Түзуші экологиялық факторлар және олардың зоналыққа әсері


Slide 1

Тақырып 11

Түзуші экологиялық факторлар және олардың зоналыққа әсері

Slide 2

Дәріс жоспары

Топырақтың табиғи зоналығы

Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары және оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен байланысы

Топырақтың тік белдеулік зоналығы. Топырақтың классификациясы.

Slide 3

Топырақ зоналары - топырақ түрлерінің түзілуі мен генетикалық қасиеттері өзіндік биоклиматтық жағдайына сай қалыптасқан табиғи аймақтар.

1. Топырақтың табиғи зоналығы

Топырақ зоналары - экватордан полюстерге қарай климаттың өзгеру әсерінен жер бетінде пайда болған ендік бағытта кезектесіп орналасқан топырақ түрлері.

Slide 4

Әрбір топырақ зоналары топырақ жамылғысының құрамына, экологиялық жағдайлар кешеніне, сол зоналарда өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының түрлеріне, қолданылатын агрономиялық және мелиорациялық шаралардың өзгешелігіне қарай бөлінеді.

Slide 5 Slide 6

Таулы өңірлердің топырақ зоналары - тау беткейлерінде биіктік бағытта құралған бес таулық облыстан тұрады.

Slide 7

ҚАРА ТОПЫРАҚТЫ ЗОНА

Slide 8

ҚАРА ТОПЫРАҚ

Slide 9

Топырақтану ғылымының басты салаларының бірі - топырақ географиясы.

2. Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары және оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен байланысы

Бұл сала жер бетінде топырақтардың таралу заңдылықтары мен топырақ түзуші факторлардың байланысын, топырақтардың кеңістікте ауысуын, олардың Жер шарында немесе белгілі бір аймақта, кезектесіп орналасуын зерттейді.

Slide 10

Топырақтану ғылымының негізін қалаушы В. В. Докучаев топырақ географиясын, яғни топырақтардың Жер бетіндегі таралу заңдылықтарын ашып, топырақтарды алғаш ғылыми негізде картаға түсірген.

В. В. Докучаевтың айтуынша топырақ өзін түзуші факторлар: климат, өсімдіктер т. б. сияқты табиғатта белгілі бір тәртіппен, табиғаттың зоналық заңына бағынады. Олай болса, топырақ табиғаттың сол зоналық заңына сәйкес кездеседі.

Slide 11

Кейінгі жылдары дайындалған әлемнің топырақ карталарында топырақтардың көлденең ендік немесе көлденең меридиан бағытына сәйкес орналасуы және басқа да топырақ таралу құбылыстары көрсетіледі.

Slide 12

В. В. Докучаев әлемдік топырақ зоналарын

беске бөлген:

бореальды (арктикалық)

орманды

далалық қаратопырақты

аэреалды (олар: тасты, құмды, cорланған және лессті шөлдерге бөлінді) ;

латеритті топырақ зонасы.

В. В. Докучаев 1899 жылы бүкіл терістік жарты шар топырақтарының зоналық сызба-нұсқалық картасын жасап, оны 1900 жылы Парижде өткен әлемдік көрмеде көрсетті.

Slide 13

3. Топырақтың тік белдеулік зоналығы. Топырақтың классификациясы.

Терістіктен оңтүстікке қарай топырақтың өзгеріп, әртүрлі зоналарға бөлінуін топырақтың көлденең (ендік) зоналығы дейді. Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық алқаптарға қарағанда өзгеше.

Таулы аймақтардың ауа райы да, өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан-жануарлар дүниесі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген сайын анық білінеді. Осындай өзгерістерді топырақтан да көруге болады. Топырақтың бұлай өзгеріп, әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың тік (белдеулік) зоналылығы деп атайды.

Slide 14

Топырақты классификациялауда оның барлық қасиеттерін қамту қиын, сондықтан кейбір ғалымдар, мәселен К. Д. Глинка оның негізіне топырақтардың ылғалдану құбылысын ұсынды. П. С. Коссович пен К. К. Гедройц топырақтардың химиялық құрамын негізге алған классифи-кацияларды ұсынды.

Slide 15

В. В. Докучаевтан соң топырақ классификациясы мәселелерімен көптеген оның шәкірттері: Н. М. Сибирцев, П. С. Коссович, К. Д. Глинка, К. К. Гедройц, С. А. Захаров, А. Н. Сабанин, С. С. Неуструев, Б. Б. Полынов т. б. шұғылданды.

Топырақ классификациясы топырақтарды картаға түсіргенде, оларды агроөндірістік топтағанда және құнарлылығына қарай бағаланғанда қолданылады.

Топырақтарды практикада қолдану бағытына қарай, мәселен: суару, құрғату, тыңайтқыштар енгізу, эрозия және ластанудан қорғау жағдайларына байланысты топырақты классификаииялаудың қолданбалы жүйесі пайдаланылады.

Slide 16

Топырақты классификациялау жұмыстарының күрделілігі - ол жүйеленуге тиісті топырақтардың барлық қасиеттерін, олардың пайда болып, түзілу құбылыстарын, топырақ түзуші факторлардың тигізетін әсерлерін, адам қоғамының әсерін, яғни табиғи-тарихи әдістерді қолдану қажет.

Slide 17

Назарларыңызға рахмет!


Ұқсас жұмыстар
Биотикалық факторлар
Топырақтардың жер бетінде таралу заңдылықтары жəне оның қоршаған ортаның экологиялық факторлармен əсері
Топырақтың түзілуіне аймақтың геологиялық жасының әсері
Саңырауқұлақтардың биогеоценоздағы маңызы
Микроорганизмдерге физикалық факторлардың әсері
Металдар биотехнологиясы
Континентальды ауа райы
Топырақ және агротопырақтану ілімінің даму тарихы. Топырақ түзілу үрдісінің мәні. Топырақтанудың негізгі салалары. Либих,Докучаев,Костычев,Вильямс
БИОТИКАЛЫҚ ФАКТОР
ӨСІМДІКТЕРГЕ ЖӘНЕ ФИТОЦЕНОЗДАРҒА ӘСЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz