилляр түтігінің диаметріне,
құрылысына, құрылымына байланысты. Капиллярдың диаметрі аз болған сайын, топырақтың бұл
қасиеті күштірек (жоғары) болады. Ауыр құрылымсыз топыраққа қарағанда, жеңіл құрылымды
топырақтың ылғал көтеру қабілеті аз болады.
• Топырақ ылғалын зерттеген және топырақ ылғалдылығы
туралы ілімнің дамуына үлкен үлес қосқан ұлы
ғалымдар: А.А.Измаильский, Г.Н.Высоцкий,
П.С.Коссович, А.Ф. Лебедев, А.Г.Дояренко, А.А.Роде,
Н.А.Качинский.
2.Топырақтың су қасиеттері.Гидрологиялық
константалар.Топырақтағы ылғал түрлері.
• Топырақтың су қасиеттеріне жатады: су
тұтқыш немесе су ұстау, су сиымдылығы,
су өткізгіштігі, су көтеруі немесе
көтергіштігі.
• Топырақтың су тұтқыштығы – бұл
топырақтың өзінің кескінінде суды сіңіру
және ұстап тұру қабілеті, жердің тартылыс
күшінің әсерінен ағып кетпей.
• Топырақтың су тұтқыштығын санды түрде
су сиымдылығы сипаттайды.
• Топырақтың су сиымдылығы – бұл
топырақтың суды (әртүрлі түрлерін)
максималды мөлшерде сіңіріп
топырақтағы сәйкесті күштермен ұстай
алатын қасиеті.
Топырақтың су қасиеттері
Су өткізгіштігі – бұл топырақтың суды
өзіне сіңіріп және төмен қарай өткізу
қасиеті.Топырақтың су өткізгіштігі
шаршы аудан бірлігінде белгілі бір
уақыт бірлігінде фильтрацияланатын су
көлемін өлшеу арқылы анықтайды.
Топырақтың су өткізгіштігі оның
механикалық құрамы, құрылымы және
алмаспалы катиондар құрамына
байланысты болады.
Су көтеруі немесе көтергіштігі -капиллярлық
немесе қылтүтік күштері арқылы астыңғы
қабаттардан жоғары қарай суды көтеруін
сипаттайды. Суды көтеру биіктігі мен
жылдамдылығы топырақтың механикалық құрамы,
құрылымы, қуыстылығына байланысты болады.
Капиллярлар бойымен суды көтеру биіктігі 0,5-0,8 м-
ден ( құмды топырақтар) 3-6 м-ге дейін (құмбалшық
және балшықты топырақтар)құбылады.Құмды
топырақтар суды биікке көтермейді, бірақ тез, ал
балшықты топырақтарда баяу көтеріледі.
• Г.Н.Высоцкий ылғалдану коэффицентіне қарай
су режимін 4 түрге бөледі: шайылымды,
мерзімді шайылымды, шайылымсыз, тершу
түрі.Бұл су режим түрлеріне Роденің ұсынысы
бойынша екі түр қосылды – тоңды түрі және
ирригациялық.
• Шайылымды түрі – жылдық жауын-
шашынның мөлшері буланушылығынаң артық
болатын аудандарда (күлгіндер, шымды-
күлгіндер, қызыл және сары топырақтар).
• Мерзімді шайылымды түрі - жылдық жауын-
шашынның және буланғыштықтың мөлшері
шамамен бірдей жерлерге тән. Ылғалды және
құрғақ жылдардың ауысып отыруы шайылымды
және мерзімді шайылымды су режимдерін
тудырады (сұр ормандық топырақтар, орманды
дала аймағының күлгінденген және
сілтісізденген қара топырақтар).
• Шайылмайтын түрі – жылдық жауын-шашынның мөлшері
топырақтың булануынан аз болатын аумақтарға тән, атмосфералық
жауын-шашын грунтты суларға жетпейді (дала қара топырақтары,
қара қоңыр топырақтар, шөлейттің қоңыр топырақтары, шөл
топырақтары).
• Тершу түрі – су режимінің шайылмайтын түрінде грунттық немесе
жер асты сулары жақын орналасқанда кездеседі (гидроморфты
сортаңдар).
• Тоңды түрі – көпжылдар бойы (мәңгі) тоңданған аудандарда
кездеседі. Жердің тоңданған қабаты әрі қарай суды жібермейді,
үстінде артық ылғал байқалады, соңынан топырақ глейленеді
(топырақ кескіні көкжасыл түсті, кейде қызғылт дақты шұбарлау
болады), сондықтан барлық топырақтар глейлі болады.
Ирригациялық түрі суармалы топырақтарға тән.
Топырақтағы ылғал түрлері.
• А.А. Роде топырақ ылғалының бес
категорияcын ажыратады:
• Химиялық байланысқан су – жылжымайтын
және заттарды ерітуге қатыспайтын су,
топырақтың қатты фаза құрамына кіреді,
конституциялық (құрылдық) және кристалдық
болып бөлінеді.
• Конституциялық су – бұл гидроксильдік топ
(ОН), топырақта темір, алюминий, титан,
марганец гидроксидтері, коллоидті-дисперсті
балшық минералдары, органикалық және
органикалы-минералдық қосылыстар
құрамында болады.
• Кристалдық су - бұлар тұтас су молекулалары,
гипс (СаSО4 * 2Н2О), миробилит (NаSО4 *
10Н2О) және басқа да минералдар
кристалдарына кіреді.
• Капиллярлық су – топырақтың қылтүтіктерінде болады және
өсімдіктерге тиімді, ең қолайлы ылғал. Бұл ылғалдың екі түрі бар:
капиллярлы-ілінген және капиллярлы-тірелген. Капиллярлы-ілінген
ылғал топырақты үстінен ылғалдандырғанда, ал капиллярлы-тірелген
жер асты суларымен ылғалданғанда немесе грунттық сулар көтерілгенде
пайда болады.
• Гравитациялық су – топырақ агрегаттары арасында оның ірі қылтүтік
емес кеуектері немесе куыстарында (поры) суды ығыстыра орналасады,
жердің тарту күші арқылы топырақтың кескіні бойынша төмен қарай
қозғалады. Ол топырақ кескіні бойынша өсімдіктерге тиімді тұздар,
коллоидтар, тұндырмаларды (суспензия) ерітеді және жылжытады, бірақ
анаэробты жағдай жасағанда өсімдіктерге қолайсыз жағдайлар жасайды,
соңынан олардың жойылуына әкеліп соғады.
• Топырақтың су режимі – топыраққа
ылғал түсуі, оның таралуы, әртүрлі
физикалық өзгерістерге ұшырауы және
ылғалдың топырақтан шығындалу
құбылыстарының жиынтығы.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz