Сулардың құқықтық режимі және оларды қорғау


Slide 1

Сулардың құқықтық режимі және оларды қорғау

Slide 2

Сулардың құқықтық режімі және оларды қорғаудың түсінігі

ҚР-ның Су кодексі және суларды ұтымды пайдалану жөнінде басқа да заңдар

Су пайдалану құқығы

Суларды мемлекеттік басқару

Су заңдарын бұзған үшін жауаптылық

Дәріс жоспары:

Slide 3

Сулардың құқықтық режімі және оларды қорғаудың түсінігі

Қазақстан Республикасының су заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және СУ Кодексі мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда осы Кодекстегiден өзгеше ережелер белгiленген болса, халықаралық шарттардың ережелерi қолданылады.

Қазақстан Республикасының су заңдары су қорын пайдалану мен қорғау, су қорын және су шаруашылығы құрылыстарын басқару саласындағы қатынастарды және өзге де су қатынастарын реттейдi.

Slide 4

Су объектiлерi:

жер үстi су объектiлерi;

2) жер асты су объектiлерi;

3) Қазақстан Республикасының теңiз сулары;

4) трансшекаралық сулар болып бөлiнедi.

Пайдалану түрлерiне қарай су объектiлерi:

1) ортақ (жалпы) пайдаланудағы су объектiлерi;

2) бiрлесiп пайдаланудағы су объектiлерi;

3) оқшау пайдаланудағы су объектiлерi;

4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың су объектiлерi;

5) ерекше мемлекеттiк маңызы бар су объектiлерi болып бөлiнедi.

ҚР Су кодексінің 5-бабы бойынша, шекарасы, көлемi мен су режимi бар құрлық бетi бедерлерiндегi және жер қойнауындағы су шоғырланымдары Қазақстан Республикасының су объектiлерiне жатады. Олар: теңiздер, өзендер, соларға теңестiрiлген каналдар, көлдер, мұздықтар және басқа да жер үстi су объектiлерi, жер асты сулары бар жер қойнауының бөлiктерi.

Slide 5

Су сервитуты

Су объектiлерiне су сервитуты қауымдық және жеке су сервитуттары нысандарында болады.

Ортақ пайдаланудағы су объектiлерiн әркiм пайдалана алады, бұл жағдайда қауымдық су сервитуты су объектiсiн пайдалану құқығының ажырамас бөлiгi болып табылады.

Ортақ пайдаланудағы су объектiсi болып табылмайтын су объектiсiне қауымдық су сервитуты Қазақстан Республикасы заңдарының, облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы актiсiнiң немесе оны пайдалануға алған жеке немесе заңды тұлғалардың су объектісiн пайдалану тәртiбiн жариялауы негiзiнде туындауы мүмкiн.

су сервитуты - су объектісін шектеулі пайдалану құқығы

Су объектiсiн ұзақ мерзiмдi немесе қысқа мерзiмдi пайдалану құқығы өзге де мүдделi тұлғалардың пайдасына (жеке су сервитуты) шектелуi мүмкiн.

Жеке су сервитуты қауымдық су сервитуты сияқты негіздерде белгiленедi, сондай-ақ сот шешiмiнiң негiзiнде де белгiленуi мүмкiн.

Slide 6

2. ҚР-ның Су кодексі және суларды ұтымды пайдалану жөнінде басқа да заңдар

Қазақстан Республикасының су қоры ҚР Конституциясымен және 2003 жылы қабылданған Су кодексімен реттеледі.

ҚР СУ КОДЕКСІ 10-БӨЛІМНЕН, 29-ТАРАУДАН ЖӘНЕ 146-БАПТАН ТҰРАДЫ.

Қазақстан Республикасы су заңдарының мақсаттары халықтың және қоршаған ортаның тiршiлiк жағдайларын сақтау мен жақсарту үшiн су пайдалану мен су қорын қорғаудың экологиялық қауiпсiз және экономикалық оңтайлы деңгейiне қол жеткiзу және қолдау болып табылады.

Slide 7

16-бап

Суды пайдалану мен қорғау саласындағы басқарудың осыған арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де мемлекеттiк органдары

Суды пайдалану мен қорғау саласындағы басқарудың осыған арнайы уәкiлдiк берiлген өзге де мемлекеттiк органдары өз құзыретi шегiнде табиғатты, жер қойнауын, балық қорларын, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiн қорғауды, мемлекеттiк санитарлық және мал дәрiгерлiк қадағалауды жүзеге асыратын органдар болып табылады.

Суды пайдалану мен қорғауға бақылауды жүзеге асыруға қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың қатысуы

18-бап

1. Қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтар мемлекеттiк органдарға жәрдемдесiп, суды пайдалану мен қорғауға, су пайдаланушылардың өз мiндеттерiн атқаруына бақылауды жүзеге асыруға қатысады. 2. Мемлекеттiк органдар суды ұтымды пайдалану мен қорғау жөнiндегi шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру кезiнде қоғамдық бiрлестiктер мен азаматтардың негiзгi ұсыныстарын ескеруге мiндеттi.

Slide 8

3. Су пайдалану құқығы

Су пайдалану - жеке және заңды тұлғалардың өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерiн қанағаттандыру үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен су ресурстарын пайдалану.

Су пайдалану құқығы - су объектілерін пайдаланудың жағдайлары мен тәртібін, суды пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Су пайдалану құқығының субъектілері ретінде азаматтар мен заңды тұлғалар бола аладлы.

ОБЪЕКТІСІ - СУ ОБЪЕКТІЛЕРІ НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ БІР БӨЛІГІ БОЛАДЫ.

Slide 9

Су заңдары суды пайдалану құқығын бірнеше түрге жіктейді.

ОРТАҚ (ЖАЛПЫ)

АРНАЙЫ

ОҚШАУ

БIРЛЕСКЕН

БАСТАПҚЫ

ҚАЙТАЛАМА

ТҰРАҚТЫ

УАҚЫТША

Slide 10

Ортақ (жалпы) су пайдалану құқығы азамат үшiн ол туған кезден бастап туындайды және қандай жағдайда болмасын оны одан айыруға болмайды.

Арнайы су пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiлген рұқсат алынған кезден бастап туындайды.

Су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiр жеке немесе заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде оқшау су пайдалану құқығы туындайды.

Бiрлесiп су пайдалану құқығы су объектiлерiн немесе олардың бiр бөлiгiн бiрнеше жеке және (немесе) заңды тұлғаға пайдалануға берген кезде туындайды.

Өз мұқтаждарын қанағаттандыру немесе оны қайталама су пайдаланушыларға жеткiзу үшiн тiкелей су объектiлерiнен су алуды жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың су пайдалануы бастапқы су пайдалану болып табылады.

Бастапқы су пайдаланушыдан шарт негiзiнде су алатын жеке және заңды тұлғалардың cу пайдалануы қайталама cу пайдалану болып табылады.

Мерзiмi белгiленбеген су пайдалану тұрақты деп танылады.

Уақытша су пайдалану қысқа мерзiмдi - бес жылға дейiн және ұзақ мерзiмдi - бес жылдан қырық тоғыз жылға дейiн болуы мүмкiн.

Slide 11

4. Суларды мемлекеттік басқару

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы басқару құрылымы кешендiлiгi мен қоса бағыныстылығы ескерiле отырып, мынадай деңгейлерге бөлiнедi:

1) мемлекетаралық

2) мемлекеттiк

4) аумақтық

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасының Үкiметі, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкiлеттi орган, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өз құзыретi шегiнде облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары жүзеге асырады.

3) бассейндiк

Slide 12

Су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк басқару:

1) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк реттеу мен бақылау;

2) тұрақты су пайдалану - суды ұқыпты, ұтымды және кешендi пайдалану мен қорғауды ұштастыру;

3) су пайдаланудың оңтайлы жағдайларын жасау, қоршаған ортаның экологиялық тұрақтылығын және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық қауiпсiздiгiн сақтау;

4) бассейндiк басқару;

5) су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау мен басқару функцияларын және су ресурстарын шаруашылық пайдалану функцияларын бөлу принциптерiне негiзделедi.

Slide 13

5. Су заңдарын бұзған үшін жауаптылық


Ұқсас жұмыстар
Жердің құқықтық
Жер құқығы қатынастары
Жануарлар дүниесін қорғаудың және пайдаланудың құқықтық режимі
Ормандардың құқықтық режимі және оларды қорғау
Жерге меншік құқығы
СУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ЕСЕПКЕ АЛУДЫ ЖҮРГІЗУ
ЖЕРГЕ МЕНШІК
БИОГЕНДІ КЕЗЕҢ
ЛАСТАНУ СЕБЕПТЕРІ
Рационалды тамақтану теориясының мінездемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz