Ормандардың құқықтық режимі және оларды қорғау



Ормандардың құқықтық режимі және оларды қорғау

Ормандардың құқықтық режимі түсінігі.
ҚР - ның Орман Кодексі және ормандарды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.
Орман қорын қорғау, пайдалану және күзету саласындағы мемлекеттік басқару.
Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.
Дәріс жоспары

1. Ормандардың құқықтық режимі түсінігі.
Орман дегеніміз - бір - біріне жақын өсетін, қоршаған ортаға және бір - біріне әсер ететін өзара биологиялық байланыстағы ағаш өсімдіктерінен тұратын табиғи кешен.

Орман жері - орман қорының ағаш өсіруге арналған жері. Орман - ол белгіленген тәртіппен шектелген аймақта өсетін және мемлекет меншігін құрайтын ағаш өсімдіктерінің жиынтығы. Оны анықтау үшін 3 жағдай негіз болады:

Орман - мемлекет меншігі, сондықтан орман учаскелері тұрақты иелік етуге мемлекеттік орман шаруашылықтарына, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдарға, сондай-ақ құқықтар мен ұлттық парктерге орман шаруашылығын жүргізу үшін беріледі.

Орман пайдалану құқығы - орманды пайдалануды реттеуге бағытталған заңдық ережелердің жиынтығы. Орман ағаштарын және өнімдерін пайдалану құқық алған уақыттан бастап орман пайдаланушылар орман пайдалану құқығының субъектісі бола алады.

Орман қорының учаскелері арнайы рұқсат құжаттарының: лицензияның, ағаш кесу билетінің, ордердің, орман билетінің негізінде пайдалануға беріледі.
Орманның жай - күйіне, ұлғайтып өсірілуіне, сақталуына, қорғалуына және пайдалануына, мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Үкіметі белгілейді.

ҚР - ның Орман Кодексі және ормандарды ұтымды пайдалану мен қорғауды қамтамасыз ететін басқа да заңдар.
Қазақстан Республикасының Орман Кодексі 2003 жылы 8 шілдеде қабылданған.
Қазақстан Республикасы орман заңдарының мiндеттерi ормандардың экологиялық және ресурс қуатын арттыру, орман ресурстарын ұтымды және сарқылмайтын етiп пайдалану, оларды сақтау, қорғау және ұлғайта өсiру жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында орманды иелену, пайдалану, жұмсау жөнiндегi қатынастарын реттеу, орман қатынастары саласында заңдылықты нығайту болып табылады.
ҚР - ның Орман Кодексі 9 - бөлімнен, 19 - тараудан, 118 - баптан тұрады.

Орман кодексі орман қорын пайдалану, иелену, билік етуге байланысты қатынастарды реттейді, сонымен қатар, орман қорының экологиялық жəне ресурстық дамуының, қорғалуының құқықтық негіздерін белгілейді.

Орман қорының күзетiлуiне, қорғалуына, пайдаланылуына мемлекеттiк бақылау барлық жеке және заңды тұлғалардың орман қорын пайдаланудың Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн жүргiзу ережелерiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының орман заңдарында, Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарында көзделген өзге де ережелер мен нормаларды сақтауы мақсатында жүзеге асырылады.
3. Орман қорын қорғау, пайдалану және күзету саласындағы мемлекеттік басқару.

Орман қорын күзету, қорғау, оны пайдалану саласындағы мемлекеттiк бақылауды уәкiлеттi орган және оның аумақтық органдары:

4. Орман заңдарын бұзғаны үшін жауапкершілік.

Орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы заң бұзушылықтар:
1) орман қорындағы орман орналастыру мен орман шаруашылығы белгiлерiн жою немесе бүлдiру;
2) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн сатып алу-сату, сыйға тарту, кепiлге беру, өз бетiнше иелену мен айырбастау, сондай-ақ орманға мемлекеттiк меншiк құқығын бұзатын орман пайдалануды жүзеге асыру құқығын өз бетiмен басқа бiреуге беру;
3) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн тиiстi рұқсатсыз тегiстеу, құрылыстар салу, сүректер өңдеу, қоймалар салу және басқа да мақсаттар үшiн заңсыз пайдалану;
4) ағаштар мен бұталарды зақымдау, орманды, оның iшiнде өрттен зақымданған орманды заңсыз кесу, орман ағаштарын, орман питомниктерi мен плантацияларындағы егiлген не отырғызылған көшеттердi, сондай-ақ ормандарды молықтыру мен орман өсiруге арналған алаңдарда өзi өсiп шыққан шыбықтарды, өскiндер мен қолдан отырғызылған екпелердi жою немесе зақымдау;

5) ормандарды, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi отқа немесе өзге де аса қауiптi көздерге абай болмау салдарынан жою немесе зақымдау;
6) орман қорын, сол сияқты орман қорына кiрмейтiн екпелердi қасақана жағып жiберу, өзге де жалпы қауiптi тәсiлмен не зиянды заттармен, қалдықтармен, шығарындылармен немесе төгiндiлермен ластау салдарынан жою немесе зақымдау;
7) ормандарда өрт қауiпсiздiгi талаптарын және санитарлық ережелердi бұзу;
8) мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде кеспеағаш қорын пайдаланудың, сүрек, қосалқы сүрек ресурстарын, ағаш шырындарын дайындау мен тасып әкетудiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiбiн бұзу;

Қазақстан Республикасының заңдарында орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы өзге заң бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк, азаматтық немесе қылмыстық жауаптылық белгiленуi мүмкiн.
Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz